400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеу жұмыс "Ақ тілек-бата"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысын мен жетекші ретінде оқушыларға, ұстаздарға үлгі ретінде ұсынамын. Осы жұмыс арқылы менің оқушым бата сөздерінің мағыналары түсіне отырып, олардың түрлерін ажырату білді, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға,бата сөздерді өмірде қолдана білуге, бата беруді үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «Ивановка орта мектебі»

Аққайың ауданы Солтүстік Қазақстан облысы






«Ақ тілек - бата»

Қазақ тілі және әдебиет















Макенов Данияр

6 сынып Ивановка орта мектебі

Ахметова Жанар Берікқызы,

қазақ тілі және әдебиет мұғалімі





Мазмұны

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: бата сөздердің мағыналарын түсіне отырып, олардың түрлерін ажырату білу, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға,бата сөздерді өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге.

Гипотезасы: ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің арналы бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: « Бата-сөздің анасы», « Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі құт», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас».

Кезеңдері:

  1. Әдебиетпен танысу: бата сөзінің мағынасын ашу, бата түрлерін ажырату

  2. Үлкендермен кездесу

  3. Сауалнама жүргізу

  4. Қорытынды жасау

Тәжірибенің әдістемесі: бата туралы әдебиет оқу, сауалнама, тыңдау, бата сөздерді жинақтау.

Зерттеудің жаңалығы: бата – халықтың рухани қуат алатын құдыретті сенім күші, бар жақсылықтың бастауы, қайнар көзі. Тек қазақ халқында ғана дастарханнан батасыз тұруға болмайды.

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Ақ тілеудің белгісі – бата. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс қара-кет, асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Белгілі бір істі бастарда, ұзақ жолға шығарда ақсақалдардың ақ батасын алу — қазақтың ежелгі дәстүрі.

Нәтижелерді практикада қолдану салалары: дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, адам өмірінде үлкен- кіші қуаныштар кезінде тойларда, сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған кездерде.

Кіріспе.

Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.РадловШ.УәлихановА. ВасильевГ. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.

Бата сөздер біздің күнделікті өмірімізде ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рол атқарып келеді. Ол – халықтық тәрбиенің қайнар көзі, ол – заман таңбасы, әр дәуірдегі тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін қолданылған тәсіл деуге тиіспіз.

Бүгінгі таңда бата сөздердің мағыналарын түсіне отырып, олардың түрлерін ажырату білу, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға,бата сөздерді өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге қажет. Соңдықтан, қазіргі ұрпақты Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең жақсы жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек. Бұл жұмыстағы менің көздеген басты мақсатым да осы.

Өзектілігі:

Біздің ата-бабаларымыз батаны тәрбиенің қайнар көзі деп айтқан, оған үлкен мән берген. Ал қазіргі кезде сол жақсы дәстүрдің қадір-қасиеті жете бағаланбай жүр. Оның үлкен тәрбие құралы екені ескерілмей барады. Сондықтан, мен сол дәстүрді қайта жаңғыртып, оны өз құрбыларымның түсінгенін қаладым. Екіншіден, елімізде «Мәңгілік ел» бағдарламасы қабылданған. Сол бағдарламада және Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту көзделген. Мен соған өз үлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.

Міндеттері:

  1. Бата сөзінің мағынасы

  2. Бата түрлерін ажырата білу.

  3. Бата беру тәртібі.

  4. Бала тәрбиесіндегі батаның атқарар маңызына баға беру.


Ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің арналы бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел:

« Бата-сөздің анасы», « Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі құт», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас». Бата – алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіруді көздейтін ғұрып түрі. Ақ бата - ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз үлгісі болып саналады. Сөз - құдіретті күш болғандықтан, жаны, рухы, тарихы сөзбен тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның құдіретіне шексіз сенді.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

Батаны кімдер береді?

Батаны беретіндер - көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, аузы дуалы билер, атақты, сыйлы, ісі үлгі болатындай адамдар. Қазақ халқында бата берудің орны мен жолы, жөні мен жосығы бар. Батаны халық арасында үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді Әйелдер арасында сөз білетін кішкене ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Қуаныш пен тойдың ретіне қарай лайықты бата беріледі.

Бата берген кезде жиналған жұрт қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!» - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір – бірімен сөйлеспеуге, күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.

Қазақ халқында дастарханнан батасыз тұруға болмайды.

Қазақ халқының ұлттық рухани қазынасы болып табылатын бата сөздер - ата- бабамыздың замандар мен ғасырлар бойы жиналған өмір тәжірибесінің, тарихының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже- қағидасы. Бата –тілек халықтың тұтастық бірлігін, салт- дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.

Қазақта: « Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», - деген сенім бар.Біздің ауылымызда үлкен қария бар- Қалижан ата. Менің анам да, әкем де, әжем де сол кісінің баталары жақсы, маңызды деп айтады. Әрбір тойларда, дұғаларда сол кісіге асқа бата беруге сұрайды. Осы себептен, мен сол кісімен кездестім. Ол мені бірнеше баталармен таныстырды. Бата оқылғанда екі қолды қосып, алақанды жайып ұстау керектігін айтты. Қол жайған ожауға ұқсайды. Осы ожауға біз жақсы сөздерді айтып, бетімізді жуғандай болады деп түсіндірді. Өте қызықты мәлімет!

Өз жұмысымның барысында мен өз құрдастарымның, мұғалімдер, көршілерім арасында сауалнама жүргіздім. Ол сауалнамада мынадай сұрақтар болды:

  1. Бата дегенді қалай түсiнесіздер?

  2. Батаны қай кезде береді?  Батаны не үшін береді?

  3. Батаның қандай түрлері бар?

4. Батаны кімдер береді?

5. Бата беру білесіз бе?

Саулнаманы 45 адамның арасында жүргіздім. Нәтижесі мынадай болды:

бірінші, екінші сұрақтарға 45 адам бата – тілек, тойларда, дұғаларда, алыс жолға, мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда, ақ жол, аман, жақсылық мол болу үшін береді деп жауап берді;

үшінші сұраққа 45 адамның ішінде барлығы асқа бата, 37-сі сапар бата деген түрлерін біледі;

төртінші сұраққа барлығы үлкен адамдар береді деген жауап берді;

«бата беру білесіз бе?» деген сұраққа 18-і « иә, білемін», 21-і « иә білемін, тек қарапайым сөздермен», ал 6 адам «мүлден білмеймін» деген жауап берді.

Осы сауалнама бойынша мынадай ойға келдім: қазіргі жастар Қалижан атамыздай бата бере алмайды. Себебі менің құрбыларым оған мән бермейді. Сондықтан мен шағын баталар жинағын жасап, оны құрдастарыма бергім келеді.

Қорытынды.

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста мен батаның қадір-қасиетін түсіне, баталардың түрлерін білуге мән бердім. Бата сөздерін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өмірінде алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оның адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулитынына көз жеткіздім. Бата – халықтың рухани қуат алатын құдыретті сенім күші, бар жақсылықтың бастауы, қайнар көзі екенін түсіндім.

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін өте маңызды.. Жас балаларға жақсылыққа жетудің жолы үлкенді құрметтеу, солардың алғысы мен ақ батасын алу екенін түсіндіруіміз қажет. Үлкеннің алғыс батасын алу әрбір адам үшін жақсылыққа жетудің өмірлік жолдамасы екенін балалардың санасына құя бергеніміз жөн.

Ұсыныс:

  1. Бата сөздерді жатқа айту бойынша оқушылар арасында сайыстар өткізілсе:

  2. Бата-тілектердің маңызын жас ұрпаққа түсіндіретін таңдау курстары жүргізілсе.


Пайдаланылған әдебитеттер тізімі.

  1. Кенжеахметұлы, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», Алматы, 2004

  2. Т.Б. Әділжан, «Зердеңізге тоқыңыз», Көкшетау, 2011

  3. Т.М.Артықова, «Қазақ тілі», «Атамұра»,2015

  4. Серік Негимов, Тортай Қазиұлы, «Ақ бата», Алматы, «Жазушы», 1992

  5. http://www.nowimir.ru/DATA/040013.htm

  6. https://vk.com/topic-54069925_28729115

  7. http://sila-misli.ru/dokazatelstva-uchenyx-o-tom-chto-mysl-materialna.html/2


























6- сынып оқушысы Макенов Даниярдың ғылыми жобасына

РЕЦЕНЗИЯ

Ғылыми жобаның кіріспе сөзі өте жақсы ойластырылған, сауатты, эмоционалды. Бата сөздердің мағыналарын түсіне отырып, олардың түрлерін ажырату білді, бата сөздерді өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренді .

Логикалық жағынанжақсы құрастырылған.

Автордың бата деген дәстүрге сезімі жақсы аңғарылды. Өз ойын толық, дұрыс, сауатты жеткізе білді.
























Қалижан атамен кездесу





























Асқа бата

























Алақан жаю





















Саулнама

  1. Бата дегенді қалай түсiнесіздер?

  2. Батаны қай кезде береді?  Батаны не үшін береді?

  3. Батаның қандай түрлері бар?

4. Батаны кімдер береді?

5. Бата беру білесіз бе?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі