Материалдар / Зерттеу жұмыс Жұмба ауылының тарихынан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеу жұмыс Жұмба ауылының тарихынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға және мұғалімдерге арналған , Жұмба ауылы туралы жиналған мәлімет , жиырмасыншы ғасырдың басында Малороссиядан келген адамдардың тағдыры туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жұмба туған ауылым.

Жұмба туған мекенім, әсем өлкем,

Табиғаты аялы, жері көркем.

Тау мен тасы, орманы, өзенімен,

Мақтанады әр адам мұнда өскен.

Топырағы құнарлы егінге жай,

Еңбек етіп диқандар терін төккен.

Жаутигендей жанға жайлы жайлауында,

Төрт түлігі халқымның көптен өскен.

Алшынбаев Серік / Жұмба мектептің түлегі/

Жұмба – ерте кезден шөбі шүйгін , жайылымы мол, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына қолайлы , табиғаты тамаша мекен.
Жұмба – Қалба тауының қойнауында, Бөкен өзенінің жағасында орналасқан. Ауылдың табиғатына, қарай берсең де көзің тоймайды , жазғы табиғат сұлулығын айтып сөзбен жеткізу де өте қиын. Оның өзені, тауы, орман-тоғайы әрбір жұмбалықтың мақтанышы. Мұнда қайың, терек, тал, жеміс ағаштары өзен бойлап, тауды бөктерлеп керемет сәнді өскен.
Сылдырлап аққан Бөкен өзені қазір «Үлкен Бөкен» деп аталады. Өскемен қаласының гидрометорталығына қарасты бұл пост «Жұмба» пост деп аталады. Пост 1959 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзеннің ұзындығы жуық шамамен : жазда – 40м, қыста- 20м судың биіктігі: жазда -1,5м , қыста- 1,0м , көктемде қар еріген кезде 3 метрге жуық болады дейді.
Хош иісті, алуан түрлі дәрілік шөптер де аз емес. Атап айтсақ: итмұрын, долана, мыңжапырақ, түймедақ, қалақай, жалбызтікен, қасқыржем, бұйра жалбыз, кермек жалбыз, шайшөп, жұпаргүл, шырғанақ, т.б.
Ал жеміс –жидектерге келсек: қарақат, мойыл, құлпынай, бүлдірген, жидек, сиырбүлдірген т.б. орман-тоғайдың, өзен бойының қай бір жерінен табылады.
Сонымен қатар аң, құстар да аз емес. Қысқы мезгілде ауыл шетінен қасқыр, түлкі, қоян тағы басқаларын жиі кездестіреміз. Ал көктем мен күзде борсық пен суыр да көп болады. Негізінен ауылда аю, сілеусін, елік, бұғы, тауешкі тағы басқа да аңдар бар. Орманның сәнін келтірген әсем әнді құстар да көп кездеседі.
Біздің ауылымыздың «Жұмба»деп аталуының да бірнеше ерекшеліктері бар деседі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша:
« Жұмба- «Жұмбақ» деген сөзден шығады, себебі табиғатымыз сондай жұмбақ сияқты десе, тағы бір ерекшелігі «Жамбы» деген асыл тастың атауынан шыққан , себебі ол тас әрбір жерден шыға бермейді, алтын кені болғандықтан осыннан шығуы әбден мүмкін » - дейді.
Біздің ауылда қазақ, орыс, неміс, украин, белорус, армян, татар, поляк тағы басқа ұлт өкілдері ертеден бері қоян қолтық араласып, тату –тәтті өмір сүріп келеді. Деректерге сүйене отырып, оның тарихына тоқталар болсақ:
Жұмба – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының ХХ ғасырдың басында құрылған ауылдардың бірі.
1906 жылы 9 қарашада шаруаларды хуторларға көшіру туралы Жарлығынан кейін Чернигов губерниясының шаруалары Шығыс Қазақстан жеріне қоныстануды ойластырады. Қоныстандыру пунктінің басшысы Николаев оларға Бөкен, Қумая өзендері құйылатын жерде, Қалба тауының оңтүстік сілемдерінен жер бөліп береді. Бөкен өзенінің оң жақ жағалауында алтын өндіретін «Жұмба» жұмысшылар ауылы болатын.

Осында 1908 жылы 50-ден астам отбасы
көшіп келеді . Бұл жерді «Малороссийка» деп өздері атайды. Ал ауылдың алғашқы тұрғыны – Бильдеев Ефрем Емельянович. Кейін Андрей Ефимович Пацук, Григорий және Порфирий Апенько, Лаврентий мен Иван Пацук, Андрей Ворона, Свирид және Егор Седневтар, Лифан Мамай, Митрофан Герасименко, Кальков Федор, Борзилов Трофим, Лобок Иосиф, Ивченко Ефим, Шевцов Афанасий, Леоненко Яков және т.б. келіп қоныстанады. Бұл кезде халық егіншілікпен айналысып, егін өнімдерін жақсы алатын, әр десятинадан
100-150 пут өнім жинайтын.

СShape1

уретте:1912 жылғы ауылдың ауылдың алғашқы
алғашқы тұрғын үйі тұрғыны
Седнев Е.

Осы үйде Андрей Ефимович Пацук жұбайы және
7 ұлы, 1 қызымен тұрған.

1968 жылдан бастап бұл үйді наубайхана, ұстахана, дүкен, қойма ретінде қолданған.
Кеңес өкіметінің алғашқы өкілдері - Чапля Андрей, Денис Пацук. Андрей Чапляның ағасы
Евсей Чапля ұзақ өмір сүрді.
Революциялық қызметпен
айналысып Ленинмен жолығып,
онымен таныс болған. Жер
аударылған. Кеңес өкіметін
орнатуға қатысып , көптеген
тарихи оқиғалардың куәгері болатын
.
Суретте:Евсей Чапля

Shape2









1914 жыл Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, жеті ағайынды

Пацуктар майданға аттанады. 1918 жылы олар үйлеріне аман-есен оларды
Тар жол, тайғақ кешу жылдары
Денис Пацукты Өскеменге шақыртып , сол кеткеннен үйіне
оралмады.Колшакшылар оны атып өлтіріп , денесін Ертіс өзеніне ағызып жіберген деген ел ауызында жүрді.

Суретте: 1908 жылы көшіп келген алғашқы тұрғын Андрей Ефимович Пацуктың ұлдары Пацук Денис Андреевич және Пацук Алексей Андрееевич
Алғашқы партиялық ұйым 1922 жылы құрылып, оның хатшысы Евдоким Рябуха, кейін Архип Кальков болады. Комсомол ұйымы 1926 жылы құрылады, оны Нина Дегтярева, кейін Саша Фисенко басқарады. Көп ұзамай кеңес өкіметі орнап, ауылдық кеңес құрылады.
Кеңестің алғашқы төрағасы - Иван Петренко.
1928 жылы Украинадан жер игеруге келген Мицук Иван Леонтьевич ауылдық кеңестің алғашқы хатшысы болып тағайындалады.


Суретте: 1930 жылғы ауыл әкімшілігі.
1929 жылы 2 ТОЗ /ЖӨС/ құрылады. Ұжымдық шаруашылықтың алғашқы төрағасы И.П.Пласконенко болды. Шаруашылық иелігінде ірі қара мал, жылқы фермасы бар болатын. Колхозшылар 50 адамнан төрт ауысым жұмыс істейтін. Ол кезде техника ауылға әлі жетпеген кезі еді. Көп ұзамай машина- трактор станциясы құрылады.
1929 жылғы бірінші коммуна төрағасы Раструба Михей Григорьевич болған.


Суретте: Раструба Михей Григорьевич және Алена Владимировна



Кейін ұжымдық шаруашылыққа жақын ауылдардан қазақтар келіп қоныстанады.
Солардың бірі – Бажаев Мақажан 1917-1918 жылдары келген. Қарағанды облысында туған. 1938 жылы Мәскеуде Отан алдында сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталады.

Ұ
лы Бажаев Бекімбай 1909 жылы дүниеге келген. Жұмба ауылынан Ұлы Отан Соғысына аттанып, майданда қайтыс болған. Жұбайы Бажаева Күлән 1911 жылы туған. 3 бала тәрбиелеген.
Кенже ұлы Бажаев Қапаш Бекімбайұлы 1936 жылы 9 тамызда Жұмба ауылында дүниеге келген. 1959 жылы үйленіп, 1960 жылдан бастап, Жұмба совхозында механизатор болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан. 6 балалы үлкен жанұя.
Бажаев Қапаш Бекімбайұлының жігерлі еңбегін бағалап, 1970 жылдары бірнеше рет наградалармен
марапаттады. 1920 -40 жылдарда көшіп келген келесі қазақ отбасылары: Абдрахмановтар отбасы , Акашевтар отбасы, Құрманғалиев Жарғали, Абдрахманов Наби, Булушев Еркамал отбастарымен т.б.
Абдрахманов Ғани Мампасович 1936 жылы
15 сәуірде Жұмба ауылында туған. 1959 жылы Султанова Фаридаға үйленген. Жүргізуші болып жұмыс істеген, 5 баласы болған. Қазір ауылда қыздары Алия, Кульзиялар отбастарымен бірге тұрады.


Суретте: Бажаев Қ.Б, Абдрахманов Ғ.М.
Бажаева К. Абдрахмано

Shape3 Shape4

Акашев Толеуғали 1932 жылы Жұмба
ауылына Қарқаралы ауданынан көшіп келген. Сол жылдан бастап Жұмба алтын кенінде жұмыстап,
1941 жылы фронтқа аттанады. Ұлы Отан соғысынан кейін 1946 жылы үйленеді.
Жұбайы Мугулсын апа 9 бала
тәрбиелеп, 30 немере, 19 шөбере
сүйген.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!