400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зерттеу жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларда кездесетін ауру түрлерімен танысу, білу үшін және аурулардан сақтану үшін жазылған жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны



І. Кіріспе................................................................................

1.1 Тырнақ анатомиясы........................................................
ІІ. Негізгі бөлім......................................................................

2.1 Тақырыпқа шолу.............................................................

2.2 Тырнақтың физиологиясы мен химиялық құрамы.......

2.3 Тырнақтың қасиеттері....................................................

2.4 Тырнақтың сезімталдығы..............................................

2.5 Тырнақтың өсуі...............................................................

2.6 Тырнақтың күтімі............................................................
ІІІ.Тәжірибелік бөлім............................................................

3.1 Тырнақта кездесетін ауру түрлері................................

3.2 Тәжірибе нәтижесі..........................................................
IV. Қорытынды бөлім...........................................................
4.1 Ұсыныс..........................................................................
4.2 Слайд көрініс..................................................................

V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................





























Абстракт

Зерттеу жұмыстың тақырыбы:

«Балаларда жиі кездесетін тырнақ аурулары»

Ұстанымым: “Ізденген жетер-мұратқа”

Тақырыпты таңдау себебім: Тырнақтың өсуі, кішкентай балалрда жиі кездесетін тырнақ аурулары туралы тереңірек зерттеу жұмысын жүргізіп және ауруларды болдырмау жолдарын біліп, өзгелермен бөлісу.

Жұмыстың мақсаты: Балаларда кездесетін тырнақ ауруларын анықтау, кездесетін тырнақ ауруларының этиологиясы, патогененезі, белгілері, аурудың асқынуына алып келетін факторлар, аурудың әлеуметтік психологиялық аспектісін тәжірибелік зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

* Тексеріс нәтижесі бойынша қиындықтарды анықтаймыз;
* Тырнақ ауруларына байланысты денсаулықты сақтау, сауықтыру және нығайту шараларының жоспарын құру;
* Жоспарды орындау шараларын жүргізу.

Зерттеудің болжамы: Іздену, байқау, ақпарат жинау, талдау;

Зерттеудің кезеңдері:

1-кезең: Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау, қосымша керекті материалдармен оқып,танысу.

2-кезең: Жинаған материалдарды сұрыптау.

3-кезең: Тақырыпты ашу барысында зерттеу жұмысын жүргізу.Сауалнамалар алу, бақылау.

4-кезең: Жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытынды жасау.

Зерттеудің өзектілігі: Тырнақты күту өте маңызды.

Қорытындысы: Тырнақтың адам ағзасына тигізер әсері бар екенін достарыма айтып, көздерін жеткіздім. Тырнақты күтпесе, қаншама ауру түрлеріне шалдығуға болатынын, әсіресе, тырнақтың таза болмауы асқазан, бауыр ауруларын асқындыратынын достарыма ғана емес, үйдегі жақындарыма да түсіндіріп, тырнаққа күтіммен қарау керектігіне насихат жасадым.

I. Кіріспе. Тырнақ анатомиясы

Тырнақ (Unguis) – саусақ ұштарының сыртын жауып жататын қатты мүйізденген пластинка. Тырнақ пластинкасының астында жатқан тері бөлігі тері қыртысымен жабылып жатады, оны тырнақ төсегі деп атайды. Артқы тырнақ белдігі тырнақтың артын доға тәрізді жауып келіп, эпидермистің жұқа мүйізді пластинкасын – тырнақ терісін құрады (eponychium). Тырнақтың алдыңғы ұшы (margo liber) еркін алға шығып тұрады. Ең артқы бөлігі тырнақ түбірі (radix unguis) деп аталады. Тырнақ түбірі артқы тырнақ көбесінің астына тереңінен қіріп жатады. Тырнақ түбірі жатқан эпителийдің бөлігі матрица (matrix unguis) деп аталады және тырнақтың өсуін қамтамасыз етеді. Матрицаның алдыңғы бөлігі, әсіресе бас бармақтарда аппақ, жарты ай сияқты көрініп тұрады. Тырнақ пластинкасы тығыз тұтас мүйізді массадан тұрады. Тырнақтын беті тегіс болғанмен асты бұдырлы, соның арқасында ол тырнақ құндағымен тығыз берік байланыста. К. Г. Андриасянның көрсеткеніндей, тырнақтың жасырын бөлігі – тырнақтың түбіріндегі және құндағындағы эпителийде өте үлкен, цитоплазмасы гомогенді, ақшыл ерекше клеткалар – онихобласттар бар. Бұл клеткалар мүйізді затты түзуге қатысады.
Тырнақтың өсуін түбіріндегі онихобласттар қамтамасыз етсе, құндағындағы онихобласттар тырнақтың қалыңдауына ықпал етеді. Емізікті қабатта орналасқан қан тамырлары тырнаққа қызғылт түс береді.


ІІ. Негізгі бөлім
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, кейінгі уақытта балалар мен қарт кісілердің тырнақ ауруларына көптеп шалдығуына байланысты.Біздің еліміздің тұрғындарында өзінің денсаулығына деген көзқарас дұрыс қалыптаспаған, көп адамдар өздерінің денсаулығын сақтап, нығайтуға жеткілікті көңіл бөлмейді, тек ауырғанда ғана дәрігерге қаралады.
Денсаулық – адамның дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы. Осы қабілеттер адам бойында үйлесім тапқанда ғана адам ұзақ өмір сүріп, тіршілікте ойына алған жоспарларын жүзеге асыра алады, қоғам игілігі үшін еңбек етеді, берекелі отбасын құрып, салауатты ұрпақ тәрбиелейді.
Тырнақ аурулары туралы айтпас бұрын аяқ – қол тырнақтарының анатомиясымен, физиологиясымен танысуымыз керек. Тырнақ, оның құрылымы, гигиенасы, қызметіне тоқталамыз.





2.2 Тырнақтың физиологиясы мен химиялық құрамы


Тырнақ шаш сияқты тері қабатының мүйізді өсіндісіне жатады, яғни кератинді түзілістерден тұрады. Бірақ шаштың құрамындағы альфа – кератиннан айырмашылығы тырнақтың иілгіштік және қабат түзетін қасиет беріп тұратын бета – кератин белогы бар. Кератин – органикалық табиғатта кездесетін ең мықты ақуыздың бірі. Ол қышқылдар мен сілтілерге, жоғары және төмен температураға өте төзімді. Кератиннің жалпы массасында 5% күкірт кездеседі. Ал минералды заттардың ішінде тырнақ құрамында кездесетіндері: кальций, фосфор, цинк және мышьяк. Аталған заттардан басқа тырнақ суға бай, шамамен 14% - ға дейін және май тәрізді заттармен холестерин бар.



2.3 Тырнақтың қасиеттері


Тырнақтың пластинкалық құрылымы өткізгіштік қасиетін қамтамасыз етеді. Теріге қарағанда тырнақтар суды жақсы өткізеді. Тырнақтар өте қарқынды түрде майды өзіне сіңіру қасиетіне ие. Бұл қасиет тырнақтың емделуін және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Олардың сіңіру қасиеттерімен қоса, сыртқа шығару қасиеттері бірге жүреді. Осылайша тырнақ бір - біріне қарама - қарсы екі қызмет атқарады - сыртқа шығару және қайта сіңіру. Тырнақ пластинкалары тері сияқты үнемі сыртқа ылғалдылық шығарып тұрады, бірақ тырнақтың теріден айырмашылығы, тырнақ қабаттарынан сыртқы ортамен зат алмасу процессі енжарлы жүреді. Ылғалдылықты сыртқа шығарудың жоғарлығымен әдетте тырнақ өңдеуде тырнаққа жанасатын бөгде немесе т. б заттар жақсы сіңеді.



2.4 Тырнақтың сезімталдығы
Тырнақтар қоршаған орта факторларына өте сезімтал келеді, соның әсерінен тырнақтар көлемі мен пішінін өзгертеді. Суық және құрғақ орта тырнақтың көлемінің кішірейуіне алып келеді, ал жылы және ылғалды ортада тырнақтардың керісінше көлемі үлкейеді. Тырнақтардың қалыпты болуы тері сияқты оның қосалқы құрылымдарына байланысты. Мысалы, тері жұқа әрі құрғақ болса, онда бұл жағдайда тырнақта жұқа және сынғыш келеді деп болжауға болады. Бірақта бұл пікір нақты ереже болып табылмайды, себебі терінің қалыпты жағдайында да тырнақ ақаулары көрінеді, яғни тырнақтың өсуге жауап беретін құрылымдары зақымданғаннан пайда болады. Әртүрлі ықпалдардың әсерінен тырнақ өсетін аймақта түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тырнақ пластинкасында көлденең жүлгелердің пайда болуы матрикстің өзгерісіне немесе оның зақымдануымен сипатталады. Ал дән тәрізді ақ дақтармен сызықтың(лейконихия) пайда болуы матрикса немесе гипонихия аймағында кератинизациялық үдерістің бұзылуын көрсетеді, яғни зат алмасу процесі бұзылды. Жоғарыда айтып кеткендей тырнақтың өсуі матриксаға және гипонихияға байланысты. 


2.5 Тырнақтың өсуі


Тырнақ пластинкасының толығымен ауысуы қалыпты жағдайда 3 - 4 көлемінде өтеді. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарына қарағанда 2 - 3 рет жылдам өседі, қыз балалардың тырнағы ер балаларға қарағанда баяу өседі. Түнде жылдам, күндіз жәй, жазда қарқынды, кыста баяу өседі. Тырнақтың баяу өсуі зат алмасу процессіне және тырнақтың өсу аймағындағы жергілікті микроциркуляцияға байланысты. Тырнақтың анатомиясымен физиологиясын білу маңызды, себебі тәжірибеде және қызметі жағынан тырнаққа байланысты қосалқы түсініктер бар. Ол түсініктер "қауіпті аймақтар" деп аталады.


2.6 Тырнақ күтімі

Көктемде, әдетте, тырнақтарымыздың жағдайы мүшкіл болады: жұқаланып, қабаттанып, сынып та жатады. Жас балалар үшін тырнақты күті оңай. Аптасына бір рет тырнақтың теріден асқан бөлігін қайшымен немесе арнайы қысқышпен алып отыру керек. Күніне қол жуғанда тырнақ астындағы кірді тазалап, сабындап жуып тұрған абзал. Ал егер тырнақтарың әлсіз болса, үнемі сына беретін болса, мына төмендегі қоспаны аптасына бір-екі рет пайдаланған жөн.

Қоспа дайындау:

1 ас қасық лимон шырынын бірнеше түйір тұзбен араластырып, қоспаны тырнақтарыңызға 20 минутқа жағып қойыңыз. Соңынан қолыңызды сумен шайып жіберіңіз. Бұл қоспаны аптасына 1-2 рет қолданса болады. Бұл қоспа тырнақтарды тазалап, емдейді.

ІІІ.Тәжірибелік бөлім


Адамның тырнағы ешқашан шірімейді деп айтылады. Бұл тырнақтың қасиеттілігін білдірсе керек. Күнделікті өмірде адамның тырнағына қарап болжам жасап, өзінше «диагноз» қойып жатқандар көп кездеседі. Адамның бет әлпеті тәрізді қол, саусақ, тырнақ тәрізді бөліктер де бірден көзге ұшыраушы дене бөліктері болып келеді. Дегенмен тырнаққа қарай отырып мынадай медициналық белгілер болатынын аңғаруға болады екен.



Тырнақ бетінде ақшыл дақтардың кездесуі

Тырнақ бетіндегі ірілі-ұсақты ақшыл дақтар, әдетте, әртүрлі сыртқы жарақаттар мен зақымдардан болады әрі денсаулыққа ешқандай да зиянын тигізбейді. Дегенмен бұл ақшыл дақтардың ұзақ уақыт бойы тырнақ бетінен кетпей жүруі дәрумендер аз екенін танытады.



Тырнақ бетіндегі көлденең ұзын сызықтардың болуы

Мұндай көлденең сызықтардың болуы да жарақаттарға байланысты, дегенмен де бұл ағзадаға мырыш пен кальций жетіспейтінінен хабар береді. Одан өзге, бұл белгілер кей жағдайда диабет, псориаз тәрізді аурумен сырқаттанғанда пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда көлденең сызықтарды бір емес бірнеше саусақ ұшында пайда болады.





Атызға ұқсас тік сызықтар болуы

Мұндай сызықтар да жарақат алудан (мәселен, тырнақ алған кезінде), сонымен қатар B12, мырыш пен магний жетіспеуінен пайда болады. Ал жасы 50-ден асқан адамдарда мұндай құбылыстар кездесуі – қалыпты жағдай. Қартайған сайын тырнақ та мүкістенуі – табиғи құбылыс.



Сары түсті тырнақ

Тырнақ сарғыштануының басты себебі – темекі шегу. Кейде тырнақ ұшындағы саңырауқұлақтардың көбеюі қалқанша безі ауруы, диабет, тыныс алу ауруларынан хабар береді. Темекі шегу тыныс алу ауруларына шалдықтыратындықтан, тырнақтың сарғыш тартуына, ең бірінші, темекі шегу кінәлі дей аламыз. 



Аппақ тырнақ

Егер тырнақ аяқ астынан ағара бастаса, бұл гепатит не өзге де бүйрекпен байланысты аурулардың басталғанын аңғартады.



Көкшіл тырнақ

Тырнақтың көкшіл түсті болуы – ағзаға оттегі жетіспеуінің белгісі. Бұл тыныс алудың нашарлығынан да болуы мүмкін. Мұндай белгілер басталса, дәрігерге қаралыңыз. 

3.1 Тырнақта кездесетін ауру түрлері


 Тәжірибе жасау барысында, балаларда кездесетін ауру түрлерін анықтадым. Онхомикоз-бұл тырнаққа әсер ететін саңырауқұлақ. Нәтижесінде тырнақтың қорғаныш функциясы азаяды. Иммундық және жүйесі бұзылады. Бұл лимфа жүйесінде бактериялардың өмірлік белсенділігі өнімдерін, содан кейін қанға түсуіне байланысты. Балаларда саңырауқұлақ ауруның болуы сирек емес. Жалпы, 10 жастан асқан балалар бұндай аурумен ауырып қалуы мүмкін Саңырауқұлақ ауруы жұқпалы. Ол аяқ киімнен және бассейнге түскенде жұғуы мүмкін.

Балалардың тырнақтарындағы ақ дақтар қан құрамында гемоглабиннің аздығын көрсетеді. Екі жаққа бөлініп сынғыш келетіндері адам бойында дәрумендердің жетіспейтіндігін көрсетеді. Ал сарғая бастаған тырнақ-сары аурудың белгісі. Псориаз ауруы аяқта да қолда да кездеседі.

Балаларда көп кездесетін тырнақ ауруының түрі-күбіртке. Күбіртке-саусақтағы тырнақ төбесінің іріңдеп қабынуы. Бұл көбінесе жарақаттан, терінің бүлінген жеріне зиянды заттар мен бактериялардың түсуінен болады.



3.2 Тәжірибе нәтижесі

Сыныптағы достарымның тырнақтарын қыркүйек айында қарап шықтым. Бір – екі оқушының тырнақтарында ақ дақтар барын анықтадым. Оларға тырнақ ауруларынң алдын алу мақсатында кеңестер бердім.

Қаңтар айында екінші рет сыныптастарымның тырнақтарын тексердім. Тырнақ астында дөңес ақ дақтарды байқадым. Бұл дәрумендердің жетіспеушілігнен пайда болатын дақтар. Қыс айларында адам ағзасында дәрумендердің азаятындығы белгілі. Сондықтан, жеміс-жидектер мен көкөністерді көптеп жеуге керектігі жайлы айттым.

Үшінші рет сәуір айында қарап шықтым. Аса қауіпті ештеңе байқалмайды. Бірақ та, тырнаққа көктем айларында жақсы күтім керек екені айтылды. Тырнақты үй жағдайында қалай күту керектігі жайлы айтып, түсіндірдім.


Сыныптастарымның тырнақтарындағы белгілердің сараптамасы:







IV. Қорытынды бөлім


Мен өз жұмысымда тырнақ аурулары туралы, оның қалай пайда болатындығын және оны емдеу жолдарын зерттедім. Мен ең алдымен тырнақтың құрылысы және қызметімен, содан соң тырнақ ауруларын емдеу жолдарымен таныстым.

Алайда тырнақ ауруларының тек балаларда кездесетін түрлерімен ғана шектелдім. Барлық ауру түрлерін толық зерттедім деп айта алмаймын. Тырнақ ауруларының сыртқы түрлері ұқсас болғанымен, олардың пайда болу себептері әр түрлі. Қазіргі таңда тырнақ ауруларының көбейіп отырғандығына, оның шығу себептеріне экологияның әсері бар екендігіне көз жеткіздім.     

Алдағы уақытта мен әлі де тырнақ ауруларының басқа да түрлерімен танысып, зерттеп өзім қатарлы құрбыларыма, достарыма таныстырғым келеді. 


4.1 Ұсыныс

Мен осы ғылыми жұмыста апайыммен және мектеп медбикесімен бірге тырнақ ауруларының түрлі микробтардан пайда болатындығын ескере отырып мынадай ұсыныс жасаймын:

- Мектеп оқушыларымен бірге тырнақ ауруларының қалай пайда болатындығы туралы қоғамдық шаралар мен семинарлар өткізіліп тұрса;

- Бастауыш сынып оқушыларына тері ауруларының қалай пайда болатындығы туралы үгіт насихаттар жүргізілсе.



V. Пайдаланылған әдебиеттер


1. В.А.Белоусов, А.Д.Певзнер «Балалар аурулары» Медицина баспасы-1974 ж білім баспасы 1992 ж аударған. [14;22;99;117;224-беттер]

2. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» [19;102;116;119-беттер]

3. «Биология пәні» журналы

4. «Денсаулық» атты Республикалық журналы, мәтіннің авторы Ж.Арман тері дәрігері [11-12-беттер]






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі