жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Зерттеу жұмысы " Тобылғының емдік қасиеттері"
Мазмұны
І Кіріспе...................................................................................................................
Зерттеу жұмысының өзектілігі..............................................................................
ІІ. Негізгі бөлім........................................................................................................
1.Тобылғының түрлері.............................................................................................
2.Тобылғы өсімдігінің тіршлік ету ортасы және көбею жолдары........................
3.Тобылғыны раушан гүлді тұқымдасына жатуы..................................................
1.1 Тобылғының қоғамға пайдасы...........................................................................
1.2 Тобылғының халықтық медицинасында емдік қасиеттері..............................
ІІІ. Қорытынды........................................................................................................
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.................................................................................
Кіріспе
Тобылғының өзіндік орны ерекше деп айтқым келіп отыр.Себебі мен оны көзбен көріп, танып білдім деп айтуға болады. Жазда апам тобылғыны күнделікті күбіні ыстағанда қолданып,оның ысының иісінің бір ерекше екендігі ондағы қымыздың дәмінің өзі бір бөлек болып тұратындығын. Тағы да бір дәлел айтатын болсам бірде атамның қолына теміретке шығып тобылғыны тұтатып одан шыққан майын сол жараға жаққан болатын. Біраз күндер өткеннен кейін сол тобылғының майынан айыққаны дәлел болды. Міне мен осыдан тобылғыға деген сенімім арта түсті де мен осы тобылғы туралы ақпараттарды интернет желісінен,кітаптардан,газет-журналдардан және өзім әкеммен бірге тобылғы өсетін жерлерге барып қарап танып біліп, ынтам арта түсті.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Тобылғының түрлері және тобылғы өсімдігінің тіршілік ету ортасы мен көбею жолдары туралы жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.
Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы өсімдіктер әлемі,интернет желісі арқылы тобылғының сипатын айқындалатыны белгілі болды.
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Тобылғы өсімдігімен,оның ерекше қоғамға деген пайдасымен таныстыру.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1.Тобылғы өсімдігінің қоғамға деген пайдасының ерекше екендігін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылардың шығармаларын жинастыру.
2.Тобылғы өсімдігінің түрлерін жинастыру.
Жинаған ақпаратты талдау.
4.Тобылғы өсімдігінің емдік қасиетке ие екендігін дәлелдеу.
Өзіндік пікір,тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
-жинақтау,топтау;
-Салыстыру;
-Өзіндік ой топшылау
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде тобылғының да ерекше қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздім.Тобылғы өсімдігінің зерттелмеген тұстарын тауып, достарыма да керекті ақпарат беру болды.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар дүниетану мен ана тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады
Аннотация
Тақырыбы: «Тобылғы»
Мақсаты: Шөптесін өсімдік тобылғының биологиялық сипаты туралы мағлұмат бере отырып,олардың түрлерімен және ерекшеліктерін жан-жақты достарына ашып көрсету.
Тема: Товалга
Цель: Дать биологическую характеристику товалги,раскрыть
особенности и познакомить своих сверстников видами этого
растения
Abstract
Subject: Tovalga
Purpose: Give билолгическую feature tovalgi,reveal to particularities and introduce their own peer a type this plants
Пікір
«Тобылғы» тақырыбындағы 2-сынып оқушысы Ібрахім Нұрайымның ғылыми жобасы Тобылғы шөптесін өсімдіктің табиғи ерекшеліктері мен тіршілікке сәйкес ерекше қалыптасқандығын ашып көрсеткен.
Ол өзінің осы жобасын
әкесімен және күнделікті
қолданып жүрген әжесінен
көріп тобылғыға деген
қызығушылығы артып, Тобылғы өсімдігінің қандай өсімдікке жататындығы,оның басқа өсімдікке қарағанда көп пайдаға асыруға болатындығы сонымен қатар қандай емдік қасиетке ие екендігін білгісі келген.Осыдан бастап,Нұрайым әкесімен бірге таулы жерлеге барып,Тобылғының түр сипатымен,мекен ортасы туралы таныса бастаған.Тобылғының көбею жолдары мен түрлері,оның қоғамға деген пайдасы,халықтық медицинада емге қолданылуы туралы ауылдың үлкендерінен сұрастыра отырып кең көлемде ақпарат жинаған.Тобылғының құм тасқыннан және су тасқыннан қорғап тұратындығы және оның бір ерекшелгі раушан гүлділер тұқымдасына жататындығын,оның адамға деген және қоғамға деген пайдасын бар екендігін көзін анық жеткізіп,әрбір ерекшелігіне тоқталып,осы жобасына сүйенуді жөн санады.Жобада тобылғының тіршлік ортасы,өзге өсімдікке қарағанда ерекшелігі,оның басқа өсімдікке қарағанда пайдасының мол екендігі туралы айтылған.
Зерттеушінің пікірі толымды,ойы ұшқыр .Бұл жұмыстың келешекте де пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз керек.
Ақтау орта мектебінің директоры : М.Арунов
Ғылыми жоба жетекшісі: А.Рахимжанова бастауыш сынып мұғалімі
Негізгі бөлім:
Тобылғы өсімдігінің түрлері
Тобылғы (Spіraea) – раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта.Қазақстандағы далалы,таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар. Ол 1,5 метр биіктікке дейін жететін өсімдік. Тобылғының ұсақ бұтасы бір-бірімен шатыса өседі және қабығының қызғылт түсімен ерекшеленеді. Жапырақтары майда, ұшы дөңгеленген, яғни пішіні шайқурайға ұқсайды. Сол себепті оны көп адамдар «шайқурай тобылғы» деп те атап кеткен.
Тобылғы өсімдігінің тіршілік ету ортасы және көбею жолдары
Таулы-жоталы аймақтардың біразынан тобылғы түрлерін кездестіруге болады. Осынау өсімдік кішкентай өзендер мен бұлақтардың жағасында да, сондай-ақ батпақты жерлерде де өседі. Сабағы түзу. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қос жынысты, аталығының саны 10, аналығы – 5, ақтүсті, хошиісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – қабаттасқан жапырақша.
Ал, кейде шілік құсап өседі. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, әрі гүл шоғырындағы қысқа гүл табанына орналасқан. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, жәндіктердің және бунақденелілердің көмегімен тозаңданады. Жемісі маусым-шілде айларында пісіп жетіледі.
Сабағы жуан Сабағы жіңішке
Тобылғының қоғамға пайдасы
Әр бір өсімдіктің табиғатта алатын өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарып тұр десек қателеспеген болар едік. Өсімдіктердің барлығы да адамзаттың пайдасы үшін өседі. Мәселен, бірі адамға жеміс берсе, екіншісі ауаны тазартады. Құм тасқынынан және су тасқынынан қорғап тұратын өсімдіктер де бар. Сондай-ақ, қажеттілігі мол тобылғыны ертеден келе жатқан әжелеріміз күбіні ыстау үшін де қолданған.
Ол үшін тобылғының жуан жағын ұсақтап сындырып,оны тұтатып оның ысына күбіні майлап алып ыстаған,енді бір пайдасы ауыл ағалары тобылғының жуан және түзу өскен бұтағынан қамшының сабын жасаған. Балды тобылғы өсімдігі, жақсы мал азығы да болған.Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланған.
Тобылғының халықтық медицинасында емдік қасиеттері
Халықтық медицинада тобылғының қабығы мен жапырағын және гүлдерін аяқ-қол ауруына, тері және басқа ауру түрлеріне пайдаланады.
Сонымен қатар, тобылғының бұтағын тіл-көзден сақтасын деген ырым мен үйге де іліп қояды.
Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбаны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып, 3 сағат қоя тұрады. Содан кейін сүзіп алып, стаканның 1/3 (үштенбір) бөлігін күніне 2-3 реті шіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ ауырған жерді басумен қатар, қабынуға қарсы әсеретеді. Әсіресе, тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе, қан қысымы қалпына келеді. Қан қысымына қаншалықты мөлшерде ішу керектігін дәрігерден сұрағаныңыз артық болмайды, өйткені тобылғы тұнбасы әр адамға әр қалай әсер етеді.
Тобылғының
майы да біраз ауруға пайдалы. Мәселен,
ісіп кеткен буынға, сырқырап ауыратын
жерлерге оны жақса, ауруды тез жазады.
Тобылғы жапырағын малға беріп, төрт
түлікті де біраз дерттен айықтыруға
болады екен. Атап айтқанда, малдың
бүйрек, қуық, ауруларын, асқазан мен
ішек түйілуін және денесіндегі түрлі
ісіктерді емдей алатын қасиеті
бар.
Тобылғыны аталарымыз өте көптеген
ауруларды емедеу үшін пайдаланған. Оның
тұнбасы мен ірің деп тұрған жараны жуып,
тазалағыш ретінде де пайдаланған. Бұл
тәсіл медицинада әлі де болса қолданылып
келеді. Сондай-ақ, тобылғының шайын
жүрек ауырғанда, бас ауырып, жүйке
жүйелері шаршаған кезде де қолданып
отырған.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ, бұл жобаны жазу барысында маған тобылғының қоғамға деген пайдасы әсер етті.Сол себептен мен ғылыми жұмысымды бастаған едім.Ғылыми жұмысымда тобылғының түрлері,тіршілігі,оның қоғамға деген пайдасы және емге деген қасиетке ие екендігі жайлы жаздым.Менің тақырыбыма арқау болған осы күнделікті тұрмыста қолдану болып табылды.
Біздің өміріміз табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан да біз,табиғаттың берген сыйын дұрыс қабылдап, қолдана білсек және оны жоғалтып алмасақ оның бізге берер пайдасы орасан зор.Ендеше,осы тобылғыны болашақ ұрпақ табиғат ананың сыйын қорғап,қастерлей білейік дегім келеді . Осы мақсатта бүгінгі тобылғы өсімдігінің зерттеп,өзімше біршама жаңалық аштым деп ойлаймын.Болашақта осы тобылғыны одан әрі зерттеп,басқа қырларын танып білгім келеді.Сол мақсатта алдағы уақытта зерттеу жұмыстарымды дамытамын және келешекте достарымен бірлесе одан әрі зерттеп дамытамын деген ойдамын
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан табиғаты: Энциклопедиясы / Бас ред. Б.Ө.Жақып
Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З.-304 бет
Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан өсімдіктері» сериясы. Алматы Атамұра , 2010-352 бет)
Әрбір өсімдіктің табиғатта алатын өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарып тұр десек қателеспеген болар едік. Өсімдіктердің барлығы да адамзаттың пайдасы үшін өседі. Мәселен, бірі адамға жеміс берсе, екіншісі ауаны тазартады. Құм тасқынынан және су тасқынынан қорғап тұратын өсімдіктер де бар. Сондай-ақ, қажеттілігі мол өсімдіктердің қатарына дәрілік шөптер мен гүлдерді жатқызуға болады. Солардың бірі — раушан гүлділер тұқымдасына жататын тобылғы бұтасы.
Тобылғы тау беткейлерінде көбірек кездеседі. Ал, кейде шілік құра өседі. Ол 1,5 метр биіктікке дейін жететін өсімдік. Тобылғының ұсақ бұтасы бір-бірімен шатыса өседі және қабығының қызғылт түсімен ерекшеленеді. Жапырақтары майда, ұшы дөңгеленген, яғни пішіні шайқурайға ұқсайды. Сол себепті оны көп адамдар «шайқурай тобылғы» деп те атап кеткен. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, әрі гүлшоғырындағы қысқа гүл табанына орналасқан. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, жәндіктердің және бунақденелілердің көмегімен тозаңданады. Жемісі маусым-шілде айларында пісіп жетіледі.
Халықтық медицинада тобылғының қабығы мен жапырағын және гүлдерін аяқ-қол ауруына, тері және басқа ауру түрлеріне пайдаланады. Сонымен қатар, тобылғының бұтағын тіл-көзден сақтасын деген ырыммен үйге де іліп қояды.
Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбаны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып, 3 сағат қоя тұрады. Содан кейін сүзіп алып, стаканның 1/3 (үштен бір) бөлігін күніне 2-3 рет ішіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ ауырған жерді басумен қатар, қабынуға қарсы әсер етеді. Әсіресе, тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе, қан қысымы қалпына келеді. Қан қысымына қаншалықты мөлшерде ішу керектігін дәрігерден сұрағаныңыз артық болмайды, өйткені тобылғы тұнбасы әр адамға әрқалай әсер етеді.
Тобылғының майы да біраз ауруға пайдалы. Мәселен, ісіп кеткен буынға, сырқырап ауыратын жерлерге оны жақса, ауруды тез жазады. Тобылғы жапырағын малға беріп, төрт түлікті де біраз дерттен айықтыруға болады екен. Атап айтқанда, малдың бүйрек, қуық, ауруларын, асқазан мен ішек түйілуін және денесіндегі түрлі ісіктерді емдей алатын қасиеті бар.
Тобылғыны аталарымыз өте көптеген ауруларды емедеу үшін пайдаланған. Оның тұнбасымен іріңдеп тұрған жараны жуып, тазалағыш ретінде де пайдаланған. Бұл тәсіл медицинада әлі де болса қолданылып келеді. Сондай-ақ, тобылғының шайын жүрек ауырғанда, бас ауырып, жүйке жүйелері шаршаған кезде де қолданып отырған.
Жалпы, бұл өсімдік жер шарында кең тарағандардың бірі. Таулы-жоталы аймақтардың біразынан тобылғы түрлерін кездестіруге болады. Осынау өсімдік кішкентай өзендер мен бұлақтардың жағасында да, сондай-ақ батпақты жерлерде де өседі. Ал, оның осындай емдік қасиеттері бар екенін көп адамдар біле бермеген. Қазақ халқы қандай да бір ауру болмасын оның емін көп жағдайда өсімдіктерден іздеген халық. Сол үшін де тобылғыны 40 аурудың шипасы деп атап кеткен.
Тобылғы шілде айынан бастап тамыз айының бастапқы кезіне дейін гүлдеп тұрады. Оны табу аса қиын емес. Білетіндер тобылғыны аңқыған иісінен-ақ тауып алып жатады. Дәрілік өсімдікті жинап алғаннан кейін адамдар оны белінен буып, құшақ-құшақ етіп сақтап қоятын болған. Оны сақтау тәсілі де аса қиын емес. Ауа өткізбейтін ыдысқа салып, аузын жақсылап тығындап қойса болғаны. Кептірілген шөп 2-3 жылға дейін сақталынады және осы уақыт ішінде емдік қасиетін жоғалтпайды. Ал, білетіндер тобылғының ең жақсы көмектесетін кезін кепкеннен кейінгі бір жыл уақытты атап көрсетеді. Осы уақытта ол өзінің нағыз бабында болады екен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген