Павлодар облысы Качир
ауданы
Федоровка орта жалпы білім
беру мектебі
Зерттеу жұмысының
тақырыбы:
«Еттен табақ тарту
дәстүрі»
Орындаған: Абусадық
Д.
4 «А» сынып
оқушысы
Жетекшісі: Камзина
А.Б.
Мазмұны
-
Кіріспе
-
Жұмыс
жоспары
-
Негізгі
бөлім
-
Қой
сою
-
Ет
мүшелері
-
Еттен табақ тарту
дәстүрі
-
Қорытынды
-
Пайдаланған
әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының
тақырыбы: Еттен табақ тарту
дәстүрі.
Зерттеу жұмысының
мақсаты: Қазақ халқының еттен табақ
тарту дәстүрін зерттей отырып, дәстүрімізді жас ұрпақтың бойына
сіңірту.
Міндеттері:
1.Қазақ халқының дәстүрлерін
зерттеу, зерделеу.
2.Тақырып бойынша мәліметтер
жинақтау.
3.Тәжірибе жүзінде
бақылау.
4. Мектеп оқушыларының қазақ
халқының дәстүрлері туралы қаншалықты ақпарат алынғандығын
анықтау.
Зерттеу жұмысынан күтілетін
нәтиже:
Етті мүшелеу, қой сою және
еттен табақ тарту дәстүрлері жайлы білімдері қалыптасады және
болашақта тәжірибеде қолдана алады.
Зерттеудің әдістері мен
әдіснамасы. Алға қойған мақсат –
міндеттерді шешу үшін, негізгі дереккөздерді жинау барысында
сұрыптау, жүйелеу, сипаттау.
Зерттеу жұмысының
құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден
тұрады.
Өзектілігі: Зерттеу жұмысын бастамас бұрын
мектеп оқушыларының қаншалықты қазақ халқының дәстүрлері жайлы
хабардар екенін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама 5
сұрақты қамтыды. Сауалнама нәтижесі бойынша
Салт-дәстүрлерді көрсетіңіздер
сұрағына оқушылардың
100%, Ұлттық тағамдарды атаңыз
сұрағына
100%, Табақ тарту дәстүрі дегеніміз
не? сұрағына 53 %,
Еттен табақ тарту түрлерін
көрсетіңіз сұрағына 35%,
Бас табақ кімге арнап
тартылады? сұрағына 28% дұрыс жауап берді. Сауалнама
нәтижесі бойынша табақ тарту дәстүрі төмен көрсеткішті
көрсеткендіктен осы тақырыпқа тоқталдым. Себебі,
бүгінгі жас-ертеңгі отау иесі.
Сыйлы қонақты төріне шығарар отағасы, абзал ана. Әрбіріміз қазақтың
сыйлы кісісіне тартылар табақта қандай мүшелердің болатынын
білуіміз керек. Сондықтан, бұл тақырып ұлттық дәстүрімізді
дәріптеп, болашақта ұмытылып қалмас үшін жас ұрпаққа насихаттаумен
өзекті.
Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы қазақ халқының дәстүрлерінің бірі – еттен табақ
тарту дәстүрін зерттегуге және оны келе жатқан жас ұрпақың бойына
сіңіртуге арналған. Қазақ халқы мәңгі қонақжай халық болғандықтан
үй иесі еттен табақ тарту дәстүрін білу керек және
ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ
қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін
өзіне үлгі - өнеге тұтуға тиіс.
Сондықтан, қазақ дәсүрлері
ұмытылмай, үлгі-өнеге болып жүру үшін осы зерттеу жұмысы
ұйымдастырылды.
Жұмыс
жоспары
|
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
|
1
|
Тақырып таңдап,
тақырыпшаларға
бөлу
|
Қыркүйек
|
|
2
|
Мектеп
оқушыларымен сауалнама
жүргізу
|
Қазан
|
|
3
|
Ақпарат жинақтау,
қажеттісін сұрыптау.
|
Жыл
бойы
|
|
4
|
Зерттеу
жұмысын тәжірибе жүзінде бақылау.
|
Жыл
бойы
|
|
5
|
Зеттеу
жұмысын оқушылармен бөлісу.
|
Сәуір
|
Негізгі
бөлім
2.1. Қой
сою
Сойылатын қойды
таңдау.
Сойылатын қой пышаққа жарамды,
семіз болуы керек. Сояр қой таңдалып, іріктеліп алынғаннан кейін үй
иесі ақ адал-малын қонағына көрсетіп бата сұрайды. Үй иесі малын
қонағына көрсетіп, бата сұрайды. Малды бауыздау үшін қан-жын
төгіліп, үйдің маңын шыбын-шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа,
өбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосыпбайлайды.
Малдың басын құбылаға қаратып (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә»
деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық
жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін
айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді. Бауыздалып жаны әбден
шыққаннан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешііліп алынады. Содан
кейін қасапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау
қанынан тазартады, қолын, пышағын жуады. Бауыздалған қой екі түрлі
тәсілмен сойылады. Бірі- өселген шыптаның үстіне жатқызып сою да,
екіншісі артқы екі тілер сектен ағаш өткізіп іліп сою (кей жерде
асып сою деп айтады) қойды сою үшін алдымен терісін ірейді
(түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі
бір тәртіппен қойдың терісін бауыр жағынан кесуді айтады. Тері
сыпырылмас бұрын бөлектеніп алынған бас пен төрт сирақ үйітілуге
жіберіледі. Өйткені ет бұзылып қазанға салынғанша бас пен сирақ та
үйітіліп дайын болу керек. Тері сыпырылып болған соң қойдың денесі
мүшелеп бұзылады.

2.2. Ет
мүшелері
Қой
мүшелері: Бас:
1. Үстіңгі бас
сүйек;
2. Астыңғы жақ
сүйек. Омыртқалар желісі:
3. Ауыз
омыртқа;
4. Бауыздау
омыртқа;
5.Мойын
омыртқа;
6. Жетім
омыртқа;
8. Сабақты
омыртқа;
9. Бел
омыртқа;
10. Құйымшақ;
11. Құйыршық. Қабырға:
12. Қабырға;
1З.Сүбе
қабырға;
14. Бұғана қабырға; Шершеулер:
15. Ұзын
шершеу;
16. Төс
шершеу; Төс:
17. Төс
сүйек;
18. Төс
шеміршек; Қол
жіліктері:
19.Жауырын;
20.Жауырын етегінің
шеміршегі;
21. Тоқжілік, тоқпақ
жілік;
22. Адарбас (кәрі жіліктің айдар басы,
шынтақ сүйек, кәрі жіліктің садақ сүйегі, шынтақ, шынтақ сүйегі);
23. Кәріжілік;
24. Тізе
сүйек. Сирақ:
25. Жіліншік;
26. Қызасық;
27. Сыбырлақ;
28.