Зерттеу жұмысы "Шаш неге ағарады?" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеу жұмысы "Шаш неге ағарады?" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген материал зерттеу жұмысымен айналысатын ұстаздар қауымына арналған. Бастауыш ысын оқушысына қызықты тақырып төңірегінде ізденуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қосымша мәлімет алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Астана қаласы Білім басқармасы

80 мектеп - гимназия









Жобаның тақырыбы: «Шаш неге ағарады?»











Секция: биология

бағыты: денсаулық

Орындаған: Яхияева Асел 2 «Г» сынып оқушысы

Жетекшісі: Смагулова М. Е., бастауыш сынып мұғалімі























Астана – 2017





Мазмұны

Аннотация ___________________________________________________3

Кіріспе ______________________________________________________5

Негізгі бөлім

І тарау. «Шаш туралы мәлімет »

1.1 Шаш туралы мәлімет___________________________ ___________6

1.2 Шаштың құрылымы ________________________ ______________7



ІІ тарау. «Шаш неге ағарады?»

2.1. Ақ шаш қалай пайда болады? Зерттеу, бақылау__________________ 7

2.2. Шаш неге ерте ағаруы мүмкін? Сұхбат. ________________________ 8

2.3. Мамандар кеңесі. Шаш бояуларының зияны мен пайдасы__________ 9

2.4. Шаштың ерте ағаруын қалай алдын-алуға, емдеуге бола­ды?______ 12

Қорытынды____________________________________________________ 14

Пайдаланылған әдебиеттер________________________________________ 15

Қосымша_______________________________________________________16





















Аннотация

Зерттеудің нысаны: шаш

Мақсаты: Шаштың неге ағаратынын, неге тіпті жасөспірімдердің де шашын ақ басатынын зерттеу.

Өзектілігі: Темір де тозады. Оған қарағанда ет пен сүйектен жаралған адам тәнінің қартаюы қалыпты нәрсе. Қарттық әуелі біреудің отыз екі тісін алады. Екінші біреуді көзден, үшіншісін құлақтан, одан кейінгіні аяқтан алуы ғажап емес. Бірақ қарттық бір күнде келмейді. Әр күн - қарттыққа қарай жасалған бір адым. Егер айна алдында тұрып, шашыңыздан немесе самайдан бір тал болса да ақ көрсеңіз, ол- қарттықтың келе жатқанынан сізге ширек, тіпті жарты ғасыр бұрын жасалған «ескерту» деп біліңіз.
Ерте ме, кеш пе, түбі кім-кімнің де алтын басын ақ басары анық
. Бірақ қазіргі кезде жасөспірімдердің де ағарған шашын көруге болады. Ол неліктен солай екенін зерттеп, басқалармен бөліскім келді. Себебі, өзімнің қасымда жүрген адамдарға да таңқурай жидегінің пайдалы қасиеттері туралы айтқанды жөн көрдім.

Болжам: Егер мен шаштың ағаруы тек қартыққа ғана байланысты емес екенін тереңірек зерттеп, басқаларға насихаттасам, онда шаштың ерте ағаруынан сақтануға, ауруды алдын алуға болады. Яғни, дені сау ұрпақ өсіп жетіледі.

Зерттеудің кезеңдері:

1. Адамдардың шашының түсі ағаруы туралы тақырып мені қызықтырды.

2. Шаш туралы кітапханадан, ғаламтордан мәлімет іздедім, адамдармен, достарыммен әңгімелестім.

3. Шаштараз, әрлеуші- дәрігер мамандардан шаштың құрылымы туралы сұрап, білдім.

4. Әр түрлі жастағы адамдардың шаштарын жинап алып, құрамындағы заттарды анықтау үшін зертханаға бардым.

5. Зерртеу барысында шаштың ерте ағаруын қалай емдеуге бола­тын жолдарымен таныстым

Тәжірибенің әдістемесі:

1.Сипаттау

2. Бақылау, тәжірибе

3. Сұхбаттасу

Ғылыми жобаның практикалық мәні: әр оқушы шаштың құрылымы, оның пайдасы туралы білуі үшін, дүниетану сабақтарында зертханалық жұмыстар жүргізілсе жақсы болар еді.

Жаңалығы: шаштың тек қарт адамдарда ғана емес, сонымен қатар әр түрлі себептерден жасөспірім балалардың да шашы ағаратынын анықтауға тырыстым.

Нәтижесі: шаштың ағаратын себептерін анықтап көзім жетті.

Қорытынды: шаштың ағаруы әр түрлі себептерге байланысты болады

















































Кіріспе

Мен әжемді жақсы көремін. Әжемнің шаштарының өздігінен аппақ түске боялуы мені қатты алаңдатты. Сол себепті мен шаш неге ағаратыны туралы тереңірек білуге бел будым.

Мақсатым: шаштың неге ағаратынын зерттеу. Неге жасөспірімдердің де шашы ағаратынын зерттеу. Мақсатыма жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:

1. Шаш туралы жалпы мәліметтер білу;

2. Шаштың ағару себептерін анықтау;

3. Сұхбат, зерттеу арқылы шаштың құрамында ағаруға алып келетін заттар бар екенін дәлелдеу. Қойылған міндеттерді шешу үшін бірталай жұмыс жасауға тура келді.

Кітап менің сұрақтарыма жауап берудегі алғашқы көмекшім екенін білемін.Үйде қажетті кітаптар жоқ болды. Мен мектептің кітапханасына бардым, көп оқыдым. Бірақ, алған ақпаратпен шектеліп қоймадым. Ғаламтордан да ақпарат іздедім. Ерте ме, кеш пе, түбі кім-кімнің де алтын басын ақ басары анық. Ғалымдардың зерттеуіне қара­ғанда, адам шашының «өмірі» алты жылға созылады екен. алты жыл­дан соң, өлі шаш түсіп, оның ор­нына жаңа шаш шығады. Шығыс медицинасы ақ шаштың пайда болуын бүйректің сырқатта­нуы­мен байланыстырады. Кей елде ақ шаш - ақылдылықтың нышаны ре­тінде бағаланады. Жалпы, са­майын қырау шалып, сақал ша­шына қылаңдап ақ кіре бастаған еркекті әйелдер жақсы көреді. Өйткені бұл - ер азаматтың ақылы толысып, дүниеден өз орнын тауып, кемелденген, екінші тынысы ашылған, дер шағы. Негізінен, шашқа алғашқы ақ түсетін кез - 30-40 жас аралығы. Алайда шаш бір сәтте ағарып кетпейді. Десек те, бүгінгі күнде мектеп жасындағы баланың шашына ақ араласқанын көріп таңғалмайтын болдық. Бұл - компютер мен техникасы дамыған заманның адам ағзасына беріп жатқан кері әсері ме, әлде тозған экологияның көрінісі ме, оны ғалымдар мен дәрігерлер әлі де анықтау үстінде. Бізге белгілісі, шашқа ақтың ерте ара­ласуы атадан балаға берілетін генге де байланысты екендігі. Кейбір отбасының бесіктен белі шықпа­ған балаларының басын ақ қырау ша­лып жатса, бұл не тұқым қуа­лаумен келетін ерекшелік немесе бұл отбасында шаш түбі нәр ала­тын тағамдар аз қолдалынуы мүмкін екен.  Құрамындағы дәрумендердің денсаулыққа тигізер пайдасын білу үшін медицина қызметкерімен сұхбаттастым. [қосымша1]. Сонымен қатар шаш туралы анамнан, әжелерімнен де көп естіген едім. Осы зерттеуімде шаш туралы көбірек білейін деп оның ағару себептерін зерттеп, басқалармен бөліскім келді. Себебі, өзімнің қасымда жүрген адамдарға да шаштың ағаруын алдын алуға болатыны туралы айтқым келді.

Негізгі бөлім

І тарау «Шаш туралы мәлімет жинау»

    1. Шаш туралы мәлімет

Шаш – түк тері жамылғысының бір бөлігі . Олар алақан мен табан және кілегейлі қабықшадан басқа , адамның денесінің барлық бөлігін жауып тұрады. Шаш пен түк терінің бетіне көлбеу орналасады . Әрбір шаш пен түктің түбірі мен өзегі болады. Түбір шаш қалтасында орналасады. . Әр шаш қалтасында бір бұлшық ет талшығы жалғасады , оған май бездері нерв талшықтары және және қан тамырлары жалғасқан , ол арқылы шаш қоректенеді. Май бездері шашқа серпімділік , жылтыр түс береді. Ал бұлшық еттері адам шашын қозғайды . Адам қорыққанда ренжігенде шаш шаш тікірейіп тұады оны «Шаш тік тұрады » дейді. Шаш үнемі өсіп тұрады. Шаштың тіршілігінің ұзақтығы 2-4 жылдың арасы . Түскен шаштың орнына байқалмастан , жаңасы шығып отырады. . Шаш айына 1 см-дей өседі , күніне 30-40 шаш түседі. Бұл қалыпты физиологияық процесс. Дегенмен , шаштың шамадан көп түсуі адамның денсаулық жағдайына байланысты болады.

«Шаш – адамның көркі» дейді дана халық. Шынында, шаш адамға көрік беріп, келбетін аша түседі. Əсіресе, қыздар əрлейді, сəндейді, əр түске бояйды. Дегенмен, шашымыз біз ойлағандай көңілімізден шыға бермейді. Себебі, бірінің шашы қалың болса, енді бірі жұқа болғанына жүйкесі жұқарады. Шаш та күтімді қажет етеді. Сондықтан əр адам ең бірінші шашына күтім жасауы қажет. Бүгінде адам бойына түрлі дəрумендер жетіспегендіктен оған кері əсерін тигізуде. Себебі, шаштың ерте ағаруы, уыстап түсуі өзекті мəселеге айналып отыр. Бұрын үлкендердің самайын қырау шалып, ақ шаш торласа, қарттықтың белгісі деп түсінген. Ал, қазіргі кезде бұл жастар арасында жиі белең алуда. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам ша- шының өмірі алты жылға созылады. Одан кейін, өлі шаш түсіп, оның орнына жаңа шаш қайта шығады. Бүгінде шығыс медицинасы жастар арасында ақ шаштың пайда болуын бүйрек ауруымен байланыс- тыруда. Алайда, кей елдерде мұны – ақылдылықтың нышаны ретінде бағалап жүр. Негізінен, шашқа алғаш ақ түсетін кез – 30-40 жас аралығын құрайды екен. Бірақ, бүгінде мектеп жасындағы баланың шашына ақ араласқанын көзіміз көріп жүр. Бұл – компьютер мен техникасы дамыған заманның адам ағзасына беріп жатқан кері əсері ме, əлде экологияның көрінісі ме, ол əлі күнге дейін толық анықталмай отыр. Сондай-ақ, тұқым қуалаушылықпен əкесінен баласына жалғасуы жиі кездеседі. – Бірақ, алған ақпаратпен шектеліп қоймадым. Ғаламтордан да ақпарат іздедім. [қосымша 2]






1.2 Шаштың құрылымы

Шаштың құрылысы

Шаштың түбі тері қабатында шаш ұясында болады ,шаштың құрылысы өте күрделі ,олар өте нәзік және оңай жарақаттанады.Шаштың қандай түріне жататынын анықтап , соған сай жүйелі ,дұрыс ,күтім жасасақ , шашымыз әдемі көрінеді.

Шаштың түрлері.

Қалыпты шаш-қайызғағы жоқ, майысқақ, жылтыр болады. Мұндай шаштар ерекше күтімді қажет етпейді.

Құрғақ шаш-жеңіл және жұмсақ, тез сынғыш келкді, майысқақтығы мен түсінтез жоғалтады. Мұндай шаштарға алдымен дымқыл су жетіспейді.

Майлы шаш- жуғаннан кейін қалыпты әдемі шаш болады, бірақ ертеңіне өзінің әдемілігінен айырылып, майланып кетеді. Бұл артық май безінің қызметіне байланысты.

Шаштың түсі.

Шаштың түсі оның түбіндегі бояғыш кератиннің комбинациясына байланысты.

Шаштың формасы.

Жіңішке шаштың диаметрі-0,05мм-ден кем болады, өте сезімтал, тез жарақаттанады, ерекше күтімді қажет етеді.

Орташа шаш-0,05мм.

Қалың шаш-0,07мм.

ІІ тарау. «Шаш неге ағарады?»

2.1. Ақ шаш қалай пайда болады? Зерттеу

Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді. Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы». Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы албинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады. Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.  http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/2464/
АҚШ ғалымдары ақ шаштың кәріліктен немесе ауру салдарынан пайда болатыны туралы жалпы  тұжырымды жоққа шығарды. Бұл туралы planet-today.ru сайты хабарлайды. Шашы ағарған адамның дені сау болады екен. Бұл ретте тек жасы 30-дан аспағандар ғана ерте ағарған шашына алаңдаулы болуы керек. Өйткені егер ағзада антиоксидантты қасиеті бар глутатион заты көп бөлінсе, шаш ағарады. Бірақ, мұны көптеп бөлген адам ағзасын қартайған немесе қуатсыз деп айтуға болмайды. Себебі ол глутатионды бөлу арқылы қышқылдану барысын тоқтатады. Ал қышқалдан процесінің артуы қартаюдың белгілері болып табылады.

2.2. Шаш неге ерте ағаруы мүмкін? Сұхбат.

Сонымен, ақ шаш қалай пайда болады? былайғы жұрт қара шашқа ақ ерте кіреді деп ойлайды. шындығында, қара шаштан ақ тез байқалатыны болмаса, басты қырау шалуына шаштың түсі қандай бо­луының қа­тысы ша­ма­лы. тек сары не­месе жирен түсті шаш арасынан ақ онша байқала бермеуі мүмкін.  Зерттеушілер адамның ша­шын екі бөлікке бөліп қарастырады. біріншісі - кімді де болсын әдемі немесе сүйкімсіз етіп көрсететін кәдімгі шаш. екіншісі - оны ұстап тұрған түпкі тамыры. шаш тамыры бас терісінің ішінде фолликул деп аталатын орамның ішіне орналасқан. ал әр фолликул шашқа түс беретін арнайы пигменттік жасу­шаларды сақтайды. бұл пигменттік жасушалар шаштың өсуі­не және оның түске боя­луына әсер ететін меләнин деп ата­латын затты шығарады. сондықтан біздің ша­шымыздың қара, сары, ақ немесе басқа түсті болуы осы шаш түбі қандай және қанша меләнин кө­лемін сақтайтынына байланысты. адам жасы ұлғая келе шаш фолликулы сақтаған жа­сушалық пигменттер бірте-бірте өле бастайды. шаш түбіндегі «жұ­мыс істейтін» тірі пегменттік жа­сушалардың азаюына байла­нысты, шаш бірте-бірте аз көлемде ме­ланин алатындықтан, алдымен шаштың түсі сұрғылтым тартып, одан соң күміс түстеніп, ақырында мүлде ағарып тынады. Адам жасы неғұрлым ұлғайған сайын шашы ағара түсетіні де осыдан. Сондай-ақ ағару шаш түбіндегі пигменттер­дің азаюынан бөлек, адам ағзасында белөк құра­мында болатын тирозинның жетіспеуінен де бо­лады. Сондықтан белөкті тағамдардан бас тартуына тура келген жағдайда, оны алмастыратын басқа тағамды пайдаланбасаңыз, алтын басыңызды замандастары­ңыз­­дан ертерек ақ басуы ықтимал. Бұдан бөлек, шаштың ағаруына жүйке жүйесінің қыз­метының бұ­з­ылуы, витаминдердың жетіспеу­шілігінен ендөкриндік жүйенің дұ­рыс жұмыс істемеуі, шаршаңқылық пен қан аздық және күн астында көп болу сияқты себептер де әсер етеді. Көп адам шаш құра­мын­да алтын, күміс, мыс, т.б. «ме­таллдар» барын біле бермейді. Осылардың ішінде, шаш түбіне мыс құрамының жетіспеуі - ерте ақ түсуге алып келеді. Ал мысты біздің ағзамыз жаңғақ, бидай, фасоль, чечевица және петрушка сияқты өсімдіктерден ала алады.

Міне, сөйтіп, біз енді «Шаш неге ерте ағаруы мүмкін?» деген са­уалды қысқаша былай жүйелесек болады:
1.тұқым қуалаудан;
2. фолликул сақтаған жа­су­шалық пигменттердің өлуінен;
3.пигменттік жа­су­шалар бөлетін мелә­ниннің сарқылуынан;
4. Ақуыз құра­мында бо­латын тиро­зинның же­тіспеу­нен;
5. жүйке жүйесінің қызметының бұзылуынан;
6. дәрумендердің же­тіспеушілігі салда­рынан енндөкриндік жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен;
7. үнемі шаршап, аз демәліп, ұйқының қалыпты болмауынан
؛
8. қан аздықтан; 
9.күн астында көп болудан;

10.ағзада мыстың жетіспеуінен.


2.3. Мамандар кеңесі. Шаш бояуларының зияны мен пайдасы

Көп жағдайда әйел адамдар шашқа түскен ақты бояу арқылы жасыруға тырысады. Оны пайда­ланбас бұрын касіби шаштаразбен немесе тері дәрігерімен пікірлесіп, кеңес алып жатқан бірі жоқ. әрине, бояу шығарушы, сатушы мекеме­лер өз өнімдерінің шашыңызды жібектей етіп, табиғи түс беретінін айтып мақтайтыны анық. алайда табанын жерге тигізбей мақтап отырған сол бояулардың бәрінің құрамында химикаттар барын бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан бүгінгі күні ешбір қажеттылыксыз-ақ шашын аптасына неше түске құбылтып бояитын қарындастарымыз уақыты келместен ша­шына ақ түсіп немесе шашы ерте сұйылып, түсіп қалу қаупы барын ескерсе жөн болар еді.  Қарап тұрсаңыз бүкіл әлемде сол шашты кесуге, әдемілеуге, бояуға, сәндеуге қанша миллёнда­ған адамдар жұмыс істейді. әлемнің қанша елінде шаш бо­ияитын бояқтар шығарылады, олар­ға жарнамалар жасалады. қанша­ма адамдар шашын әртүрлі етіп түзетуге, бояуға тағы да басқа қыз­меттер үшін ақша жұмсайды. қанша адам шашындағы ақты көр­ген­де кәдімгідей мұңайып, көңілі құ­лазып қалады. осының бәрі жастыққа тән сын сымбаттан айырылып қалмауға деген жанталас пен күн санап жақындап келе жатқан қарттықтан жандалбасалай қашу­дың көрінісі сияқты. Алайда бір нәрсе айқын, күнді түн жеңеді, түн­ді күн жеңеді, жастықты қарттық, өмірді өлім жеңеді. яғни шаштың түсінде тұрған түк жоқ. Самайды ақ шалса, онымен арпалыспай, албырттықтың артта қалып, кемеңгерліктің кемесіне мінер күннің жақындағанына қуану керек шығар. Мұндайда әкемнің шашын әр алғызған сайын: «шаштан да мол иман бер» деп бата қылатыны есіме түседі...

Сұхбат
1.Шашты қаншалықты жиі жуу керек?

Врач-касметолог. Егер шаш кірлесе, майланса жуамыз. Ал құрғақ шаштарды сирек жуу керек. Жатар алдында шашты жумаған дұрыс, себебі дымқыл шаш денсаулыққы зиян.Кір шаш адамға бірқатар қолайсыздық әкелуімен қатар, бірнеше аурудың себебі де болады.

2. Шашты қанда сусабынмен жуу керек?

Шаштараз. Шашты жуатын су жұмсақ ,жылы болу керек. Жаңбырдың суы шашқа өте жағымды. Кермек су шашты құрғатады. Шашты жуу техникасы да өте үлкен қызмет атқарады. Егер шашыңыз әдемі болсын десеңіз, шаштың түбін , терісін жақсылап жуып, шаштың шатасып қаламуын қадағалаңыз. Шаш шатасып қалса, оны тарағанда шаштың түбіне зақым келеді. Шашты таза сумен шаю да маңызды.

3. Кейбір қыздардың шаштары жуғаннан кейін қобырап,құрғап , тез сынғыш келеді, мұнда йжағымсыз жайттардан қалай сақтануға болды?

Врач –косметолог. Сұйық сабынмен жуғаннан кейін кейбір шаштар құрғап, қобырапкетеді,сондықтан, бүгінгі күнде неше түрлі бальзамдар барсоны пайдалансаңыздар,ол шашты жылтыратып иілгіш етеді. Бальзамды да әр шаштың түріне қарай таңдауды умытпаңыздар.

4. Шашты қалай кептіру қажет?

Шаштараз. Шашты құрғақ орамалмен жеңіл сүртіп, бөлме температурасында кептіру керек,ал күннің көзіне немесе фен арқфылы кептісек шаш құрғап, өзіне тән жылтырынан айырылады.

5.Шашты жиі тарау керек деген түсінік бар, қалай ойлайсыз , шашты қалай тарау керек ,қандай тарақты қолданған дұрыс?

Шаштараз. Тарақпен шашты күнделікті тарау бас терісінің қан айналымын жақсартады. Тарау да шаш күтімінің бір түрі. Ал тарау үшін тісі орташа сүйектен жасалған тарақ пайдалану керек. Жұмсақ щеткада ыңғайлы , шашты күніне екі рет тараса болады. Темірден жасалған тарақ бас терісін жарақаттауы мүмкін.

6. Шаштың жағдайы адамның тамағымен байланысты ма?

Врач-педиатр. Дұрыс тамақтану адамның денсаулығы үшін өте маңызды, сонымен қатар тері мен шашқада көп әсер етеді. Ағзаның толыққанды қызмет атқауы үшін ұтымды тамақтану өте қажет деп барлық мамандар кеңес береді.Мысалы, ақуыз, минералды заттар, көмірсулар ағзаның құрылыс материалдыры. Әйтсе де майлы ет, сары май, тұзды тамақтарды мөлшерімен қабылдау керек , ал минералды заттарға бай жеміс-жидек, көкнеістерді күнделікті ас мәзірінен үзбеген дұрыс. Шаштың өңсізденуі , көп түсетіні дұрыс тамақтана білмеудің көрсеткіші десек артық емес.

7. Дәріні ұзақ уақыт қабылдаудың шаштың сапасына , өсуіне әсер ете ме?

Врач-педиатр. Шаштың жағдайы ағзаның жалпы жағдайымен тығыз байланысты. Эмоционалды күйзеліс ,ауыр сырқат, ағзаға түскен ауыр салмақтың әсерінен шаш өңсізденеді және түседі.

8.Соңғы кездерісуық мезгілде бас киімсіз жүру сәнге айналды, бұл шашқа қалай әсер етеді?

Врач-педиатр.Қай мезгілде болмасын бас киімсіз жүру өте зиян.Суық ауа бас терісінің қанайналымын нашарлатады, шаш табиғи түсінен айырылады, тез сынғыш болдаы,ал ыстықта май бөліну жылдамдап , шаш тез кірлейді. Қыс мезгілінде жылы шапка, жазда жеңіл қалпақ немесе орамал тартқан дұрыс.

9. Кейбір шаштар баяу өседі, шаш қаншалықты жылдам өсед?

Врач-косметолог. Адамның жас кезінде шаш жылдам өседі-тәулігіне 0,3мм.

Өсу уазықтығы бірнеше айдан 4 жылға дейін созылады . Одан кейін шаш түсіп ,жаңа шаш шығады. Күніне 75- 150 шаш түседі ,орта есеппен шаштыңтіршілігі 4жылдан7жылға дейін .Бастағы шаштың түсуне байланысты ,ақ ақ сары түстерді есептегенде 140 мың тал , қара торлыларда 110 мың , сары түстілерден 90 мың тал шаш бар.

11.Шаш бояу шашқа зиян емес пе ?

Шаштың түсін өзгерту , бояу мен шашты өңсіздендіру арқылы іске асады.Шашты бояудың бір себебі шаштың бояғыш заттары жоғалғаннан шаштың ағаруы .Ақ шаштар 40 жастан кейін пайда болады ,бұл қалыпты физологиялық өзгеріс . Кей жағдайда жастардың да шаштарына ақ ерте түседі .Бұған себеп көбіне ауыр сырқат ,жүйке жүйесінің күйзелісі ,түрлі витаминдердің жетіспеуі . Әйтсе де химиялық бояғыш заттар шашты бұзатынын да ұмытпау керек.

Міне , осы жағдайларды білгеннен соң , шашты күту қажеттілігін аңғарасың.

Шаштың көп түсуі ,не түсіп қалуы шашты дұрыс күтпеуден болады.

Бұның негізгі себептері - шаштың коректенуін бұзылуы ,

-жүйке жүйесінің жұқаруынан

-темекі тарту ,

-ауру ,

-дәрі –дәрмекті шектен тыс пайдалану

-салқын күндері бас киімсіз жүру

- тар бас киім кию.

Сонымен , шашты әдемі күйінде сақтау үшін оны жастайынан дұрыс күту қажет.



2.4. Шаштың ерте ағаруын қалай алдын-алуға, емдеуге бола­ды

Шашты қалай күту керек ?

Шаштың майлығына байланысты жуып ,сүлгімен жақсылап сүртіп ,массаж жасап (маңдайдан желкеге қарай)кептірген жөн .Егер шашыңыздың жағдайы көңіліңізді толтырмай жүрсе ,массажды күніне 2 рет ,тамақтанып болған соң 1-2 сағаттан кейін жасаған дұрыс . Өйткені бұл кезде қан құрамында қоректік заттар көп, болады, шаш жақсы қоректенеді.

Күніне 2-3 рет тарақ пен не массаж щеткамен шашты тараған пайдалы .

Шашты дұрыс күте білсек ,оны үстемелеп коректендірудің қажеттілігі жоқ .

  • Адам бойындағы ең жақсы қасиет-оның жеке басының ерекшелігі. Ал , шаш осы қасиетті сырттай бейнелейтін бір белгі екендігін жас кезіңнен есіңе ұстаған жөн.

Шашқа байланысты кеңестер :

* Шаштың әдемі көрінуі үшін әртүрлі маска бальзамдар пайдаланамыз . Бірақ олар не шашты жұқартып жібереді , не табиғи жылтырлығын құртады . Тіпті шашымызға қайызғақтың түскенін де байқамай қаламыз . Сондайда қолдан дайындалатын шайқурай (зыеробой )тұнбасын пайдалану керек. Тұнбаны пайдалану үшін 10 грамм кепкен шайқурай шөбін ұсақтап ,оның үстіне 1 стакан қайнаған су құйып , бетін жауып ,тұндырып ,баяу оттн 10-15 минуттай қайнату қажет. Дайын болғаннан кейін сүзіп , алып ,шашымызды жуатын суға араластырамыз . Осы шайқурай тұнбасын аптасына екі рет пайдалансаңыз ,шашыңыздың түсуін тоқтатып ,қайызғақтың кетуіне көмектеседі .

* Қайызғақтан құтылудың тағы бір жолы – қарабас шөбінен дайындалатын тұнбаға ( черноголовка ) .Ол үшін қарабас шөбін суға қайнатып ,жылы күйінде жуу керек. Бірақ қатты құрғатпай ,біраз уақыт дымқыл күйінде ұстағаныңыз жөн.

*Ошаған шөбінің тамырын әбден тазалап , ыстық суға 10 минуттай қайнатып ,сутып,сүзгіден өткіземіз. Дайын болған тұнбаны шаштың түбіне жағып, жылы сумен шайса, шашты жұмсартады.

*Бір асқасық календула гүлімен құлмақ тұқымын (хмельді) 1 литр ыстық суға салып әбден тұндырып алып ,шашыңызды шайыңыз. Ол – шаштың тез өсуне септігін тигізеді.

* Күнделікті асмәзәріне қолданылатын пияздың да шашты өсіруге көмегі зор. Пиязды ұсақтап тұрап , сөлін дымқыл шаштың түбіне жағыныз . Кейін шашқа араналған сұйықтықпен шайып тастаңыз .

*Шашыңыз жиі түсетін болса , оның түсуін едәуір тежейтін үпілмәлік ( ксторка ) майын пайдаланыңыз. Ол үшін ыстық суға үпілмәләктің кішкене бөлігін қыздырып алыныз. Кәдімгі тіс щеткасын пайдаланып , шаштың түбіне тегіс жағып шығыныз. Басты жылы шүберекпен орап ,бірнеше сағаттай ұстап, шаш жуатын суйықтықпен шайып тастаңыз.Осылый жиі қайталайтын болсаңыз шашыңыздың түсуі тоқтайды .

* Шаштың жылтыр және жібектей жібектей жумсақ болу үшін түймедақтың , 3 асқасық кепен гүлінің үстіне 1литр ыстық су құйып, баяу отқа 10-15 минут қояды. 30-40 минуттан кейін сүзіп ,сумен шашты шаяды.

* Қырмызы гүл шаш түскенде қолданылатын су сабындар құрамына енеді. Оның тұндармасымен 1-2 күн сайын шашты шайып ,тұрса , шаштың табиғи түсі кіріп , әр жуған сайын жақсара түседі . Бастың терісі майлы , қайызғақ болғанда да қырмызы гүл тұндырмасын пайдаланса , керемет нәтиже береді .

* Шашты қалақай шөбінің тұндырмасын пайдалану арқылы күтімге алуға болады. Қалақайдың ұнтақталған бір ас қасық кепкен жапырағының үстіне 1 стақан қайнап тұрған суды құйып , 1 сағат бойына қараңғы жерге қояды. Сүзіп алғаннан кейін шашқа немесе оның түбіне жағады . Аталмыш тұндырма шаштың түбін нығайтады және оның өсуін жақсартып , қайызғақты кетіреді .

* Зәйтүн майының да (оливковое масло )шашқа пайдасы зор. Бірақ оған ошаған ( репейник )өсімдігін араластырып , қолданған тиімдірек .Мұны жасау алдында100 грамм жас ошаған өсімдігінің түбірін ұсақтап турайды да 200 мл зәйтүн майына салып , біртәулік ұстайды . Сонсоң мұны баяу отқа 15 минут қайнатып ,салқындатады. Дайын болған қоспаны басқа жағып, 2 сағатқа жоғарғыдай етіп орапқояды .Соңынан жақсылап жуады .

Қорытынды :шаш адамның сәні «шашың жақсы болса , көркіңде жақсы» демекші шашымызды күте білейік!













Қорытынды

Менің зерттеуімнің нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасадым:

Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді. Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы». Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы албинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады. Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді
АҚШ ғалымдары ақ шаштың кәріліктен немесе ауру салдарынан пайда болатыны туралы жалпы  тұжырымды жоққа шығарды. Бұл туралы planet-today.ru сайты хабарлайды.
 Шашы ағарған адамның дені сау болады екен. Бұл ретте тек жасы 30-дан аспағандар ғана ерте ағарған шашына алаңдаулы болуы керек. Өйткені егер ағзада антиоксидантты қасиеті бар глутатион заты көп бөлінсе, шаш ағарады. Бірақ, мұны көптеп бөлген адам ағзасын қартайған немесе қуатсыз деп айтуға болмайды. Себебі ол глутатионды бөлу арқылы қышқылдану барысын тоқтатады. Ал қышқалдан процесінің артуы қартаюдың белгілері болып табылады.
Ауруды алдын алуға болатынын дәлілдедім. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды көрсете аламын. Деніміз сау болып өсіп жетілеміз. Зерртеу барысында шаштың түрлі себептерге байланысты ағаратынын және оның алдын алуға болатынын білдім.















Пайдалынған әдебиеттер



  1. Биология анықтамағыш. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы. 2014

  2. Уикипедия ашық энциклопедиянын сайты

  3. www.massaget.kz ғаламтордағы сайт



























































12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі