400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеу жұмысы "Туған елім: кеше,бүгін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін, зерделеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Ново-Троицк орта мектебі» ММ.











«Туған елім:кеше,бүгін».









Авторы: Ильясова Эдуарда

Класс: 8

Жетекші: Куздеубаева Сакан Мурзалиновна.

Қызметі: география және тарих мұғалімі.

Секция : өлкетану







Новотроицк селосы.



2020 жыл.

Аннотация



Зерттеу жұмысының тақырыбы: Туған елім: кеше,бүгін.



Зерттеу жұмысының өзектілігі:

«Отан» ұғымы –адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған.Туған жерге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген. Әркімге туған жері қымбат. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді.



 Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін, зерделеу.



 Зерттеу жұмысының  міндеті:

- Отанын, туған жерін сүю,келекшекке сеніммен қарау.

- Қазақ халқының тарихын, ұлттық мәдени мұрасын құрметтеу.

- Тілімізбен тарихымызға құрметпен қарау.

- Еліміздің байлығын қорғауға, өркендетуге үлесін қосуға бейімдеу.



Зерттеу нысаны:  «Менің елім - мәңгілік ел»



Болжам: Отанымыз өркендеп, алпауыт елдің қатарынан көрінеді.     











1.



Мазмұны



І. Кіріспе …...………………………………………………3

ІІ. Негізгі бөлім ……………………………………………...3

2.1 Тарих беттерін парақтасақ. …..........................................3

2.2 Соғыс зардабы .. ……………………….....6

2.3. Тың өңірі . ……………………..................6

2.4 Ауғаныстан өз көзімен ……………………...............7

2.5. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке ………………………7

ІІІ. Қорытынды ………………………………………..........8

ІY. Пайдаланылған әдебиеттер……………………….........10

Y. Қосымшалар ……………………….................... 11





 

























2.

І. Кіріспе

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну. Адам осылай жаратылған ғой: ол қайда болмаса да, тағдыр оны қайда сүйресе де, ол өзінің жан дүниесінің түкпірінде туған жері, өскен үйі, өзінің достары жайында естелігін сақтайды. Осы естеліксіз адам жол бұралаңының сыртында қалған қиқым сияқты. Әр адамның өзінің қасиетті мекені бар, осы жерге табаны тигенде, ол өзін бұрындарда нәрлендірген қайнарларға қайта оралады.

Біздің өлкеде ерекше сұлулық пен байлықтар жоқ, тек сайын дала мен мөлдір ауа. Дегенмен осы өлкенің өзіне тартатын бір керемет күші бар. Ол өте қарапайым. Туған өлкенің бар тартымдылығы осында.

Салқын да шыққа малынған ерте туған көктемгі таң. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.Тек шығыс жақта, отты шапаққа оранып көтеріліп келе жатқан күн жақ бетте әлі де бірде бозарып, минут өткен сайын сирей беретін сұрғылт бұлттар шоғыры байқалады. Шексіз дала көкжиектігі жұқа алтын тозағдармен көмкерілгендей. Қалың да бұйра шөптер бетінде әр жерден ірі шық жақұттары біресе құлпырып, біресе әр түсті оттар ұшқындата діріл қағады. Таңғы салқында жусанның ашқылтым жа шипалы исі бұрқырайды. Бәрі жарқырап әрі иіліп қуанышпен күнге қолын созады. Дала оянды, оған жан бітті. Ол терең, бір қалыпты және зор деммен тыныс алып тұрғандай.

Біздің өлкенің таңы осылай атады. Осындай тыныш та қарапайым жер біздің шексіз далаларымызды тіршілік көзіне айналдырған қоныс аударғандарды, революцияны және НЭП жылдарын, коллективтендіруді, Ұлы Отан Соғысы жылдарын, тәуелсіз мемлекет құрудың қиын жылдарын бәріде есіне сақтаған.

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Тарих беттерін парақтасақ.

Біздің ауыл Новотроицк ежелгі қазақ жерінде орналасқан. Ауылымыздың айналасында скиф және сақ дәуірінен қалған көне қорғандар сақталған. Ақсақалдардың айтуы бойынша біздің ауыл мен Мағынай станциясының арасында жатқан қорған,өзінің жерін, өз халқын жаулардан қорғаған өжет жауынгер Мандай батырдікі. Осы жерде біздің бабамыз- Қыпшақ Мандай батыр жатыр дейді.

3.

Мағынай станциясы, Мағынай ауылы, «Мағынай» совхозы атаулары бұрмаланып қойылған, дұрысы, «Мандай» болып аталулары керек еді. Біздің кент 19 ғасырдың аяғында 1895 жылы пайда болды. Бұл №6 Ауыл деп аталған шағын мекен еді. Қарттардың әңгімесіне сүйенсек, біздің ауылдың орны көптеген көлдермен қоса, Аққұдық ауылында тұрған Күшікбай байға тиісті болған. Бұл жерде оның шабындықтары болған, тебінде үйір-үйір жылқылары жүрген, олар қыста боранда қалың қамыстарды паналаған. Кейбіреулер осының бәрі Еманкино станциясында орналасқан Жетікөл ауылына тиісті деп ойлаған.

Біздің өлке арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Осы жерден Орта Азиядан, Қазақстанның оңтүстігінен, Қытай мен Үндістаннан тауар жүктеген керуендер өткен. Біздің ауыл ауқатты болған, өйткені ол өркендеп келе жатқан көпестік қала Троицкінің қасында орналасқан, бұл қала кезінде біздің бүкіл өлке үшін мәдени орталық болып табылған. Мұнда дүниенің әр түпкірінен көпестер мен өнеркәсіп иелері келіп жүрген, өздерімен әр түрлі өнеркәсіп тауарларын әкелген. Арал қазақтары қыз кезінде үлкен шаналарға жегілген түйелермен сүрленген балық, қара уылдырық тасыған. Күзде қарбыз, қауын, үнді шайы, жібек, парча, тері бұйымдары, Персияның қымбат кілемдері, түрлі әшекейлер мен жемістер тиелген керуендер келіп жүрген. Олар өздері жергілікті халықтан көп мөлшерде астық,тері, жүн және өзге де шикізаттарды сатып алып отырған. Жақын ауылдардың тұрғындары қол жеткен тауарлады, киім-кешекті,еңбек құралдарын еркін ала алған.

Біздің өлкенің жергілікті тұрғындары жоңғар шапқыншылықтарына қарсы табан тіресіп күрескен. Қазақ қосындарын басқарушылардың ішінде болған: ағайынды батырлар Шолан мен Шахар. Шоланның қорғаны Еманкино станциясынан алыс емес, ал Шахардың қорғаны Бозкөл ауылының маңында. Ағайындылар Абылай ханның өз жасағында қызмет атқарған. Пугачев көтерілісі кезінде біздің өлкенің қазақтары Орынбор қаласын қоршауға және Троицк қамалын шабуылдауға қатынасқан, қаланы қорғаушыларға атақты мысалшы И.А.Крыловтың әкесі капитан А.Крылов басшылық жасаған.

1812 жылғы Отан соғысы жылдарында Троицкіде біздің өлкенің қазақтарынан жабайы кавалерия полктері жасалған, олар Ватерлоо шайқасына және Парижді алуға қатысқан. Фельмаршал Кутузовтың өзі қазақ аттыларына аса кеуілі толып,тіпті ұрыста көзге түскендерді өзі марапаттағысы да келген. Біздің жерлестеріміз орыс армиясының құрамында Париж көшелеріне салтанатты шерумен өткен және Отанына Еуропа қалалары арқылы оралған. Кейін Орта Азияға жасалған жорықтарға қатынасқан.

4.

Троицк қаласында қазақтың жазушы- ағартушылары Ыбрай Алтынсарин, біздің жерлесіміз Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов және басқалар оқып білім алған.

19 ғасырдың аяғынан қазақ жерлерін жаппай отарлау басталды. Орталық Ресей мен Украинадан жерсіз шаруалар бос жатқан жерлерге қоныс аударды. Жергілікті халық қоныс аударғандарға мал ұстауға және табиғатты қатаң өлкеде тұра білу үшін өз тәжірибелерімен бөлісіп көмегін тигізді. Көшіп келгендер өздеріне тиісті телімдерге жер кепелер тұрғызды, астық екті. Біздің ауылдан шыққан И.Хозицкийдің әңгімесі бойынша, оның жанұясы біздің ауылға келіп тоқтағанша үш жыл жаяу жүріпті. Ал бұл ауылда барлығы 4 үй мен бірнеше жеркепе болған. Мұнда алғашқылар болып Осиповтар, Михайловтар, Метелкиндер, Пургиндер отбасылары тұрақтаған. Еңбекқор кісілер шаруаларын көтеріп, жағдайларын дұрыстап алған.

1911 жылы ауыл қазіргі Новотроицк атын алған. 1930 жылы бірінші қазақ жанұясы Токсейітовтар келді. 1928 жылы тұтынушылар қоғамының бірінші дүкені ашылды. Ескі мектептің орынында шіркеу болды, мұнда жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы қыстақтардың адамдары мінәжат етуге, баларын шоқындыруға, неке қидыруға келетін еді. А.П.Лозаның үй жайының орнында поп та тұрды. Шіркеудің бір бөлігін мектеп алып жатқан, онда барлығы үш-ақ сынып болған. Мұнда құдай қағидаларын, арифметиканы, жаза білуді оқытқан. Ал балаларды уағызшы Александр Ионин оқытқан. Оқуға ақы төлеген. Кенттің өзінің диірменшілері болған: Лейбо дирмені, Новосельский диірмені поптың үйінің қасында болған.

1919 жылы біздің жерлермен колчактар өткен. Олармен қарсыласа отырып, кент тұрғындары партизан отрядын құрған, оған жанжүрек партизан Дудинский И.И басшылық жасаған. Шағын Новотроицк отряды 1919 жылдың наурызында құрылған,оның іс-ірекетін Соғыс-революциялық комитет басқарған. Отряд ақгвардияшыл әскерлерге, көліктерге шабуыл жасап отырған, темір жол желілерін істен шығарған, осының салдарынан пойыздар тоқтаған. Отряд жақсы қаруланған әрі едеуір ұрыстық қуаты бар еді. Осы ерлік оқиғалар жайында байырғы партизандар, осы отрядтың мүшелері Калюжный Н., Букораченко И.Г, Пищита Д.А., Дьяченко А.П. және басқалар бізге жеткізді.

Он тоғызыншы жылдың тамызының басы біздің ауылдың өмірінің жаңа бетін ашып берді: кеңес үкіметін қалпына келтіру басталды. 1921-жылдың аштығын және 1929 жылдың коллективтендіруін бастан өткерді. Мағынай МТС-і құрылды. Ол жақын жатқан артельдерге қызмет жасады.

5.

Оның құрамына «Екінші большевиктік көктем» колхозы кірді. Д.Жиенбаев, К.Нұрғалиев өздерін ауданның алдыңғы қатарлы тракторлары екендіктерін таныпты. Ал Бекен Танкин Советтердің төтенше 8 съезінің және екпінді- колхозшылардың Бүкілодақтық екінші съезінің делегаты болды. Өмір бірте-бірте өз сабасына түсе бастады. Кент өсті, гүлденді. Орталау мектеп жұмыс істеп жатты, мал шаруашылығы комплексі қарқын ала бастады, біздің май зауытымыз сүт өнімдерімен бүкіл ауданды қамтамасыз етіп отырды.

2.2 Соғыс зардабы

Бірақ осының бәрін 1941-жылдың жазы жойып жіберді. Соғыс бұрқ етті. Ол жойқын күшпен елімізге, әр үйге, әр отбасына баса көктеп кірді,бәрін талқан етті, қираты және миллиондаған адамдардың тағдырын тәлкек етті. Біздің ауылда да әскерге шақыру басталды. 150 ауылдастар бір кісідей Отанын қорғауға аттанды, олардың ішінде үш әйел болды: Рыборак К.И., Кравченко Л.И., Калюжная А.Н. Бірақ бұлардың көбіне өзінің туған даласының таңын көру,өз үйінің табалдырығын аттау бұйырмады.105 ауылдас ұрыс далаларында құрбан болды. Бірінші «қара қағаз» Метелкиндер отбасына келді. Ал Щегловтар отбасына мұндай хабар үш рет келді. Біздің елдің перзенті Совет Одағының Батыры Надеждин П.Ф. өзінің шағын Отанын мәңгіге даңққа бөледі, ол 1944 жылы капитан Гастеллоның ерлігін қайталады. Адам жайында естелік мәңгі болу керек,өйткені ол қасиетті,кімде-кім осымен тәрбиеленсе,ол осының бәрін өзінің санасы мен жүрегінде алып жүреді. Тек осылар ғана Елінің Азаматы және Патриоты деген атаққа лайық.

2.3 Тың өңірі

Біздің тарихымыздың жарқын беті тың. Тың дегеніміз тек қана жыртылған жер емес, ол жаңа жолдар, электр тарату жүйелері, тұрғын үй, мектептер, ауруханалар, элеваторлар, завуттар, мал шаруашылығы комплекстері. «Комсомолдық жолдамамен – тыңға!» деген партияның үндеуі еліміздің түкпір-түкпірінде естілді. Еманкино станциясының вокзалы күні-түні алғашқы тың игерушілердің эшелондарын қарсы алды. Біздің жерлестеріміз жаңа қоныстанушыларды құшақ жая қарсы алды, олардың тұрмыстарын реттестірді, ал олардың көпшілігі ауыл тұрғындарының пәтерлерінде тұрды. Алғашқы болып Киров қаласынан комсомолдар келді. Оларды жас тракторшы Кенжебаев Мырзатай қарсы алды,өзінің шағын тракторына вагон-шана тіркеп алдарынан шықты. Келгендердің ішінде оның болашақтағы достары Саша Мармарен мен Гриша Шишкин де бар еді, кейін олар әскер қатарына шақырылды да,қызметтерін өтеп артынан өздерінің Отанына оралды. Бірақта келгендердің біразы үшін «тың» жаңа өмірдің бастамасы болды.

6.

Олар осында тамыр жайды: олар үшін еңбек еткен жерлері туған жеріндей болып кетті. Бұлар Петриченко, Гальченко, Рыбалко, Кравцовтар, Петливанныйлар, Зейналовтар отбасылары еді. Көпшілігі қажырлы еңбектері үшін медальдар және грамотамен марапатталды.

1957 жылдың ақпанында Мағынай совхозы құрылды,колхоздар –Киров атындағы, Аққұдық, Еңбек және Жаңаауыл пайда болды. Совхоздың бірінші директоры Глазунов А.Т. болды. Ақырын болса да,сенімді түрде өрге жылжыдық. Совхоз дәнді дақылдарды өндіруде ең мықтылардың бірінен есептелді. Мал шаруашылығындағы істер де ретке келе бастады. Мал шаруашылығы комплексінде 7000-ға дейін ірі қара болды. Осы уақыт аралығында жаңа мектеп салынды, мәдени -тұрмыстық ошақтардың бүтін бір жүйесі жұмыс істеп тұрды, аурухана салынды, біздің балабақшамыз ең таңдамалардың бірі болып танылды.

2.4 Ауғаныстан өз көзімен.

Дегенмен біздің тарихымызда қаралы беттер де бар еді. Соның бірі Ауғаныстандағы жарияланбаған соғыс,ол біздің ауылды да айналып өтпеді.Біздің ауылдың бес азаматы бір уақыттарда Ауғаныстанда қызмет атқарды. Олар өздерінің әскери парызын нағыз жауынгерге лайықты деңгейде адал атқарып шықты. Ауданның бірінші «ауғандығы» Әбдіғалиев Орынбасар болды, Мінайдаров С.С. өзеннің арғы бетінде 2 жыл 3 күн қызметін өтеді, Фролов В.В. Ресейге көшіп кетті. Қай қаза болмасын ауыр да кермек, ал ең қиыны ата-ананың өз баласын жерлегені Ауғаныстан тауларында С.Мошков қаза тапты және өзінің Отанын О.Батібаев қайғылы қазаға ұшырады. Олар жайында естелік жадымызда, әлі тірі.

2.5. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке

      Қазіргі таңда Президент жылма – жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді. Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2003-2005 жылдарды ауылды көтеру кезеңі деп жариялады. «Ауыл» бағдарламасы жасалды, жерге жеке меншік енгізілді. Жердің нағыз иесі ертеңгі күніне сенімді болу үшін, барлық жағдай жасалып отыр. Қазір ауылда шаруа қожалықтары, агрофирмалар пайда болды, ЖШС «Новотроицк 1», «Сапар». Ауыл шаруашылығы - халықтың негізгі бөлігі еңбек ететін агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласы. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы дамыды. Мал шаруашылығының ең көп бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталады. Қазіргі уақытта ел үкіметі мал шаруашылығын айтарлықтай ауқымда дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

7.

Мал шаруашылығында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл жоба асыл тұқымды шаруашылықтар желісін құру жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырылды. Жергілікті билік, жеке кәсіпкерлер өлкеміздің дамуына үлкен үлес қосуда. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы жұмыс істейді, жас мамандарға тұрғын үй және көтерме капитал беріледі. Ауылдың экономикасының дамуына Ресей Федерациясымен шекаралас жағдайы әсер етеді. Челябі - Қарталы (67 км) темір жолы шекарадан өтеді. Көптеген жастар Ресейдің оқу орындарында оқиды, емдеу мекемелерінде белгілі бір санаттағы азаматтардың емделуі мүмкін, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша түрлі бірлескен жобалар жүзеге асырылады, түрлі ұлттардың мәдениет күндері өткізіледі. Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша әлеуметтік бағдарламалар жүргізіледі.

Әлеуметтік инфрақұрылымның басты міндеті- халыққа қызмет көрсету. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары (шаштараз, киім тігу) сала да жақсы дамыды. Ауылда 5 дүкен, жаңа мәдени үй, аурухана, үлкен мектеп, ауылдық кітапхана , шаштараз және т.б. бар. "Қазпошта" АҚ пошта байланысы қызмет атқарады. Пошта жеделхат береді, журналдар мен газеттерге жазылу және жеткізу жүргізеді, хаттар, сәлемдемелер, зейнетақылар жеткізеді. Оптикалық- талшықты желілерді құру бізге сымсыз байланысты – пейджинг және ұялы байланысты пайдалануға мүмкіндік береді. Елдің тұрғындары спутниктік теледидар мен интернетті кеңінен пайдаланады. Қалаға автобустар қатынайды. Түрлі ойындар ойнап, саяхатқа барып табиғатты тамашалаймыз. Ауылдың кешкі табиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. "Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен. Ауылымыздың таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен демалып келеміз. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?!

ІІІ. Қорытынды.

Атақ пен даңққа бөленгендер бізде қаншама! Ұлы тұлғалар: әртіс Қапан Бадыров, халық жазушысы И.Щеголихин, генерал-майор Мұстафа Мағанбетов Украиндағы Қазақстан Елшілігінің өкілі, М.Тоқсейітов-Астананың суретшілер Одағының төрағасы.

Өзінің халқын,өзінің Елін тану арқылы, адам өзін-өзі таниды. Тарих біздің жүрегімізде тіршілік ету керек. Біз «өзіміздің шағын Отанымыз гүлденсе екен, өзінің Қазақстан Республикасы деп аталатын үлкен әрі даңқты анасының- Отанының құлпырған, қасиетті бір түкпірі болса екен» деген тілекте жүруіміз керек.

8.

Біздің өлке тыныш жатқан қарабайыр жер. Оны көбірек білген сайын, тағы да молырақ білгің келе береді. Осы қарапайым жерді жүрегің шымырлап, аса құштарлықпен сүйесің.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де әрқашан да бәрінен де биік тұрады.




































9.



ІY. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар». – Егемен Қазақстан. 12 сәуір 2017 жыл.

  2. Алтын дала: 1936-2006  [Мәтін] : Қостанай облысының 70 жылдығына : фото кітап / құраст. Г. Дильдяев. - Алматы, 2005. - 352 б.

  3. Кустанай: вчера .сегодня. завтра. А.С.Елагин. –Алма-Ата: Казахстан, 1979. - 248 с.

  4. “Отан неден басталады” «С чего начинается Родина». Материалы Детских региональных краеведческих чтений имени И.И.Семченко. В сборник вошли материалы VIII Детских региональных краеведческих чтений “Отан неден басталады” «С чего начинается Родина», состоявшихся в городе Лисаковске, Костанайской области 10 декабря 2015 года. Редакционная коллегия: составитель – Ю.П. Буданова, оформление обложки – Н.Е. Жиляева, редакция работ на казахском языке – Ш.Е. Ермагамбетова. – 153 б. – ( 92-103 б.)

  5. Костанайская область: энциклопедия.: 70- летию области посвящается. - Алматы: Арыс, 2006. – С 57-64.

  6. Костанайская область. Энциклопедия. - Алматы: Издательство «Арыс», 2006 - 736 стр.

  7. Буклет Костанайской области под редакцией Акимата Костанайской области.

  8. Гвоздецкий Н.А. Николаев В.А. Казахстан. - Москва. Изд-во Мысль. 1971. -291 с.

  9. Древнейшая история Костанайской области. По данным археологических исследований / сост. А.В. Колбина.- Костанай: Костанайский областной историко - краеведческий музей. 2008. - 32 с.

  10. Қарабалық ауданының 90-жылдығына арналған аудандық ғылыми-практикалық конференциясының зерттеу жұмыстарының жинағы, Қарабалық 2018. – 61 б.

  11. Краеведческий музей. Ново-Троицкая СШ.

// http://trsh56.ucoz.ru/index/shkolnyj_muzej/0-7









10.

Қосымшалар

Ескерткіш «Мәңгілік өшпес от». Тың игеру



тракторшы Кенжебаев Мырзатай Тың игеру



Куәлік

11.

Егістік басында

Мектеп ФАП (аурухана)

Мәдениет үйі П.Ф.Надеждин





12

Мектеп мұражайы «Ауғаныстан залы»

Абдугалиев Орынбасар Сергей Мошков

13.

Бірінші мектеп

Ескі аурухана







14.



Орталық контора

Ауыл ақсақалдары





15.

Жаңа мәдениет үйі

П.Ф.Надеждин ескерткіші

П.Ф.Надеждин көшесі Акимат



16





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі