жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Зерттеу тақырыбы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру
Токобаева Эльмира Джумановна мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2топ ІІ – деңгей
Тараз қаласы күні: 11.10.2014 жыл
І бөлім: Іс әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыты таңдауды негіздеу
Еліміздің келешегі кемелденіп, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы қазіргі біздің шәкірттеріммен көрінетіні анық. Әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, жеті модуль мәнмәтінін ықпалдастырып, тізбектелген сабақтардың аясында оқушыларды оқыту кез келген мұғалімнің міндетіне айналуы тиіс екендігіне көз жеткізетін уақыт жетті.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. ( МАН, 4 бет)
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғылым әңгіменің үш түрін ажыратып берген, соның ішіндегі зерттеушілік әңгіме оқушылардың бір –біріне сұрақ қою дәрежесі, қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, Мен сабақ беретін оқушылардың сұрақтарының өте қарапайым деңгейде болуы мені алаңдататын , себебі оқушылардың сұрақ қоя білу деңгейіне байланысты , олардың бүгінгі тақырыпты қалай меңгергендігін, қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтауға болады.
Мен жеті модуль бағдарламасын тереңірек зерделей отырып, оқытудың жаңа түрлері туралы курста талқыланған ақпараттарды қарастыра келе , өзімнің сабақ жүргізу тәжірибем туралы ойладым. Осыған байланысты, курстан өтуге дейінге сабақ жүргізу әдістеріме, дәстүрлі сабақтарда қолданылған тәсілдеріме, бағалау крийтерилеріне талдау жүргіздім. Менің сабақты жүргізуім оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына оқушылардың өзара диалог құра отырып, тақырыптың мазмұнын өздерінің аша білуіне қаншалықты ықпал етті, егер мен сабақты өзім жоспарлап, өзім өткізіп, өзім бағаласам? Дәстүрлі оқытуда менің мұғалімдік талаптарыма сәйкес ұйымдастырылғаны , оқушылардың өзара диалог жүргізу арқылы , өз бетінше жұмыс жүргізу арқылы білімділік мақсатқа жетулеріне мән берілмей келгендігі байқалды.
Осының барлығын талдай келе менің өз жұмысыма өзгеріс енгізу керектігіне көзім жетті. Ол қандай өзгерістер және ол не үшін керек? Ең алдымен сабақта оқушы доминаттік рөл атқару керек,ал дәстүрлі сабақтарда мұғалім доминатті рөл атқарып , сабақ барысында қарастырылатын мәселені өзі таңдап, оқушылар белгілі қалыптасқан дағды бойынша , жаттанды түрде тапсырмаларды орындайды , кей жағдайда бұл тіпті ережені жаттаумен шектеледі. «Барнс оқытудың мұғалімнің селқос тыңдағанда емес , вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті».
(мұғалімдерге арналған нұқаулық, 98 бет)
Мен сабақ кезінде оқушы өзін жайлы сезініп, өзара және өз бетінше білім алатын жайлы орта қалыптастыруым керек. Енді мен бар зейінімді өзімнің оқыту әдіс- тәсіліме ғана емес, оқушының өз бетінше оқуына, білімді меңгеруіне, топта жұмыс атқара отырып мәселенің мәніне жетуіне баса назар аударамын. Менің ойымша, оқушы ең алдымен мұғалімнің талап еткен мақсатын, өздерінің алдында тұрған міндеттерін білу керек және осыған жету жолдарын, жоспарын құра білу қажет.
Оқытудың жаңа әдістері туралы түсінігімді тереңдете отырып, мен Мерсер мен Литлонның өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар , олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, интерактивті қарым –қатынас пен достармен жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер етеді деп айтқан пікірін негізге ала отырып, диалогтік оқыту, соның ішінде оқушылардың сұрақ қоя білу дағдысына назар аудардым .
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
1.Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
2.Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
3.Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
4.Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;
5.Оқушылардың бір бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
(мұғалімге арналған нұсқаулық 101 бет)
Осының барлығын талдап, қорытындылай келе , оқушылар арасында сауалнама жүргіздім . Сауалнама 8 сынып оқушыларынан алынды талқыланды, қорытындысы шығарылды. Оқушыларға арналған сұрақтар төменгідей: Саған сабақта талқыланып жатқан мәселе бойынша сұрақ қою қиын ба? Егер сен топта жұмыс жасап, өзара сұрақ қою керек болса, бұл саған өз ойыңды дұрыс жеткізіп, сұрағыңа толық жауап аламын деп ойлайсың ба? Қойған сұрағымның мазмұны дұрыс емес болатын шығар деген сұрақ сені жиі мазалайды ма ?
Белгілі бір мәселенің, сұрақтың жауабын табу үшін топта жұмыс жасаған жеңіл болар ма еді?» деген сауалдардан тұрды.
Диаграмма 1.Оқушылардан алынған сауланама қорытындысы
Алынған жауаптарды зерттеген кезімде оқушылардың 85 % -ында «сұрақты дұрыс қоя алмаймын ба?» деген қорқыныш бар екендігі , мұғалім тарапынан ескерту немесе басқаша комментарий болады ма деген сенімсіздік оларды сабақ бойы тек қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындаумен ғана шектелуге әкелетіндігін жазған. Өз сыныптастарымен бірге сұрақ дайындап, мүмкін болатын жауаптардың нұсқаларын бірге құрастырса өздерін сенімдірек сезінетіндерін сауалнамаға қатысқан оқушылардың 90 %- ы көрсетті. Мен біліктілікті арттыру курсына келмес бұрын оқушыларға дайын сұрақтарды беріп, сұрақ қойғаннан кейін кідіріс жасамай, оқушылардың ойлануына мүмкіндік бермегенім анықталды. Сонымен бірге мектеп ұжымы арасында да сауалнама жүргіздім : «Сіздің сабағыңызда оқушылардың сұрақ қою деңгейі қандай деп ойлайсыз ?», «Оқушыларға сұрақ дайындап келуге тапсырма бересіз бе?», «Оқушылардың сабақ барысында сұрақ қоюуы қажет пе, қажет емес пе? Не себептен?» деген сұраққа мұғалімдердің барлығы «орташа» деп көрсеткен , яғни үйге белгілі бір тақырып төңірегінде сұрақтар дайындап келу тапсырылса, оқушылар көбінесе оқулықтағы сұрақтарды негізге алатынын жазған.
Сурет1 . Мұғалімдерге арналған сауланама
«Бұл бір жағынан, шығармашылықпен жұмыс жүргізуді дамыту керектігін көрсететін көрсеткіш болып табылады» , - деді мұғалімдер өзара пікірлесу жүргізгенде . Сол себепті іс әрекетті зерттеуді «Оқушылардың сұрақ қоя білу дағдысын жетілдіру» тақырыбында жұмыс жүргізуді дұрыс деп ойладым.Іс әрекетті зерттеуге диалогтік оқыту барысында оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақтар қою дағдысын жетілдіру мақсатын қойдым. Сондықтан осы мәселені зерттеуімнің негізі етіп алдым .
Зертеуімнің объектісі етіп мен 8 сыныпты алдым. Сыныпта барлығы 12 оқушы , тек 35 % ғана оқу процесіне белсенді қатысады, ал қалғаны тек ақпаратты қабылдаушы рөлінде ғана болады. Зерттеуімнің негізгі мәселесін шешу үшін, оқыту процесіне өзгерістер енгізу қажет. Ендірілетін өзгерістердің негізі етіп Кембридж педагогикалық технологиясы модульдерінің бірін , яғни оқыту үдерісіндегі жаңа шешімдерді алдым .
ІІ бөлім:
Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп
Таңдап алынған сұрақтың жауабын іздестіру үшін мен әрекет ішінде зерттеу жүргізе бастадым. Бұл өзгерістер, оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, сабақ жоспарын түзу, атап айтқанда топтық жұмысты енгізу болып табылады. Мен өз іс –әрекетімді келесідей жоспарладым: ең алдымен топтағы жұмыстың әдістемесін меңгеру , 8-сыныпта топпен жұмыс жасау процесін тәжірибеден өткізіп көру. Зерттеу барысында топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз әрекетін жоспарлап , бағалауға үйрету , меңгерген тақырыптары туралы зерттеушілік әңгіме барысында сұрақ қоя білу дағдыларын жетілдіруге баса назар аудару қажеттігіне тоқталдым. Енгізілетін өзгерістерді тиімді жүзеге асыру үшін , мұғалімнің оқушылармен жүргізетін жұмыстарының жоспарын құрдым; зерттеу объектісін ( А,В,С назар тобындағы оқушылар) ; назар тобындағы оқушыларға арналған тапсырмалар дайындау ; А,В,С назар тобындағы оқушылардың жетістіктерін бақылауды жоспарға енгіздім. Мен кейінгі іс –қимылдарымды бірден сезіне алмадым, себебі алынған мәліметтерді қалай нәтижелі қолдануға болатындығын анық болжай алмадым. Маған бірінші деңгейде оқыған кезімдегі, мақсаты, күтілетін нәтижелері анықталған және жеті модуль идеялары кіріктірілген тізбектелген сабақтар топтамасындағы орта мерзімді жоспар көмекке келді. Зерттеу барысындағы тізбектелген сабақтардың бірнешеуін ұйымдастыру кезінде назар тобындағы балалардың жетістіктерін бақылауда болдым.
А оқушы – берік білім платформасы бар, жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады , оқу жағдайын талдай алады, өз ойын дәлелдей алады, алдына қойған мақсаттарын айқын біледі, нәтижесін бағалай алады. В оқушы - білім бар, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады, мақсаттарды анықтай алады, шығармашылық жұмыстарды орындауға келгенде қиналады, үнемі нәтижесін бағалай алмауы мүмкін. С оқушы - тек төмен дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады, оқу процесіне қызығушылық танытпайды.
Егер дәстүрлі сабақ өткізу кезінде оқушылардың білімін бағалау үшін барлығына ортақ бір тапсырма берсем , қысқа мерзімді жоспар құрғанда назар тобындағы оқушыларды ескере отырып, білім деңгейін анықтайтын тапсырмалар құрастырамын. Бұл маған зерттеуші ретінде осы оқушылардың жетістігін көруіме ықпал етеді. Зерттеудің бірінші сатысында мен МАН- ның 101 бетіндегі мына сөздерді басшылыққа алдым: Мұғалімдер бастапқы қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай ақ оларға өз ойларын анық білдіруге , дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады, сұрақ қоя білу дағдыларының қаншалықты деңгейде қалыптасқандығын байқау үшін төмендегі зерттеуді жүргіздім .
Диаграмма
2. Оқушылардың сұрақ қоя білу деңгейінің
көрсеткіші
Бұл кестеден байқағанымыздай, оқушылардың барлық параметрлер бойынша көрсеткіштері жоғары деңгейде емес, төмен деп айтуға да болады. Оларға үнемі мұғалім қажет, олар өздері сұрақ қойғаннан гөрі, дайын сұраққа жауап беріп , өз беттерінше ойланғылары келмейді, белгілі бір қалыптасқан үлгігі сәйкес жұмыс атқарып, шығармашылыққа келгенде тіптен бөгеліп қалады. 8- сыныпта жұмыс атқаратын пән мұғалімдерінен сұрастыру кезеңінде диалогтік оқытудың қандай компонеттері оқушы бойында қалыптасқандығын зерттедім. Мұғалімдердің пікірі бойынша, 12 оқушының тек 21 % өз бетінше сұрақтар құрастырып, мақсаттар қоя біледі, оқушылардың 43 % амалдар мен тәсілдерді таңдау кезінде қиналатындықтарын, балалардың басым көпшілігі өздерін немесе өзге топ оқушыларын дұрыс бағалай алмайтындығын немесе бағалау критерийлерін дұрыс таңдамай жататындықтарын айтты.
Биология пәнінен «Жүйке жүйесі» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар жасадым. Сол жоспар негізінде жеті модульді кіріктіріп қысқа мерзімді жоспар құрдым. Тізбектелген төрт сабақтардың барлығын бейнежазбаға, суретке түсірдім. Өтілген сабақтарымда формативті бағалаудың түрлерін, сергіту сәтін және әр түрлі тәсілдер арқылы топқа бөлу түрлерін пайдаландым. Сабақ барысында мен оқушылардың топпен жұмыс жасауына және назар тобындағы оқушыларды бақылай отырып, жоғары дәрежелі сұрақтар қою, өз бетінше мәселенің шешімін табу дағдыларын жетілдіретін іс –әрекеттерден тұратын жоспарлар құрдым.
Мен осы жағдайдан шығудың бірнеше тәсілі бар екенін, осы мәселені шешу үшін қандай әдісті қолдану тиімдірек екеніне баса назар аудардым. Ол түсінбеген мәліметтер бойынша сұрақтар құрастыра отырып, қосымша материалдармен жұмыс жасауға болатын айттым. Мерсердің құрдастар тобындағы қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеуін негізге ала отырып, топта жұмыс атқарғанда мен тек бақылаушы, сырттай қадағалаушы рөлінде болуға тырыстым. Алғашқы сабағымда «Алып қадам» әдісін пайдалана отырып, үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі бойынша талдау жүргіздім, бұл кезең смайликтер қолдану арқылы бағаланды.Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың өткен сынаптардан білетіндерін ортаға салу туралы ұсыныс жасадым. Топ мүшелері берілген тақырыпты оқиды : І топ – жүйке жүйесінің маңызы ,ІІ топ - жүйке жүйесінің құрылысы, ІІІ топ - рефлекс және рефлекстік доғасы тақырыптары аясында жұмыс атқарды.
Сурет 2, 3. Оқушылардың постерді қорғауы
Нәтижесінде әр топ талқылап постерлерін қорғады, басқа топ мүшелері сұрақтар қойды, оқушылар берілген сұрақтарға өз беттерінше мұғалімнің көмегінсіз жауап берді.
Бұл сабақта байқағаным әр топ оқушылар қарапайым, төмен дәрежедегі сұрақтар берумен шектеліп отырды, топта жұмыс жүргізгенде процестен тыс қалып отырған оқушылар болды, топ мүшелері жұмысты неден бастау керектігіне, әр топ мүшесі қалай жұмыс жүргізу керектігіне түсінбеді. Топ мүшелері барлығы бірге жұмыс атқарып, өзара көмек жасағанда ғана жақсы нәтижеге жететінін, мәселені шеше алатындарына сенімдік білдірмеді. Оқушыларға сабақты қортындылау мақсатында жеке тапсырма берілді: сәйкестендіру, иә, жоқ блиц турнир, тест орындаған тапсырмалары оқушылармен бірге талқыланды. Дәстүрлі сабақта «үлгермеуші» тобындағы болған оқушылар өздерінің дағдылы қалыптарынан ешқандай өзгермеді деп айта аламын. «Жұлын» тақырыбында өткізген екінші сабағымда, үй тапсырмасын «менен сұрақ, сізден жауап» әдісі арқылы оқушылардың үй жұмысы ретінде дайындап келген сұрақтарын бір біріне қойды.
Мен,жаңа тақырыпты оқушылардың өз бетінше меңгеруі үшін «Өкіл» стратегиясын пайдаландым. Бұл стратегия арқылы оқушылар топта жұмыс жүргізеді, өз білгендерін өзге топ мүшелеріне түсіндіреді. INSERT кестесін толтырды. Кестені толтырғаннан кейін оқушылардың тақырып бойынша сұрақ қоюы және оған сауатты, толық жауап беру алу дағдыларын қалыптастыруға назар аудардым. Сабақ барысында оқушылар тарапынан «Жұлынның зақымдануы неге әкеліп соғады?», « Егер жұлынның өткізгіштік және рефлекстік қызметі бұзылған жағдайда адам қандай жағдайда болады?», «Жұлынның жарақат салалары адамды қандай жағдайға әкеледі?», деген сұрақтар берілді. Нәтижесінде олардың бойында жоғары дәрежелі сұрақ қою дағдыларының қалыптаса бастағанын байқадым.
Осы сабағымда «бес жолды өлең» тапсырмасын орындату, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жүргізуге жетеледі. Оқушыларды екінші сабақта зерттеуімде өздері , өзге топ мүшелерін бағалау арқылы олардың алдында «екі алып қалмасам екен» деген қорқыныштың сейілгендігін байқай бастадым. Оқушылар өзара топта жұмыс атқару арқылы, смайликтер, блоб ағашы, ишаралар сияқты бағалау критерийлері енгізілгеннен кейін әрқайсысы өзіне , өзінің білім деңгейіне дұрыс баға беруге болатынына көздерін жеткізді.
Сурет 4. Оқушылардың өзара бағалауы
Төртінші сабақта « Ми діңінің құрылысы, мишық» тақырыбында
үй тапсырмасын тексеру кезеңінде «Әткеншек» әдісін қолдандым. Ішкі шеңбер ,сыртқы шеңберге сұрақ қойды , жауап беру арқылы жылжып отырды және керісінше сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұрақ қойды, бұл сабақтағы оқушылардың бір- біріне қойған сұрақтарынан мен оқушылардың тапсырманы толық меңгергенін, өз ойларын анық жеткізе білгендерін байқадым, «әткеншек» тәсілін қолдану арқылы оқушылардың сұрақ қоя білу, оған дәлелді жауап айта білу деңгейлері өскендігі байқалды.
Қызығушылықты ояту үшін мидың құрылысы туралы бейнебаян көрсетілді. Бейнематериалды тамашалағаннан кейін , әр топ мүшелері өз ойын ортаға салып, мұғалімге өздеріне түсініксіз болған тұстары туралы сұрақтар қойылды, соның ішіндегі мені қызықтырғаны назар тобындағы А оқушы: «Миға операция жасаған кезде хирург, орталық жүйкенің алдыңғы жағында орналасқан қыртыс бөлігіне тиіп кетсе неліктен адам аяғын немесе қолын қимылдата алмайды?» оқушылардың қойған сұрақтарын талқылап, соңында бүгінгі күннің сабағының мақсатын айқындадық. Бұл сабағымда «Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға баулыдым. 1- топ мүшелері мүшелері мидың құрылысын суреттеді , 2- топ миды жұлынмен салыстырды, мидың қызметін зерттеді, алған мәліметтерін қайда қолдануға болатынын көрсетті, адам миының қандай бөлімдері омыртқалы, омыртқасыз жануарлармен салыстырғанда едәуір дамығандығын талдады, 3 - топ ми бөлімдерінің қызметіне талқылау жүргізді. Бұл тапсырмаларды орындап болғаннан кейін назар тобындағы С оқушының жеке дәптерінде берілген суретке қарап адамның жүйке жүйесін , омыртқасыз жәндіктердің жүйке жүйесімен салыстырып айырмашылығы мен ұқсатығын жазғанын байқадым.
Сурет 5. С оқушының дәптеріндегі жұмысы
Осы кезеңде білім деңгейі жоғары танылған А оқушыға өз бетінше тапсырма беру арқылы, үш топтың постерлері қорғалып болғаннан кейін жалпылама қорыту, толықтыру тапсырмасы берілді. Бұл сабақта байқағаным оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеуге үйренді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы арқылы топ өзін өзі, өзгені бағалауды үйренді.
Топ мүшелерінің, топ басшысының жұмысын бақылай келе, бұл сабақта оқушылар өздерін еркін ұстап, топ ішінде қалыс қалған немесе қызығушылықпен ортақ мәселені талқылаудан шет қалған оқушы болған жоқ деп айта аламын. Әр берілген сұрақтан кейін мен кідіріс жасадым , кідіру уақыты 3 секундтан 7 секундқа дейін созылды:
Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың үш тәсілін пайдаландым. Түрткі болу: жауап алу үшін , оқушының жауабын түзету үшін, сұрақты қарпайым етіп қою, толығырақ жауап беруге итермелеу. Сынақтан өткізу: толық жауап беруге , өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру. Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. Дегенмен барлық оқушылар толық, сұраққа дәлелді жауаптар айта алмады. (МАН 101 бет)
Мен оқушыларға жұппен орындауға берілген тапсырманы кесте түрінде бердім, бұл кесте арқылы оқушы мағынаны түсініп, өзіндік танымының көрінгендей, оқушы жаңа мағына, жаңа түсінік қалыптастыра отырып, оқиды, сосын досымен әңгімелесе отырып өзінің пайымдауы дұрыстығына көз жеткізеді. Оқушылардан мәтін туралы не ойлайтындарын сұраған кезде олар өздері оқып шыққан мағлұматты, бұрынғы мәліметтерімен салыстыра отырып, тың мағына қалыптастырады.
Берілген рефлексиялық картадан мен В... оқушының берілген тақырып бойынша негізгі ойды түсінбегенін, мәліметтерді дұрыс қабылдамағанын аңғардым.
|
ойлаймын |
сенемін |
сеземін |
Білгім келеді |
Мен |
Жүйке жүйесіне ми жатады |
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады |
Ми мен жұлынның құрылысы ұқсас |
Ми зақымданса на болады? |
Біз |
Жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады |
Ми талдайды, ал жұлын импульсті миға жеткізеді. |
Ми мен бас бөліктері бес бөліктен тұрады Әр бөлігі әр түрлі қызмет атқарады Ал жұлын рефлексті өткізу қызметін атқарады |
Жұлынның өткізгіштік қызметі бұзылса не болады? |
Сурет 6. В- С оқушылардың жұппен жасаған жұмысы
Кестені қолдану оқушыларға мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде көмекке келеді. Мен алынған мәліметтерді сұраптай келе, оқушылардың білім деңгейін келесі сатыға көтеруіме болады. Бұдан басқа, мен мұғалім ретінде оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды түсінгендігін байқау үшін де кестені пайдалану ұтымды дер едім.
Тізбектелген сабақтар топтамасынан кейін, назар тобындағы оқушылардың
оқыту дәлелдемелерін жинақтау кестесі
оқушы |
Үй\ тап |
Мәтін мен жұмыс |
Постерді қорғау |
Шығарма/ы лық жұмыс |
Сұрақтарға жауап беру деңгейі |
Тест жұмысы |
Сум. баға |
А |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
5 |
В |
+ |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
4 |
С |
+ |
+ |
- |
- |
+ |
+ |
3 |
ІІІ бөлім: Қорытынды және талдау
Әр сабақ сайын оқушылар өзара бағалау критерийлерін өңдеп отырды. Олар өзара бағалауда «баға» алдындағы қорқыныш болмағандығын көрсетті. Сабақтарда бағалау парақтары қолданылып отырды, оқушылар онымен жұмыс жасау әдісін тез меңгеріп алғандықтан, өз бағалауларының дәлелді және өзіндік сыни тұрғыдан болғандығын айта білді. Осы парақшаларды толтырғаннан кейін, әр оқушының сабақта қаншалықты белсенді болғандығын көруге, әліде бақылауға болады.
Мен тізбектелген сабақтарды өткізгенде мен үшін жаңалық болғаны оқытудың диалогтік әдісін пайдаланғанда оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақтардың қоя бастауы. Бұл жұмыстың тиімділігін, оқушылардың ойлауына ықпал етті. Мен өзімнің сыныбыммен зерттеуді жалғастыру керек деген шешімге келдім. Берілген кестеден мен барлық компоненттер бойынша алға ілгерілеушілік бар екендігін байқадым.
Диаграмма 3. Оқушылардың сұрақ қою дәрежесінің көрсеткіші
Топтық жұмыс кезеңінде оқушылар жақсы көрсеткішке жетуге тырысты, топ лидерлері берілген тапсырмаларды орындау барысында әр топ мүшелерінің қатысуына ,сол арқылы әр оқушының ғана емес, жалпы топтың белсенді жұмыс атқарғанын көрсетіп отыр. Бұл – оқушыларға тәуелсіз бағалаушы болуға көмектесті. Бұрыңғы сабақтарда рефлексия кезеңіне аса мән бермеген мен үшін осы кезең аса мәнді болып шыға келді. Оның бірден –бір себебі- рефлексия, рефлексия оқушылардың оқу материалын қаншалықты, қандай деңгейде меңгергенін, қалай қабылданғандығын көрсететін бірден бір кезең. Әрине олар - сабақтағы қолданған екі жұлдыз бір тілек, блоб ағашы, екі жақсы нәрсе, бір тілек т.б
Сурет 7-8-9. Оқушылардың жазған кері байланыстары
«Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы» тақырыбына байланысты тізбектелген сабақтар барысында бағалау парақтары қолданылып отырды, оқушылар онымен жұмыс жасау әдісін тез меңгеріп алғандықтан, өз бағалауларының дәлелді және өзіндік сыни тұрғыдан болатындығын айтқан жөн. Осы жағдайда мен оларға өз жауаптарында КНМТ (ПОПС) формуласын қолдану туралы кеңес бердім
К - көзқарас ( Мен ойлаймын, ....)
Н - негіздеу ( Себебі, .... )
М - мысал ( Мен мұны былай дәлелдей аламын ...)
Т – тұжырым ( Осыдан кейін ,мен мынадай қортынды жасаймын...) Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың жауаптары толық, логикалық ,және олар жоғары көрсеткіштегі сұрақтарға қалай жауап беру керектігін ұғынды. Сонымен бірге, қаншалықты төмен дәрежедегі сұрақтар көп болса, соншалықты жоғары дәрежедегі сұрақтарға жауаптар толық , дұрыс болғандығын да атап өткім келеді.
Оқушымен жеке әңгімелесу барысында мәселе С оқушыға кездескен жаңа сөздер мен терминдерде жұмыс жасау қиын екенін ұқтым. «Сен ондай сөздерді мәтіннен кездестіргенде не істейсің?» «Мен ондай сөздерді тастап кетіп оқимын» деді. «Сен ол сөздердің мағынасын сөздіктен табуға тырыспадың ба?» дегенге « Жоқ» деген жауап алдым. « Мүмкін, сен бұл сөздерді, яғни өзіңе түсініксіз сөздерді жазып алып, кейін достарыңнан немесе менен сұрап аларсың?»дедім.
Мінеки, бұл оқушы туралы, оның меңгерген білім деңгейі және оған көрсетілетін көмектің түрін мен осы кері байланыстан байқадым. Жүйке тақырыбына байланысты төртінші сабақты өткен кезімде, оқушылар алдымен жұп бойынша жұмыс жүргізіп, кейін үш топқа біріктірілді.
Оқушылардың жеке түсінігін байқау мақсатында өз бетінше орындауға арналған тапсырмаларда беріліп отырды. Ең алдымен, өткен тақырып бойынша ойларын жинақтау үшін «Миға шабуыл» әдісін қолданып сабақты сұрадым. Осы кезде 1 оқушы мидың негізгі бөлімдерін тақтаға жазып шықса, 2 оқушы жүйке жүйесінде кездескен терминдерді жазып шықты. Бұл терминдерді есте сақтай алмау себебін мен кері байланыстың негізінде, содан алынған мағлұматтарды қорытындылау кезінде байқадым. Өткізілген төрт сабақ материалдарын қорыта отырып, оқушылар өздері жинаған материалдардың негізінде өз ойларын білдіріп, жаңа қорытындылар, жаңа шешімдер шығара білуге үйренді. Олар өздері меңгерген білімдерін тәжірибеде, яғни өз өмірлерінде қандай керегіне жарайтыныны, меңгерілген білімнің оларға беретін пайдасын білді және осы тақырыпқа қызығушылықтары жоғарылап, шығармашылықпен жұмыс жасау деңгейлері көтерілді.
Оқушылардың негіз ретінде алғаны өздерінің сабақтарда меңгерген білімі екендігіне тоқталып өтті. « Олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырды, бір біріне кеңес берді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барды» (МАН, екінші деңгей, үшінші басылым) Төртінші сабақта берілген тапсырмаларды мәліметті визуалдандыруға, өздерінің ойларын білдіруге және ол идеяларын дәлелдеуге, шешім қабылдауға, ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге үйренді. Сабақтарда оқушылар өздерін еркін сезініп, олар мен менің арамыздағы кедергілердің барлығы жойылды. Мен өзімнің педагогикалық тәжірибеме өзгерістер енгізген кезімде, күтілетін нәтижені болжағанмын: оқушылардың өз бетінше жұмыс жүргізу деңгейі көтеріледі, өздерінің оқу процесін бақылайды. Қорытындысында нәтижелерді көрген кезде мен оқушылар бойындағы оқуға деген көзқарастарының күрт өзгергеніне таң қалдым. Бұл жағдайды мен сабақтан кейінге сауалнама алғанда, эссе, бағалау парақшалары және сұхбат ,кері байланыс материалдарын жинақтағанда байқадым. Сонымен жүргізілген тәжірибемнен мен өзімнің алған мәселемнің өзектілігіне тағы да көзім жетті. Оқушылар сабақтарда сұрақ қою ғана емес, берілген сұраққа дұрыс жауап бере алмайтын, ал қазір тіпті сабаққа еш қызығушылығы жоқ, оқушылар өз ойларын кідірмей, қорықпастан айтуға болатынына, оның жауабына ешкім «дұрыс емес» деп айтпайтынына көзін жеткізгеннен кейін тың ойлар айта бастады, сабақ бойы белсенді қатысып, постерлерді қорғау кезінде аса қызығушылық танытып келеді.
Осындай қысқа мерзім ішіндегі өзгерістерді көре отырып, оқуға деген көзқарас оқушылардың топпен жұмыс жүргізе отырып, диалогтік оқыту барысында сұрақ қоя білу дағдыларының жетілуіне , оқушылардың дамуына дұрыс бағыт беретінін көруге болады. Барлық аспектілерді мен өз тәжірибемде қолдана отырып, мына жағдайларды анық байқадым, зерделедім : кейбіреулер үшін бұл белгілі бір кедергілерден өту, өзінің сабақ алдындағы қорқынышын жеңу, «топтың ішінде өзімді көрсете аламын ба, өз пікірімді дәлелдей аламын ба?» деген күмәнді ойлардан арылу, өзін топтың бір мүшесі екенін сезіну. Сондықтан осы жұмысты тәжірибеме енгізуім дұрыс деп ойлаймын. Орындалатын тапсырмалардың тәжірибеге өзгіріс енгізбей тұрғандағы және өзгерістер енгізгеннен кейінгі салыстыру кестесі: Топтық жұмысты қолданбай тұрғанда
А оқушы |
В |
||
Тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындайды. |
Тапсырманы еш қызығушылықсыз орындап шығады. |
Барлық тапсырмаларды орындамайды |
|
Мұғалімнің талабына сәйкес сұрақтарға жауап береді. |
Мұғалімнің талабына сәйкес сұрақтарға жауап береді |
Сұрақтарға бірде жауап берсе, бірде жауап бермейді |
|
Сабақ үрдісінде ешқандай көзге түскісі келмейді |
Сабақ үрдісінде ешқандай көзге түскісі келмейді, |
Сабақ үрдісіне мүлдем қатыспайды, |
|
Көшбасшы болуға қызығушылық танытпайды |
Көшбасшы болуға еш қызығушылық танытпайды |
Көшбасшы болуға қызығушылық танытпайды |
|
Тапсырманы орындау кезінде оқшаулық танытады |
Тапсырмаларды орындау барысында төменгі деңгейдегі қызығушылық танытады |
Тапсырмаларды орындау барысында мүлдем қызығушылық танытпайды |
|
Сыни тұрғыдан ойлау белгілерін байқатпайды |
Сыни тұрғыда берілген тапсырмаларды орындауға қызығушылық танытпайды |
Өз ойын, пікірін білдіретін диалогқа қатыспайды |
|
Топтық жұмысты енгізгеннен кейінгі өзгерістерді мына кестеден байқауға болады
А оқушы |
В оқушы |
С оқушы |
Тапсырманы қызығушылықпен орындайды |
Тапсырмаларға қызығушылық танытады |
Өз мүмкіндігіне сай тапсырмаларды орындауға тырысады |
Өзінің қызығушылығын таныта отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысып отырады |
Мұғалімнен қайтадан сұрап алу арқылы, сұраққа өзінің қызығушылығын, оның жауабын табуға тырысады |
Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде топ мүшелерімен бірге белсенді қатысуға тырысады |
Сабақ барысында белсенді қатысып отырады |
Сабақ барысында барынша белсенділік танытып қатысып отыруға тырысады. |
Сабақ барысында қатысып отырады |
Көшбасшылық жағдайда болуға тырысады |
Көшбасшылық жолындағы кедергілерден өтуге бар күшін салады |
Көшбасшылыққа деген көзқарасы өзгеріп, көсбасшылыққа қызығушылық танытады |
Топ мүшелерінің жұмыс жүргізуіне жауапкершілікті сезініп, топта жұмыс жүргізу барысында әр оқушыға көмек көрсетуге тырысады |
Топтың ішінде жұмыс атқарғанда тапсырмаларды орындауға жоғары деңгейдегі қызығушылық танытады |
Топ ішінде жұмыс жүргізуге қызығады, оған атсалысуға тырысады |
Өзінің ойлары мен пікірлерін рақаттана бөліседі. |
Өзінің ойларын өзгелерге қызықты етіп жеткізуге тырысады |
Өз ойын жеткізуге қатысып , пікір алысады |
Бұл өзгерістер , оқытуға жаңа көзқарас болғаннан кейін орын алғанын көруге болады. Сабақ барысында әр оқушы өзінің мүмкіндігіне сәйкес жұмыс атқаруға тырысады, себебі қорытынды бағалау оның топ ішіндегі тапсырмаларды орындауға қатысуы ғана емес, сонымен бірге сабақ бойы жүргізген өзінің жеке жұмысына да қатысты болатынын біледі. Сабақ барысында белсенді қатыса отырып, оқушылар білім деңгейін де көтерді.
ІV бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы
Іс-әрекетті зерттеу барысында, дәлелдемелерді жинастыру кезінде менің алғашқы сабақтарымда оқушылардың жаңа әдіске дағдыланбағанынан, оқушылар топқа бөлінген кезде жауапкершілікті сезінбегендігінен, топпен орындайтын тапсырманы жеке орындағанынан қиындықтарға кездестім. Бағалау әдісін қолданған кезде оқушылардың шынайы бағаламауы да мені толғандырды. Оқушылардың сұрақ қою дағдылары қалыптаспаған, өз ойларын анық айта алмайтыны, бір-бірімен диалогқа түсе алмайтыны мені ойландырды. Сабақты бейнематериалға, суретке түсірген кезде оқушылар өздерін ыңғайсыз сезініп, қобалжығаны байқалды. Менің ойымша, қандай да әдіс – тәсілдерді қолдансақ та, бұның барлығы оқу процесінде оқушылардың сөйлеуіне, оқыту және оқу үшін дұрыс сұрақ қоя білуге, сол арқылы тиімді оқуға бағытталуы керек. Міне, осылай сабақтарды өткізгеннен кейін, зерттеу сұрақтары бойынша көрсеткіштерді жинақтау барысында келесі қорытындыларға келуге болады:
- Топтық жұмыс оқушылардың сабақта өзара сұрақ қою, сұрақтарға жауап беру дағдыларының дамуына әсер етеді;
- Қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы оқушылар өзін өзі реттеуге үйренеді.
Оқытудың бұл технологиясы жүйелі қолдану барысында мынадай жетістіктерге ие болады:
Шағын топтарда жұмыс жүргізгенде, оқушылар өздері түсінбеген сұрақтарын бірге отырып, талқылай алады. Мұғалімге сұрақ қоюға бата алмай жүрген оқушылар енді көмек сұраудан қорықпайды, себебі олар мұны барлығы бірге жасайды, мәселені барлығы бірлесе отырып шешеді.
Мәселені өз беттерінше көре білуге, тани білуге үйренеді және олардың шешімін табуға тырысады. Оқулықта берілген дайын мағлұматтарды ғана есте сақтамай, сонымен бірге жаңа білімді меңгеруге, оларды кейіннен тапсырманы орындағанда қолдануға тырысады.
Топтық жұмысы барысында оқушылар диалогқа қатыса отырып, оқушылар өздерінің пікірін білдіру дағдыларын қалыптастырады , дәлелдеуге, өз пікірін еркін жеткізеді. Оқушылар меңгерген білімдерін қайда және қалай қолдануға болатынын түсіне бастайды. Балалар өзара қарым –қатынас жасауға, мұғаліммен қарым –қатынас жасауға үйренеді, коммуникативтік дағдыларды қалыптастырады .Өзара ынтымақтастық және жолдастық сезімдері дамиды.
Мен таңдап алған тақырып оқытудағы өзгерістерді енгізуде маңызы зор, мен осы 3-4 аптадағыдан үлгергенімнен де көп жұмыс атқарғым келді. Мен әрине, жұмысымды жүйелі жалғастырсам, курстарда алған білімімді дұрыс қолдансам , мен бұл жағдайды өзгертемін, яғни оқытуда жаңа өзгерістер енгіземін. Тәжірибемнің басында менің көптеген жұмыстарым өз деңгейінде болмады, өйткені топтық жұмыстарды алғаш жүргізгендіктен шығар деп ойладым. Мен оқушылар арасында өзімнің зерттеуіме тікелей қатысты емес көптеген сауалнама алдым. Бұл сауалнамалардың барлығы өз балаларымды тереңірек танытуға, тереңірек білуге көмектесті. Сауалнамалардың қорытындысы негізінде балаларды оқытудағы кедергілер және өзекті мәселелер анықталды. Енді балалармен жақсы жақтарға қарай қандай өзгерістер болатынын көргеннен кейін, мен осы жұмысқа қызығушылық танытып,оны жалғастырғым келеді. Енді менің сабақтарымның оқушылар үшін қызықты және қандай болмасын күрделі тақырып болса да, топта жұмыс жүргізу арқылы, олардың білім деңгейін көтеруге, өзара сенімділік қарым –қатынас орнатуға, өздерінің меңгерген білімдері не үшін қажет, оны қалай қолдануға болатынын түсіне алатындықтарына сенімдімін. Зерттеу барысында мен оқушыларымды қаншалықты білмейтіндігіме, қаншалықты олармен тіл табыса алмай жүргендігімнің себебі не деген көптеген сұрақтарға жауап алумен қатар, өзімнің тереңірек ізденіп жұмыс жасамағандығымды түсіндім. Енді мен алдымда отырған әр оқушының баға алдында «қорықпай» өз ойларын еркін жеткізе алатын, өз пікірін дәлелдей алатын, мәселенің қаншалықты өзекті екенін сезіне алатын тұлға болатынына сенемін. Мен өз тәжірибемде зерттеу жүргізу арқылы оқушыларға көмектескеніме және басқа өзім сабақ беретін сыныптардағы оқушыларға да көмектесе алатынымды білемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген