400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Зерттеуді жоспарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеуді жоспарлау . жаратылыстану. 5 сынып. 2 зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтың аты-жөні



Күні



Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы


Зерттеуді жоспарлау


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру

5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау


Сабақтың мақсаты


зерттеу жүргізу кезіндегі әрекеттер ретін білу

зерттеу жоспарын құрастыруды түсіндіру

зерттеу кезіндегі әр әрекеттер маңызын талдау

зерттеу жоспарын құрастыру


Бағалау критерииі

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

  • зерттеу жүргізу кезіндегі әрекеттер ретін біледі

  • зерттеу жоспарын құрастырады

  • зерттеу кезіндегі әр әрекеттер маңызын сипаттайды


Педагогтың аты-жөні



Сабақтың барысы


Уақыт

(минут секунд)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырманы орындау қадамдары (дескрипторлар)

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар


Сабақты ұйымдастыру

Ынтымақтастыру атмосферасын құру

«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жақсы тілек айтады.


Оқушыларға түрлі іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды беріп, оларды рет-ретімен орналастыруды сұрау.



Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу

Мысалы:

  • Кейіпкерге ат қойыңыздар

  • Бұл суретті қалай атауға болады?

  • Ол не істеп жатыр?

  • Осы әрекеттер ретін сақтау маңызды ма?

  • Әрекеттер реті сақталмаса не болар еді?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийін құрастыру.

Оқушылар шеңберге тұрып, сабаққа сәттілік тілейді

Бейнефильмді қарайды, ойланады, өзара ойларымен бөліседі...

Мұғалім мадақтауы

https://www.youtube.com/watch?v=rM88hC-Gy6s


Power Point презентациясы, карточкалар


Оқушыларды әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы 5 топқа бөлу.

Әр топ оқушылары сынып бөлмесінің қабырғаларына жапсырылған тақырыптық суреттерді таңдайды.

Суреттер мазмұны:

  • Демалыс күні

  • Теңізге саяхат

  • Таудағы ауа райы

  • Қарт адамдарға көмек көрсету

  • Үй-жайды жинау

Оқушыларға тапсырма:

  • Суретке ат қою;

  • Тақырып бойынша әркеттердің жоспарын құру;

  • Мүмкіндігінше көрініс (инсценировка) көрсету

Оқушыларға тапсырманы түсіндіргеннен кейін бағалау критерийін бірлесе отырып құрастыру.

Оқушылар берілген тақырыптар аясында жоспарлау жүргізеді:

Жоспарлауды аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің жоспарлау кезеңдерін атайды, сыныппен талдайды.

Өздері құрастырған критерийлер бойынша бірін –бірі бағалайды.

Осы тапсырма оқушыларға өз қызметін жоспарлай білу дағдысын бағалауға мүмкіндік береді

Күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттарды пайдалана отырып, оқушылардың зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында тәжірибелер орындау (оқушылар бастапқы топтарында жұмыс жасайды)

Алдарыңызда өсімдік майы, су, стақан, ыдыс жуатын құрал берілген. Осы заттарды пайдалана отырып, қандай тәжірибе орындауға болады, ойланыңыз? Келесі кезеңдер бойынша зерттеу жүргізіңіз:

  • Бақылау жүргізіңіз;

  • Гипотеза жасаңыз;

  • Кітаптарды зерттеңіз;

  • Тәжірибені орындаңыз;

  • Деректерді талдаңыз;

  • Өз жаңалықтарың туралы хабарлаңыз

Алдын ала таратылған критерийлер негізінде топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Бағалау критерийлері:

  • Зерттеу сұрағының ғылымилығы;

  • Болжамның түсінікті әрі тексеруге мүмкін болуы;

  • Зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларының қадағалануы;

  • Әрекет ретінің сақталуы;

  • Деректердің нақты әрі шынайы жинақталуы;

  • Зерттеу бойынша қорытындының дұрыс, сауатты тұжырымдалуы.


Критериилер бойынша өзара жұппен бағалау іске асырылады

«Екі жұлдық, бір тілек» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау іске асырылады.











«Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

Оқулық құралы,.


Википедия парақшасын жасауға арналған қысқаша нұсқаулық:


немесе



Кері байланыс. «Сұрақ конверті» әдісі. Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады, мысалы:

Сабақ соңында оқушылар «Аргумент» әдісі арқылы

рефлексия жүргізеді:


Менің бүгінгі сабақтағы көңіл күйім................болды, себебі...................

Мен сабақта ......................жұмыс жасадым, себебі..............

Тақырып мен үшін.................болды, себебі

Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды

Жазбаша сындарлы кері байланыс береді

Конверт, түрлі-түсті стикерлер

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?















Бөлім


Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Деректерді жинау және жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау

5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

Сабақтың мақсаты


нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды

бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді

Бағалау критерииі

өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жаза алады

аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады.

Өлшеу құралдарымен бақылаулар мен өлшемдер жасай алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.

1-тапсырма. Оқушыларға термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері беріледі. Дайын суреттер қолданып, өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жазып плакаттарды дайындайды Оқушылар осы суреттерге қысқаша сипаттама береді. Бұл қандай құрал? Бұл құрал арқылы нені өлшеуге болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы құралдарға сәйкес қандай болатынын оқушылардан сұрау.

Сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады, бағалау критерийлері презентацияда көрсетіледі.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ














Термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері




Ортасы

Оқушыларға сұрақтар беріледі: «Сізге күнделікті өмірде өлшеулер жасау қажет болды ма? Қандай? Мысал келтіріңіз» сұрақтарын талқылайды. Оқушылардың ойлары тыңдалады.

2-тапсырма. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:

Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:

  1. сабақ 45 минут жүреді;

  1. бөтелкеде 5 л су бар;

  2. мұз 0 °С кезінде ериді;

d) автобус 40 км жүріп өтті.

Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.

«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:

  • Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.

  • Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.

  • Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады.

3-тапсырма. Топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

Оқушылар әр түрлі аспаптармен өлшеу жөніндегі тәжірибелік тапсырманы орындайды

  1. Сызғышпен (ағаш, темір, алюминий кесектің ұзындығы, ені, биіктігі) өлшеу

  1. Термометрмен (сыныптағы ауа температурасы, бір рет қолданылатын стақандардағы суық және жылы судың температурасы) өлшеу

  2. Өлшеу цилиндрімен (су мөлшері) өлшеу

  3. Секундомермен (оқушының 10 рет отырып-тұруы) өлшеу.

Топтар өздерінің тәжірибелерінің нәтижелерін талқылап, өз жұмыстарын қорғайды.

4-тапсырма. Оқушыларға таза парақ пен сызғыш алып, ұзындығы 10-11 см түзу сызуын сұрау қажет – олар қалаған ұзындықты таңдауы мүмкін, бірақ ешкімге айтпауы тиіс. Оқушылардан қасындағы адаммен парақтарын ауыстырып, олардың түзулерін өлшеп, қағазға жазып алуы керек. Парақтарды кері қайтарып, қанша оқушының дұрыс жауап алғанын тексеріңіз.

5-тапсырма.

Оқушылар бейнефильмді көру арқылы берілген сұрақтарға жауап береді. Ол үшін алдымен сұрақтар таратылып, оқушылар сұрақты оқығаннан кейін ғана бейнефильм көрсетіледі.

Сұрақ

  1. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі қандай?

  2. Алғашында ұзындық қалай өлшенген?

  3. Метр өлшемі қалай анықталды?

  4. Алғашқы ресми метр өлшегіш қай жылы және қай қалада пайда болды?

Дұрыс жауаптар:

        1. Метр.

        2. Алғашында ұзындық адамның дене мүшелеріне негізделіп өлшенген.

        3. Солтүстік полюстен Экваторға дейінгі қашықтықтың он миллионнан бір бөлігі метр деп анықталды.

        4. Алғашқы ресми метр өлшегіш 1795 жылы Парижде пайда болды.

Оқушылар жұпқа бірігіп жауапт

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі