жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"ZIAT" педогогтар сайысы
"ZIAT" педагогтар сайысы.
Мақсаты:
Педогогтардың кәсіби біліктіліктерін
арттыру,шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру.Теория мен тәжірибені ұштастыра
отырып,кәсіптік құзыретіліктерін
нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа
психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе
алмасу.
Қатысушылар: педагогтар
Жүргізуші: -
Құрметті әріптестер, ұжымдастар!Бүгінгі "ZIAT"
педагогтар
сайысына
қош келдіңіздер! Қазіргі қоғам
жастардың бойына адами құндылықтары
сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті
сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Рухани
тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам
өмірінің әр кезеңінде дами отырып
нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа
жол ашатын – тәрбиеші, яғни педагог.
Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай
атамыз айтқандай
«Сенде
бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар
қалан»,- дегендей болашақтың бақыт жасын
салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда
біздің тәрбиешілеріміздің бойында
ұшаң теңіз.
Тәрбиеші...
Осы
сөзде қаншама ұлылық бар
Жүрегінде
маздаған жылылық бар
Ол
сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы
сан сырды ұғынып қал.
Журекке
адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып
келешектің төккен үнін
Ардақты
тәрбиешіге шын көңілден
Жолдаймыз
сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе
тәрбиешілеріміз бен педогогтарымыздан
құралған екі топты қол соғып қошеметтеп
ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз
дайын болса, сайысымызды бастайық.
Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс
кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. «Ал, қанекей танысайық!»
2. Блиц - турнир
3. «Билингвальды компонент»
4. «Сандар сөйлейді»
5. «Формула»
6. «Жарнама»
Ендеше сайысқа әділ төрелік ететін әділқазы алқаларын таныстырып өтейін.
___________________________________________________
___________________________________________________
Енді қай топ бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтаймыз.
Ақыл,
көрік бойларына жетеді,
Әлі
талай сынақтардан өтеді.
Мына
отырған баршаңызға
Әр
топ өзін таныстырып өтеді.
1.
Ал, қанекей
танысайық!
1-ші бөлімінде
әр топ өздерін
таныстырады.
Жүргізуші:
-Ал,
тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер
өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал
қоржыннан
қымсынбай
кеп,
Жауап
айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып
сайысымыздың
2 бөлімі
бойынша
«Блиц-турнир»
сайысын
бастаймыз.
«Достар» тобы:
Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу мен осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгертуді мақсат еткен білім беру саласы-Таным
Өсімдіктің жер астындағы бөлігі –Тамыр
Ұлттық ойын – Тоғызқұмалақ
Шағын өлең шұмағы - тақпақ
Орман емшісі – тоқылдақ
Орыс ертегісі – Қызыл ......
Қазақ ғарышкері- ..... Аубакиров – Тоқтар
Рәміздердің бірі – ту
Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі – тымақ
Тапқырлық тапсырмаларды шешу және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген әдіс – ТРИЗ
Ат,жылқы – тұлпар
Төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын пішін – төртбұрыш
«Жалындар» тобы:
Сезімдік-эмоциялық қасиеттері мен эстетикалық талғамды,бейнелеу дағдылары мен музыкалық білімдерін қалыптастыруды мақсат ететін білім беру саласы – Шығармашылық.
Қабырғалары бірдей пішін - шаршы
Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі – шаңырақ
От тілді, сөзуар, тапқыр – шешен
Әнұрандың әнін жазған сазгер ..... Қалдаяқов– Шәмші
Қой пірі – Шопаната
Жәндік түрі - шегіртке
Кемпірдің жұбы – шал
Жаздың екінші айы- шілде
Ала сөзінің синонимі – шұбар
Мəңгіжасыл өсімдік- Шырша
Жүргізуші:
Ана
тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге
тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді
құрметте!-келесі сайысымыз- «Билингвальды
компонент»
деп аталады.
Бұл кезеңде топ
басшылары берілген тапсырмадағы көп
нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі
тілге аударулары қажет.
«Достар» тобы:
Отансыз .........- ормансыз бұлбұл. (Адам- человек- people.)
.......баласы
болма,
Адамның
баласы бол (ата – дедушка – grandfather)
«Жалындар» тобы:
.... – оттан да ыстық. (Отан – Родина – Motherland)
Батыр
туса – ел ырысы,
.
. . жауса жер ырысы. (жаңбыр – дождь –
rain)
Жүргізуші:
«Сандар сөйлейді»
2017 жыл 17 тамыз –СанПиН
2016 жыл 12 тамыз - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
2007 жыл 27 шілде - Қазақстан Республикасының білім туралы заңы
1995 жыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конститутциясы
Жүргізуші:
Шын
жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың
ба, орта жолда қалыспа
Әділқазы
бағалайды сіздерді
Жеңіс
мәре жақын ба,әлде алыс па?-дей келе
келесі бөлімге өтсек.Бұл бөлім «Формула»
деп аталады.
«Формула» сайысында берілген сөздің әр бір әрпіне сол сөзге тән қасиет жазу.
«Достар» тобы: «Ұстаз»
«Жалындар» тобы:«Тәрбиеші»
Жүргізуші:
Үйретеді
ойнатып, ойландырып,
Жамандықты
тастайды артқа ысырып,
Жақсылықты
жолына жарық қылып,
Педагогтар
жүреді алға ұмтылып,-дей келе, сайыстың
бұл шартында топтар өздерінің дайындаған
жұмыстарымен бөліседі,жарнамалайды.
«Жарнама» кезеңінде топтар алдын ала қалдық материалдарынан оқу қызметінде пайдаланылатын дидактикалық құрал жасаулары керек болатын, соның негізінде олар осы дидактикалық құралды қолданудың ерекше тәсілдерін ұсына отырып, жарнама жасауы тиіс.
Жүргізуші:
Кімдер
жүйрік,
Өнерпаз
білейікші,
Әділқазы
алқасына тек әділдікті,
Екі
топқа да сәттілік тілейікші, - деп келесі
сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз
беріледі.
( Әділқазылар шешімін тыңдау, мадақтамалар табыстау).
Жүргізуші:
Ұядағы балапан қақты қанат
Қарға емес, қыранға өзін балап.
Жас қанатта жетеді мұратына
Болса егер таудан да биік талап
Барлығына
риза
болсын
көрермендер,
Ой
бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен
бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда
жүздесерміз сіздерменен белестерде!
– дей
келе бсайысымызды аяқтаймыз,отбасыларыңызға
бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық
табыс тілейміз!
Қош!
Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген