жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Зиянды әдеттен аулақ бол
Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Зиянды әдеттен аулақ бол»
Топ тәрбиешілері: Ақылбекқызы А.
Өскемен қаласы
2017-2018 оқу жылы
Күні:
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Білім беру бөлім: Валеология
Тақырыбы: «Зиянды әдеттен аулақ бол»
Мақсаты:
Білімділік: Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге, жалпы зиянды заттарға қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру.
Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
суреттер, карточкалар, әліппе дәптер,
слайд.
Әдіс-тәсілдері:
түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын,
Тілдің үштұғырлылығы: жағымсыз әдеттер – вредные привычки - bad habits
Іс – әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Жылулық
лебізі. |
Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауаптарын айтады. |
Ізденістер. Ұйымдастыру |
-Бүгін,
біздер «Денсаулық еліне» саяхатқа
аттанамыз. Денсаулық елінде Салауат
атай бар. |
Балаларға тақырыпқа қызығушылықтары оянады.
«Ыммен көрсет!» ойынын ойнайды
Жаман әдеттерді атайды.
Күнделікті өмірде көріп жүрген жағымсыз әдеттерді еске түсіреді. Балалар темекі және оны шегетін адамдар жайлы не білетіндерін айтып береді. Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттейді.
Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады.
Балалар қимыл қозғалыс жасай отыра сергіту сәтін орындайды.
Әліппе дәптермен жұмыс жасайды.
Ойынға қатысушы пайдалы заттардың суретін көңілді, ал денсаулыққа зиянды суретті көңілсіз адамға қарай орналастырады. «Егуден қорыққан сусиыр»
Балалардың
жауаптары. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: -
Осымен денсаулық еліне саяхатымыз
аяқталды. Бүгінгі валеология оқу
іс-әрекетімізде не үйрендік?Не туралы
болды? |
Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды, сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы.
Нені игереді:
Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптасады.
Нені біледі:
Жағымсыз әдеттердің зиянын біледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген