"Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері" тәрбие сағаты + анықтамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері" тәрбие сағаты + анықтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты ҚМЖ + анықтамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

"Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері"

Күні

Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

"Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері"

Сабақтың мақсаты:



Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


I. Шаттық шеңбері. Тренинг: «Әлемге денсаулық».

Мұғалімнің сөзі:
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген негізгі өзекті мәселелердің бірі ол салауатты өмір салты, оны насихаттау мәселесі.
«Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық» деп Елбасы айтқандай қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты - нашақорлық. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама.
«Салауатты өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда кең етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Енді назарларыңызды мына бейнебаянға назар аударуларыңызды сұраймын.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Оқушылар «жүректерге» тілек жазып глобусқа іледі.


Таратпа қағаздар






Сабақ басы (20 мин)














II. Пікірталас
1 топ - «Күн» тобы: «Тыйым салынған есірткіні жасөспірімдер ең алғаш бейтаныс адамдардан алады»
2 топ - «Жұлдыз» тобы: «Есірткіге тәуелділік - шындық»
3 топ – «Жүрек» тобы: «Өмірің-өз қолыңда»
ІІІ.Сюжетті – рольдік ойын
(Топтарға тапсырма беріледі. Адамды нашаны қабылдауға мәжбүрлеген жағдайды ойлап тауып, сол жағдайды көрсету. Жағдайды ойлауға 3 минут уақыт беріледі).
1 – нұсқа: «Сен досыңмен кездесуге барасың және онда саған әдемі таблеткаларды ұсынған балаларды кездестіресің».
2 - нұсқа: «Мектеп ауласында сені балалар шақырып алып, «шөпті» тартып көруді ұсынады».
3 - нұсқа: «Кешкісін үйге қайтқанда, үйдің алдынан көрші балаларды кездестіресің, олар темекі тартып тұр, саған да темекі ұсынады, бірақ темекінің иісі бөлек».

Оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап береді.




Презентация

 видеоролик

Соңы










Бекіту бөлімі.
а. «Ойлаудың алты қалпағы»

1. Ақ қалпақ. Ақпараттар мен мәліметтер алаңы.
2. Қызыл қалпақ. Эмоция, интуиция, сезім.
3. Қара қалпақ. Ақиқатты көру, сақтану мен ойлану. (қауіпті жағы)
4. Сары қалпақ. Оптимизм, өмірге талпыныс, позитивті ой. (жақсы ой)
5. Жасыл қалпақ. Жаңа идея, альтернативті ойлар.
6. Көк қалпақ. Әр топтың ойын, идеясын таразылай келе баға береді.
Қорытынды. Топтастыру «Пайда мен зиян»
Тақтада ілінген плакатқа кеспе суреттерден пайдалы заттар мен зиянды заттарды іледі.
Рефлексия.
Гүл күлтешелеріне арман-тілектерін жазып суға салады
Мұғалім сөзі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық.
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбат: байлық па, атақ па?» Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен, яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.
Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,жат қылықтан аулақ,елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік.Сондықтан,бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін,елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық.Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.
Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

Әр топқа екі-екіден екі түрлі түсті қалпақ беріледі. Оқушылар сол қалпақтар бойынша тиісті мәліметтер мен өз ойларын жеткізеді.

презентация































«Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 сынып жетекшісі А.Е.Асқарованың «"Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері"» тақырыбында  өткізілген сынып сағатының



Анықтамасы

20.12.2023 жылы 9-сыныпқа   ""Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері""
сынып сағаты өткізілді

Сабақтың мақсаты:

Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.

Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім.
а.Шаттық шеңбері. Тренинг: «Әлемге денсаулық»
Ә. Бейнебаян «Ғасыр дерті»
Негізгі бөлім.
А. Пікірталас
Ә.Сюжетті – рольдік ойын, тапсырмалар
III. Бекіту бөлімі.
а. «Ойлаудың алты қалпағы»
ІҮ.Қорытынды. Топтастыру «Пайда мен зиян»
Б. Рефлексия.

Оқушылар зиянды әдеттер туралы өз ойларын білідіріп, пікірталасқа белсене қатысты. Ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

Қорытындылау Сынып жетекшісі: А.Е.Асқарова






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2023
7996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі