400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Зиянды әдеттерден аулақ болайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
зиянды заттардан бас тартуға ақыл кеңес беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта

мектеп- гимназиясы















Тәрбие сағаты: «Зиянды әдеттерден аулақ болайық»

Сыныбы: 6 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Наушабаева А.К.



















Балпық би ауылы

2018жыл

Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ болайық»

Мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу. Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.1.1.

Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен: Әдептілік белгісі,Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/

1.2 Шаттық шеңбері.Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады)

 1.3.Сұрақ қою.“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?Салауатты өмір салты не үшін керек?“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер./Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі: 

1.4. Мұғалім: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

1.5. Назар аударайық!Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді. Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”

1.6. Түйіндеме: Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы. 

1.7. Слайд:Осы денің сау болу үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?(Слайд бойынша оқушылардың жауап, пікірлерін нақтылау үшін трек-схема, слайд «Үш дерт», «Темекінің зияны» видео көрсетіледі.)

1.8. Әр топ көшбасшысы зиянды заттардың атын таңдап, топ мүшелерімен тақырыпты қорғау:1-топ: Темекі2-топ: Есірткі 3-топ: Ішімдік

1.9. Назар аударайық!Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

2. Темекі құрамындағы заттар»Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.Шайыр түтін арқылы адам өкпесіне түседі.Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін бұл туралы сыныбымыздың биологы Айгерімге сөз беремізҚорытынды:Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ .

3. Шылым шегу барысында не нәрсеболады?Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотинкөміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар. Оныңішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніп әуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде әсер етедіқан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе денетырысып өліп қалуы мүмкінШылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады сол кезде зиянды заттаршылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі. Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетінзалалы.(Қортындылау

Есірткіғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да,оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнантаныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтарпайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келгентүкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, м.Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейетүсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буынбуындары сынып ауырғанда көз қарашығыұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді.Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылыанықтауға болады.орфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалықәсері бар заттар болып табыладыЕсірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприцарқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмысістеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады.Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына емес, рухани жандүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кешіп, ақыл-ой жүйесі бұзылады. Есірткінің адам өмірімен денсаулығына тигізетін залалы.(Қортындылау)

Ішімдік5. Ішімдік қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдіңбір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы.Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы,белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қанқұрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз,қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі.Арақ туралы не білесіңдер?Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Арақты үнемі ішуадамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудіңбірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезіндеарақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішугебайланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына даәсер етеді.Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы. (Қортындылау)

6.Ойын –жаттығу: « Пайдалы – зиянды » Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса,шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымыздыжерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.- Балажаттығулар жасаса;- Бала ағашқа өрмелесе;- Бала ауыр заттарды көтерсе;- Бала басқа баланы итеріпжіберсе;- Бала сіріңкемен ойнаса;- Бала терезені сындыратын болса;- Бала қолын жуса;- Бала күнгеқыздырынса;- Бала мұз балмұздақты көп жесе;- Бала балаларға қарай жөтелсе;- Бала тамақ үстіндекүлсе;- Бала табиғи суға шомылса;- Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зияндыәрекеттердіжасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

7. Жағдаяттар:Зиянды әдеттердің алдын алу1-топспикері: Қозғалыс белсенділігі-денсаулық кепілі.

2-топ спикері: Дұрыс тамақтану.

3-топспикері: Гигиеналық талаптарды сақтау.

Күн тәртібі.

8.Көрініс: « Үш пәледен аулақ »(Екі бала ойнапжүр)Асқат: - Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?Азамат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?Асхат: -Сен ешкімгеайтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)Азамат: - Онықайдан алғансың?..Асқат: -Әкемнен алдым (риза болып)Азамат: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі дегенжаман нәрсе, дереу таста.Асқат: -Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?Азамат: -Ой,достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.Асқат:-Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?Азамат: - Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерденбойымызды аулақ салғанымыз абзал.Одан да ойынымызды жалғастырайық.(Осы кезде бөлмеге арақ,темекі, есірткі кіреді)

9. Әдеби-монтажАдам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаманәдеттерден бойын аулақ салуы тиіс.Біздің сыныптастарымыз әдепті болудың қыр-сырын мына өлеңшумақтары арқылы жеткізбек. Қарсы алыңыздар!

10.Ән: «Көңілді күн»

11. Қорытынды:- Ендеше,балалар бүгін не туралы білдік?Жүректен – жүреккеАпайларға, кластастарыңа жақсы тілектерді сыйғатартайық.-Деніңіз сау болсын!-Күн сізбен бірге болсын!-Жаныңыз сұлу болсын!-Таза су сізге күш қуатберсін!

12. Сынып жетекшінің сөзі: Презентация соңы: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жекеөміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп,олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ. Әрбір адамтаңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі үшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірденбастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгікомпоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалубелсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердіңқалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақтасәтілік тілеймін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
2361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі