400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зиянды заттар зардабы" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Зиянды заттар зардабы»


Мақсаты:

1.Білімділік : темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;

2.Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу

3.Дамытушылық: осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта,плакат,кеспе қағаздары

Сабақтың барысы :

I. Тренинг

  • «Денсаулық» сөзін қолданып тілек айту

II. «Кел танысайық»

  • Бейнебаян көру

  • Слайдпен жұмыс

III.“Бәйге” ойыны

  • Денсаулық туралы мақалдың суретін түсіндіру

ІV. Плакат қорғау

  • Суретпен жұмыс

V. “Көкпар” тартыс ойыны

  • Денсаулық пирамидасын жасау

VI. “Уланбасын өмірің” кеңес

VIII. Қорытынды.

I-кезең Ұйымдастыру

1. Қатысушыларға сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысы айтылады

2.Сынып екі топқа бөлінеді.

3.Жұмыс істеу тәртібімен, кезеңдерімен таныстырылады.

II-кезең «Кел танысайық»

Темекі

Темекі жапырағында никотин уы бар.Ол жүректі,миды,өкпені уландырады.Сондықтан да шылым шекпейтін адамдарға қарағанда,шылым шегетіндер көп ауырады.Темекі тарту жаман ауруға душар етуі де мүмкін.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады.Ең жақсысы оны ешқашан тартпау,ауызға алмау.


Бұл отырған шылымқор,сорады кеп шылымды ол

Қанша айтсанда алмайды тартпа деген тіліңді ол

Қой десеңде қоймайды,көк түтінге тоймайды

Сора сора уыты өн бойыңды жайлайды,

Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды

Шылымсыз тек жүрмейді,жоқ боп қалса тілейді,

Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді


Көк түтінге жас өкпені ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама


Ішімдік

Маскүнемдік-үлкен қасірет.Адам ағзасының бауырын зақымдап бірден миға әсер етеді.Адам баласы өз іс әрекетіне жауап бере алмайды.


Мен қорқамын темекінің тұтқыны болған жастардан

Мен қорқамын ішімдіктің құрығына түскен жандардан

Мен қорқамын зиянды затқа құмар боп

Денсаулықтан айырылған мына қауымнан


Арақ аздың ажалы

Ақшаның тажалы

Ырыстың қырсығы

Абыройдың мылтығы

Жақсылықтың жаңқасы

Төбелестің арқасы



Нашақорлық


Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің бірі.Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Ондай зардапқа тап болудың бірден бір себебі қоршаған ортасының да ықпалы аз емес.Сондықтан дос таңдай білу де аса маңызды.Халқымыз Есіркіден есіргендер деп бекер айтпаса керек.


Нашақорлық жайлаған індет білем,

Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем,

Күресуге ғасырдың тағдыры үшін

Оған сенде міндетті,міндетті мен!



III-кезең «Бәйге» ойыны

Сөзжұмбақтар шешу

1-топ

1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2.Темекіні тастауға болама?

3.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі?


2-топ

1.Ішімдік суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты шындығы бар?

2.Ішімдік тамаққа тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме?

3.Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?



IY-кезең «Плакат қорғау»

Суреттерден плакат жасау. Топтар ең алдымен топ ішінде 2-3 минут дайындалады.

1-топ: Ауру қалса да, әдет қалмайды.

            Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

            Тәні саудың - жаны сау.

            Ауру баптандап кіріп, мысқылдап шығады.

2-топ: Іздеп алған аурудың емі табылмас.

            Аурудың алдын ал.

           Тазалық – саулық негізі.

            Саулық – байлық негізі.

3-топ: Жігіттің дені сау болса – сол дәулет.

            Ауру қадірін сау білмес,

            Аш қадірін тоқ білмес.

             Ауруын жасырған өледі.

            Бас аман болса, бөрік табылады.



V- кезең «Денсаулық» пирамидасын жасау

VI- кезең «Уланбасын өмірің» кеңес


Әр топ дайындап келген көріністерін көрсетеді.

1-топ. «Дәрігерге шағым»

2-топ. «Анамен қызлың» әңгімесі.

VIII-кезең Қорытынды.

Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек. Күй .

ІХ- кезең Кері байланыс


Рухани жаңғыру аясында

«Зиянды заттар зардабы» тақырыбында

өткізілген дөңгелек үстелге берілген анықтама

Мақсаты:

1.Білімділік : темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;

2.Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу

3.Дамытушылық: осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.

Дөңгелек үстелге мектеп және ауыл медбикесі шақырылып оқушыларға көптеген кеңестер берілді. Дөңгелек үстелдің басы «денсаулық» сөзін қолдана отырып тілек айтумен басталды. Зиянды заттар соның ішінде темекі, ішімдік, нашақорлық туралы бейне баян, слайд көрсетіліп оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Денсаулыққа қатысты мақалдар туралы суреттердің шешуі талданып, берілген суреттер арқылы постер қорғады. Денсаулық пирамидасын жасап, ананың баласына, дәрігердің емделушіге берген кеңесін образға еніп сомдады. Кері байланыста стикерге қатысушылар өз ойларын жазды.

Picture 1 Picture 2

Picture 3 Picture 4







Сынып жетекші: Джанбузова А.С



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі