Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зиянды заттар зардаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиянды заттар зардаптары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Зиянды заттар зардабы

Мақсаты: Темекінің, арақтың зиян екенің түсіндіру,

нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.

Әдісі: Конференция түрінде өтетін сабаққа баяндама, тәжірибе, ойын-

тренинг, пікірталас, топтастыру қолданылады.

Көрнекілігі: “Ойлануға арналған бұрыш, ‘зертханалық кешен”(темекінің әсері), нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Бүгін біз “Адамзатқа төнген қауіпті дерт” деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, мына сөздерге көңіл аударайық:

  1. Темекі

  2. Алкоголь

  3. Есірткі

Қайсысын алып тастар едіңіз? Неге?

  • Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсысына да көңіл аударсақ, бұлар бір- бірімен тығыз байланыста.

  • Балалар, сендердің жастарын нешеде?

  • 14- 15- те, яғни сендер қазір жасөспірімсіңдер. Жасөспірімдік кезең- сендердің адам болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі даму кезеңі.

  • Ал, балалар, сендер өздеріңнің есейіп жатқандарыңды байқайсыңдар ма? Сендердің айналаға қарап киінуге, жақсы жүруге талпынатын кезеңдерің.

  • Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларын келе ме?

  • Әрине, ата- ана, ұстаздың көзінше бала бұларды мойындағысы келмейді. Ал кейбір жасөспірімдердің негізгі ойлары: темекі шегу- ересек болып көріну.

Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады, ата- анасын тыңдамайды. Л. Толстойдың “Жастық” повесінде: “...шылымның иісі жағымды көрінді, аузымда қышқылтым дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға тырыстым, көп кешікпей бөлменің іші көгілдір түтінге толды. Аздап басым айналды. Мен әрекетімді тоқтатып, қолымдағы түтікшемен айнаға қарау үшін орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала бастады, әрең деп айнаның алдына жеткенде, одан мен өзімнің ақ шүберектей бозарған өнімді көрдім.

Мен шындап қорықтым... және қатты бас аурумен әлсіреп төсекте ұзақ жаттым...” деп жазылған.

  • Ия, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады.Темекі шегуді тез арада тоқтатпаса, никотинге тәуелділік туады.

Темекі шегетіндер шекпейтіндерге қарағанда жүрек ауруына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 17 мыңдай адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық, бүйрек қатерлі ісіктері темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Рактан өлгендердің 30 пайызы темекі шегуге байланысты.

  • олай болса, ағзаға темекі қимайының әсерін дәлелдеу үшін ‘зертханалық кешенге” жүгінейік.

  • Темекі тарту неѓ±рлым кењ тараѓан зиянды єдеттердіњ бірі. Ол жасµспірімдердіњ бойында, кµбіне µздерініњ “есейгендігін” кµрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекініњ ќ±рамындаѓы негізгі єсер етуші зат – никотинніњ шамалы ќоздырушы єсері. Міне сол темекі тарту єдетін ќалыптастыруѓа себепші болады. Никотинніњ м±ндай ќасиеті халыќ арасында “темекі” адамды сергітеді, оныњ интеллектуалдыќ белсенділігін арттырады” деген ќате пікір тудырѓан. Алайда никотинніњ м±ндай єсері организмге зиянын тигізіп т‰птеп келгенде нерв ж‰йесін єлсіретеді. Ойланып толѓанатын сєттерде кейбіреулер ‰здіксіз темекі тартады, біраќ кµњіл к‰йі кµтерілудіњ орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, тањдайы кебірсиді, ±йќысы келеді.)

Темекіні тартуды кµптен бері єдетке айналдырѓан адамдарда никотинді ќажетсіну сезімі туады, яѓни олар темекі тартуын ќойса немесе кемітсе, кµњіл ќошы болмай µздерін ауыр сезінеді. Ќалай болѓанда да никотин жєне темекініњ жану барысында шыѓатын басќа да заттар денсаулыќќа зиянды єсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту ќажет.

Темекі тартудыњ бастапќы кезінде – аќ тыныс алу жєне ж‰рек тамыр ж‰йелері ќызметініњ б±зылып, дене м‰шелері мен ткандердіњ оттегімен ќамтамасыз етілуініњ нашарлай бастаѓаны (темекі артерия ќанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері єсер етеді) байќалады. Темекі тартатындар ж±ќпалы ауруларѓа шалдыќќыш мысалы, олардыњ араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарѓа ќараѓанда 4 есе жиі ±шырасады. Табиѓи жєне µндірістік факторлардыњ ќолайсыз єсеріне тµзімсіз келеді. Темекі тарту ж‰рек тамыр ж‰йесініњ тыныс алу жєне ас ќорыту м‰шелерініњ ауруѓа шалдыѓу, ќатерлі ісіктіњ пайда болу ќауіпін тудырады

  • Жарайды. Олай болса, тәрбие сағатымызды одан әрі өрбіту үшін ойлануға арналған бұрышты пайдаланайық.

  • Ал, балалар темекіні көп тарту, оған тәуелді болу неге әкеліп соқтыру мүмкін?

  • Ия, темекі – есірткіге апаратын бірден- бір жол.

  • Оқушыларға төмендегідей жағыдаяттар келтіріледі.

1-жағыдаят:Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасына айтайын десең,олар маскүнем.Ұстазына айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?

2-жағыдаят:Тоғыз бітірген бір көршің саған есірткімен ауызданғанын және оны шеккенде керемет күй кешетінін айтты.Тіпті сені де ауыздандырғысы келді.Сен қабылдар ма едің?

3-жағыдаят:Саған 11 сынып оқушысы: «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуміз ғана білетін болайық.Әйтпесе.......»,-деп жұдырығын көрсетіп,шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?


  • Есірткіні, әлбетте, қызығудан немесе жаңа әсер алу үшін қолданады, яғни есірткіні “компания” үшін немесе “тормоз” болмау үшін татып көреді екен қазіргі жасөспірімдер. Ең бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ләззат ала отырып, ешкім де оның арқалаған жүгінің ауырлығын және қайғылы салдарын біле бермейді.

  • Әрбір ата- ана өз баласының жаман әдеттен аулақ болғанын қалайды. Олай болса, біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ болып, Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан- 2030” бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын сақтауымыз керек.

«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін сөйлетеді.

Д- дұрыс дем алу

Е- ерінбеу керек

Н -ниеттену

С- спортпен айналысу

А- ағзаны шынықтыру

У- уақытты дұрыс пайдалану

Л- лайықты өмір сүру

Ы- ынта-ықылас алға жетелейді

Қ- қозғалыс ағзаны шынықтырады


Осы бастан “Өз денсаулығым- өз қолымда” деген сөйлемді ұран етіп алыңдар. Сонымен тәрбие сағатымызды Жамбылдың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “Денсаулықты ешкім де, ешқашан да сатпайды, сатып алмайды, сондықтан оны қадірлеген жөн”.



34 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы




Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

Зиянды заттар зардабы




Сынып: 8а

Машықкер: Нурушева Н.М.





Орал 2010 жыл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12