400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Зиянкестерге қарсы улы химикатты арамшөптермен алмастыру» Ғылыми жоба Бейсенбай Елдар

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Сарқан ауданы Қарабөгет ауылы Аль-Фараби атындағы орта мектебі МДШО және Еркін БМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Жоба жұмыстың тақырыбы:

«Зиянкестерге қарсы улы химикатты арамшөптермен алмастыру»



Бағыты: Жаратылыстану, физика – математикалық

Секция: Экология



Орындаған: 11 сынып оқушысы Бейсембай Елдар

Жетекшісі: Ахметова Карлыгаш Елубаевна















2020 жыл









Аль– Фараби атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы

Бейсенбай Елдардың

«Зиянкестерге қарсы улы химикатты

арамшөптермен алмастыру»

атты ғылыми зерттеу жұмысына берілген



Пікір


Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездесетін арамшөптер. Осы тақырыптағы жұмыс Елдарды ертеден ойландыратын, себебі ауылдастарының бау-бақшасы зиянкестердің әсерінен біршама құрып кеткенін көрген. Міне оның себебін білуге оған қалай көмектесуге болатыны туралы сұрастырып жүретін. Кітапханадан осы сұрақтарының төңірегінде көптеген мәліметтер, деректер жинақтауға бағыт беріп оқушының іздену барысында емдік қасиеті бар өсімдіктердің түрлерімен оларды қолдану жолдарымен танысты.

Деректер қоры жиналды. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. 
Бақша дақылдарын зақымдайтын зиянкестерден туындайтын аурулар, олардың түрлері, олармен күресу шаралары жөнінде құнды мағлұматтар жинақтай білген. Зиянкестерге қарсы күресу жолдарының көрсетілуі ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерінің бір шешімін тапқандай. Жинақталған материалды қазіргі таңда факультатив курсқа негіздеуге болады.



Жетекші мұғалім: Ахметова Қ.Е

биология пәнінің мұғалімі





















Алматы облысы Сарқан ауданы Аль-Фараби атындағы орта мектебі МДШО коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Бейсенбай Елдар Бидахметұлы «Зиянкестерге қарсы улы химикатты арамшөптермен алмастыру» тақырыбындағы ғылыми жұмысына

СЫН-ПІКІР

Бау-бақшадағы жеміс-жидектерде болатын әр түрлі зиянкестерге қарсы ұдайы улы химикаттарды қолдана бермей, оның орнына арамшөптердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдерінен жасалған тұнба және қоспаларынан жасалған қайнатпаларын қолдану туралы ізденген.

Зерттеу барысында зерттелетін нысан туралы ақпарат алу үшін бақылау және тәжірибе жасаған. Сонымен қатар, кітапханада материалдарды оқып танысу, интернет ресурстардағы ақпаратпен танысып, өз көзқарасымды қалыптастыру арқылы қорытынды жасалған.

Бау-бақшалардағы жеміс-жидектерді қорғау мақсатында әр түрлі улы химикаттар шашуда зиянкестерге қарсы әрдайым бір түрін пайдалану барысында, зиянкестердің препараттарға бейімделіп алу қаупі бар екендігіне теориялық және практикалық түрде зерттеулер жүргізген. Кезектесіп қолдану жақсы нәтиже беретіндігіне қорытынды жасаған.

Жалпы ауылшаруышылығы зиянкестері- қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, шырыштар жатады. Қоректенуіне байланысты монофагтар, олигофагтар және полигофагтар болып үш топқа бөлінетіндігіне тоқталған.

Бау –бақшадағы зиянкестерге қарсы күресуде қанқызы қоңызының, құстардың қаншалықты пайда әкелетіне мысалдар келтірілген. Бірақ зиянкестер саны көбейіп кетсе, әр түрлі улы химикаттар шашады. Зиянкестерге қарсы әрдайым бір түрін пайдалану барысында,зиянкестерге шашатын препараттардың түрлерін ауыстырып тұру және арамшөптердің тұнбалары мен қайнатпаларын аралық кезде шашу мақсатында жүйелі қолдануға нақты күресу жолдарын ашып жазған.

Тұнба дайындау кезінде барлық қорғану ережелерін ескерткен.

Жұмысы ретті, талапқа сай, қорғауға тұрарлық еңбек.



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік

Университеті, жаратылыстану кафедрасының

аға оқытушысы, биология магистрі













Жобаның негізгі мақсаты:



Арамшөптер пайдасын зерттеу арқылы, оны қандай жағдайларда пайдалануға болатынымен кеңірек танысу.





Жұмыстың кезеңдері:

І - кезең 20.10.-23.05.2018 жылы басталып тақырыпқа қатысты материалдар жиналып, жүйеленді. Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.



ІІ – кезең 23.07-10.09.2019 жылы жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізілген нәтижелер анықталды.



Зерттеудің өзектілігі- Бау-бақшадағы жеміс-жидектерде болатын әр түрлі зиянкестерге қарсы ұдайы улы химикаттарды қолдана бермей, оның орнына арамшөптердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдерінен жасалған тұнба және қоспаларынан жасалған қайнатпаларын қолдану. Түрлі химиялық жолмен жасалатын препараттар орнына, экологиялық таза өнім алу үшін арамшөптерден жасалған тұнбаларды қолдану. Бұл биологиялық әдістің қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтаудың тиімді жолы екендігіне көз жеткізу.



Эксперимент әдістемесі:

Зерттеу барысында зерттелетін нысан туралы ақпарат алу үшін бақылау және тәжірибе жасалып, тікелей сол тақырыпқа қатысы бар адамдармен сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, кітапханада материалдарды оқып танысу, интернет ресурстардағы ақпаратпен танысып, өз көзқарасымды қалыптастыру арқылы қорытынды жасалды.



































Аннотация:

Бау-бақшалардағы жеміс-жидектерді зиянкестерден қорғау мақсатында әр түрлі улы химикаттар шашылады. Зиянкестерге қарсы улы химикаттардың әрдайым бір түрін пайдалану барысында, зиянкестердің препараттарға бейімделіп алу қаупі бар. Сол себепті біріншіден, препараттарды ауыстырып тұру, екіншіден, арамшөптерден дайындалған тұнбалар мен қайнатпаларды зиянкестердің көбеюі баяулаған кезде шашу мақсатында қолдану. Өйткені химиялық заттарды ұдайы қолдану адам денсаулығына қауіп төндіреді. Кезектесіп қолдану жақсы нәтиже береді. Тұнба дайындау кезінде барлық қорғану ережелерін ескеру керек.











































































Мазмұны

Кіріспе ................................................................................................................. 7



КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЕГІСТІКТЕ ЗАҚЫМДАЙТЫН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР


    1. Зиянкестердің түрлері ........................................................................... 8


    1. Зиянкестерге сипаттама ...................................................................... 12


    1. Арамшөптердің түрлері.......................................................................... 13


    1. Күресу шаралары ...................................................................................... 16



    1. Арамшөптер күшті фитонцидтер ...................................................... 17



    1. Арамшөптер таптырмас тыңайтқыштар Болашақтағы тақырыбым ........18



ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 19










































  1. Кіріспе

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге, пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дарілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайын халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен кағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбалардан өсімдіктерді ауру-сырқаттарды емдеуге пайдалану ілімі біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда Шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар, өсімдіктердің жапырақтарын, тамырларын,сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтин әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осы мен қатар сол уақыттың өзінде-ақ, дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеттері жойылатындығы ашылып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен Шумерліктер кейбір өсімдіктерді жинау керек екенін ұсынған. Вавилондықтар мен Ассириялықтар сол Шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте тускен. Ассирия мемлекеттерінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақтар болған. Египеттіктер олардан үйреніп дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз, тағы басқа өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар Ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп өсірумен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шетелдерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктерді фармокологиялык әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын, қақырық түсіретін топтарға қарай бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқаудан емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта әр түрлі жүргізілген. Осыдан кейін жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.

Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездесетін арамшөптер. Осы тақырыптағы жұмыс мені ертеден ойландыратын, себебі ауылдастарымның бау-бақшасы зиянкестердің әсерінен біршама құрып кетті. Міне оның себебін білуге оған қалай көмектесуге болатыны туралы сұрастырып жүрдім. Кітапханада болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп іздендім. Іздену барысында емдік қасиеті бар өсімдіктердің түрлерімен оларды қолдану жолдарымен таныстым. Деректер қоры жиналды. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. 
Жалпы ауылшаруышылығы зиянкестер-қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, шырыштар жатады. Қоректенуіне байланысты монофагтар, олигофагтар және полигофагтар болып үш топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен(жұмыр құрттар,өсімдік қоректі көбелектер,шырыштар),олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен(орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоңыздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) қоректенеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын жемістерін кеміріп сорып бүлдіреді. Зақымданған өсімдіктердің зат алмасу процесі бұзылады, өсуі, қор жинауы төмендейді немесе солып қалады. Көптеген зиянкестер өсімдік ауруларын таратады.

Әр түрлі факторлардың әсерінен мысалы, зиянкестерден қорғау мақсатында егістік жерлерге улы химикаттар және арамшөптерге гербицидтер шашылатыны бәрімізге де мәлім. Көптеген ауыл шаруашылықтары осы күнге дейін зиянкестермен күресіп келеді және ол одан әрі қарай жалғаса береді. Ондағы шашылатын пестицид, гербицидтер топырақ құрамында көптеген жылдар бойы сақталады екен. Ендеше онда жайылған ірі қаралардың сүті мен етін қолдану кезінде біздің организмімізге түседі емес пе. Бұл да адам ағзасына, ден саулығына зиян келтіретін фактордың бірі екені мәлім.















































































2.Негізгі бөлім

2.1 Зиянкестердің түрлері

2.2 Зиянкестерге сипаттама

2.3 Арамшөптердің түрлері



Өсімдік биті

Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік битінен зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді. Табиғатта әрбір тірі ағза бөлек өмір сүрмейді. Оны басқа көптеген тірі табиғат өкілдері қоршап жүреді және олардың барлығы бір-біремен тығыз байланыста тіршілік етеді. Ағзалар арасындағы арақатынас пен олардың өмір сүру жағдайларына әсер ететін табиғат құбылыстары болады. Табиғат құбылыстарында бір ағзалардың өмір сүру әрекеттері екіншілеріне әсер етуі жағдайлары бар. Табиғатта екі не одан да көп түрлердің бірігіп өмір сүруі жиі кездеседі. Ол көптеген жағдайларда екеуіне де қажет болып табылады. Бұндай бірге өмір сүрушілік ағзаның симбиотикалық («сим»бірге, «био»-өмір) арақатынасы деп аталады. Әр түрлі жануарлар арасындағы арақатынастар әсері жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Бір-біріне  жағымды арақатынастар көбіне пайда келтіреді. Бірігіп тіршілік ету арқылы пайдасын тигізді. Өсімдік биттері мен құмырсқалардың селбесуіне тоқталайық.

        Өсімдік биттеріне келсек, олардың  4000-ға жуық түрі белгілі, соның ішінде 1000-ға жуығы Еуропада мекендейді. Барлық өсімдік биттері өсімдік сөлімен қоректенеді. Бұдан басқа, көптеген түрлері өсімдік ауруларын таратады. Өсімдік биттері – кішкентай жәндіктер, көлемі бірнеше миллиметрден аспайды. Оны «ағаш биті» деп те атайды. Тек кейбір түрлері ғана 5-7 мм-ге дейін өсе алады.  Өсімдік биттерінде өсімдік жапырағы мен сабағын тесуге әдейі арналған құйрығы болады. Қанаты жоқ және қанаты бар түрлері болады. Біріншілері  өздері   көбеюмен қамтамасыз етілген, ал екіншілері қожайындары көмектеседі. Өсімдік биттері  көбіне көмірсутектері                                              мол өсімдік сөлімен қоректенеді және барлығынан бұрын оның құрамындағы амин қышқылдарын қажет етеді. Сонымен бірге олар көп көлемде тәтті «бал сөлін» бөледі, мұнысымен әр түрлі басқа жәндіктер мен омыртқалыларды  өзіне тартады.

     Өсімдік биттері негізінен жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлерге тірілей туу тән. Өсімдік биттерінің  көптеген түрі бірнеше ұрпақтар бойы көбейеді. Белгілі бір ұрпақ қанатты және әр түрлі жынысты болып туады. Қожайынын өзгертетін түрлерде бұл процесс жаңа өсімдікке орын ауыстыру кезінде және колонияның өте тез өсіп кетуінен болған қоныс аудару алдында болады. Қанатты өкілдері үлкен арақашықтықтарды меңгеріп, жаңа жерлерде жаңа колониялар жасай

меңгеріп, жаңа жерлерде жаңа колониялар жасай алады. Жаңа зерттеулерге сүйенсек, қанатты Өсімдік биттерінің  тууы «қан қызы» секілді қас жауларының шабуылы кезінде бөлінетін ерекше ароматты заттар әсерінен де болады. Бұл ескертуші заттар колонияны қатты қобалжытады. Бұл қоныс аудару эффектісіне тән, сондықтан қанатты ұрпақтың тез шығарылуына ықпал етеді.     Өсімдік сабағына жабысып алған биттер (тлялар)        Өсімдік биттерінің  10 туысы бар. Соның өмірде көп кездесетін түрі – нағыз өсімдік биті. Ол 1802 жылы табылған. Күнде көріп жүрген құмырсқалар мен  бірге тіршілік етеді. Құмырсқалармен симбиоз, яғни бірге өмір сүру тән. Кейбір құмырсқалар өсімдік биттерін (мирмекофилия)  қорғайды («бағады») және одан жауапты канты бар бөлінділер алады. Құмырсқалар өсімдік биттерінің  тәтті шірнесіне тез жиналады.

       Өсімдік биттері мен құмырсқаларда мутуализм арақатынасы бар. Құмырсқалар өсімдік биттерінің  бөлінетін  қантты «бал сөлімен» қоректенеді. Керісінше, құмырсқалар өсімдік биттерін  жыртқыштар мен паразиттерден қорғайды. Шынында, бал құмырсқалары өсімдік биттерінің  денсаулығы сау болу үшін өте қызықты, таңғаларлық   әрекеттер жасайды. Өсімдік биттері өзі мекендейтін өсімдіктің қантқа толы сұйықтығын сорып алады. Бұл сұйықтықтың құрамында азот аз болғандықтан, өзіне жеткілікті

құрамында азот аз болғандықтан, өзіне жеткілікті болатын азық алу үшін он өсімдік биті оны өте көп мөлшерде алады. Содан кейін сондай көп мөлшерде құрамында қант мөлшері жоғары «бал сөлі» деген қалдық шығарады. Қант бар жерде де құмырсқалар болады. Кейбір құмырсқалар қарны өте ашқан кезде, олар бал сөлін алу үшін тіптен өсімдік битін «сауады». Ол үшін құмырсқалар мұртшаларымен өсімдік битін  сипайды! Кейбір жағдайларда, өсімдік биті  бұған үйреніп кетіп, сөлді өз бетінше шығару қабілетінен айырылды.

       Құмырсқалар өз өсімдік битін  «бағады», олардың дұрыс тамақтануы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мекен етіп жүрген өсімдікте азық таусылса, құмырсқалар оларды жаңа өсімдікке апарады. Егер жыртқыш жәндіктер немесе паразиттер  өсімдік биттеріне  зиян жасауға тырысса, құмырсқалар оларды жан-тәнімен қорғайды. Кейде құмырсқалар қан қызы сияқты жыртқыш жәндіктердің жұмыртқаларын бұзуға дейін барады. Өйткені қан қызы көбейіп өсімдік биттеріне қауіп төнбесін деп ойлайды.

      Бал құмырсқаларының кейбір түрлері қыс кезінде де өз өсімдік биттеріне қамқор жасауды жалғастыра береді. Олардың жұмыртқаларын үйіне апарып, өз ұясында тығып қояды. Оларды жылы жерде, ылғал жерде сақтайды да, егер бұл шарттар бұзылса, басқа орынға тасиды. Көктемде өсімдік биті жұмыртқасынан шыққанда,  оларды өсімдікке апарып қоректендіреді.

Құмырсқалар өсімдік биттерін  жалпы қамқоршысы болып келгенімен де, олар өз пайдасын әрқашан ойында ұстайды. Өсімдік битінде  негізінен қанат жоқ, бірақ белгілі бір табиғи жағдайлар оларда қанат пайда болуына әсер етуі мүмкін. Егер оладың саны тым көп болса  немесе   азық көзі таусылса, қанаты бар өсімдік биті жаңа жерге ұщып кетуі мүмкін. Өз азығын жоғалтқысы келмейтін құмырсқалар  өсімдік биттерінің  енді дамып келе жатқан қанаттарын жұлып тастайды. Бұл өсімдік биті үшін пайдалы. Өйткені олар ұшып кетсе, құмырсқалар оны қорғай алмай, басқа жыртқыштар оларды жойып жібереді.

Құмырсқалар өсімдік биттерін «сауатынын» Карл Линней білген болатын. Сондықтан ұлы ғалым өсімдік битін құмырсқаның сиыры деп атаған. Бірақ тек қана 100 жылдан соң 1861 жылы, неміс натуралисті Хубер бұл симбиоздың қызық түрін терең зерттеп, бейнелеп берді.

Өсімдік биті құмырсқаларды қантымен тартады. Қант, яғни оның ерітіндісі біз білетіндей  өсімдік биттері қарнының артқы бөлігінен шығарады. Шынында бұл эксперементтер, тек өте тәтті: қант сиропына айналдырылған (диастаза ферментінің әсерінен) өсімдік сөлі. Өсімдік биті оларды сондай

әсерінен) өсімдік сөлі. Өсімдік биті оларды сондай көп мөлшерде сорады – оны толығымен қорытып, сіңіруге үлгермейді.

  Кейде өсімдік битінің қарнының соңында кішкентай тәтті тамшы қалып қояды. Өсімдік биті оны артқы аяқтарымен өзінен итеріп, әрменірек лақтырады. Тамшылар жапырақтар мен өсімдік сабағына түседі де, оларды тәтті жылтыр жабын  жабады. Осы өсімдік биттерінің  шығаратын заттарын немістер «бал сөлі» деп атайды. Құмырсқалар осы сөлді ұнатады. Басында олар оны жапырақтардан жалап жейтін, кейін оны бірден өсімдік биттерінің  қарнынан алып алуға үйренген. Содан соң құмырсқалар мен өсімдік биттерінің  қарым-қатынастары тығызырақ болды: өсімдік биттерінің көптеген түрлері жақын жерде құмырсқалар жүрсе, тәтті бөлінділерді шашыратып шығармайды, құмырсқалар өздері келгенше күтеді.

  Бұрыннан құмырсқалармен симбиозда өмір сүретін өсімдік биттері «балын» шығара алмайтын болып қалған. Құмырсқа оны мұртшалармен қыдықтайды – сауады. Сонда өсімдік биті тәтті сұйықтықтың тамшысын шығарады. Құмырсқа – шопан оны бірден ұстап алып, сабақпен төмен қарай жүгіреді. Өзінің бауыр құмырсқасын кездестіреді де, оны тоқтатады. Шамалы уақыт олар бір нәрсе туралы кеңеседі, сосын мұртшаларымен «амандасқандай» болады. Содан кейін құмырсқа-шопан екіншісіне тәтті жүкті береді де, өзі қайтадан өсімдік битіне асығады. Өсімдік битін жиірек қыдықтаған сайын, ол көбірек тәтті сөл өндіреді.

   Кейбір өсімдік биттерін құмырсқалар «сауған» кезде, шамамен әрбір минутта бір тамшы шығарады. Ол үзілмей жапырақтан құмырсқаның аузына өсімдік сөлін бөледі.

  Қара ағаш құмырсқасы жазда 5,107 литр (6,454 кг) «сүт сауады». Оның 20 мың өсімдік биттерінен тұратын колониялар көне кесілген ағаштар ішінде орналасқан.

   Сорғыш бақша құмырсқасы басқа түрдің өсімдік биттерімен бірлесіп тіршілік етеді. Олардың  илеуі үлкен емес: оларда шамамен 4 мың құмырсқа бар және соған орай жазда 1,7204 л (2,145 кг) сүт береді.

   Құмырсқа сұйық өнімін таситын «сүт құятын» мөлшері  қара ағаш құмырсқасында  2 куб мм, ал бақша құмырсқасында кішірек – 0,81. Бірінші түрдің құмырсқасы илеуіне 5 литр тәтті «сүт» әкелу үшін, 2 124 000 рет жайылымға және керісінше жол жүріп өті керек, ал бақша құмырсқасы сол жолды 2 553 000 рет жүреді.

   Әрине, өсімдік битін бір ғана құмырсқа

   Әрине, өсімдік битін бір ғана құмырсқа саумайды, шамамен жұмысшы құмырсқалардың 15-20 проценті. Сонда да әр ағаш құмырсқасы жазда жайылымға 500 рет, ал бақша құмырсқасы 2 жарым мың рет барады: күніне 25 рет ол онда барып-қайту керек екен!

 Құмырсқалар өсімдік биттерін тек қана сауып қана қоймайды, оларды одан басқа тағы да көп жұмыстары  бар. Күзде оларды ұядағы жылы жерге апару керек. Көктемде жайылымға шығару қажет.

 Өсімдік биттерін жауларынан және жағымсыз ауа райынан жақсырақ қорғау үшін құмырсқалар өсімдік сабақтарын топырақпен жауып, олардың үстіне жеркепелер салады. Олардың астында өсімдік биттері толық қауіпсіздікте өсімдік сөлін сорып жатады. Жеркепелердің кіретін және шығатын жерлерін жақсы қорғайды. Өсімдік биттеріне  жасалынған қорғаныштарды көп көруге болады.

   Егер құмырсқалардың бәйтерек түбіріндегі терең ұяларын ағаш қалдықтарынан жасалған қорғаныштарын бұзса, онда өсімдік биттерін  көруге болады. Қорқып кеткен өсімдік биттері  ағаштан құйрықтарын шығаруға асығады, бірақ оны бірден шығару оңай емес. Құмырсқашопандар қашудың орнына ағаштан шыға алмай жатқан өсімдік биттеріне  жүгіріп барып, оларды бар күштерімен тартады. Содан соң оны көтеріп алып, қашып кетеді. Кейбір өсімдік биттері  солармен бірге қашады, ал құмырсқалар оларды қорғап жүреді.

 Өсімдік биттері  ешқашан және еш жерде құмырсқаларсыз көре алмайсың. Тіптен олардың жұмыртқалары қыста құмырсқа ұясында сақталады. Құмырсқалар оларды жалап, өзінікіндей күтеді. Ал көктемде олардан шыққан «бұзауларды» ағаш бұтақтарына апарады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, өсімдік биттері құмырсқалардың көмегінсіз тәтті тамшылар шығара алмайды. Тек қана құмырсқалардың мұртшаларымен жасалған массаждан кейін ғана сөлді бөледі. Өсімдік биттері  мен құмырсқалардың арасындағы байланыстың тағы бір таңғаларлық формасы ашылды. Өсімдік биттер тобына, мысалы «қан қызы» жақындаған кезде, оларды бірінен соң бірін жей бастағанда қауіпті сезген өсімдік биттері  ұшқыш зат  бөле бастайды. «Қауіп иісін» сезген өсімдік биті құйрықшаларын шығарып, жыртқыштан қашуға тырысады және бұл жиі олардың қолынан келеді. Өсімдік биттері  «бағып» жүрген құмырсқалар бұл заттың иісін танып, көмекке жетіп келеді.

       Ең таңғалдыратыны, құмырсқалар келгеннен кейін, өсімдік биттері қауіп заттарын бөлуді тоқтатпайды, бірақ өздері оған көңіл бөлмейді. 

      Жоғарыда айтылғандардан мынадай  қорытынды жасауға болады: құмырсқалар мен өсімдік биттерінің  өзара пайдалы арақатынастарында үлкен мәні зор. Нәтижесінде құмырсқалар өсімдік биттеріне, ал олар өз кезегінді құмырсқаларға әбден үйреніп селбесіп тіршілік етеді. Бұл  құмырсқалар мен өсімдік биттерінің  арасындағы өзара пайдалы симбиоз табиғаттағы көп кездесетін жағдай.



Кәдімгі өрмекші кене.



Қазіргі кезде өршіп тұрған ошақ кең көлемде тараған кәдімгі өрмекші кене.

Акариформдылар (Асаriformes) ортядының өрмекші кенелер (Теtrаnусһіdае) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе Қазақстаннын оңтүстігінде мақтаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аймақтарда жылыжайларда өсірілетін өсімдіктерді зақымдайды. Аналық кененің дене пішіні сопақша,ұзындығы 0,43 мм, түсі сұрғылт-жасыл бүйір жақтарында қара дақтары бар, қысқа біркелкі сарғылт-қызыл болады. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, дернәсілдер шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.Кәдімгі өрмекші кене - өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарына жататын 200-ден астам түрлерімен қоректене алатын көп қоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, картоп, бұршақ, бүлдірген, қызылша, алма және көптеген бақша дақылдарына зиян келтіреді. Ұрықтанған аналык кенелер мақта егістіктерінде, танаптар аралығындағы басқа учаскелерде, арық бойында және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т.б. жерлерде қыстайды. Көктемде, тәуліктің орташа жылылыгы 7-10°С-ға жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашқыда жабайы өсімдіктер мен ағаш-бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға немесе басқа дақылдарға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлеп салады және сонымен катар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін өте жіңішке өрмек жіпшелермен шырмап тастайды. Әр аналык кененің өсімталдығы 100-120 жұмыртқаға жетеді. Кененің бір генерациясының дамуы жаз айларында 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең қолайлы ауа температурасы 29-31°С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы -35-55%. Оңтүстік Қазақстан облысында бір жылда 15 генерация беріп дамиды. Кенелер мен олардың дернәсілдері дақылдар жапырақтарының астыңғы бетінде шоғырлана колония құрып тіршілік етеді. Қатты зақымданған жапырақгардың түсі қоңырқайланып, курап қалады. Өсімдіктер жапырақтары кенелердін зақымдауынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан өсімдік гүлдері түсіп қалады, ал мақта кауашақтарының салмағы кеміп, талшықгарының сапасы төмендейді.

Кәдімгі өрмекші кененің тіршілігі жылытылатын жылыжайларда ерекше дамиды. Ұрықтанып диапаузаға кеткен аналық кенелер жылыжайлар мен парниктердің касегі жарықтарында, сабаннан немесе қамыстан жасалған төсеніштерде, өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Олардың реактивация кезеңі 0 - 10°С дейінгі температурада 45-60 күнге созылады, яғни қиярдың тұқымын себу немесе көшетін отырғызу кезінде кенелер өсіп- жетіліп, көбеюге қабілетті болады. Қысқы жылыжайларда өрмекші кененің алғашқы 4-5 ұрпақтары қысқа күн (ақпан-сәуір айлары) жағдайларында тіршілік етеді. Күндізгі жоғары температураның (23- 25°С) әсеріне байланысты популяцияның көпшілік бөлігі күннің қысқалығын сезбей, дамуын жалғастыра береді.Ал жылыжайдың температурасы 23°С төмен болатын салқындау жағын мекендеген аналык, кенелердің біраз бөлігі (16-38%) қысқа күннің әсерінен есімдіктерді тастап, диапаузаға көшеді. Реактивизациядан кейін олар өсімдіктерге қайта келіп, көбейе бастайды. Сондықтан қыс кезінде жылыжайларда кенелерге қарсы күрес тәсілін ұйымдастыруда олардың алғашқы ошақтарын дер кезінде тауып алып, алғашқы ұрпақтың аналық тарын жою шешуші роль атқарады. Егер осы кезеңді өткізіп алып, кенелер популяциясының жартысына жуығы қысқы диапаузаға кетіп үлгірген болса, онда барлық вегетациялық кезең бойы зиянкестен құтылу қиынға соғады. Себебі диапаузаға кеткен ұрғашы кенелер басқаларына қарағанда акарицидтердің улы әсеріне төзімді келеді. Өрмекші кене әсіресе қияр, қауын, асқабақ, қабақша дақылдарына қатты зиян келтіреді де қызылша, шпинат, аскөк, балдыркөк, ақжелкен, бұрыш, қызанақ өсімдіктерін аз дәрежеде зақымдайды. Ал пияз бен сарымсаққа және қырыққабатқа ешқандай зиян келтірмейді.



Арамшөптер (Дәрілік өсімдіктер)


Жусанның сабақтары тік немесе көлбеу, көбінесе түптеніп өседі. Жапырақтарының пішіні әр түрлі кезекті орналасқан. Түптеніп өскен жеке сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл шоғы бар. Сабақтары ұзынды-қысқалы, бір жылдық немесе көп жылдық болады. Көп жылдық сабақтары тұқым бермейді. Гүлі сарғылт. Жеке гүлдер диаметрі 1,5-1 мм-дей ұсақ зембілше және оның жүйесінде тұқым беретін болады. Гүл шығаратын бұтақшалары шілді-тамыз айларында пайда болып, қыркүйектің басында себет гүлі жарылып, майда тұқымдары шашылады. Тұқымнан өте баяу өседі. Бірінші жылы биіктігі 10-12 см бір ғана сабақ шығады. Бірінші және екінші жылы ғана гүлдейді, осы кезде 3-5 гүл (шоғырын) шығаратын сабақтар шығарады.

Қалақай ( Urtica) — Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.

Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.

Қырмызыгүл (лат. Calendula)–  жартылай бұта,бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 см-дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапырақтары ұзынша қондырма, қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Гүл шоғы ұзын гүл сидамына орналасқан себетгүл, оның шетін 1- 2 қатар жапырақ қоршап тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-ақ қос жынысты, хош иісті. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айының аяқ шенінен бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі - дәнек. Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол - дәрілік қырмызы гүл. Оның құрамында календен атты ащы зат, әр түрлі  шырышты заттар және  иілік заттар бар. Қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тамаққа пайдаланылады. Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі. 

Мыңжапырақ (Achіllea)-күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық облыстарында жазық жерлердегі шалғындарда, ашық ормандарда, жол жиегінде, сондай-ақ, егістік алқаптарда арамшөп ретінде өсетін 11 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетіні кәдімгі мыңжапырақ. Оның биіктігі 5 – 20, кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімденген, жатаған тамырлы. Ақ, қызғылт түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир май камфора,  сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К  фитоцидтер, спориттер бар. Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жарақаттардың жазылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады. Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында өт қалтасына тас байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады.

3. Зерттеу жұмысы.

3.1 Күресу шаралары

3.2 Арамшөптер күшті фитонцидтер

3.3 Арамшөптер таптырмас тыңайтқыштар


Бау –бақшадағы зиянкестерге қарсы күресуде қанқызы қоңызының, құстардың қаншалықты пайда әкелетінін біздер білеміз. Бірақ зиянкестер саны көбейіп кетсе, олармен күресу оларға да қиындай түседі. Міне сол кезде бау-бақшалардағы жеміс-жидектерді қорғау мақсатында әр түрлі улы химикаттар шашады. Зиянкестерге қарсы әрдайым бір түрін пайдалану барысында, зиянкестердің препараттарға бейімделіп алу қаупі бар. Сол себепті біріншіден, зиянкестерге шашатын препараттардың түрлерін ауыстырып тұру және аз мөлшерде қолдану. Екіншіден, өсімдіктердің, арамшөптердің тұнбалары мен қайнатпаларын аралық кезде шашу мақсатында жүйелі қолданып тұру керек. Неге зиянкестерге қарсы аралық кезде шашу? Себебі, зиянкестерге қарсы шашылған химикаттардың мөлшерін азайту, ден саулыққа пайдалы экологиялық таза өнім тұтыну үшін және зиянкестерге шашатын арамшөптерден дайындалған тұнбаның өзін жылма жыл ауыстырып отыру, яғни кезектесіп қолдану жақсы нәтиже береді

Арамшөптерден тұнба дайындау әрі арзан және қолжетімді. Арамшөптер туралы мәліметке ой жүгіртсек: Арамшөптер егістік жерлерді қопсытып жоюға болмайтын, аз-аздап көктеп шығып, көпке дейін жаңадан қайталап көктей беруін қамтамасыз етіп тұратын тұқым қоры жатқан қойма сияқты. Шынында да, біздің көне егістік жерлеріміз арамшөптердің саны жағынан бай, сан алуан арамшөпке толы қойма екені рас. Арамшөп тұқымының әр кез көктеп шыға беретін ерекше бір қасиеті бар. Мұның өзі тіршілік ету жолындағы күресте пайда болған қасиет. ( 1.,123 бет)




Жинау тәртібі:

Қосымша ресурстарға жүгінсек, ғаламшардағы күн жүйесіндегі планета жердің серігі айдың адамға және дәрілік шөптерге әсер ету қасиеті бар екен. Арамшөптердің, дәрілік өсімдіктердің шырынының ағысы ай толғанда төменнен өсімдіктің жоғарғы бөлігіне жылжиды екен. Ай қайтқанда шырыны тамырға қарай жылжиды. Сондықтан тамырында энергия мен күш болады екен. Бұл фактыны шөптерді жинау кезінде міндетті түрде ескеру керек, яғни өсімдіктің қай бөлігін қай кезде жинауға болатынына бағдар алуға болады. Сонымен қатар кеппе шөптер дайындау технологиясына да баса назар аударған жөн. Арамшөптер өте өсімтал болғанымен кейбір түрлері ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан жапырақтары, тамырларының бұзылмағандығына көз жеткізу керек. Содан кейін барып жинауға болады. Сонымен қатар, шөптерді міндетті түрде түске дейінгі уақытта және құрғақ кезде жинап кептіру әлде қайда тиімді.

Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болмаған себептен болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» -деген мақалға үңілсек. Жарықтың жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру-өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Ал зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып, жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін тоқтатады.

Дұрыс күтіп-баптаған өсімдіктер ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекцияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділерімен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі. Сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Ең көп зиян келтіретін жәндіктер-өсімдік биті, өрмекші кене, кенелер.



























Өсімдік битімен күресу шаралары:

Фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Химиялық әдістің пайдасы көп. Бірақ химиялық әдіске қарағанда биологиялық әдістің аралық шашу жолы пайдалылығы көп. Оларды қолданған кезде қоршаған орта пестицидтермен ластанбайды. Биологиялық әдістің адамға, өсімдікке жалпы биоценозға әсер етпеуімен ерекшеленеді. Олар ақырын әсер етсе де, көпке дейін зиянды жәндіктердің санын көбейтпей тұрады.

Қазақстандық ғалымдар «триходермин» биологиялық препаратын алып жаңалық ашты. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін қолданылады. Биологиялық препараттың құндылығы- олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді екен.

Өрмекші кенемен күрес шаралары. Ауыспалы егісті ендіру және дақылдар егу кезегінің ретін сақтау, егістік танаптарды және олармен шектес арық бойы, жол жағаларында арам шөптерді жою, өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазалап, терең етіп сүдігер жырту.

Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) өрмекші кенені жою үшін бақтың айналасындағы арам шөптерден тазарту. 1 шаршы метр жердегі кененің санын алдым, ол 5кенені құрады, егер 20 данаға жетсе нитрофеннің 65% пастасымен (40-75 г+10л су) бүрку қажет. Кенелерге карсы екінші, үшінші және одан кейінгі жою шаралары кезінде мынадай препараттарды қолдануға болады: Аполло, 50% с.к. (0,4-0,6л/ға), Жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және сонымен қатар жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин ерітіндісімен (2,5 л/га) және инсектоакарицидтердің біреуінің қоспасымен бүрку шараларын жүргізу қажет. Инсектоакарицидтердің төмендегі біреуін пайдалануға болады: актеллик, 50% к.э. (1,0-1,5 л/га). Бұдан соң жылыжайды өсімдік қалдықтарынан ұқыпты тазалап, жоғарыда көрсетілген коспа ерітіндісімен екінші рет бүрку керек.

Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін реңкті жасыл түске айналады. Міне осы кезде оларға қарсы күресу шаралары жүргізіледі. Әйтпесе ересек дарақтарымен күресу қиынға түседі екен. Ұрықтанған аналық кенелер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Сондықтан да оларды осы кезде жою жолдарын жүргізеді. Өрмекші кененің аналықтары өрмек астына жұмыртқа (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәріздес мөлдір, анықтап қарамаса көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің жасуша шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де қурап түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда зиянкес 6-дан 18-күнге дейін ұрпақ бере алады. Ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады. Осы аралықта арамшөптерден дайындалған тұнбаны аралық шашуын қолдану керек.





Арамшөптерден тұнба дайындау:



  1. Жусанды турап жарты шелек немесе (700-800 гр) кептірілген шөбіне 10 литр суық су қосып 24 сағатқа қалдырамыз. Содан кейін 30 минут қайнатамыз да суытып, сүзіп 10 литр су қайта қосып арасына 7 күн салып шашамыз.

  2. Мыңжапырақты гүлдегенде қолданамыз. Ол үшін жердің беткі қабатында өсетін бөлігін жинап кептіріп аламыз. 800 гр кепкен шөбіне ыстық су құямыз да тұнба әзірлейміз. Тұнбаны тұндырып, шашады.

  3. 100 грамм дайын қыша ұнтағын 10 л суда жақсылап араластырып шашады.

  4. Календула гүлінің 200 гр тұқымына 10 л су құйып бір тәулік бойы тұндырады қолдануға дайын.

  5. Қалақайды гүлдегенге дейін қолданады ол үшін жапырақтарын ұсақтап турап жаңбыр суын құяды. (1:10) Тұнбаны 10 күнге қойып қояды да дайын болғанда оған 10 есе су қосып шашуға қолданады.

  6. Жуаның сыртқы сары қабығы 200 грамм алып оған 10литр жылы су құйып оны 4-5 күн тұндырып қоямыз. Алма ағашына әрбір 5 күнде шашамыз.

  7. Бақ-бақ өсімдігінің тамырын 200-300 гр немесе жасыл жапырақтары (400гр) 10 литр су құйып 2-3 сағатқа қалдырып тұндырып сүзіп 10-15 күн аралығында шашып тұрады.





Сақтану ережелері: Өсімдіктерді қайнату немесе тұндыруға арнаулы ыдыс алу керек. Ол ыдысты басқа нысанға пайдалануға болмайды. Қолға резеңке қолғап кию де сақтану шараларына жатады.





































4. Қорытынды:

Арамшөптердің зияны мен пайдасы қатар жүреді екен. Себебі арамшөптердің өсіп-өну қабілеттілігі жүйелі жүретіндіктен мәдени өсімдіктердің өсіп-өнуіне кедергі жасайды. Соған қарамастан арамшөптің мол қорын зиянкестерге қарсы препарат ретінде қолдануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар арамшөптердің көп бөлігін ашыту арқылы тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Және де оның ең маңыздысы арамшөптерден дайындалған тұнбалар адам ағзасына да, қоршаған ортаға да әсері жоқ экологиялық таза орта қалыптастырады.





Болашаққа алып отырған жұмысымның тақырыбы: Мәдени өсімдіктер үшін табиғи ашытқы тыңайтқышының әсері.

Мақсаты: Осы жобамдағы деректер қорын жетілдіре отырып, дайындалған кейбір тұнбалардың қалдықтарын ашытқы тыңайтқышына айналдыру жолдарын жалғастыру.

Арамшөптерден дайындалған тұнбаны тыңайтқыш ретінде де қолдануға болады. Ертеден келе жатқан жермен айналысқан шаруалардың осы күнге алып келген ежелгі рецептің құндылығы микробиология саласында кең ауқымда қайтадан жаңару, жаңғыру сатысында қолданылуда. Арамшөптерден дайындалатын ашытқы таптырмас тыңайтқыш. Себебі оның құрамындағы микроэлементтер мен микроағзаларға ыдырайды да жеңіл сіңірілетін тыңайтқышқа айналады. Ол да сыртқы ортаны ластамайды және адам денсаулығына зиян келтірмейді.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Агрономия зерттеу кітабы» 1995 жыл

  2. «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» Агибаев А.Ж, Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш

  3. Қазақстан мектебі,№11. 1992 жыл

  4. Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях. М: «Просвещение»,1982 жыл

  5. Қазақ тілі терминдерінің сапалылық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ. Құсайынов. –Алматы: «Мектеп» баспасы, ЖАҚ. 2002 жыл. -465 бет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі