400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Зияткелік сайысы "Ойлы болсан озып көр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы

№69 мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі:

Сыздыкова Мадина Досымхановна

«Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлер сайысы

Күні: 25.02.2017 жыл.

Сыныптар: 3 «А», 3 «Б».

Мақсаты: оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу;

Өтілетін түрі: сайыс, топтық жұмыс.

Барысы:

1.Мұғалім:

- Балалар, бүгін біздің 3 «А», 3 «Б» сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа екі сынып оқушылары ішінен 7 топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Бұл сайыста ұпай сандары қоржынға асық салумен есептелініп отырады. Ендеше, сайысқа түсер 7 топпен таныс болайық. а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік сайысымыздың сайыскерлерін шақырсақ. 1-топ: «Зерде»; 2- топ: «Зейін», 3- топ: «Болашақ»; 4-топ: «Жалын»; 5- топ: «Сұңқар»; 6- топ: «Достық», 7-топ: « Алғырлар».

2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік сайысының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейік:

І айналым: « Бәрін қажетке жаратамыз» деп аталады. Бұл айналымда әр топ үй жағдайындағы керексіз , қалдық заттардан бұйымдар ойлап тауып, сол жұмыстарын осы ортада қорғап алу керек.

ІІ айналым: «Көп сөйлеме» деп аталады. Бұнда арнайы уақыт беріледі де, сол уақыт ішінде әр топтан бір оқушы шығып, өз тобына мүмкіндігінше көп сөз жасырып, көрсетуі қажет. Ойын шарты сөйлемей, тек қимыл, мимика арқылы ғана. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

ІІІ айналым: «Сәйкестендір» деген сайыс. Бұл айналымда берілген уақыт ішінде, әр топқа 3 тапсырма көлемінде беріледі. Соны әрқайсысын өз жауабына сәйкестендіру қажет. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Ал егер жауап дұрыс болмаса, ұпай берілмейді.

ІV айналым: «Құрастырма ертегі» деген сайыс. Бұл сайыста әр топтың алдарына суреттер қиықтары беріледі де, әр топ сол суреттерден өз қиялдарынан ертегі құрап, алдарындағы ақ қағазға жапсырулары керек. Соны орындаған соң ортада өз жұмыстарын талдап, қорғаулары қажет.

3.–Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен таныс болсақ. Сөз кезегін топтарға берейік.

І топ: « Зерде» тобы.

Ұраны: «Қалың қауым амансыз ба? Зерде тобы алдыңызда. Білімімізді көрсетеміз, Бүгінгі білім жарысында».

ІІ топ: «Зейін» тобы.

Ұраны: «Көрген,білген, түйгенін,Көкірегінде сақтайтын, Зейін тобы біздерміз, Білім сайысында қалыспайтын».

ІІІ топ: «Болашақ» тобы.

Ұраны: «Болашақ тобы алға,

Биіктерге самға,

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда!»

ІV топ: «Жалын » тобы.

Ұраны: «Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді , айбаттымыз!».

V топ: « Сұңқар» тобы.

Ұраны: « Сұңқардай қалықтаймыз,

Іздеуден жалықпаймыз!».

VІ топ: «Достық» тобы.

Ұраны: «Достығымыз тым ыстық,

Мақсатымыз тыныштық».

VІІ топ: «Алғырлар» тобы.

Ұраны: « Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».

Мұғалім:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар.

Мұнда қызық табылар

Білім нұры шашылар,

Ақыл, тілі дамыған,

Үлгі алайық баладан

І айналым: «Бәрін қажетке жаратамыз» .

Picture 2 Picture 3

ІІ айналым: «Көп сөйлеме» сайысы. Әр топқа кем дегенде 5 сөзден беріледі. Өз тобының оқушылары сол жасырылған сөзді табуы керек. Әр сөзге бір минут уақыт беріледі.

І топ: Тарақ, кітап, қасық, жастық, із.

ІІ топ: Көзілдірік, етік, орындық, айна, бор.

ІІІ топ: Сөмке, галустук, әнші, қайшы, телефон.

І V топ: Есік, биші, шелек, доп,ине.

V топ: Көлік, жүгіру, гүл, ит, сырға.

VІ топ: Сағат, жылау, компьютер, қоян, сағыз.

VІІ топ: Секіру, шалбар, қасқыр, сақина, өшіргіш.

ІІІ топ: «Сәйкестендір» деген сайыс. Бұл айналымда берілген уақыт ішінде, әр топқа 3 тапсырма көлемінде беріледі. Соны әрқайсысын өз жауабына сәйкестендіру қажет. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Ал егер жауап дұрыс болмаса, ұпай берілмейді.

І топ: Бәйтерек – Астана, 30*15=450, Секірді-Етістік.

ІІ топ: Медеу-Алматы, Жұмысшы- туынды сөз, 3* (3*10)=90.

ІІІ топ: 45:9= 5, Абай Құнанбаев, Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бір бөлігі- Түбір.

ІV топ: Менің атым Қожа-Бердібек Соқпақбаев, 3 тәулік- 72 сағат, Дәрі+ хана- Түбір, жұрнақ.

V топ: 456+235=691, Абай Құнанбаев – Жазғытұры, Эйфель мұнарасы- Париж қаласы.

V І топ: S=4*2=8см квадрат, Экспо 2017- Астана , Қосымшаның түрлері- 2.

VІІ топ: Түсі қоңыр,май сияқты сұйық пайдалы қазба- Мұнай, Р=(6+3)*2=18 см, «Ұшқан ұя» авторы- Бауыржан Момышұлы.


Picture 6 Picture 7

ІV айналым:

Мұғалім:

Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен,

Білімді болсаң жығарсың,- дей келе келесі «Құрастырма ертегі» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Бұл сайыста әр топтың алдарына суреттер қиықтары беріледі де, әр топ сол суреттерден өз қиялдарынан ертегі құрап, алдарындағы ақ қағазға жапсырулары керек. Соны орындаған соң ортада өз жұмыстарын талдап, қорғаулары қажет.

Picture 8 Picture 9

Қорытынды.

Сонымен, балалар, бүгінгі сайысымыздың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін, қоржынымыздағы асықтар санын санайық. Қай топ көп мөлшерде асық жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Picture 11







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі