400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зияткерлік ойын "Білгірлер бекеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

21 ғасыр көшбасшысы

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі «Оқу процесінде пән сабақтарында педагогикалық және логикалық ойлай алу,шығару тәсілдерін пайдалану арқылы  оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру.Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру жүйесін жаңарту барысында маңызы зор. Біріншіден ,оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» деп бізді,мұғалімдерді,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа жетелейді.

Ұсынылып отырған «XIX ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс іс-шара бастауыш сынып оқушыларына арналған ана тілі,математика,дүниетану ,қазақ тіліні оқыту бағдарламаларына сәйкес құрылған. Құралдағы тапсырмаларда оқулықтағы тақырыптар және оқулыққа қосымша дидактикалық материалдар қамтылған.Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе,шығармашылық қабілеті мол,жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.

Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау тиімді құралдардың бірі. «Өзіңді білу-адамгершілікке жетелейді» деген неміс психологі Н.Энкльманн осыған байланысты өз басым оқытудың инновациялық технологиялары бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізіп жүрмін.Осы талаптарды орындауында басты мәселе келешекте шығармашыл ,сауатты ұрпақты тәрбиелеу. «Білім көзі-бастауышта» демекші,осы құрал бастауыш сыныптардан бастап,оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға бағытталған. Сонымен бірге осы бағдарлама арқылы оқушылар негізгі пәндерден алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.



Міндеттері:

1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ,белсенділігін арттыру,оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;

4.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

5.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

Жабаның жаңашылдығы:

Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет –ақ. Заман талабына сай қазіргі таңда білім беру жүйесінде интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, ұлттық рухани қабілетті жетілдіруде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Оқушыны ғылыми –зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу оларды қызықтырып, ізденушілікке баулитын танымдық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекет ұйымдастырудың түрлері өте көп: біріншіден, репродуктивті іс -әрекетті, білімді үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; екіншіден, “шығармашылық” сөзінің мағынасын “шығару, ойлап табу”. Бұл –жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.


Күтілетін нәтиже:

Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей нәтижелерге қол жеткіздім,олар:
*Оқушының ой-өрісі дамиды.
*Ойлау іскерлігі қалыптасады.
*Ақыл- ойы жетіледі.
*Есте сақтау қабілеті артады.
*Қызығушылық қабілеті оянады.
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
*Шығармашылықпен жұмыстанады.
*Даму мониторингі айқын көрінеді,оқу үрдісінің сапасы артады.


Көрнекіліктер: сыйлықтар,слайд,интербелсенді тақта.



Қорытынды

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры– ұстаздың қолында» деп ел басы Н.Ә. Назарбаев

айтқандай ,жоғарыда ұсынған сыныптан тыс шара арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,шығармашылығын,ізденімпаздығын дамыту үшін, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі