Материалдар / Зияткерлік сайыс

Зияткерлік сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік сайыс 7-9 сынып оқушыларына сабақтан тыс ұйымдастырылған мектепшілік жарыс ұздаздарғада арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
313
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайыптарға саяхат»

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайыптарға саяхат»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

  2. Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

  1. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: Жарыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу, информатика , музыка,

Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта,физикалық приборлар

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, шаттыққа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

Мінеки, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Командалар сайысын,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.

Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

Ендеше, құрметті көрермендер, «Ғажайыптарға саяхат» атты физикалық сайысымызды бастайық.

Бүгінгі ойынымызға әділ төрелік ететін Әділ қазы алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші:

Ойдың білім атасы

Көрегенді данасы

Көп алғысы бар батасы

әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Мектеп директоры

  2. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары

  3. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

  4. Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері

Жүргізуші:

сұраққа жауап беріп айтысайық

сауалды іліп алып тартысайық

бәрін айтпа бірін айт алдыменен

жобасымен сайыстың танысайық

1. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

2. Ертегі әлеміне саяхат

3. Қалжыңы мен әзілі аралас физика

4. Мақал-мәтелдер (сәйкестендіру)

5. Сиқырға толы физика

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.

Архимед тобына

1.Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?

Ж:Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз

2.Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?

Ж: Болады.Суық су ұзақ уақыт суық күйінде сақталады,өйткені ондағы ауасыз бос кеңістік,жылтыр қабат энергияны шағылтып,сәуле шығару арқылы берілуіне кедергі жасайды.

3.Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?

Ж: Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен балмұздақ ериді.

4.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе?

Ж: Тар аяқ киім кигеннен аяқ тез тоңады.Кең аяқ киімдегі ауа жылудың сыртқа өтуіне кедергі жасайды, өйткені ауа жылуды нашар өткізеді.

5.Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?

Ж: Ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады.ал ауа жылуды нашар өткізеді.

6.Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың?

Ж: Ақ түсті көйлек кисең ыстықтамайсың, ақ түс қара түске қарағанда жылуды өзіне нашар жұтады.

Ньютон тобына

1.Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

Ж: Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ

2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?

Ж: Сарқыраманың табанында

3.Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?

Ж: Атмосфералық қысым төмен болғандықтан

4.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

Ж: Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек

5.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?

Ж: Болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді

6.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

Ж: Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.

Жүргізуші:Сайысымыздың екінші бағыты – ертегі әлеміне саяхат.

Архимед тобына

Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне ыстық шай әкелуін бұйырады. Дастарханға лезде ыстық шай да келеді.Бай мен Алдар әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады.Бай Алдардың аузына қарап мәз-мейрам болып отыра береді. Алдар алдына келген шайға бір ас қасық шекер салып қояды да, әңгімесін жалғастыра түседі.Біраз уақыт өткеннен кейін ішек-сілесі қатқан бай өзінің шайына бір ас қасық шекер салады.

Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суыйды?

Жауабы:Алдардың шәйі тез суыйды,өйткені шекерді ыстық

шәйға бірден салса, шәйдің температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да,шәй баяу суыйды

Ньютон тобына

Баяғы бір заманда патша өмір сүріпті. Оның үш қызы болыпты. Ол өте ақылды патша болған екен. Патшаның «бірінші болып күйеуге шыққан қызым жарты патшалыққа ие болады» деген жарлығының шыққанына көп уақыт болыпты. Жарлық шыққалы бері патшаның ортаншы және үлкен қыздары күйеуге тезірек шығуды армандапты және олар осы үшін жиі жанжалдасып қалады екен. Ал кенже қызының күйеуге шығу ойынада кірмеген. Сонда патша осы мәселені шешу үшін жарыс ұйымдастырыпты.

Ол үстелге үш шәйнек қойыпты. Олардың сыртқы түрі де, көлеміде бірдей болды. Патша әр шәйнекке тең мөлшерде су құяды.

- Менің сүйікті қыздарым ?- деп патша - қазір сендердің әрқайсысың шәйнектеріңді алып менімен ас бөлмеге барасыңдар. Ол жерде сендер шәйнекті пешке қойып, қайнағанын күтесіңдер. Кімнің шәйнегі ерте қайнайды сол бірінші болып күйеуге шығады

Ең қызығы, патшаның есептеуі тура келіп, кенже қызының шәйнегі бірінші болып қайнапты. Неге ?

Жауабы: Кенже қызы күйеуге шыққысы келмегендіктен оған бәрі бір болды. Ол шәйнектің қақпағын ашпады және буын шығармады. Сол себепті оның шәйнегі бірінші қайнады.

Жүргізуші:Сайысымыздың үшінші бағыты – Қалжыңы мен әзілі аралас физика

  1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең ?

Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең

  1. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ?

Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды

  1. Кез – келген адамның ала алмайтын сйлығы?

Жауабы: Нобель сыйлығы

  1. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ?

Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым

  1. Қандай сақинаны тағуға болмайды ?

Жауабы: Ньютон сақинасы

  1. Қандай торға қамауға болмайды ?

Жауабы: Дифракциялық торға

  1. Қандай моль киімді жемейді ?

Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі

  1. Қандай өріске мал жаюға болмайды ?

Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

Жүргізуші:

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың төртінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестендіру кезеңіне кезек берейік.

Ньютон тобы:

Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама

Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі

Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс

Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық

Шапшаң озар

Жатқан қалар Инерция

Архимед тобы:

Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия

Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік

Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық

Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)

Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.

Жүргізуші:Сайысымыздың жетінші бағыты – Сиқырға толы физика

Тәжірибе жасау.

1- тәжірибе: Су құйылған тәрелкенің түбіндегі тиінді қолыңызды суламай алыңыз.

Жауабы: Қағазды жағу керек, жанып тұрған қағазды стаканның ішіне қойыңыз және жылдам стаканды тиіннің қасына түбін жоғары қаратып тәрелкеге қою керек. Қағаз өшеді, стакан ақ түтінмен толады, сосын тәрелкедегі су атмосфералық қысымның әсерімен өзінен - өзі стаканға жиналады.

2- тәжірибе: Парафиннен жасалған шамды алыңыз. Шамның түбіне кішкене жүк қыстырып қойыңыз. Сосын суы бар әйнектен жасалған ыдысқа салыңыз. Шам жүзуі керек. Жоғарғы жағындағы жанып тұрған фитель судың үстінен шығып тұрады. Шам қанша уақыт жанады?

Жауабы: Жалын сумен толып және шам тез өшетін сияқты көрінеді. Бірақ жанып тұрған шамның массасы азайып судың бетіне қалқып шығады.

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз топ марапатталады.

Қорытынды:

Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық сайысымыз тәмамдалды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ