Зорлық зомбылыққа қарсымыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зорлық зомбылыққа қарсымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Қатысушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, Адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы Екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Тәрбиелік мәні: Өз жүрген орталарында мейірімді болуға, Бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ».


Мақсаты:Қатысушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,

Адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы

Екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң

бар екенін айту.


Тәрбиелік мәні: Өз жүрген орталарында мейірімді болуға,

Бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді

сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.


Әдісі: түсіндіру, пікіралысу,тренинг.


Барысы:


1.Ұйымдастыру,психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері»тренингі :Қатысушылар шеңбер болып тұрып,жүрекшені бір-бірлеріне ұсына отырып,аты-жөндерін айтып таныстырады.Ең жақсы эмоцияларымен бөліседі.


2.Кіріспе сөз:

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтере алады» деген сөздің астарында үлкен мәні бар,тәрбиелік негізі бар сөз жатыр.Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді,алайда өкінішке орай кейбір ер адам оның балаға қалай әсер ететінін ұмытып кеткен сыңайлы.

«Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі дұрыс болмаса,жаман әсерлер адамды азғырып,түрлі мінезді үйренеді.

Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық,темекіге,ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады,еңбек етуге,қоғамға,денсаулыққа,ұрпаққа,отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің күрделі мәселесі-жаман қылықтардан,яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу.Ішімдікке үйір адам есінен айырылып,қасындағы адамға зиянын тигізеді,отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне түрлі қылықтар көрсетіп,балағаттайды,оны көрген бала болашағы қандай болады,зорлық-зомбылық қайдан шығады деген сұрақ туындап,кеткен тәрбиедегі қателікті қайдан іздейміз.Баланың болашағы үшін отбасы,қоғам,мектеп,достары т.б. ықпалы зор.


3.Сұрақтар:

1.Зорлық-зомбылықсыз әлемдеген не?

2. «Бала құқығы Конвенциясы туралы не білесің?»

3.ҚР-сы құқыққорғауоргандарынбілесің бе?

4.Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі қандай?

5.Салауатты өмір салтының адам өмірі үшін маңызы неде?

6.ҚР-Конституциясы туралы не білесің?

7. «Қоғамның болашағы –жастар» дегенді қалай түсінесің?

8. Бала тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?

Пікірлерді тыңдау және толықтыру


4. «Тілек шамы» тренинг.

Тыныш атмосфера аясында,май шам жағылып,әр қатысушы бір-біріне жақсы тілек айта отырып,шамды ұсынады.Осы арқылы әрбәр адам мейірімділік пен адамгершілік сезімдерін оята отырып,жақсы тілекпен бөлісуді де бейінге айналдырады.


Қорытынды: Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсерету ерекшеліктері бар.Ата-анасы және де басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық дамуына,денсаулығына,оның адамгершілік және имандылық қасиетті бойына сіңіруге ықпал етуі керек.Баланы тәрбиелеуде баланың адамдық қадір-қасиетіне дұрыс көзқараспен қарау керек.Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғана емес сонымен қатар қоғамда өмір сүрген әрбір азаматтың міндеті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2025
21
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі