400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зорлық зомбылықсыз балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
зорлық зомбылық туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ


«Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!

 «Адамның бір қызығы бала деген»,-деп Абай атамыз  айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі  ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.

Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып-соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы балаға үлгі-өнеге алатын басты нысанасы болмақ. 

Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.

«Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип.

«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды, яғни келесі келер ұрпақ та зорлық – зомбылық ортада тәрбиеленеді.

Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.Сонымен В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін».

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеуші- лігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. 

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

25 қазан мен 25 караша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілуде. Сондай жұмыстар біздің №36 орта мектепте де директорымыз Е.Қ.Абумаликов пен директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Жаппарқұлованың басшылығымен игі іс-шаралар өткізілуде. Бұл – бүгінгі таңда кезек күттірмейтін, балалардың болашағы үшін атқарылып жатқан іс-шаралар деп білеміз. Атап айтсақ, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында орта буын сынып оқушылары шығармалар жазса, жоғарғы буын өкілдері ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың санасына жеткізуде. Мысалы, Л.У.Кемалова 11-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай тұрғызуға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырса, Ж.Ибраева «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өтті. Ал Г.Сейталиева, Л.Омарова және Т.Күлімбетовалар «Өмірдің қауіпсіз қырлары және олардың алдын–алу жолдары» тақырыбында тәлімді тәрбие беретін сыныпаралық байқау өткізді.

Қазақта: «Бала бер, бала берсең, сана бер!»,-деп тегін айтпаса керек. Мынадай күрделі заманда баланы тәрбиелеу ата –анаға да, мектеп мұғалімдеріне де оңай боп тұрған жоқ. Соған қарамастан олармен күнделікті тәрбиелік шаралар жүргізу, жақсы сөз айтып тәрбиелеу, мейіріммен қарау, адалдыққа баулу, жамандықтан жирендіру, жақсылыққа үйрету – барша халықтың міндеті. Өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Еліміздің болашағы – білімді де, тәрбиелі жастардың қолында».





Тараз қаласы № 36 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Сейталиева

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.05.2019
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі