Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы: 11
Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.
Тренинг барысы: Жаттығу – сәлемдесу. Қатысушылар өздерін таныстырады.
Кіріспе: Тренингтің мақсаты түсіндіріледі.
Жүргізуші: Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында кездесетін зорлық-зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады. Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық-зомбылықты басынан кешірген екен. Бүгінгі өткізіліп отырған әңгімеміз «Бақытты, зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалай құруға болады?» деген мәселе төңірегінде болмақ.
Оқушыларды топқа бөлу. («Бейбітшілік» және «Адамгершілік»)
І. «Қол алысу» жаттығуы. (Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқан бала өзіне деген шын пейілін таныта білген балаға жүрекше сыйлайды. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болуы керек.)
ІІ. «Мені түсін» ойын-әдісі
«Бейбітшілік» тобына «Агрессия» тақырыбын суреттеу, «Адамгершілік» тобына «Зорлық-зомбылықты» суреттеу тапсырылады.
Салған өз суреттері бойынша баяндайды.
Жүргізуші:
Зорлық-зомбылық түрлері
Вербальды зорлық Эмоциялық, Физикалық зорлық
ақыл-ой зорлығы Жыныстық зорлық
Вербальды зорлық: көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру, келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.
Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.
Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.
Сексуалдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.
ІІІ. Оқушылардың пікірін білу.
1. "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында пікір бөлісу.
2. «Агрессивті адам» ұғымын ашу.
3. сіздердің ойларыңызша кімге жиі зорлық көрсетіледі?
4. Біздің мектепте зорлық - зомбылық фактілері байқала ма?
ІҮ. Топта талқылау
«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі
1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)
«Адамгершілік» тобының мәселесі.
2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)
«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі
3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)
«Адамгершілік» тобының мәселесі.
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)
«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі
5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу)
«Адамгершілік» тобының мәселесі.
-
Егер әңгімелесу көмектеспесе, не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)
«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)
«Адамгершілік» тобының мәселесі.
-
Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)
Ү. Жағдаяттық сұрақтар.
«Бейбітшілік» тобының сұрақтары:
-
Балаңыздың денесіне жарақат түскенін байқап қалдыңыз, бірақ балаңыз ол жайлы сізге айтқан жоқ. сіздің әрекетіңіз?
-
Балаңыздың досының ата-анасынан оның баласын сіздің балаңыз балағаттағанын естідіңіз, сіздің әрекетіңіз?
«Адамгершілік» тобының сұрақтары:
-
Балаңыз мектепте қандай да бір бұзықтық қылған және осы себепті сізді мектеп директоры шақырып жатқан көрінеді, сіздің әрекетіңіз?
-
Балаңыз мектепке бара жатқанын айтып, кетіп қалды. Алайда, балаңыздың мектепке бармағандығын қайсыбіреулерден естіп қалдыңыз, сіздің әрекетіңіз.
«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы баяндама.
Қазақстан Республикасындағы Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер жинағында бала өмірінің әр түрлі аспектілерін қарастыру және сараптау үшін қажетті статистикалық деректер бар. Балалардық құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты. Оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан республикасының «Неке және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» «Қазақстан Республикасының Еңбек» кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітіліп берілді. Оларды балалар мүдідесін мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады. Жетім балалар мен ата-анасынын қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдіделерін қорғау мәселелері ҚР заңдарында көрініс тапты. ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-аналары жоқ болған жағдайда және басқа да ата-ана қамқорлығынан отбасында тәрбиелену құқығынан айырылған жағдайларда баланы бағу мен тәрбиелеуді заңнамаларға сәйкес қамқоршылық, қорғаншылық органдары қамтамасыз етеді. Бала құқықтарына қатысты бала еңбегін қанаудан қорғау мақсатында ҚР-сы заңнамаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы: «ҚР балалардық құқықтарын қорғау мәселесі бойынша әрбір заңнамалық әктілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қ.Р-сы Заңында баланы экономикалық қанау» ұғымы енгізілген және баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы бекітілген. Халқаралық еңбек ұйымының 1973 жылғы №138 «жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы Конвенциясының және Халқаралық Еңбек Ұйымының №182 «Бала еңбегінің ең жаман түріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенциясының Ержелері «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №9 Қ.Р-сы Заңына имплементацияланған. Заңнамалық актінің 30 бабына сәйкес «Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтар мен ғана жасауға рұқсат етіледі. Ата анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шартын жасау мүмкін болады.
1) Орта білім беру ұйымында негізгі орта , жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен
2) сабақтан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14-жасқа толған оқушылармен
3) кинематография ұйымданында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмейтін, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін осы баптың 2 тармағында айқындалған талаптарды сақтай отырып 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасау мүмкін делінген.
«Бала құқықтары туралы» Қ.Р-ның Заңының 16 бабында балалар 14 жастан бастап , ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және осіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығы мен психикалық жай күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4- ші тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және еңбек жағдай қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс. Ауыр жұмыстарға енбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және өте қауіпті жұмыстарға 18 жасқа толмаған азамттардың еңбегін пайдалануға болмайтын өндірістер мен жұмыстар тізімі Қ.Р-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің 2007 31 шілдедегі № 185 бұйырығымен бекітілген. Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін қанау бойынша жыл сайын «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттандыру компаниясы ұйымдастырылады.Компанияның барысында рес-када бала еңбегін қанауға қарсы профилактикалық рейдтер, бала енбегінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу , кәмелетке толмағандармен әңгімелесу сиқты іс шаралар өткізілу керектігі баса айтылады. 2009 жылдан бастап балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша бірлескен жұмыс жоспары және қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдардағы Халқаралықеңбек ұйымының №182 Халқаралық конвенциясы іске асырылуда. Жалпы осымәселе бойынша тессерістер жүргізілген жағдайда бала еңбегін пайдаланған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Рес-ның 2009 жылғы 4 желтоқсан «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңында балаларға қатысты зорлық-зомбылық, дене жазалары мәселелері қамтылған.
Құрметті ата-аналар осы жоғарыдаға балаларға қатысты бекітілген заң құқықтарын сақтай отырып еліміздің болашағы болар жастарымызды сіз бен біз болып
зорлық-зомбылықтан, құқық бұзушылықтан сақтап парасатты да білімді азаматтар мен азаматшалар тәрбиелейміз дегеген мол сеніммен мен өз баяндамамды аяқаймын.