Материалдар / Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныптар үшін
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ».

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,

адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы

екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң

бар екенін айту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға,бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру,түгендеу.

2.Кіріспе сөз:

Қоғам үшін ең бастысы –тәуелсіздік,адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі-заңдылық.Тәуелсіздік орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы.Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде,денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығы мен бостандығын қорғау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтере алады» деген сөздің астарында үлкен мәні бар,тәрбиелік негізі бар сөз жатыр.Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді,алайда өкінішке орай кейбір ер адам оның балаға қалай әсер ететінін ұмытып кеткен сыңайлы.

«Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі дұрыс болмаса,жаман әсерлер адамды азғырып,түрлі мінезді үйренеді.

Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық,темекіге,ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады,еңбек етуге,қоғамға,денсаулыққа,ұрпаққа,отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің күрделі мәселесі-жаман қылықтардан,яғни

зорлық-зомбылықтан аулақ болу.Ішімдікке үйір адам есінен айырылып,қасындағы адамға зиянын тигізеді,отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне түрлі қылықтар көрсетіп,балағаттайды,оны көрген бала болашағы қандай болады,зорлық-зомбылық қайдан шығады деген сұрақ туындап,кеткен тәрбиедегі қателікті қайдан іздейміз.Баланың болашағы үшін отбасы,қоғам,мектеп,достары т.б. ықпалы зор.

Оқушыларға сұрақтар:

1.Зорлық-зомбылықсыз әлем деген не?

2. «Бала құқығы Конвенциясы туралы не білесің?»

3.ҚР-сы құқық қорғау органдарын білесің бе?

4.Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі қандай?

5.Салауатты өмір салтының адам өмірі үшін маңызы неде?

6.ҚР-Конституциясы туралы не білесің?

7. «Қоғамның болашағы –жастар» дегенді қалай түсінесің?

8. Бала тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?

(Оқушыллар пікірін тыңдау және толықтыру)

Қорытынды: Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар.Ата-анасы жәнеде басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған

кезде баланың дене және психикалық дамуына,денсаулығына,оның адамгершілік және имандылық қасиетті бойына сіңіруге ықпал етуі керек.Баланы тәрбиелеуде баланың адамдық қадір-қасиетіне дұрыс көзқараспен қарау керек.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғане емес сонымен қатар қоғамда өмір сүрген әрбір азаматтың міндеті.









«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ».

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап

Барысы:

І – Кіріспе бөлім

ІІ – Негізгі бөлім.

а) Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын

ә) Балалар құқығын қорғау

б) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ - жауап)

ІІІ – Қорытынды бөлім

І - Кіріспе.

Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайық.

(қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

ІІ - Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»

Асылайым: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.

Нұрайым: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.

Мирхан: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.

Ризван: Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

- Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Әміржан: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Қарақат: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.

Мұғалім: Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.

ә) Балалар құқығын қорғау.

Асылайым: 7- тарау. Бала мен қоғам.

36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

Ризван: 4- тарау. Бала және отбасы

22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

(Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б)

3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)

4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)

5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)

6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)

7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)

8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)

9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.

(1948 ж 10- желтоқсан)

Тәртіп орнат айдары.

1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы

3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4. Азамат – Г – Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.

6. Президент Е - Заң шығарушы орган

7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны

(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)

Сандар сыры айдары.

(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )

1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні.

10- желтоқсан - адам құқығы күні.

10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.

20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.

8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Қарлығаш: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен.

Қорытынды бөлім.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан...

1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

3. Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

4. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

5. Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

6. Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.

7. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Қатысушылар:

1. Мен былай дегім келеді.

Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін.

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын сыйлаймын

2. Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын

3. Қараңғыны нұрландырамын

4. Суықты жылытамын

5. Егерде маған қиын жағдай болса да жасымаймын

6. Әр күні өзімнің жан дүниемді таза ұстаймын

7. Менің жүрегім әр күні қуанышқа толы болмақ

8. Жүрегім махаббат пен мейірімге бөленеді

9. Әрқашан жақсылық жасауға тырысамын

10. Келер күннің шұғылалы боларына сенемін.

«Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз.»

Біз нені білдік? Сауалнамасымен аяқталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!