Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» «Ата-аналармен құпия сөз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» «Ата-аналармен құпия сөз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» «Ата-аналармен құпия сөз»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife тикток

Күні:


Сынып:

1 « »

Сабақтың мақсаттары:

- балаларды қорлау пен зорлық-зомбылық мәселесі, оның балаға және қоғамға тигізетін зардаптары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнама негіздері туралы қоғамның, оның ішінде ересектер мен балалардың хабардарлығын арттыру.

- төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

Құндылық :

«Бірлік және ынтымақ» «Әділдік және жауапкершілік»

Апта дәйексөзі: «Тәртіп-тәрбие бастауы»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































Негізгі бөлім.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды  жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.


1) «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»   тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.

4)«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.

1.Зорлық –зомбылық –ол….

2.Физикалық зорлық –зомбылық  -ол

3.Психологиялық —

4.Экономикалық зорлық деген-

5.Қорқыту –ол…


Оқушыларға арналған сауалнама.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ».

1.Ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай? 
А)жақсы қарым-қатынас
Б)одан да жақсы болуы мүмкін
В)конфликті
2.Саған қатысты зорлық жасалды ма?
Ия
Жоқ
3.Саған қатысты уйде зорлық жасалды ма?
Ия күштеп (шапалақ,ата-анаң қол көтеру
Ия эмоциялы (сөзбен ренжіітеді, айқайлайды, өзімді жаман адам сияқты сезіндіреді)
Жоқ
4.Саған қатысты мектепте зорлық жасалды ма?
Ия күштеп
Ия эмоциялық
Жоқ
5.Өзіңді қорғай аласың ба?
Ия
Жоқ
6.Саған жасалған зорлық туралы кімге айтушы едің?

Е)мектептегі әлеуметтік мұғалімге
Б)ата-анана Ж)мектептегі медбикеге
В)мұғаліміне З)ешкімге
Г)ағаң немесе әпкең
Д)мектептегі психологқа
7.Саған қатысты әртүрлі зорлық-зомбылыққа қалай қарайсың?
А)қорғанамын
Б)уайымдаймын, бірақ көрсетпеймін
В)бәрі-бір

8.Келешекте өзін ата-ана болғанда өзіңнің балаңа зорлық-зомбылық жасайсың ба?
Ия
Жоқ

Қорытынды.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді




















Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі.


Физикалық зорлық-зомбылық: Мұнда ұрып-соғу, жарақаттау, қорқыту, тіпті өлтіру де кіреді.


Психологиялық зорлық-зомбылық: Эмоционалдық және психологиялық қысым көрсету, қорқыту, балағаттау, адамның өзін төмен сезінуіне әкелетін әрекеттер.


Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.



 Қорқыту-бұл қудалау, бір адамды екіншісіне (басқаларға) агрессивті қудалау. Оны әр түрлі жолмен білдіруге болады: әдепсіз әзілдер мен қорлаудан бастап ұрып-соғуға дейін.
















ҚС:

Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

Сабақ барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).

    2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.

Күн сайын таңертең адам үйден шығып, қоршаған ортамен араласады, кездейсоқ қиын жағдайлар, апаттар болуы мүмкін. Бұл қиындықтар «Төтенше жағдайлар» деп аталады. Төтенше жағдай бұл адамның қиын жәнежағымсыз жағдайларға ұшырауын білдіреді.

    1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Тіршілік қауіпсіздік негіздері туралы, қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер.


Сақтықта қорлық жоқ

Қауіп аяқ астында

Үйдегі, көшедегі, табиғаттағы қауіпсіздік.

Тапсырма: 3 минут ішінде қауіпті жағдайларда қауіпсіздік ережелерін мүмкіндігінше көбірек еске түсіріңіз: үйде, көшеде, табиғатта… Болжалды жауап нұсқалары:

Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Сіріңкелермен ойнамаңыз.

Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз. Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз.

Мұз үстінде жүрмеңіз.

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіңіз.

Таныс емес саңырауқұлақтарды, жидектерді жеуге болмайды. Жолдың үстінде ойнамаңыз.

Жолда жүру ережесін сақтаңыз. Бейтаныс заттарды алып, үйге әкелмеңіз.

Досыңызға барғанда, ата-анаңызға хабарлаңыз. Дәрі-дәрмектерден абай болыңыз.

Терезеден шықпаңыз.

Лифтіге бейтаныс адамдармен кірмеңіз. Даладағы тоқ сымдарын қолыңызбен ұстамаңыз.

    1. Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме

Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада, үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы

«құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф».

    1. Білімді бастапқы игеру және түсінгендерін тексеру. Біздің сынып үшін

«құпия сөз» ойлап табыңыз.

    1. Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс

«Әдеби викторина» байқауы.

Жетекші: Сіз көптеген ертегілерді білесіз. Бірақ, қазір сіз өмір қауіпсіздігі негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, себебін түсіндіруіңіз керек.

  1. «Бауырсақ», «Пиноккионың шытырман оқиғалары», «Қызыл телпек»

  • бейтаныс дамдарға шамадан тыс сенім

  1. «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз.

  2. «Ұр тоқпақ», «Қаздар-аққулар» – үлкендерге мойынсұныңыз.

  3. «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз.

  4. «Қар ханшайымы» – алда келе жатқан көлікке жабысуға болмайды.

  5. «Мысық үйі» – отпен ойнауға болмайды.

  6. Қорытынды Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14































https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14


































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2025
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12