400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ. Сынып сағаты. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық зомбылықсыз балалық шақ. Сынып сағаты. 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Водное БМ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Каирова М.

Күні:

21.01.2025

Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ

Сабақтың мақсаты

Балаларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның зияны туралы түсінік беру.

Зорлық-зомбылықсыз ортада өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру.

Балаларға өз құқықтарын қорғауға және қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге үйрету.

Құндылықтар және оның мақсаты.

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі

туралы алғашқы көзқарастың болуы

• Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың

қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну

Сабақтың кезені/ уақыт

Сабақтың өтілу барысы

Сабақтың басы

Тақырыпты енгізу. Балалардан «зорлық-зомбылық» дегенді қалай түсінетіндерін сұрау.

Оқушыларды презентация арқылы осындай қуанышты сөздерін оқыту.


  • Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

  • Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

  • Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. 
    Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.

презентация

Сабақтың ортасы

Сұрақ:

1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.

2. Кімді жиі ренжітеді?

Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.

Түсіндіру: Зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, эмоционалдық).

Топтық жұмыс: Балаларды топтарға бөліп, әр топқа зорлық-зомбылықтың бір түрін талқылау. Олар мысалдар келтіріп, пікір алмасады.

Дискуссия: Зорлық-зомбылықтың салдары туралы талқылау. Неге бұл проблема маңызды?

Практикалық тапсырма (15 мин)


Балаларға «Менің қауіпсіз орным» тақырыбында сурет салу. Неге оларды қорғайтын орындар мен адамдарды көрсету.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Сабақтың нәтижелерін талқылау. Балалардың не үйренгендерін сұрау.

Құқықтар туралы ақпарат беру: балалардың құқықтары, қауіпсіздік ережелері.


ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  1. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  2. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  3. Елде бейбітшілік орнасын.

  4. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

презентация



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі