"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
зорлық зомбылықсыз балалық шақ құруға үндеу, тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы: 11

Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.

Тренинг барысы: Жаттығу – сәлемдесу. Қатысушылар өздерін таныстырады.

Кіріспе: Тренингтің мақсаты түсіндіріледі.

Жүргізуші: Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында кездесетін зорлық-зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады. Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық-зомбылықты басынан кешірген екен. Бүгінгі өткізіліп отырған әңгімеміз «Бақытты, зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалай құруға болады?» деген мәселе төңірегінде болмақ.

Оқушыларды топқа бөлу. («Бейбітшілік» және «Адамгершілік»)

І. «Қол алысу» жаттығуы. (Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқан бала өзіне деген шын пейілін таныта білген балаға жүрекше сыйлайды. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болуы керек.)

ІІ. «Мені түсін» ойын-әдісі

«Бейбітшілік» тобына «Агрессия» тақырыбын суреттеу, «Адамгершілік» тобына «Зорлық-зомбылықты» суреттеу тапсырылады.

Салған өз суреттері бойынша баяндайды.

Жүргізуші:

Зорлық-зомбылық түрлері

DrawObject2 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1



Вербальды зорлық Эмоциялық, Физикалық зорлық

ақыл-ой зорлығы Жыныстық зорлық


Вербальды зорлық: көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру, келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.

Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.

Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.

Сексуалдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.

ІІІ. Оқушылардың пікірін білу.

1. "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында пікір бөлісу.

2. «Агрессивті адам» ұғымын ашу.

3. сіздердің ойларыңызша кімге жиі зорлық көрсетіледі?

4. Біздің мектепте зорлық - зомбылық фактілері байқала ма?

ІҮ. Топта талқылау

«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)

«Адамгершілік» тобының мәселесі.

2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

  1. Егер әңгімелесу көмектеспесе, не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

  1. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)

Ү. Жағдаяттық сұрақтар.

«Бейбітшілік» тобының сұрақтары:

  1. Балаңыздың денесіне жарақат түскенін байқап қалдыңыз, бірақ балаңыз ол жайлы сізге айтқан жоқ. сіздің әрекетіңіз?

  2. Балаңыздың досының ата-анасынан оның баласын сіздің балаңыз балағаттағанын естідіңіз, сіздің әрекетіңіз?


«Адамгершілік» тобының сұрақтары:

  1. Балаңыз мектепте қандай да бір бұзықтық қылған және осы себепті сізді мектеп директоры шақырып жатқан көрінеді, сіздің әрекетіңіз?

  2. Балаңыз мектепке бара жатқанын айтып, кетіп қалды. Алайда, балаңыздың мектепке бармағандығын қайсыбіреулерден естіп қалдыңыз, сіздің әрекетіңіз.


«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2025
300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі