Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:« Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз»

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.

Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.


Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. ( оқушылар екі топқа бөлініп отырады)

«Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты тәрбие сағатымызды бастайық

Мұғалім

« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 
Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел 
«Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.


  1. Негізгі бөлім.

Балалар, біз екі топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.


1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?


Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?

( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.

1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.



Әңгіме «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)


Мұғалім:Рахат

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».

2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).

Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.


Сұрақ:

1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.

2. Кімді жиі ренжітеді?

Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.


3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)

1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.

2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.

Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймынСондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек.

Мұғалім:

Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай  теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.

Қазіргі  таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.


4 сұрақ: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)


1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,

2-топ: жанұядағымүшелердіңбір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балдарына деген үлгі өнегесі, балдарының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.

Мұғалім:Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.


А дамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. 
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Олай болса қазір балалар, «Бала құқығы» ағашын жасайық.



















  1. Ең бастысы – 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.

  2. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  3. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.

  4. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  5. Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.

  6. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

  7. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  8. Бала мектепте кінәлі болғанда оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
















Мұғалім:

Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


  1. Қорытынды.


  1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  4. Елде бейбітшілік орнасын.

  5. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

  7. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

  8. Экономикамызөрге  бассын.

  9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.

  10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.

  11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.

  12. Отандық өнеркәсіп дамысын.

  13. Жастарымыз білімді, мықты болсын.








Тақырыбы: « Логикалық сұрақтар»

Мақсаты: 1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын
арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру
2. Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін
дамыту, белсенділігін арттырып, қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды шапшаңдыққа,зейінділікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы
Сабақтың әдісі :көрнекілік әдісі, шығармашылық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада кесте, 
ребустар,суреттер,геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық
ІІ. Сыныпты 2 топқа бөлу Ітоп Зерделілер
ІІтоп Тапқырлар 
ІІІ Тапсырмалар: І. “Ойнайық та, ойлайық” (әзіл есептер)
“Топ үйрек” 
1.Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. 
Біреуі жерге қонса, нешеу қалады?
2.“Нешеде?”
Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста. Әпкесі 7 жасқа толғанда
інісі неше жаста болады?
3.“Май шам”
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін 
өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?
ІІ. “Кім жүйрік?” (логикалық есептер)
1-топ .Үлкен квадратқа 4 ақ ,4 қызыл,4 көк, 4 сары дөңгелектерді ұзындығында, енінде ,көлденеңінде де ешбір түс қайталанбайтындай етіп орналастыр
2-топ 10 орындықты үш-үштен бөлменің әр қабырғасына орналастыр.

ІІІ. “Тапқыр болсаң, шешіп көр” І-топ
а) Үш кісі шахмат ойнаған. Олар барлығы 3 ойын өткізсе, 
әр кісі неше рет ойнаған?
ә) Қосарлап жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. 
Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді?
ІІ-топ
а) Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. 
Сонда әкемнің неше баласы бар?
ә) Неше рет арттырса да, өзгермейтін қандай сан?

ІV.Ребус құрастыру.
Әр топ ребус құрастырып, бір-біріне береді.Шешуін табу
V. «Жүзден жүйрік» Есеп шығару
І-топ
Бір мезгілде екі ауылдан бір-біріне қарама қарсы шыққан 
екі жолаушы 3 сағаттан кейін кездесті. Олардың 
біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағат, ал екіншісінікі 5 км/сағат. 
Екі ауылдын ара қашықтығын тап?
ІІ,ІІІ –топтарға Кері есеп құрастыру
VІІ. “Сиқырлы шаршы Әр топқа тапсырма
Барлық бағыттағы сандар қосындысы бірдей болатындай етіп, торкөздерді толтырып шық.

VІІ. Құрастыра біл” Әр түрлі геометриялық фигуралардан жаңа фигура құрастыру.
VІІІ. Сабақты қорытындылау .Жинаған геометриялық фигуралардың саны бойынша қай топ көп фигура жинады, сол топ алға шығады.
ІХ.Бағалау.
Х.Үйге тапсырма Ребус құрастыру 
Қорытынды:








































Тақырыбы:

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

(баяндама)

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - Конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол - жанұя, яғни, зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі - жаман қылықтардан, яғни, зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп, мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы"- деген болатын.

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаттары: адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу. Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу. Аталған заңды қабылдау отбасылық, тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек іс болып табылады. Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлеріне мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен бүгінде сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға - тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық - зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық - зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы елу жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта, қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата - анадан алған тәлім - тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан - жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күннен - күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік - тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. 
Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».

Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылау.

Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесепсихикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуынемесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катеріжолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.









































Тақырыбы: Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап

Барысы:

І – Кіріспе бөлім

ІІ – Негізгі бөлім.

а) Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын

ә) Балалар құқығын қорғау

б) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ - жауап)

ІІІ – Қорытынды бөлім

І - Кіріспе.

Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайық.

(қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

ІІ - Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»

1 оқушы:Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.

2 оқушы:Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.

3 оқушы: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.

Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

  • Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

- Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?

-- Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.

- «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.

- Дұрыс айтасың Нұрбол «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.

- Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.

- Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

- Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.

Мұғалім: Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.

ә) Балалар құқығын қорғау.

- 7- тарау. Бала мен қоғам.

36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

  1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

  2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

  3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

- 4- тарау. Бала және отбасы

22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

(Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б)

3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)

4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)

5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)

6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)

7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)

8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)

9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.

(1948 ж 10- желтоқсан)



Тәртіп орнат айдары.

  1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

  2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

  4. Азамат – Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.

  6. 6. Президент Е - Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны


(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)

Сандар сыры айдары.

(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )

1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні.

10- желтоқсан - адам құқығы күні.

10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.

20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.

8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Қарлығаш: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен.

Қорытынды бөлім.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан...

  1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  3. Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  4. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

  5. Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

  6. Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.

  7. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?



Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.

Тест сұрақтары

1. Аты-жөніңіз, сыныбыңыз:

_____________________________________________________________


2. Зорлық-зомбылыққа арналған іс-шара сіздің көңіліңізден шықты  ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


3. Сіз өзіңізді толыққанды "зорлық зомбылықсыз балалық шақ" өкілі санайсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


4. Осы тақырыпқа қосатын қандай ұсынысыңыз бар:

_______________________________________________________________


5. Ал сіздің құқықтарыңызға қол сұғып жүрген біреулер бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


6. Сізге күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттап, күштеп жұмыс жасатып жүрген  адамдар бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


7. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарына шағымыңыз бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


8. Балалар үйіндегі қызметкерлер мен тәрбиешілер мазаңызды алып, күш көрсетпей ме?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


9. Жетекші тәрбиешіңізге көңіліңіз тола ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


10. Ал өзіңіз біреулерге жәбір көрсетіп жүрген жоқсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


11. Сіз зорлық-зомбылықтың куәгері болып көрдіңізбе?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


12. Зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге дайынсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


13. Өткізілген тәрбие сағатынан өзіңізге керекті мәлімет ала алдыңыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын





Қорытынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.













































Тест сұрақтары

1. Аты-жөніңіз, сыныбыңыз:

_____________________________________________________________


2. Зорлық-зомбылыққа арналған іс-шара сіздің көңіліңізден шықты  ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


3. Сіз өзіңізді толыққанды "зорлық зомбылықсыз балалық шақ" өкілі санайсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


4. Осы тақырыпқа қосатын қандай ұсынысыңыз бар:

_______________________________________________________________


5. Ал сіздің құқықтарыңызға қол сұғып жүрген біреулер бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


6. Сізге күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттап, күштеп жұмыс жасатып жүрген  адамдар бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


7. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарына шағымыңыз бар ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


8. Балалар үйіндегі қызметкерлер мен тәрбиешілер мазаңызды алып, күш көрсетпей ме?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


9. Жетекші тәрбиешіңізге көңіліңіз тола ма?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


10. Ал өзіңіз біреулерге жәбір көрсетіп жүрген жоқсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


11. Сіз зорлық-зомбылықтың куәгері болып көрдіңізбе?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


12. Зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге дайынсыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын


13. Өткізілген тәрбие сағатынан өзіңізге керекті мәлімет ала алдыңыз ба?

а) ия       в) жоқ          с) жауап беруге қиналамын

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
91004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12