Материалдар / "Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" (тәрбие сағаты)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" (тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2018
1827
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақТәрбие сағаттың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтуОқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысуСабақтың барысыI Ұйымдастыру кезеңіII Негізгі бөлімКіріспе сөзҚоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол котереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.Заң жобасының негізгі мақсаттары- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу.- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.- Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізуАталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өкізу керек іс болып табылады.





Қорытынды.Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар,дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек.Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!