400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зымыран"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Данышпан » ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы:Зымыран
Мақсаты:

Білімділігі:балаларға ғарыш әлемі,ғарыштық ұшулар жайлы түсінік бере отырып,зымыранды гуашь арқылы салып беруге үйрету,саусақ қимылдарын қалыптастыру;
Дамытушылығы:Балалардың өз уақытын үнемді пайдалануына ықпал жасау. Балалардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Тапқырлықты, ой ұшқырлығын, сөйлеу тілін, өздігінен әрекеттенуін дамыту.

Тәрбиелігі:Көмектесу, жәрдемдесу, достасу ұғымдарына баулу, баланың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым- қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі:Жаңа білім беру, топтастыру, ізденушілік, сұрақ-жауап, көрсету

Көрнекілік:Дидактикалық материалдар, гуашь, сүлгі, қылқалам, қағаз, АКТ

Билингвалды компонент:Зымыран- ракета-rocket , ғарыш- космос-space

Сөздікпен жұмыс:Зымыран, ғарыш

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Геометриялық пішіндер атауын.

Игеруі керек:Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауды.

Үйренуі керек:Сұраққа толық жауап беруді және заттардан геометриялық пішіндерді көре білуді.


Оқу қызметінің кезеңдері

Машықтанушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

-Психологиялық дайындық: 
Салем! (қолдарын беріп, амандасады)

-Қалайсың?(Иығын түртеді)

-Менде бәрі тамаша (Бас бармақтарымен көрсетеді)

-Сен қайда болдың? (Иықтарын түртеді)

-Мен сені сағындым. (Өздерін құшақтайды)

-Сені жақсы көремін. (Бір- бірін құшақтайды.)

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: сурет салу.


-Машықтанушымен бірге қимылдарды қайталайды.














Ұйымдастырушылық - ізденістік

Видео қосылады. Балаларға пішіндер туралы түсінік беріледі. (үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша)

Балалар, сендер зымыранның не екенін білесіңдер ме?

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Ғажайып сәт: Ғажайып пішіндер келеді.

-Ой, мына жақта қандай керемет балалар.Біз жолымыздан адасып қалдық.

-Балалар, бізге қонаққа кімдер келді?

Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер өздерін таныстырып, өлеңдерін айтады.

1-тапсырма

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

Сергіту сәті

Видео-ролик арқылы балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Интерактивті тақтадан Тоқтар Әубәкіров сөйлейді.

-Сәлеметсіңдер ме «Алтын Орда -Шұғыла» балабақшасы «Данышпан » тобының балалары. Мен сендердің зымыран туралы өте көп ақпарат білетіндеріңді естідім. Менің зымыраным істен шықты. Оның үстіне зымыранның бөліктері жоқ Мен олады таба алмай жатырмын. Қазір менің ұшатын уақытым. Маған зымыранды құрастырып бересіңдер ме?

-Балалар, ғарышкер Тоқтар ағамыз ғарышқа ұшайын десе зымыраны істен шығып, істемей қалыпты. Сендердің бізге көмектерің керек? Кане, барлығымыз зымыранның суретін салып беріп жіберейік.


-Балалар ғарыш айлағына зымырандар біздің елімізден ұшырылады. ОлқалаБайқоңырдепаталады. Зымыраналыпқұссияқтыболады. Мінемынасуреткеқараңдаршызымыранныңбойыныңұзындығыкөрсетілген. Осы зымырандыаспанәлемінеұшыруүшінқаншамаадамдарқызмететеді. Ғарышкерлерұшаркездеүстеріне скафандра киеді. Олардыңтағамдарыныңбәріпастағасалынады. Ендібіззымыранныңсуретін саламыз.


2-тапсырма

-Балалар, енді біз пішіндерді қуанту үшін кюзенер таяқшалары арқылы пішіндерді құрастырайық

3-тапсырма. «Пішіндерді бірге санайық»

Таратпа матеиалдары арқылы балалар пішіндерді санап орналастырады.

Ғажайып пішіндер: Ой, балалар! Неткен ақылды едіңдер. Біздің енді кетуіміз қажет. Сендермен қоштасайын. Сау болыңдар.

 



Балалар сұрақтарға жауап береді, машықтанушыны тыңдайды.






















Тапсырмаларды орындайды. Машықтанушыны мұқият тыңдайды.







Видео- ролик арқылы балалар сергіту сәті қимылдарын бірге жасайды.















Машықтанушы мұқият тыңдайды. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Жарайсыңдар, менің ақылды балаларым.

-Бізде бүгін ненің суретін салдық?

-Біз кімге көмектестік?

-Бізге қонаққа кімдер келді?

-Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар. Балалар, сендерге арнап ғарышкер ағамыз сыйлық беріп жіберіпті. Қане бәріміз смайликтегі көңіл-күйімізді келген қонақтарға көрсетейік.

Балалар мадақталады.

Машықтанушының сұрақтарына жауап береді.


Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу ауданы №3 «Алтын-Орда Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі Алматы қаласы филиалы

















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Тақырыбы: «Зымыран»

Тобы: «Данышпан» ортаңғы тобы















Алматы, 2018

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
2532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі