400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Зымырандар қай жерден ұшырылады.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 А

Бөлім: Жер және ғарыш


Мектеп:

Мұғалім: Косназарова А.Р

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні: 14.02.2019


Тақырыбы:

Зымырандар қай жерден ұшырылады?

Оқу мақсаты:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру;

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

Сабақтың

мақсаты:

Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы біледі, маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның өміріне әсерін түсіну.

Бағалау критерийі

Ғарышты игеру кезендеріндегі кейбір оқиғаларын біледі;

Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсінеді.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді пайдалана отырып, зымырандардың қай жерден ұшатынын түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Ғарышайлақ

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғарышты игерудің кейбір оқиғаларын, ғарыш жаңалықтарының маңызын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1минут


4минут









Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Күн шуақ» ойыны арқылы күннің шуағына тілек жазу.

Кіріспе тапсырма. «Диафильм» ойыны арқылы оқушыларға ғарышкерлердің суреттері мен ғарыш туралы суреттерді көрсету. Немесе бейнефильм көрсету. Оқушылар тапсырманы орындау барысында Жер бетіндегі тіршілік ғарышта, басқа ғаламшардағы үдерістермен тығыз байланыста болатынын түсіну керек.

Жетекші сұрақтар:

-Ғарышқа ұшу үшін нені білу керек?

-Ғарышқа мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер ұша алады ма?

-Ғарышкерлер ғарышқа ұшу үшін арнайы дайындықтан өтеді ме? Неліктен?

-Ғарышкерлердің мамандығы қауіпті ме? Өз ойыңмен бөліс.

-Адамдар неліктен ғарышты зерттейді?

-Ғарышкерлер орбиталық стансыда немен айналысады?

-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

ҚБ.Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.







Тапсырманы орындау барысында оқушылар Күн жүйесі туралы және ғарыш туралы не білетіндерін еске түсіреді.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.


Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1

Ғарышкерлердің, ғарыштың суреттері



Сабақтың ортасы

5 минут







1 минут


7 минут



















1 минут

7 минут
























2 минут


2 минут



8 минут

Ғарышкерлерден сұхбат ал.

Тапсырманың мақсаты: Қазақстандық ғарышкерлерді таныстыра отырып, сұрақтар құрастыру, дереккөздермен танысу.

«Мен журналистпін» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Ғарышкерлердің рөлінде оқушыларды алдын ала дайындап қою ұсынылады. Осы оқушыларға журналисттер сұрақтар қойып, кішігірім кездесу ұйымдастырады.

Оқулықта берілген ақпарат көзін пайдаланып сұрақ қою ұсынылады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Байқоңырға саяхат.

Тапсырманың мақсаты: Байқоңыр ғарышайлағы туралы мағлұматпен танысу. «Монополе» ойыны арқылы Байқоңыр ғарыш кешенін қалай орналасқандығын анықтап саяхат жасау.

Оқулықтағы суретті рет-ретімен талдау. Талдау үшін жетекші сұрақтар қойылады. Олар:

-Ұшақты қабылдай алатын орын қайда орналасқан?

-Ғарышкерлер мен ғарыш кешенінде жұмыс істейтін мамандар тұратын қалашықты табыңдар? Ол не үшін керек?

-Зымыранның ұшуын және ғарышкерлердің жай-күйін бақылайтын командалық-өлшеу кешені қайда орналасқан?

-Зымырандарды құрастыратын және сынақтан өткізетін техникалық кешеннің басты қызметі недеі деп ойлайсыңдар?

-Оттек-азот зауыты қайда орналасқан? Оның зымырандарға қандай маңызы бар? Ойыңмен бөліс.

-Ғарыш зымыранын қабылдауға арналған орын қайда?

-Зымырандар қандай алаңнан ұшырылады? Қалай ойлайсыңдар?

-Барлық зымырандардың түрлері бір ұшу алағынан ұша алады ма?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Зерттеудің мақсаты: Ғарышқа ұшу кешенінің қандай нысандардан тұратынын, олардың қандай рөл атқаратынын және оларға қандай талап қойылатынын түсіну.

Топқа біріктіру. Тақырыпқа сәйкес атауларды пайдаланып, оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру.

Ресурстар тарату. Қазақстан Республикасының картасын, парақтар, қайшы, желім, фломастерлер, топ санына байланысты Бай­қоңыр инфрақұрылымын бейнелейтін фотосуреттері, ғарышкерлер туралы бейнефильм немесе фотосуреттер т.б.

Зерттеудің жоспарын құру.

-Ғарыш кешенін салуға болатын жерді анықтау;

-Ғарыш кешеніндегі нысандарға аппликация жасау, аттарын жазу;

-Нысандарды салуда қандай талаптар қойылатынын анықтау.

Зерттеу жұмысы барысында оқушыларға өз ойларындағы ғарыш кешенін салуға, нысандарды өз шығармашылықтарымен модельдеуге нұсқау беріледі.

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға немесе оқушы топтарына ғарышайлағы жұмысына ненің кедергі болуын болжау, сонымен қатар, қосымша ақпарат көздерінен Байқоңыр тарихынан хабарлама дайындау ұсынылады.

Зерттеу жұмысын қорытындылау. Әр топтың жасаған ғарышайлақтарын «Көрме» ойыны арқылы талдап шығу керек. Оқушылар экскурсия жасап, әр топтың ғарышайлағымен таныса отырып, өз пікірлерін айтады.

ҚБ. Топтық жұмыс «Алтын зымыран» арқылы бағаланады. Арнайы зымыранның суреті бар парақшалар немесе стикерлерді пайдалуға болады.

Сергіту сәті. Дене жаттуғуларын бейнероликке қарап орындау.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

17-жұмыс парағы. «Ғарышты зерттеудің маңызы», 19-б.

Ғарыш адамға қалай қызмет етеді? Оқушылар көмекші сөздерді пайдалана отырып, адам ғарышты қалай игеретінін жазады, білімдерін толықтырып, бекітеді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Ғарыштың маңызын түсінеді;

-Ауа райын бақылауда ғарыштың алатын орнын түсінеді;

-Ғарыш арқылы радиобайланыс пен телебағдарламалар өз жұмысын атқаратынын біледі.

18-жұмыс парағы. «Ғарышқа ұшу», 20-б.

Қызылжұлдызға ұшу. Оқушылар сабақтан алған білімдерін бекіте түсіп, ғарышкерлердің ғарыштағы өмірі мен жағдайлары жайлы алынған ақпаратты талдап, қажетті заттардың тізімін жасайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Ғарышқа ұшуға қойылатын талаптарды біледі;

-Ғарышқа ұшуда қажетті заттарды дайындайды.

Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, Қызылжұлдызда салынатын алғашқы қоныстар қандай болатынын ойланып, суретін салады.

Бағалау. Оқушының шығармашылығы бағаланады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.





Слайд №2,3,4,5,6,7

Оқулықпен жұмыс



Слайд №8




Монополе тақтасы
























Қазақстан Республикасының картасын, парақтар, қайшы, желім, фломастерлер, топ санына байланысты Байқоңыр инфрақұрылымын бейнелейтін фотосуреттері, ғарышкерлер туралы бейнефильм немесе фотосуреттер т.б.







https://www.youtube.com/watch?v=9mnM6j4i46s





Дәптермен жұмыс


Кері байланыс.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін сткерге жазады.


Слайд №9



Сабақтың соңы

2 минут



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға топырақтың пайдалану жолдарын ұсынуды тапсыру.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- топты бағалау: «Алтын зымыран» бойынша бағалау

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Екі жұлдыз, бір тілек»





-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
4121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі