11-сынып оқушыларын мемлекеттік аттестацияға дайындау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
* Эссе мен шығарманың айырмашылығы
Оқушыларды эссе жазуға төселдіруде эссе мен
шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-
бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды
қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша
берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды
жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар
да ортақ.
Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам,
халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік,
психологиялық жанды байланыстарды табиғи
суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр,
олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары
ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты,
тілдік қолданысы, стилі әр түрлі.
1 слайд
* Эссе мен шығарманың айырмашылығы Оқушыларды эссе жазуға төселдіруде эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір- бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі.
2 слайд
А
н
ы
қ
т
а
м
а
с
ыЭссе Шығарма
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai – тәжірбие, лат.т.
exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи,
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы
басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу
мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әр
түрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе
түрінің талаптарын сақтап отырып жазады. Шығарма – оқушының туған
халқының әдебиетінен алған
білімін өз ойымен, дүниетанымдық
көзқарасымен еркін ұштастыра
отырып баяндайтын
шығармашылық төл еңбегі.
Шығарма – берілген белгілі бір
тақырып бойынша жазылатын,
міндетті құрылымнан тұратын,
пәндік білімге бағытталған
шығармашылық жұмыс.
Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті
емес Шығармада жоспарды жазу
міндетті.
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге
негізделеді. Шығарма көбінесе көркем мәтінді
талдауға негізделеді.
Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік
көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын
дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып,
ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда
метатанымдық білігін тиімді қолдану,
шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін
реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін
таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау,
ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз
оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық
жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту,
талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді
тиімді қолдану. Шығарманың мақсаты – жазылым
тілін, логикалық ойлауды дамыту.
Шығармашылық қиялды, нақты
нәрсені еркін, қызықты түрде
беру, әдебиетті іштей түсіне
отырып, оның мәні мен тиісті
орнын өз танымымен көркемдеп
бере алу.
2 слайд
А н ы қ т а м а с ыЭссе Шығарма Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai – тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әр түрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады. Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма – берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс. Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес Шығармада жоспарды жазу міндетті. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді. Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану. Шығарманың мақсаты – жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.
3 слайд
1. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы
көрінісін талдап жазыңыз.
Эсседе. Абай өзінің бірнеше шығармасында
адамзат баласының бойында кездесетін
жағымсыз түрлі мінез-құлықтарды, олардың
тигізетін кері әсері мен келтіретін зияны жайлы
қалам тартады.Бұл тақырыптардың бүгінгі күнде
де өзеті болып отыруы–ақын шығармаларының
өміршеңдігі мен әлеуметтік маңызға ие
туындылар екендігін анық айқындай түседі. Шығармада. «Қазақ халқының бас ақыны
Абай Құнанбайұлының өскелең ұрпақ
тәрбиесі үшін жазған үлкен мағынаға ие
шығармалары өте көп немесе Абай
Құнанбайұлының қазақ халқына қалдырған
мұрасы – ұлан-ғайыр» деген жалпылама,
жаттанды көркем –бейнелі сөздермен
басталады.
2. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы дәлелдеп жазыңыз.
Эсседе . Қазірде Ыбырай атамыздан қалған мол
мұраның қазіргі жас буын тәрбиесіне әлі де өз
септігін тигізіп жатуы жазушының
шығармаларының өміршеңдігін дәлелдей
түскендей деп бастасақ, қазіргі өмірді бірден
қамтып кетеміз де негізгі ойға, ұстанымға бірден
көшіп кетуге болады. Шығармада. Қазақ халқының ұлы
ағартушысы Ыбырай Алтынсарин
шығармалары қазақтың қара домалақ
балаларының тәрбиесі алатын орны өте зор
немесе
Ы. Алтынсариннің жас ұрпаққа қалдырған
шығармаларының маңызы ерекше.
3. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің маңыздылығын
талдап жазыңыз.
Эсседе . Айгүл Кемелбаеваның «Шашты»
әңгімесіндегі көтерілген мәселелердің дәл бүгінгі
таңда маңыздылығы ерекше. Өйткені
ойланбастан елі мен жерін тастап, басқа елге
қоныс аударып жатқандардың, діні мен діліне
сатқындық жасап жатқандардың, бостандық пен
еркіндіктің қадірін бағаламай жүргендердің
санасына үлкен ой тастайтын шығарма деп
білемін. Олай болса, эссе тақырыбы болып
отырған мәселелердің маңыздылығы туралы
тереңірек салдап көрсем. Шығармада. 1965 жылы 21 наурызда
Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген
жерлес жазушымыз, прозаик,
әдебиеттанушы, кинодраматург, Қазақстан
Жазушылар Одағының мүшесі Айгүл
Кемелбаева-әдебиетке тың серпіліс әкелген
жазушылардың бірі. Айгүл Кемелбаеваның
«Шашты» әңгі месінде туған жерді қастарлеу,
өз діні мен ділін сақтау, бостандық пен
еркіндік сияқты көптеген мәселелер
көтеріледі.
3 слайд
1. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз. Эсседе. Абай өзінің бірнеше шығармасында адамзат баласының бойында кездесетін жағымсыз түрлі мінез-құлықтарды, олардың тигізетін кері әсері мен келтіретін зияны жайлы қалам тартады.Бұл тақырыптардың бүгінгі күнде де өзеті болып отыруы–ақын шығармаларының өміршеңдігі мен әлеуметтік маңызға ие туындылар екендігін анық айқындай түседі. Шығармада. «Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін жазған үлкен мағынаға ие шығармалары өте көп немесе Абай Құнанбайұлының қазақ халқына қалдырған мұрасы – ұлан-ғайыр» деген жалпылама, жаттанды көркем –бейнелі сөздермен басталады. 2. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы дәлелдеп жазыңыз. Эсседе . Қазірде Ыбырай атамыздан қалған мол мұраның қазіргі жас буын тәрбиесіне әлі де өз септігін тигізіп жатуы жазушының шығармаларының өміршеңдігін дәлелдей түскендей деп бастасақ, қазіргі өмірді бірден қамтып кетеміз де негізгі ойға, ұстанымға бірден көшіп кетуге болады. Шығармада. Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балаларының тәрбиесі алатын орны өте зор немесе Ы. Алтынсариннің жас ұрпаққа қалдырған шығармаларының маңызы ерекше. 3. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз. Эсседе . Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселелердің дәл бүгінгі таңда маңыздылығы ерекше. Өйткені ойланбастан елі мен жерін тастап, басқа елге қоныс аударып жатқандардың, діні мен діліне сатқындық жасап жатқандардың, бостандық пен еркіндіктің қадірін бағаламай жүргендердің санасына үлкен ой тастайтын шығарма деп білемін. Олай болса, эссе тақырыбы болып отырған мәселелердің маңыздылығы туралы тереңірек салдап көрсем. Шығармада. 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген жерлес жазушымыз, прозаик, әдебиеттанушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Айгүл Кемелбаева-әдебиетке тың серпіліс әкелген жазушылардың бірі. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі месінде туған жерді қастарлеу, өз діні мен ділін сақтау, бостандық пен еркіндік сияқты көптеген мәселелер көтеріледі.
4 слайд
* Аргумент деген не?
Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) –
философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына
келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана
емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.
Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ
болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі
дәйектер: “неге? ”, “неден? ”, “не үшін? ”, “қандай себептен? ”
сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Пікір (тезис) – бұл
біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін,
көзқарасы.
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді: 1. Тексерілген фактілер
— нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның
негізінде — әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға
заңның әсерін анықтаймыз. 2. Анықтамалар тезиспен байланысты
түсініктің аргументі ретінде қолданылады. 3. Ғылым заңдары және
алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде
қолданылады .
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар:
тезис, аргумент, қорытынды. Тезис- дәлелденуге тиісті жағдай.
Аргументтер- тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін
қолданылатын категория. Қорытынды- фактілерді талдауға
негізделген ой түйін.
4 слайд
* Аргумент деген не? Аргумент (лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) – философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге? ”, “неден? ”, “не үшін? ”, “қандай себептен? ” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Пікір (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді: 1. Тексерілген фактілер — нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде — әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз. 2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады. 3. Ғылым заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады . Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды. Тезис- дәлелденуге тиісті жағдай. Аргументтер- тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория. Қорытынды- фактілерді талдауға негізделген ой түйін.
5 слайд
1. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін
талдап жазыңыз.
Тезис . Абайдың қай
шығармасы болмасын
адамның адамдық қалпын
сақтап, «әр қазақ менің
жалғызым» деп, ит-тартысқа
түспеуге негіздейді. Мұның
барлығы сайып келгенде
мінез-құлақтан шығады. 1-аргумент
Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа, Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой, Өкінер
уақытың болды ғой. 2-аргумент
«Сегіз аяқ»- бүтін бітім. Ұлы ақынның
жазушылық еңбегінің орта тұсында
туған үлкен бір белгідей әрі мол, әрі
бар жағынан келісті шыққан, адам
мінез-құлқының қыр-сырын айқын
көрсететін зор шығарма. М. Әуезов.
2. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап
жазыңыз.
ТЕЗИС . Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі
көтерілген мәселелердің дәл бүгінгі таңда
маңыздылығы ерекше. Өйткені ойланбастан елі мен
жерін тастап, басқа елге қоныс аударып кететіндердің,
діні мен діліне сатқындық жасап жатқандардың,
бостандық пен еркіндіктің қадірін бағаламай
жүргендердің санасына үлкен ой тастайтын шығарма
деп білемін. АРГУМЕНТ. Кенжебек, жас та болсаң, бас болар сәт
келді. Бәйгенің ең қызған шағында кертағыдай
бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет,
менмен текежәуміт бектеріне атасын таныт! Сол
сәт менің есіл өткен қайран өмірімнің құны толық
ақталғаны! Қарағым, бұл тойда сен тәуекел деп
бел буып, еліңе қашасың!
3. Аргумент жазуға көмек.
1. Негізгі бөлім жазылған кезде аргументтің көптігі маңызды емес, сапасы маңызды. Кей жағдайда
аргументті тіптен қысылған кезде ойдан жазуға да болады деп айтамын. Егер оқушы сол тақырып
жөнініде бір жерден естісе, оқыса, бірақ қайдан оқығанын ұмытып қалды делік. Ондай жағдайда
«Жуырда теледидарда ***жаңалықтардан естіген мына бір ақпарат менің көкейімдегі ойды дөп
басқандай болды» деп импровизация жасауға болатын сияқты. Аргументті әр түрлі ақпараттар көзінен
алдыру маңызды деп санаймын Бұл оқушының ақпаратты іздеу, елеп екшеп алу, салыстыру, сараптама
жасай білуіне жол ашады.
2. Аргументтік шаблондар дайындап қою маңызды.
Мәңгілік өлмейтін Абай,Ыбырай, Шоқан, ауыз әдебиеті және экология,экономика, ғылым -білім, адами
құндылық т.с.с тақырыптарға қатысты эссе беріледі. Осы тақырыптарға қатысты жақсы қанатты сөздер,
ойлар, ғалымдардың, атақты ақын-жазушылардың сөздерін жазып, жинақтап қоюға болады. (Қалың
дәптер.)
5 слайд
1. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз. Тезис . Абайдың қай шығармасы болмасын адамның адамдық қалпын сақтап, «әр қазақ менің жалғызым» деп, ит-тартысқа түспеуге негіздейді. Мұның барлығы сайып келгенде мінез-құлақтан шығады. 1-аргумент Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақытың болды ғой. 2-аргумент «Сегіз аяқ»- бүтін бітім. Ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белгідей әрі мол, әрі бар жағынан келісті шыққан, адам мінез-құлқының қыр-сырын айқын көрсететін зор шығарма. М. Әуезов. 2. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз. ТЕЗИС . Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселелердің дәл бүгінгі таңда маңыздылығы ерекше. Өйткені ойланбастан елі мен жерін тастап, басқа елге қоныс аударып кететіндердің, діні мен діліне сатқындық жасап жатқандардың, бостандық пен еркіндіктің қадірін бағаламай жүргендердің санасына үлкен ой тастайтын шығарма деп білемін. АРГУМЕНТ. Кенжебек, жас та болсаң, бас болар сәт келді. Бәйгенің ең қызған шағында кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет, менмен текежәуміт бектеріне атасын таныт! Сол сәт менің есіл өткен қайран өмірімнің құны толық ақталғаны! Қарағым, бұл тойда сен тәуекел деп бел буып, еліңе қашасың! 3. Аргумент жазуға көмек. 1. Негізгі бөлім жазылған кезде аргументтің көптігі маңызды емес, сапасы маңызды. Кей жағдайда аргументті тіптен қысылған кезде ойдан жазуға да болады деп айтамын. Егер оқушы сол тақырып жөнініде бір жерден естісе, оқыса, бірақ қайдан оқығанын ұмытып қалды делік. Ондай жағдайда «Жуырда теледидарда ***жаңалықтардан естіген мына бір ақпарат менің көкейімдегі ойды дөп басқандай болды» деп импровизация жасауға болатын сияқты. Аргументті әр түрлі ақпараттар көзінен алдыру маңызды деп санаймын Бұл оқушының ақпаратты іздеу, елеп екшеп алу, салыстыру, сараптама жасай білуіне жол ашады. 2. Аргументтік шаблондар дайындап қою маңызды. Мәңгілік өлмейтін Абай,Ыбырай, Шоқан, ауыз әдебиеті және экология,экономика, ғылым -білім, адами құндылық т.с.с тақырыптарға қатысты эссе беріледі. Осы тақырыптарға қатысты жақсы қанатты сөздер, ойлар, ғалымдардың, атақты ақын-жазушылардың сөздерін жазып, жинақтап қоюға болады. (Қалың дәптер.)