§27 Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы
§27 Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы

#1 слайд
§27 Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси
ұйымдасуы
Оқу мақсаты:
10.3.1.1 -Қазақстандағы ерте көшпенділердегі
мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет»,
«билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану;
10.3.1.3 -Қазақстан территориясындағы ерте
мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін
сипаттау
1 слайд
§27 Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы Оқу мақсаты: 10.3.1.1 -Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін «мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдарын пайдалану; 10.3.1.3 -Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
#2 слайд
Әскери демократиядан ерте мемлекетке қарай
Ерте көшпелі тайпаларда әскери демократия болып, оларда әдеттік
құқық әрекет етті.
Көсем бір мезгілде басшы, әскербасы, би, кейде тіпті абыз да болды.
Халық жиналысы үлкен рөл атқарды. Алайда үнемі соғыс жүргізуден
көсем билігі нығайып, халық жиналысының рөлі әлсіреді. Ол әскери
жасақ жиналысына айналды.
Туыстас жасақтар бір әскерге, ал туыстас тайпалар бір көсем
басқарған тайпалық одаққа бірікті. Мұндай одақ енді бір халық
ретінде қабылданды. Тиграхауда-сақтар немесе массагеттер бір
көсем басқарған тайпалық одақтар болды. Әскери демократиядан
ерте мемлекетке көшу осылай өтті.
2 слайд
Әскери демократиядан ерте мемлекетке қарай Ерте көшпелі тайпаларда әскери демократия болып, оларда әдеттік құқық әрекет етті. Көсем бір мезгілде басшы, әскербасы, би, кейде тіпті абыз да болды. Халық жиналысы үлкен рөл атқарды. Алайда үнемі соғыс жүргізуден көсем билігі нығайып, халық жиналысының рөлі әлсіреді. Ол әскери жасақ жиналысына айналды. Туыстас жасақтар бір әскерге, ал туыстас тайпалар бір көсем басқарған тайпалық одаққа бірікті. Мұндай одақ енді бір халық ретінде қабылданды. Тиграхауда-сақтар немесе массагеттер бір көсем басқарған тайпалық одақтар болды. Әскери демократиядан ерте мемлекетке көшу осылай өтті.
#3 слайд
Әскери демократия дегеніміз –
Әскери билік жүйесіне негізделген демократиялық
билік жүйесі.
Мысалы, сақтар, сарматтар, ғүндар, үйсіндер, қаңлы
тайпалық одақтарының барлығы әскери
демократиялық басқару жүйесіне негізделген
алғашқы тайпалық бірлестіктер.
3 слайд
Әскери демократия дегеніміз – Әскери билік жүйесіне негізделген демократиялық билік жүйесі. Мысалы, сақтар, сарматтар, ғүндар, үйсіндер, қаңлы тайпалық одақтарының барлығы әскери демократиялық басқару жүйесіне негізделген алғашқы тайпалық бірлестіктер.
#4 слайд
Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісі –
1. Көсемдік
2. Ерте көшпелілер империясы
3. Дамыған көшпелілер империясы
Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілер
мемлекеттері алғашқы екі үлгіге жатады.
4 слайд
Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісі – 1. Көсемдік 2. Ерте көшпелілер империясы 3. Дамыған көшпелілер империясы Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілер мемлекеттері алғашқы екі үлгіге жатады.
#5 слайд
Көсемдік – туыстыққа негізделген,
мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын
саяси құрылым.
Ерекшелігі – көсемдік билік жүйесіндегі
мемлекетте әлеуметтік жіктелу болады.
(бай-кедей)
Көсемнің басты қызметі – әскери,
әкімшілік, сот, бітістіруші, біріктіруші.
5 слайд
Көсемдік – туыстыққа негізделген, мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. Ерекшелігі – көсемдік билік жүйесіндегі мемлекетте әлеуметтік жіктелу болады. (бай-кедей) Көсемнің басты қызметі – әскери, әкімшілік, сот, бітістіруші, біріктіруші.
#6 слайд
Ерте көшпелілер империясы – рулық және
рудан тыс байланыстарға негізделген көпсатылы
саяси құрылым.
Ерекшелігі – министрлер, салық жинаушылар,
төрешілдік аппарат болады.
Ерте көшпелілер империясының басты
қызметі – әртекті халқы бар үлкен аумақты
(империяны) бір орталықтан басқару, әскери
жорықтарды ұйымдастыру, салықтар мен
алымдар есебінен ақсүйектер мүддесін қорғау.
6 слайд
Ерте көшпелілер империясы – рулық және рудан тыс байланыстарға негізделген көпсатылы саяси құрылым. Ерекшелігі – министрлер, салық жинаушылар, төрешілдік аппарат болады. Ерте көшпелілер империясының басты қызметі – әртекті халқы бар үлкен аумақты (империяны) бір орталықтан басқару, әскери жорықтарды ұйымдастыру, салықтар мен алымдар есебінен ақсүйектер мүддесін қорғау.
#7 слайд
Сақ патшалықтары
Сақтарда әлеуметтік жіктеліс болған. Бай ақсүйектер үлкен қорғандарда
жерленген.
Сақ көсемдерінің қызметі: 1. саяси қызметтерді атқарды. 2. соғыс пен
бітімгерлік мәселелерді шешті. 3. әскерді басқарған. 4. елшілер жіберген,
одақтар жасақан. 5. басқарушыларды тағайындаған.
Көсемдер мен ақсақалдардан әскери-тайпалық ақсүйектер құралды.
Абыздар тобы бөлініп шықты.
Сақ қоғамында әйелдер жоғары мәртебеге ие болды.
Сақ патшайымы Зарина қарсыластарымен соғыс жүргізіп қана қоймай,
бірнеше қаланың негізін қалады.
Томирис өз патшалығын парсыларға қарсы соғыста басқарды.
7 слайд
Сақ патшалықтары Сақтарда әлеуметтік жіктеліс болған. Бай ақсүйектер үлкен қорғандарда жерленген. Сақ көсемдерінің қызметі: 1. саяси қызметтерді атқарды. 2. соғыс пен бітімгерлік мәселелерді шешті. 3. әскерді басқарған. 4. елшілер жіберген, одақтар жасақан. 5. басқарушыларды тағайындаған. Көсемдер мен ақсақалдардан әскери-тайпалық ақсүйектер құралды. Абыздар тобы бөлініп шықты. Сақ қоғамында әйелдер жоғары мәртебеге ие болды. Сақ патшайымы Зарина қарсыластарымен соғыс жүргізіп қана қоймай, бірнеше қаланың негізін қалады. Томирис өз патшалығын парсыларға қарсы соғыста басқарды.
#8 слайд
Сақ басшылары
Патша (сақ көсемдері)
Сақ билеушілері парсылармен одақтас болған.
Патша «тең адамдар арасындағы бірінші» ретінде
жауынгерлік жалпы жиналыста сайланды.
8 слайд
Сақ басшылары Патша (сақ көсемдері) Сақ билеушілері парсылармен одақтас болған. Патша «тең адамдар арасындағы бірінші» ретінде жауынгерлік жалпы жиналыста сайланды.
#9 слайд
Қаңлы мемлекеті
Б.з.б ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында Қаңлы мемлекеті күшейді.
Бастапқыда қаңлылар оңтүстігінде юэчжилерге, солтүстігінде ғұндарға тәуелді болды.
Қаңлылар билігі Батыс Қазақстан мен Каспийдің солтүстік жағалауларына таралды.
Қаңлыларға массагет пен сармат-алан тайпалары тәуелді болды. Орал маңындағы орман
тайпалары қаңлыларға салық төлеп отырды. Шаш, Ферғана, Хорезм қаңлы құрамына енді.
Негізгі халқы көшпелі болса да, өз қалалары болды, егіншілікпен де айналысты.
Б.з.б 101 жылы қытайлар Давань (Ферғананы) жаулап алған кезде қаңлылар Ферғанаға көмек
берді.
Б.з.б 47-46 жж ғұндармен үйсіндер арасындағы соғыста ғұндарға көмек көрсетті.
Кейіннен ғұндар мен қаңлылар арасында жанжал шығып, қаңлылар ғұндарға қарсы
Қытаймен одақтасты.
V ғасырда Қытай императорына елші жібереді.
9 слайд
Қаңлы мемлекеті Б.з.б ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында Қаңлы мемлекеті күшейді. Бастапқыда қаңлылар оңтүстігінде юэчжилерге, солтүстігінде ғұндарға тәуелді болды. Қаңлылар билігі Батыс Қазақстан мен Каспийдің солтүстік жағалауларына таралды. Қаңлыларға массагет пен сармат-алан тайпалары тәуелді болды. Орал маңындағы орман тайпалары қаңлыларға салық төлеп отырды. Шаш, Ферғана, Хорезм қаңлы құрамына енді. Негізгі халқы көшпелі болса да, өз қалалары болды, егіншілікпен де айналысты. Б.з.б 101 жылы қытайлар Давань (Ферғананы) жаулап алған кезде қаңлылар Ферғанаға көмек берді. Б.з.б 47-46 жж ғұндармен үйсіндер арасындағы соғыста ғұндарға көмек көрсетті. Кейіннен ғұндар мен қаңлылар арасында жанжал шығып, қаңлылар ғұндарға қарсы Қытаймен одақтасты. V ғасырда Қытай императорына елші жібереді.
#10 слайд
Қаңлы басшылары
Шаньюй (тәңірқұт) - жоғары билеуші.
Билік мұрагерлікпен әкесінен баласына беріліп отырды.
Тәңірқұтты халық «Аспан ұлы», «Аспан мен жерден жаралған», «Күн және
Аймен тағайындалған», «Ұлы шаньюй» деп атады.
Шаньюй қызметі: соғыс жариялаушы, бітім жасаушы, Әскербасшысы,
келіссөздер жүргізуші.
Шаньюй өзіне бағынушылардың кез келгенін өлім жазасына кесуге және
кешірім жасауға құқығы болды.
Шаньюйдің бұйрығынсыз тайпалардың орын ауыстыруына тыйым
салынды.
10 слайд
Қаңлы басшылары Шаньюй (тәңірқұт) - жоғары билеуші. Билік мұрагерлікпен әкесінен баласына беріліп отырды. Тәңірқұтты халық «Аспан ұлы», «Аспан мен жерден жаралған», «Күн және Аймен тағайындалған», «Ұлы шаньюй» деп атады. Шаньюй қызметі: соғыс жариялаушы, бітім жасаушы, Әскербасшысы, келіссөздер жүргізуші. Шаньюй өзіне бағынушылардың кез келгенін өлім жазасына кесуге және кешірім жасауға құқығы болды. Шаньюйдің бұйрығынсыз тайпалардың орын ауыстыруына тыйым салынды.
#11 слайд
Үйсін мемлекеті
Үйсіндер – тиграхауда сақтарының ұрпақтары болып есептеледі.
Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысты.
Әлеуметтік айырмашылықтар қорғандардан байқалды. Байлардың жерлеу орындарында алтынан
жасалған құнды заттарын бірге көмген.
Үйсіндерде шенеуніктерден, тексерушілерден, хатшылардан тұратын төрешілдік аппарат болған.
Б.з.б ІІ ғасырдың бас кезінде үйсіндер күшті мемлекет құрды.
Ғұндармен күресте Қытаймен одақтасты.
Б.з.б І ғасырда Үйсін мемлекеті «кіші күнби» және «үлкен күнби» болып екіге бөлініп, өзара бір-
бірімен соғысты. Нәтижесінде екеуін де Қытай өзіне бағындырып алды. Үйсіндердің бір бөлігі
батысқа кетіп, қаңлылардың көмегімен Қытай билеушілерімен нәтижелі соғыс жүргізді.
ІІ ғасырда үйсндер Қытайдан толық құтылды.
ІV ғасырда көшпелі жужандардың қысымымен үйсіндер Тянь-Шань тауларына қоныс аударды.
Б.з.б V ғасырда Қытайға елші жіберген.
11 слайд
Үйсін мемлекеті Үйсіндер – тиграхауда сақтарының ұрпақтары болып есептеледі. Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысты. Әлеуметтік айырмашылықтар қорғандардан байқалды. Байлардың жерлеу орындарында алтынан жасалған құнды заттарын бірге көмген. Үйсіндерде шенеуніктерден, тексерушілерден, хатшылардан тұратын төрешілдік аппарат болған. Б.з.б ІІ ғасырдың бас кезінде үйсіндер күшті мемлекет құрды. Ғұндармен күресте Қытаймен одақтасты. Б.з.б І ғасырда Үйсін мемлекеті «кіші күнби» және «үлкен күнби» болып екіге бөлініп, өзара бір- бірімен соғысты. Нәтижесінде екеуін де Қытай өзіне бағындырып алды. Үйсіндердің бір бөлігі батысқа кетіп, қаңлылардың көмегімен Қытай билеушілерімен нәтижелі соғыс жүргізді. ІІ ғасырда үйсндер Қытайдан толық құтылды. ІV ғасырда көшпелі жужандардың қысымымен үйсіндер Тянь-Шань тауларына қоныс аударды. Б.з.б V ғасырда Қытайға елші жіберген.
#12 слайд
Үйсін басшылары
Гуньмо (күнби) - жоғары билеуші.
Билік мұрагерлікпен әкесінен баласына беріліп отырды.
Гуньмо мемлекетті үшке бөліп басқарды: сол жақ
(шығыс), оң жақ (батыс), орталық.
Гуньмодан кейінгі лауазымды тұлға – бас уәзір (дулы)
Кішігірім иеліктерді тайпа көсемдері басқарды.
12 слайд
Үйсін басшылары Гуньмо (күнби) - жоғары билеуші. Билік мұрагерлікпен әкесінен баласына беріліп отырды. Гуньмо мемлекетті үшке бөліп басқарды: сол жақ (шығыс), оң жақ (батыс), орталық. Гуньмодан кейінгі лауазымды тұлға – бас уәзір (дулы) Кішігірім иеліктерді тайпа көсемдері басқарды.
#13 слайд
Ғұндар мемлекеті – ерте көшпелілер
империясы
Ғұн мемлекеті көршілес тайпалық одақтар мен Қытай патшалықтарымен күрес нәтижесінде пайда болды.
Ғұндар - ең алғашқы орталықтандырылған империя.
Мемлекетте тәңірқұттан кейінгі жоғары тұлғалар «сол жақ» және «оң жақ» кіші хандар болды. Кіші хандар
импреияның батыс және шығыс аумақтарын басқарды. Оң және сол қанат әскерін басқарды. Кіші хандардан
кейінгі лауазымды түменбасылар атқарды.
Ғұндар 24 түменге бөлінді. Әр түменде 10 мың әскер болды. Түменді басқарушыларды «түменбасылар» деп
атады. Тұменбасылар мыңбасы, жүзбасы, он басыларды тағайындап, оларға жер үлестерін бөліп берді.
Түменбасылар тәңірқұттың туысқандарынан тағайындалды. Түменбасыларды шаньюйдің өзі тағайындады.
Ер адамдардың негізгі міндеткерлігі әскери қызмет болды. Әрбір ғұн жауынгер болып есептелді, әскери
борыштан жалтару өліммен жазаланды. Ғұндар бала кезінен белгілі бір жасаққа тіркелді және әркім өз
түменбасының қол астында шайқасты.
Кіші хандар мен түменбасылар жылына үш рет мемлекеттік істерді талқылау үшін және күзде бір рет
адамдар мен мал санын есептеу және тексеру үшін тәңірқұттың ордасына отбасылық кеңеске жиналды.
13 слайд
Ғұндар мемлекеті – ерте көшпелілер империясы Ғұн мемлекеті көршілес тайпалық одақтар мен Қытай патшалықтарымен күрес нәтижесінде пайда болды. Ғұндар - ең алғашқы орталықтандырылған империя. Мемлекетте тәңірқұттан кейінгі жоғары тұлғалар «сол жақ» және «оң жақ» кіші хандар болды. Кіші хандар импреияның батыс және шығыс аумақтарын басқарды. Оң және сол қанат әскерін басқарды. Кіші хандардан кейінгі лауазымды түменбасылар атқарды. Ғұндар 24 түменге бөлінді. Әр түменде 10 мың әскер болды. Түменді басқарушыларды «түменбасылар» деп атады. Тұменбасылар мыңбасы, жүзбасы, он басыларды тағайындап, оларға жер үлестерін бөліп берді. Түменбасылар тәңірқұттың туысқандарынан тағайындалды. Түменбасыларды шаньюйдің өзі тағайындады. Ер адамдардың негізгі міндеткерлігі әскери қызмет болды. Әрбір ғұн жауынгер болып есептелді, әскери борыштан жалтару өліммен жазаланды. Ғұндар бала кезінен белгілі бір жасаққа тіркелді және әркім өз түменбасының қол астында шайқасты. Кіші хандар мен түменбасылар жылына үш рет мемлекеттік істерді талқылау үшін және күзде бір рет адамдар мен мал санын есептеу және тексеру үшін тәңірқұттың ордасына отбасылық кеңеске жиналды.
#14 слайд
Ғұн басшылары
Шаньюй (тәңірқұт) - жоғары билеуші. Билік мұрагерлікпен әкесінен
баласына беріліп отырды.
Тәңірқұтты халық «Аспан ұлы», «Аспан мен жерден жаралған», «Күн
және Аймен тағайындалған», «Ұлы шаньюй» деп атады.
Шаньюй қызметі: соғыс жариялаушы, бітім жасаушы, Әскербасшысы,
келіссөздер жүргізуші.
Шаньюй өзіне бағынушылардың кез келгенін өлім жазасына кесуге және
кешірім жасауға құқығы болды.
Шаньюйдің бұйрығынсыз тайпалардың орын ауыстыруына тыйым
салынды.
14 слайд
Ғұн басшылары Шаньюй (тәңірқұт) - жоғары билеуші. Билік мұрагерлікпен әкесінен баласына беріліп отырды. Тәңірқұтты халық «Аспан ұлы», «Аспан мен жерден жаралған», «Күн және Аймен тағайындалған», «Ұлы шаньюй» деп атады. Шаньюй қызметі: соғыс жариялаушы, бітім жасаушы, Әскербасшысы, келіссөздер жүргізуші. Шаньюй өзіне бағынушылардың кез келгенін өлім жазасына кесуге және кешірім жасауға құқығы болды. Шаньюйдің бұйрығынсыз тайпалардың орын ауыстыруына тыйым салынды.
#15 слайд
Қорытынды.
Көшпелілілік өркениет пайда болғаннан, яғни б.з.б. І мыңжылдықтан бастап
ортаазиялық көшпелі қауымдастықтарда саяси ұйым мен мемлекеттің алғашқы
түрлері қалыптасты.
Ұлы Даланың көсемдіктері (сақ патшалары мен қаңлы билеушілері) саяси
генездің бірінші сатысында болды.
Бұл тайпалардың әскери одақтары бар.
Оларға әскери демократия мен көптеген қызмет атқаратын билешінің мықты
билігі тән.
Үйсін мемлекеті олардан әкімшілік-төрешілдік аппаратының пайда болуымен
ерекшеленді.
Ғұн империясы – көшпелілер тарихындағы алғашқы империя және Ұлы
Даладағы екінші үлгідегі көшпелілердің алғашқы мемлекеті.
15 слайд
Қорытынды. Көшпелілілік өркениет пайда болғаннан, яғни б.з.б. І мыңжылдықтан бастап ортаазиялық көшпелі қауымдастықтарда саяси ұйым мен мемлекеттің алғашқы түрлері қалыптасты. Ұлы Даланың көсемдіктері (сақ патшалары мен қаңлы билеушілері) саяси генездің бірінші сатысында болды. Бұл тайпалардың әскери одақтары бар. Оларға әскери демократия мен көптеген қызмет атқаратын билешінің мықты билігі тән. Үйсін мемлекеті олардан әкімшілік-төрешілдік аппаратының пайда болуымен ерекшеленді. Ғұн империясы – көшпелілер тарихындағы алғашқы империя және Ұлы Даладағы екінші үлгідегі көшпелілердің алғашқы мемлекеті.
#16 слайд
1-тапсырма. Көшпелілер мемлекеттерінің үш
үлгісіне сипаттама беріңіз!
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз!
Территориясы, басшысы,
тайпалық құрамы
Қысқаша тарихы
Сақ
Қаңлы
Үйсін
Ғұн
16 слайд
1-тапсырма. Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісіне сипаттама беріңіз! 2-тапсырма. Кестені толтырыңыз! Территориясы, басшысы, тайпалық құрамы Қысқаша тарихы Сақ Қаңлы Үйсін Ғұн
шағым қалдыра аласыз













