§28-29 Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі
§28-29 Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі

#1 слайд
§28-29 Түркі империясы - көшпенділер
мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.
Оқу мақсаты:
10.3.1.2 -Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи
кезеңдерін түсіндіру;
10.3.2.1 -деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің
дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты
анықтау;
10.3.2.2 -ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі
мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау
1 слайд
§28-29 Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Оқу мақсаты: 10.3.1.2 -Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.2.1 -деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау; 10.3.2.2 -ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау
#2 слайд
- Бірінші Түрік қағандығы (552-603 жж)
- Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж)
Шығыс Түрік (екінші Түрік) қағандығы (682-744 жж)
Түргеш қағандығы (704-756 жж)
Бірінші Түрік қағандығы мен Батыс Түрік қағандығы тек түркі тайпаларын ғана емес,
сондай-ақ басқа да тайпалар мен отырықшы халықтарды біріктірген көшпелілер
империялары болды.
Түркі империялары жалпыимпериялық құрылымды, идеологияны, ортақ жазу мен
ортақ тілді қойып, олардың басын біріктіруге ұмтылды.
2 слайд
- Бірінші Түрік қағандығы (552-603 жж) - Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж) Шығыс Түрік (екінші Түрік) қағандығы (682-744 жж) Түргеш қағандығы (704-756 жж) Бірінші Түрік қағандығы мен Батыс Түрік қағандығы тек түркі тайпаларын ғана емес, сондай-ақ басқа да тайпалар мен отырықшы халықтарды біріктірген көшпелілер империялары болды. Түркі империялары жалпыимпериялық құрылымды, идеологияны, ортақ жазу мен ортақ тілді қойып, олардың басын біріктіруге ұмтылды.
#3 слайд
Түркі тайпалары
Ғұн империясы ыдырағаннан кейін Орталық
Азия аумағында ғұндардың мұрагерлері
Түркі тілдес тайпалардың І мыңжылдықтың
ортасында шоғырлануы Ұлы Далада
көшпелілелер империяларының - Түрік
қағандықтарының пайда болуына әкелді.
Түрік қағандықтары сақтар, қаңлылар, үйсіндер
мен ғұндар бастаған көшпелілер мемлекеттілігінің
дәстүрлерін жалғастырды.
3 слайд
Түркі тайпалары Ғұн империясы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аумағында ғұндардың мұрагерлері Түркі тілдес тайпалардың І мыңжылдықтың ортасында шоғырлануы Ұлы Далада көшпелілелер империяларының - Түрік қағандықтарының пайда болуына әкелді. Түрік қағандықтары сақтар, қаңлылар, үйсіндер мен ғұндар бастаған көшпелілер мемлекеттілігінің дәстүрлерін жалғастырды.
#4 слайд
Бірінші Түрік қағандығы /552-603 жж/
Астанасы – Суяб қаласы
Негізгі қағандары: Бумын, Мұқан, Істемі.
І. Мемлекетті қаған басқарды.
Қағанның міндеті:
1.Будынды (халық) басқару
2.Көсем, сот, абыз рөлін атқарды.
3.Әсербасшы болды, әскери жорықтар ұйымдастырды.
4.Басып алған елдерін өз қарамағынан шығармай ұстау.
ІІ. Қағаннан кейін басқару жүйесінде бектер тұрды. Бектер қол астындағы
әскерге жауап берді. Бектер – ру ақсүйектері болып есептелді. Бектер қол
астындағы Ашина руы – ең жоғарғы ру болып есептелді.
ІІІ. Түрік қағанатында барлық ер адамның жауынгерлік қабілеті мықты болуы
шарт болып есептелді. Барлық ерлер, оның ішінде қағандар мен бектер де
жауынгерлер болып саналды.
4 слайд
Бірінші Түрік қағандығы /552-603 жж/ Астанасы – Суяб қаласы Негізгі қағандары: Бумын, Мұқан, Істемі. І. Мемлекетті қаған басқарды. Қағанның міндеті: 1.Будынды (халық) басқару 2.Көсем, сот, абыз рөлін атқарды. 3.Әсербасшы болды, әскери жорықтар ұйымдастырды. 4.Басып алған елдерін өз қарамағынан шығармай ұстау. ІІ. Қағаннан кейін басқару жүйесінде бектер тұрды. Бектер қол астындағы әскерге жауап берді. Бектер – ру ақсүйектері болып есептелді. Бектер қол астындағы Ашина руы – ең жоғарғы ру болып есептелді. ІІІ. Түрік қағанатында барлық ер адамның жауынгерлік қабілеті мықты болуы шарт болып есептелді. Барлық ерлер, оның ішінде қағандар мен бектер де жауынгерлер болып саналды.
#5 слайд
Тарихы
Түркілер – ғұндардың ұрпақтары.
552 жылы құрылған Түрік қағанатының негізін салушы – Ашина руынан шыққан Бумын қаған.
Бумын қағанға халқы «Ұлы Жабғу» атағын берген.
Бумынның мұрагері Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірде түркілердің үстемдігін орнатты,
Солтүстік Қытай мемлекеттеріне салық салды.
VI ғасырға қарай түркілер Жетісуды иеленді, Аралға дейінгі аумақты мекендеді.
Аварлардың (жужандардың) соңына түсе отырып, Орал маңы мен Еділ бойын бағындырды.
VI ғасырдың екінші жартысында Істемі қаған Иран шахымен одақтасып, эфталиттерді жеңді, Әмудариядан
солтүстікке қарайғы барлық жерлерді бағындырды.
Одан кейін Істемі Солтүстік Кавказды жаулап алып, Византияға баратын Ұлы Жібек жолының «солтүстік
тармағын» ашып, Византиямен сауда-саттық байланыстар орнатты.
Түрік қағанатының ыдырау себептері:
1.Билеуші топтар арасындағы шайқас
2.Қытайдың кұшеюі, түрік қағанатына шабуылы
603 жылы түрік қағанаты екіге бөлініп кетеді:
1. Батыс Түрік қағанаты. 2. Шығыс Түрік қағанаты
5 слайд
Тарихы Түркілер – ғұндардың ұрпақтары. 552 жылы құрылған Түрік қағанатының негізін салушы – Ашина руынан шыққан Бумын қаған. Бумын қағанға халқы «Ұлы Жабғу» атағын берген. Бумынның мұрагері Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірде түркілердің үстемдігін орнатты, Солтүстік Қытай мемлекеттеріне салық салды. VI ғасырға қарай түркілер Жетісуды иеленді, Аралға дейінгі аумақты мекендеді. Аварлардың (жужандардың) соңына түсе отырып, Орал маңы мен Еділ бойын бағындырды. VI ғасырдың екінші жартысында Істемі қаған Иран шахымен одақтасып, эфталиттерді жеңді, Әмудариядан солтүстікке қарайғы барлық жерлерді бағындырды. Одан кейін Істемі Солтүстік Кавказды жаулап алып, Византияға баратын Ұлы Жібек жолының «солтүстік тармағын» ашып, Византиямен сауда-саттық байланыстар орнатты. Түрік қағанатының ыдырау себептері: 1.Билеуші топтар арасындағы шайқас 2.Қытайдың кұшеюі, түрік қағанатына шабуылы 603 жылы түрік қағанаты екіге бөлініп кетеді: 1. Батыс Түрік қағанаты. 2. Шығыс Түрік қағанаты
#6 слайд
Батыс Түрік қағандығы /603-704 жж/
Астанасы – Суяб
І. Мемлекетті қаған (жабғу) басқарды.
Батыс Түрік қағанаты «Он оқ будун» елі деп атады. Он
тайпадан құралды.
Батыс Түрік қағанаты
«бес оқ - дулу» «бес оқ - нушиби»
/шығыс бөлігі / /батыс бөлігі /
Шығыс Түркістан, Шу өзені
Жетісу
Негізгі қағандары: Шегу, Тон, Елтеріс.
6 слайд
Батыс Түрік қағандығы /603-704 жж/ Астанасы – Суяб І. Мемлекетті қаған (жабғу) басқарды. Батыс Түрік қағанаты «Он оқ будун» елі деп атады. Он тайпадан құралды. Батыс Түрік қағанаты «бес оқ - дулу» «бес оқ - нушиби» /шығыс бөлігі / /батыс бөлігі / Шығыс Түркістан, Шу өзені Жетісу Негізгі қағандары: Шегу, Тон, Елтеріс.
#7 слайд
Батыс Түрік қағандығы Шегу мен Тон жабғу кезінде гүлдену шегіне жетті. Тон
жабғудың өлімінен кейін дулу мен нушибидің арасында өзара соғыс болып, ол
қағандықтың ыдырауына әкелді.
Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы: отырықшылық пен көшпелілік қатар
дамыды.
Орта Азиялық мемлекеттер Хорезм, Ферғана, Шаш, Соғды елдері оларға салық
төлеп отырды.
Батыс Түрік қағанатындағы соғдылықтардың орны:
Соғдылар Ұлы Жібек жолы арқылы саудамен айналысқан.
Жетісуда соғдылардың бірнеше ондаған қалалары болған.
Соғдылықтар қағандықтағы ақша соғу ісін жүзеге асырып отырды.
Елтеріс әкімшілік реформасы:
630-704 жылдары Батыс Түрік қағанында ұзаққа созылған дағдарыс уақыты
болды.
634 жылы нушибиге сүйеніп, «он оқ» жүйесін қалпына келтірді.
Өзге елдерге бақылауды күшейту үшін қаған туысы – «шад» жіберілді. Дулулар
өздеріне жіберілген шадты қаған етіп сайлайды.
Қытайлармен (Таң империясы) жүргізілген жиырма жылдық соғыс нәтижесінде
ыдырайды.
7 слайд
Батыс Түрік қағандығы Шегу мен Тон жабғу кезінде гүлдену шегіне жетті. Тон жабғудың өлімінен кейін дулу мен нушибидің арасында өзара соғыс болып, ол қағандықтың ыдырауына әкелді. Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы: отырықшылық пен көшпелілік қатар дамыды. Орта Азиялық мемлекеттер Хорезм, Ферғана, Шаш, Соғды елдері оларға салық төлеп отырды. Батыс Түрік қағанатындағы соғдылықтардың орны: Соғдылар Ұлы Жібек жолы арқылы саудамен айналысқан. Жетісуда соғдылардың бірнеше ондаған қалалары болған. Соғдылықтар қағандықтағы ақша соғу ісін жүзеге асырып отырды. Елтеріс әкімшілік реформасы: 630-704 жылдары Батыс Түрік қағанында ұзаққа созылған дағдарыс уақыты болды. 634 жылы нушибиге сүйеніп, «он оқ» жүйесін қалпына келтірді. Өзге елдерге бақылауды күшейту үшін қаған туысы – «шад» жіберілді. Дулулар өздеріне жіберілген шадты қаған етіп сайлайды. Қытайлармен (Таң империясы) жүргізілген жиырма жылдық соғыс нәтижесінде ыдырайды.
#8 слайд
Шығыс Түрік (Екінші түрік) қағандығы немесе АШИНА мемлекеті
деп те аталды. 682-744 жж
Орталығы – Өтікен (Хангай тауларынан Алтайға дейін)
Мемлекетті қаған басқарды.
Негізгі қағандары: Құтлық, Қапаған, Білге
Шығыс Түрік қағанатын Ашина әулеті деп те атаған.
682 жылы шығыс түркілер Қытайдан өз тәуелсіздігін алды.
Бірінші қағаны Құтлық болды.
Қапаған қаған кезінде қағандық өзінің ең жоғарғы шегіне жетті.
Білге қағанның кезінде мемлекет
723 жылы Білге қаған мен Күлтегін Қытаймен соғыста жеңіске жетті.
731 жылы әскербасы болған Білгенің көмекшісі Күлтегін қайтыс болады.
Білге қаған өз жақындарының қастандығынан қаза табады.
Монғолияда, Орхон өзенінің жағасында Білге мен Күлтегінге арналған ескерткіш пен
руна жазулары бар тас бағандар тұрғызылды.
744 жылы Ашина әулеті өз өмір сүруін тоқтатты.
8 слайд
Шығыс Түрік (Екінші түрік) қағандығы немесе АШИНА мемлекеті деп те аталды. 682-744 жж Орталығы – Өтікен (Хангай тауларынан Алтайға дейін) Мемлекетті қаған басқарды. Негізгі қағандары: Құтлық, Қапаған, Білге Шығыс Түрік қағанатын Ашина әулеті деп те атаған. 682 жылы шығыс түркілер Қытайдан өз тәуелсіздігін алды. Бірінші қағаны Құтлық болды. Қапаған қаған кезінде қағандық өзінің ең жоғарғы шегіне жетті. Білге қағанның кезінде мемлекет 723 жылы Білге қаған мен Күлтегін Қытаймен соғыста жеңіске жетті. 731 жылы әскербасы болған Білгенің көмекшісі Күлтегін қайтыс болады. Білге қаған өз жақындарының қастандығынан қаза табады. Монғолияда, Орхон өзенінің жағасында Білге мен Күлтегінге арналған ескерткіш пен руна жазулары бар тас бағандар тұрғызылды. 744 жылы Ашина әулеті өз өмір сүруін тоқтатты.
#9 слайд
Түргеш қағандығы (704-756 жылдар)
Астанасы - Суяб
Мемлекетті қаған басқарды.
Негізгі қағандары: Үшелік, Сақал (Сұлу).
Жетісудағы Қытай тағайындаған билеушіні құлатты.
699 жылы түргештер мен дулу тайпаларын біріктірген тайпа көсемі Үшелік билік орнатты.
Түргеш қағанатында «он оққа бөліну», әскери-әкімшілік салт-дәстүр сақталды.
Үшелік қаған әкімшілік реформа жүргізді.
Үшелік қаған Шу мен Іле жазықтарында өз Ордасын құрып, қағандықты 20 аймаққа бөлді.
708 жылы Үшеліктің мұрагері Сақал (Согэ) Кучадағы Қытай билеушісінің әскерін талқандады.
711 жылы шығыс түркілердің әскері Жоңғарияда Сақалдың әскерін талқандап, қаған қаза тапты.
Сұлу Жетісуда өзін қаған етіп жариялап, мемлекетті қалпына келтірді.
Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Шығыста қытайлар қауіп төндірсе, батыста арабтар
қауіп төндірді. Шығыстан төнген қауіпті диломатиялық жолмен шешті. Оңтүстік-батысында Сұлу қаған
арабтардың баса-көктеп кіруіне қарсы күреске белсенді қатысты.
Арабтар Сұлуға Әбу Музахим яғни, «Сүзеген» деп ат қойды, одан қауіптенді.
732 жылы арабтар түргештерді талқандап, Бұхара кірді. 737 жылы Сұлу қаған шайқаста өлді. Түргеш
қағандығы ыдырады.
9 слайд
Түргеш қағандығы (704-756 жылдар) Астанасы - Суяб Мемлекетті қаған басқарды. Негізгі қағандары: Үшелік, Сақал (Сұлу). Жетісудағы Қытай тағайындаған билеушіні құлатты. 699 жылы түргештер мен дулу тайпаларын біріктірген тайпа көсемі Үшелік билік орнатты. Түргеш қағанатында «он оққа бөліну», әскери-әкімшілік салт-дәстүр сақталды. Үшелік қаған әкімшілік реформа жүргізді. Үшелік қаған Шу мен Іле жазықтарында өз Ордасын құрып, қағандықты 20 аймаққа бөлді. 708 жылы Үшеліктің мұрагері Сақал (Согэ) Кучадағы Қытай билеушісінің әскерін талқандады. 711 жылы шығыс түркілердің әскері Жоңғарияда Сақалдың әскерін талқандап, қаған қаза тапты. Сұлу Жетісуда өзін қаған етіп жариялап, мемлекетті қалпына келтірді. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Шығыста қытайлар қауіп төндірсе, батыста арабтар қауіп төндірді. Шығыстан төнген қауіпті диломатиялық жолмен шешті. Оңтүстік-батысында Сұлу қаған арабтардың баса-көктеп кіруіне қарсы күреске белсенді қатысты. Арабтар Сұлуға Әбу Музахим яғни, «Сүзеген» деп ат қойды, одан қауіптенді. 732 жылы арабтар түргештерді талқандап, Бұхара кірді. 737 жылы Сұлу қаған шайқаста өлді. Түргеш қағандығы ыдырады.
#10 слайд
Қорытынды
І мыңжылдықтың ортасында түркі тайпаларының бірігуі олардың
Ұлы Далада мемлекеттік үлгі бойынша көшпелілер империясына
жататын бірнеше ірі мемлекет құруына әкелді.
Империя – қағандықтар түркі тайпалық одақтарын да, сондай-ақ
бағындырған халықтар мен вассалдық мемлекеттерді де біріктірді.
Империя бірыңғай әскери-әкімшілік жүйемен басқарылды.
Түркі қоғамы аумақтарды басып алу және әскери олжа түсіру
идеологиясымен жұмылдырылды.
Империяда рулық ақсүйектер артық жағдайға ие болды.
Түркі империялары Еуразияның геосаяси сипатын өзгертіп,
халықаралық істер мен саудаға белсенді араласты.
10 слайд
Қорытынды І мыңжылдықтың ортасында түркі тайпаларының бірігуі олардың Ұлы Далада мемлекеттік үлгі бойынша көшпелілер империясына жататын бірнеше ірі мемлекет құруына әкелді. Империя – қағандықтар түркі тайпалық одақтарын да, сондай-ақ бағындырған халықтар мен вассалдық мемлекеттерді де біріктірді. Империя бірыңғай әскери-әкімшілік жүйемен басқарылды. Түркі қоғамы аумақтарды басып алу және әскери олжа түсіру идеологиясымен жұмылдырылды. Империяда рулық ақсүйектер артық жағдайға ие болды. Түркі империялары Еуразияның геосаяси сипатын өзгертіп, халықаралық істер мен саудаға белсенді араласты.
шағым қалдыра аласыз













