§29-30 ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§29-30 ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары

Материал туралы қысқаша түсінік
§29-30 ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
§29-30 ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары Оқу мақсаты: 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қаза

#1 слайд
§29-30 ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары Оқу мақсаты: 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау

1 слайд

Тірек сөздер Демократия – өкімет билігі халықтың қолында болатын құрылыс, халық билігі. Декабристер – 1825 жылы ж

#2 слайд
Тірек сөздер Демократия – өкімет билігі халықтың қолында болатын құрылыс, халық билігі. Декабристер – 1825 жылы желтоқсанда патша өкіметі мен басыбайлылыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырған орыс революционерлері. Ағартушы – білім беріп, оқу-ағарту ісімен шұғылданушы адам. Билер соты – қазақ қоғамын құқықтық тұрғыда реттеудің дәстүрлі билік құрылымы.

2 слайд

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы  Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі.  Шоқан кадет ко

#3 слайд
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы  Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі.    Шоқан кадет корпусында белгілі ғалым, саяси-қоғам қайраткері Г.Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Аса көрнекті орыс және шетел ақындары мен жазушылары А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің, Ч. Диккенстің және басқалардың шығармаларын зор сүйіспеншілікпен қызыға оқыды.    Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми еңбегін жоғары бағалады.  1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әскери шені де өсті.  Оны орыс патшасы ІІ Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Өзінің еңбектерінде қазақтардың бұрын еркін, дәулетті өмір сүргені туралы жазады.    1822 жылы Орта жүзде хандық билік жойылып, қазақтардың мал жайылымдары тарыла бастаған кезде, Шоқан Уәлиханов округтік басқарудың енгізілуіне қатысты өзінің қарсы көзқарасын білдірді: «Біздің жерімізді округтер бойынша бөліп, жазғы және қысқы жайылымдарды атақты рулар мен адамдарға беру – малшаруашылығына кесірін тигізетін басты себептердің бірі ретінде есептелуі тиіс. Мұндай реформалар кедергі келтіретін зиянды, әрі халық үшін қасірет әкеледі».  Ғалым патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісіндегі кемшіліктерін сынға алып, билер сотының артықшылығы туралы былай деп жазады: «Орыс талапкері немесе жауапкері көптеген жағдайда орыстың тергеу орнынан гөрі, бидің сотын артық көреді… Билер сотының артықшылығы, ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді; оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар». Демократиялық билер соты Ресейдің отаршыл сотынан әділдігімен ерекшеленді.

3 слайд

Шоқанның Достоевскийге жазған хаты: «Халқыма пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер м

#4 слайд
Шоқанның Достоевскийге жазған хаты: «Халқыма пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім – өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді. Болысты төңіректеген ұлықсымақ мырзалар мен приказнойлар маған түгелімен қарсы болды. Неге өйткенін білесің бе? Мен аға сұлтан болсам, болыс әкімдері аға сұлтандардан алатын мыңдаған ақшасынан айырылар еді, приказнойлар аяғын аңдап басып, ел аралап тентіреп кеткен болар еді. Байқайсың ба, бұл шенеуніктер үшін «болу не болмау» сияқты нәрсе. Шенеуніктер байлар мен баққұмар қырғыздарды (қазақтарды) маған өшіктіріп, «Уәлиханов аға сұлтан болса, сендерге сор болады, ол теңдік деген ұғымды ұстаған адам… Құдайға сенбейді. Мұхаммед пайғамбарға өш», – деп өсек таратты». 1862 жыл, қазан. «Сот реформасы туралы жазбалар» мақаласы «Реформа оңтайлы, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды болады», – деп жазады. Сонымен қатар патша өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипатын ашық айтты: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне зорлықпен, ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келді». Ғалым дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік- экономикалық, зияткерлік әлеуеті туралы айтып, халықтың жарқын болашағына кәміл сенді: «Ресей империясының құрамына еніп отырған барлық бұратаналардың ішінде халқы санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың үлесіне тиеді».

4 слайд

2. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасы Қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде аса көрнекті педагог, жазушы, ф

#5 слайд
2. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық көзқарасы Қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірінде аса көрнекті педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин зор рөл атқарды.   Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы-ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. 1857 жылы Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, татар және басқа тілдерде еркін сөйлей білді. Ы. Алтынсарин көрнекті орыс демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.   Мектеп бітіріп шыққан Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.   1869 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік сот міндеттерін қатар атқарды.   Ы. Алтынсарин патша үкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды.   Қазақ даласы негізгі аймағының егіншілікпен айналысуға тиімсіздігін ескере отырып, халық ағартушысы малшаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді.  Ол отырықшылыққа күштеп көшуге үзілді-кесілді қарсы шығып, эволюциялық жолды таңдады.

5 слайд

3. Абай Құнанбайұлының қоғамдық көзқарасы  Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, ағартушысы, ұлы

#6 слайд
3. Абай Құнанбайұлының қоғамдық көзқарасы  Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, ағартушысы, ұлы ақыны және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.  Е. Михаэлис, С. Гросс, Н. Коншин, Н. Долгополовтармен араласуы барысында Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов және басқалардың шығармаларымен жете танысты.  Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейлене бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі еді. Ол өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды сынады. Парақор билеушілерді, кейбір әділетсіз билерді әшкерелеп отырды.    Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаман мінездерді – жалқаулықты, білімсіздікті, көрсеқызарлықты, надандықты әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда- саттықты үйренуде екенін айтты. Ол былай деп жазады:«Бай болғың келсе – өнер үйрен. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды».

6 слайд

Тапсырмалар 1-тапсырма. 1. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қандай оқиғалар әсер етті? 2. Қазақ зиялыл

#7 слайд
Тапсырмалар 1-тапсырма. 1. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қандай оқиғалар әсер етті? 2. Қазақ зиялыларының ортақ мүдделері болды ма? 3. Патша үкіметі қазақ ағартушыларына қатысты қандай саясат ұстанды? 4. «Шоқанның саяси көзқарастары Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың жалғасы» деген пікірмен келісесіңдер ме? 5. Үш ағартушы ғалымның қоғамдық-саяси көзқарастарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

7 слайд

2-тапсырма. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі тұлғалардың Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне бағ

#8 слайд
2-тапсырма. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі тұлғалардың Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріңдер. Қорытынды жасаңдар.

8 слайд

Файл форматы:
pptx
03.02.2025
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі