8 сынып "Оттек және озон" презентация+қмж+қосымшасы




1 слайд
Оттек және озон
8-сынып
1 слайд
Оттек және озон 8-сынып

2 слайд
Сабақтың оқу мақсаты:
•8.4.2.4 -оттектің
аллотропиялық
түрөзгерістерінің құрамы
мен қасиеттерін салыстыру8.4.2.4
•8.4.2.5-Жер бетіндегі
озон қабатының
маңызын түсіндіру8.4.2.5
2 слайд
Сабақтың оқу мақсаты: •8.4.2.4 -оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру8.4.2.4 •8.4.2.5-Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру8.4.2.5

3 слайд
Ой қозғау
Суретке қарап оттектің 2 және 3
атомнан тұрғанын көріп
тұрмыз.Мұны не деп атайды?
3 слайд
Ой қозғау Суретке қарап оттектің 2 және 3 атомнан тұрғанын көріп тұрмыз.Мұны не деп атайды?

4 слайд
Оттек элементі табиғатта екі жай зат
түзеді – оттек және озон
4 слайд
Оттек элементі табиғатта екі жай зат түзеді – оттек және озон

5 слайд
Құрамы: Оттек элементінің молекуласы екі атомнан
тұратын O2-ден басқа, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ
тектес болып келетін тағы бір түрі-О3, яғни озон деп аталатын
молекуласы бар.1785 ж голланд оқымыстылары жаңа газды
анықтап, оның атын озон деп атаған. Оның оттек атомынан
тұратын жай зат екені анықталған. Оның формуласы О3
молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім
болды.Ол көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті)
газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С.
Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш
заттарды түссіздендіретін қасиеті бар..Атмосфераның көгілдір
түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында
жер бетінен 15-тен 50 шақырым аралығында биіктікте. Озон
қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25
шақырым), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон
концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам.
5 слайд
Құрамы: Оттек элементінің молекуласы екі атомнан тұратын O2-ден басқа, кәдімгі жағдайда үш атомнан құралған газ тектес болып келетін тағы бір түрі-О3, яғни озон деп аталатын молекуласы бар.1785 ж голланд оқымыстылары жаңа газды анықтап, оның атын озон деп атаған. Оның оттек атомынан тұратын жай зат екені анықталған. Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болды.Ол көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар..Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 шақырым аралығында биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шақырым), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам.

6 слайд
Алынуы. Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың
көмегімен алуға болады. Озонатор сыртынан металл
сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан
екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік
арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын
индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік
ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы
озонға айналады.Реакция теңдеуі:
2О2 у.к.с, эл.зар.→ 2О3Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз
қосылыс:
О3 .→ О2 + О Жеке оттек атомдары өзара қосылып, оттек
молекуласына
+О = О2Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде
болуы аллотропия деп ат алады. Жай заттар сол элементтің
аллотропиялық түр өзгерістеріне жатады.
6 слайд
Алынуы. Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады. Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.Реакция теңдеуі: 2О2 у.к.с, эл.зар.→ 2О3Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс: О3 .→ О2 + О Жеке оттек атомдары өзара қосылып, оттек молекуласына +О = О2Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия деп ат алады. Жай заттар сол элементтің аллотропиялық түр өзгерістеріне жатады.

7 слайд
Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның
ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан
озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.Қыздырмай-
ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон
реакцияға түседі. Мысалы, ауадағы отттек газы калий
йодиді ертіндісіне әсер етпейді. Егер калий йодиді
ерітіндісіне озоны бар ауа жіберсе, йод бос күйінде
бөлініп шығады:
O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH
Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді,
органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон
жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон
күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да
тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп,
оксид түзеді:6Ag + O3 = 3Ag2O
7 слайд
Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.Қыздырмай- ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға түседі. Мысалы, ауадағы отттек газы калий йодиді ертіндісіне әсер етпейді. Егер калий йодиді ерітіндісіне озоны бар ауа жіберсе, йод бос күйінде бөлініп шығады: O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді:6Ag + O3 = 3Ag2O

8 слайд
Жұптық жұмыс тапсырмасы:
Оттек пен озонның ерекшеліктері
мен ұқсастықтарын сипаттаңдар
Дескриптор:
оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін
салыстырады-2балл
8 слайд
Жұптық жұмыс тапсырмасы: Оттек пен озонның ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сипаттаңдар Дескриптор: оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстырады-2балл

9 слайд
Топтық жұмыс тапсырмасы:
Дескриптор:
Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіреді-2балл
1980 жылғы бақылау
көрсеткіші Антарктида
аймағында баяу, тұрақты
түрде стратосфералық
озон концентрациясы
төмендеуін байқаған.
Бұл құбылысты
«озон тесігі» деп атаған
(шын мәнінде ондай
тесік жоқ), оған мән беріп,
зерттей бастайды.Кейінірек
1990 жылдары
осындай төмендеу Арктика
төңірегінде басталады.
І топқа
Жер бетіндегі тіршіліктің
сақталуына озон қабатының ролі
қандай ?
ІІ топқа
Озон қабаты қалай пайда болады ?
ІІІ топқа
Озон қалпына келе ме, оның
қандай жолдары бар?
9 слайд
Топтық жұмыс тапсырмасы: Дескриптор: Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіреді-2балл 1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антарктида аймағында баяу, тұрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы төмендеуін байқаған. Бұл құбылысты «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде ондай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастайды.Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады. І топқа Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының ролі қандай ? ІІ топқа Озон қабаты қалай пайда болады ? ІІІ топқа Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар?

10 слайд
Жеке жұмыс тапсырмасы:
Дескриптор:
Әр тапсырма-2 балл
Барлығы-6балл
1 тапсырма:
О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
2 тапсырма:
Реакция теңдеуін теңестіру
Ca + O3 = CaOS + O3 = SO2NO2 + O3 = N2O5
3 тапсырма
96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.
10 слайд
Жеке жұмыс тапсырмасы: Дескриптор: Әр тапсырма-2 балл Барлығы-6балл 1 тапсырма: О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр 2 тапсырма: Реакция теңдеуін теңестіру Ca + O3 = CaOS + O3 = SO2NO2 + O3 = N2O5 3 тапсырма 96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.

11 слайд
ЕББҚ оқушы тапсырмасы:
Аллотропия дегеніміз ?
Озонның түсі қандай ?
1-10 балл
11 слайд
ЕББҚ оқушы тапсырмасы: Аллотропия дегеніміз ? Озонның түсі қандай ? 1-10 балл

12 слайд
Рефлексия
Үйге тапсырма: : §29 №4
12 слайд
Рефлексия Үйге тапсырма: : §29 №4