§8 Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қайнаркөзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит пен қола дәуірі)

#1 слайд
§8 Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қайнаркөзі және қалыптасуының
ерекшеліктері (энеолит пен қола дәуірі)
Оқу мақсаты:
10.1.2.3-Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу
ерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.4- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет-
тердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5-Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара
байланысын талдау
1 слайд
§8 Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қайнаркөзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит пен қола дәуірі) Оқу мақсаты: 10.1.2.3-Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет- тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5-Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
#2 слайд
Ботай қонысы Солтүстік Қазақстанда
б.з.б. 3700-3100 жж (төртінші мыңжылдық)өмір сүрген.
Ботайлықтар туралы бірнеше факт:
Адамзат
тарихындағы ең
алғашқы жылқы
өсірушілер
Қоныстарынан ат
әбзелдері, ілмектер т.б.
табылған.
Олар ағаш бөренесінен
жартылай дөңгелек
баспана тұрғызып,
оның шеттерін шөппен,
мүкпен тығыздап
бітеді.
Тастан, сүйектен
құрал жасауды
меңгерген.
Олар мыс
қорытуды білмеген
Жылқы етімен,
қымызбен
қоректенген
2 слайд
Ботай қонысы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3700-3100 жж (төртінші мыңжылдық)өмір сүрген. Ботайлықтар туралы бірнеше факт: Адамзат тарихындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер Қоныстарынан ат әбзелдері, ілмектер т.б. табылған. Олар ағаш бөренесінен жартылай дөңгелек баспана тұрғызып, оның шеттерін шөппен, мүкпен тығыздап бітеді. Тастан, сүйектен құрал жасауды меңгерген. Олар мыс қорытуды білмеген Жылқы етімен, қымызбен қоректенген
#3 слайд
Ботай мәдениетінің аяқталуы
Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз
ерекшелігін жоғалтты.
Бұған қуаңшылық пен жылқы басының азаюы
себеп болды.
Ботайлықтар жылқы кәсібін тастап, Оңтүстік Орал мен
Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты
кәсіп еткен тайпалармен бірігіп кетті.
3 слайд
Ботай мәдениетінің аяқталуы Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалтты. Бұған қуаңшылық пен жылқы басының азаюы себеп болды. Ботайлықтар жылқы кәсібін тастап, Оңтүстік Орал мен Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты кәсіп еткен тайпалармен бірігіп кетті.
#4 слайд
Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығы
Энеолит пен ерте қола
дәуіріне жататын
мәдениет
Мал өсірумен
айналысып, жартылай
көшпелі болды.
Мәйіттерді қорған
астындағы шұңқырға
жерледі.
Мәйітті тізесін бүгіп,
арқасымен жатқызып,
үстіне бояу сепкен.
Адамдармен бірге
жануарларды қоса
көмген.
Ірі қара (сиыр), ұсақ
мал, жылқы өсірді.
(б.з.б. 3600-2300) өмір
сүрген.
Ұлы Даланың батыс
бөлігінде құрылған
Жайылымға
дөңгелекті жүк арба
арқылы көшіп жүрді.
Кейбір қорғандардан
төрт дөңгелекті
арбаның қалдықтары
мен саздан жасалған
үлгілер табылды.
4 слайд
Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығы Энеолит пен ерте қола дәуіріне жататын мәдениет Мал өсірумен айналысып, жартылай көшпелі болды. Мәйіттерді қорған астындағы шұңқырға жерледі. Мәйітті тізесін бүгіп, арқасымен жатқызып, үстіне бояу сепкен. Адамдармен бірге жануарларды қоса көмген. Ірі қара (сиыр), ұсақ мал, жылқы өсірді. (б.з.б. 3600-2300) өмір сүрген. Ұлы Даланың батыс бөлігінде құрылған Жайылымға дөңгелекті жүк арба арқылы көшіп жүрді. Кейбір қорғандардан төрт дөңгелекті арбаның қалдықтары мен саздан жасалған үлгілер табылды.
#5 слайд
Қола дәуіріндегі өзгерістер
Тұрақты қоныстар
Дөңгелекті көлік
Қола құю
5 слайд
Қола дәуіріндегі өзгерістер Тұрақты қоныстар Дөңгелекті көлік Қола құю
#6 слайд
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Ұлы Далада
болған өзгерістер
Ұлы бетбұрыс болды. Жаңа технологиялар
пайда болды.
Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлері мен
мәдениет өзгерді. Өмірдің барлық саласында үлкен
жетістіктер орын алды.
Тайпалардың кең ауқымды көші-қоны басталды.
Баспана үлгілері өзгеріп, үйлер кең және өмір
сүруге ыңғайлы бола бастады.
Қыш шеберлері, тігіншілер, сүйек өңдеушілер,
зергерлер сияқты қолөнершілер пайда болды.
6 слайд
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Ұлы Далада болған өзгерістер Ұлы бетбұрыс болды. Жаңа технологиялар пайда болды. Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлері мен мәдениет өзгерді. Өмірдің барлық саласында үлкен жетістіктер орын алды. Тайпалардың кең ауқымды көші-қоны басталды. Баспана үлгілері өзгеріп, үйлер кең және өмір сүруге ыңғайлы бола бастады. Қыш шеберлері, тігіншілер, сүйек өңдеушілер, зергерлер сияқты қолөнершілер пайда болды.
#7 слайд
Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңындағы
үлкен жетістіктердің бірі - дөңгелекті
арбалар пайда болуы
Дөңгелекті арбаның артықшылықтары:
Алысқа көшуге мүмкіндік берді.
Әскери істің дамуына мүмкіндік берді.
Өгіздер мен жылқыны арбаға жекті.
Өнертанушылар тасқа арбаның суреттерін қашап
салды.
7 слайд
Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңындағы үлкен жетістіктердің бірі - дөңгелекті арбалар пайда болуы Дөңгелекті арбаның артықшылықтары: Алысқа көшуге мүмкіндік берді. Әскери істің дамуына мүмкіндік берді. Өгіздер мен жылқыны арбаға жекті. Өнертанушылар тасқа арбаның суреттерін қашап салды.
#8 слайд
Авеста аңызында дөңгелекті
арбалар туралы
Құдайлар шайқаста жауынгерлерге
көмектеседі, ал жауынгерлер
қамқоршысы Митра құдайы аспанда
дөңгелекті әскери арбамен жүреді.
8 слайд
Авеста аңызында дөңгелекті арбалар туралы Құдайлар шайқаста жауынгерлерге көмектеседі, ал жауынгерлер қамқоршысы Митра құдайы аспанда дөңгелекті әскери арбамен жүреді.
#9 слайд
Қола дәуірі
Қола металы мыс пен қалайының қосындысынан жасалған.
Қазақстандағы қола дәуірі б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар аралығын
қамтиды.
Қола дәуіріндегі алғашқы қалалар қатарына Арқайым мен Сынтасты
жатады.
Арқайым мен Сынтасты Ұлы Даланың қазіргі Ресейдегі Оңтүстік Орал
жерінде орналасқан.
Ұлы Дала тұрғындары қола қорытуды б.з.б. ІІ мыңжылдықтың
басында меңгерді.
Қола дәуірінде адамдар қару-жарақты қоладан жасады.
9 слайд
Қола дәуірі Қола металы мыс пен қалайының қосындысынан жасалған. Қазақстандағы қола дәуірі б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Қола дәуіріндегі алғашқы қалалар қатарына Арқайым мен Сынтасты жатады. Арқайым мен Сынтасты Ұлы Даланың қазіргі Ресейдегі Оңтүстік Орал жерінде орналасқан. Ұлы Дала тұрғындары қола қорытуды б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басында меңгерді. Қола дәуірінде адамдар қару-жарақты қоладан жасады.
#10 слайд
Андрондықтар туралы бірнеше факт:
Қазақстандағы қола
дәуірін Андрон
мәдениеті деп те
атайды.
Андрондықтар - бір
мәдени-тарихи
қауымдастық ретінде
қалыптасқан, қола
дәуіріндегі далалық
малшылар мәдениетін
қалыптастырушылар.
Андрон қоғамында
ерлердің мәртебесі
жоғары болды.
Андрондықтар ірі
қара мен жылқымен
айналысқан.
Сиырды көбірек
өсірген.
Андрондықтар кен
өндіріп, қорытып,
тасымалдаған.
Андрондықтар
тастарды өңдеп,
үйлер, қоныстар
салды.
Андрондықтардың ең
басты шаруашылық
көзі – мал
шаруашылығы
болды
Андрондықтар қыс
мезгілінде
баспаналары мен мал
қораларын
қатарластыра салған.
Сиыр сүті мен сүт
өнімдерін, ет
өнімдерін көп
қолданған
Жылқыларды салт
мінуге, әскери арбаға
жегуге пайдаланды.
10 слайд
Андрондықтар туралы бірнеше факт: Қазақстандағы қола дәуірін Андрон мәдениеті деп те атайды. Андрондықтар - бір мәдени-тарихи қауымдастық ретінде қалыптасқан, қола дәуіріндегі далалық малшылар мәдениетін қалыптастырушылар. Андрон қоғамында ерлердің мәртебесі жоғары болды. Андрондықтар ірі қара мен жылқымен айналысқан. Сиырды көбірек өсірген. Андрондықтар кен өндіріп, қорытып, тасымалдаған. Андрондықтар тастарды өңдеп, үйлер, қоныстар салды. Андрондықтардың ең басты шаруашылық көзі – мал шаруашылығы болды Андрондықтар қыс мезгілінде баспаналары мен мал қораларын қатарластыра салған. Сиыр сүті мен сүт өнімдерін, ет өнімдерін көп қолданған Жылқыларды салт мінуге, әскери арбаға жегуге пайдаланды.
#11 слайд
1-тапсырма.
Ботайлықтардың әлемдік көшпелі өркениетке қосқан үлесіне
баға беріңіз!
2-тапсырма.
Мыс-тас дәуірі мен қола дәуірін қысқаша сипаттама беріп,
өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз!
3-тапсырма.
«Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңындағы үлкен жетістіктердің бірі
- дөңгелекті арбалар пайда болуы» екендігін бірнеше тарихи
фактілер келтіре отырып дәлелдеңіз!
11 слайд
1-тапсырма. Ботайлықтардың әлемдік көшпелі өркениетке қосқан үлесіне баға беріңіз! 2-тапсырма. Мыс-тас дәуірі мен қола дәуірін қысқаша сипаттама беріп, өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз! 3-тапсырма. «Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңындағы үлкен жетістіктердің бірі - дөңгелекті арбалар пайда болуы» екендігін бірнеше тарихи фактілер келтіре отырып дәлелдеңіз!
#12 слайд
Үй жұмысы
Тақырыпты оқып, мазмұндау.
Тақырып бойынша 10 жабық тест құрастыру.
12 слайд
Үй жұмысы Тақырыпты оқып, мазмұндау. Тақырып бойынша 10 жабық тест құрастыру.
шағым қалдыра аласыз


