1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абай және орыс әдебиеті"

#1 слайд
АБАЙ ЖӘНЕ ОРЫС
ӘДЕБИЕТІ
1 слайд
АБАЙ ЖӘНЕ ОРЫС ӘДЕБИЕТІ
#2 слайд
Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық
ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал
етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық
қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер
аударылып келіп жатты. Олар, атап
айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді
өкілдері болатын.
2 слайд
Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын.
#3 слайд
Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің
саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері
де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының
қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А.
Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н.
Долгополов және басқалары еді. Олар Абаймен бірге жиі-жиі
қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында
озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С.
Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың
шығармаларымен жете танысты.
3 слайд
Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді. Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың
жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық.
Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская
школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу
ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап
кіріскен уақыты - жасы 30-дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген
Е.П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер
қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін,біраз жылдар айдауда Сібірде
жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей
кітапханасында Л. Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын
сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай
кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық.
Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр
түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған.
Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның
әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой-пікірлерінен терең
мағлұматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы
Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар
бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен
қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.
5 слайд
Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30-дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е.П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін,біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой-пікірлерінен терең мағлұматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.
#6 слайд
Аудармашылық қызметі
Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М.
Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға»
(«Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде
жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы»
(«Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай
А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы
ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне
шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне
айналды.
6 слайд
Аудармашылық қызметі Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
#7 слайд
Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен
де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының
көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз
даласындағы әр түрлі уездерде болған кезінде ондағы
ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған
өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып
айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен
Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті.
Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін
қазақ тіліне аударды.
7 слайд
Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әр түрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.
#8 слайд
Абайдың М.Ю.Лермонтов пен И.А.Крыловтан аудармалары
Көңілдің күйі тағы да
(М. Ю. Лермонтовтан)
Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған
қайғысын.
Жат жерде елге қосылмай,
Сенімді доссыз жалтақтап,
Көк қанат бейіш құсындай,
Қу ағашқа қонақтап.
Ол бұтақтан қозғалмас,
Өкіріп дауыл, соқса жел.
Өзгеге бола жырламас,
Ыстық күнді жоқтар ол.
Жанымның жарық
жұлдызы,
Жамандық күнде
жарымсың.
Сөз болсын ескі ер сөзі,
Кейінгіге қалынсын.
8 слайд
Абайдың М.Ю.Лермонтов пен И.А.Крыловтан аудармалары Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан) Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын. Жат жерде елге қосылмай, Сенімді доссыз жалтақтап, Көк қанат бейіш құсындай, Қу ағашқа қонақтап. Ол бұтақтан қозғалмас, Өкіріп дауыл, соқса жел. Өзгеге бола жырламас, Ыстық күнді жоқтар ол. Жанымның жарық жұлдызы, Жамандық күнде жарымсың. Сөз болсын ескі ер сөзі, Кейінгіге қалынсын.
#9 слайд
Шегіртке мен құмырсқа
(И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
- Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
9 слайд
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан) Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыгүнгі жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй, Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң кетті күй. Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды. Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады. Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра: - Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра! Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең? Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме? Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген