Абылай хан ғылыми жоба
Абылай хан ғылыми жоба

#1 слайд
L/O/G/O Абылай
хан
1 слайд
L/O/G/O Абылай хан
#2 слайд
Алмағайып сұрапыл заманда
есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың
астына біріктіре білген Абылай ерлігі
мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған
сарабдал саясаткерлігінің арқасында
қазақ халқын жойылып кетуден сақтап
қалды. Осылайша, туған халқының
кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі
артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел
алдындағы перзенттік парызын атқарып
кетті.
Нұрсұлтан Назарбаев
2 слайд
Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті. Нұрсұлтан Назарбаев
#3 слайд
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік
құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы
хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау
алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты
билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей
тұлға Кенесары ханның атасы.
3 слайд
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
#4 слайд
Қазақ халқының бостандығы мен
егемендігі үшін бүкіл өмірін сарп еткен,
өзінің аса білгір ел басшысы, сарабдал
саясатшы, дипломат ретінде танытқан
Абылай ханның ерлік істерімен таныса
отырып, оны жан-жақты танып білу.
4 слайд
Қазақ халқының бостандығы мен егемендігі үшін бүкіл өмірін сарп еткен, өзінің аса білгір ел басшысы, сарабдал саясатшы, дипломат ретінде танытқан Абылай ханның ерлік істерімен таныса отырып, оны жан-жақты танып білу.
#5 слайд
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері,
қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ
даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан,
Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай жас
кезінен-ақ Отанын, елін қорғау жолында батылдығымен танылады. Абылай
абыройға өз жеке басының ерлігімен жеттті. Абылай – ірі қолбасшы, ержүрек,
ақылды және айлалы, көрген кемеңгер, өз Отанын, елін сүйген мемлекет
қайраткері, алып тұлға
5 слайд
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай жас кезінен-ақ Отанын, елін қорғау жолында батылдығымен танылады. Абылай абыройға өз жеке басының ерлігімен жеттті. Абылай – ірі қолбасшы, ержүрек, ақылды және айлалы, көрген кемеңгер, өз Отанын, елін сүйген мемлекет қайраткері, алып тұлға
#6 слайд
Бұқар жырау
Атақты Үмбетей жыраудың Бұқардың асында
зиратының басында:
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,
Шештің талай түйінді болжауменен.
Іс болса қиын-қыстау сан сайыстың
Қылыш пен қызыл тілді қорғауменен,
- деуі осыдан.
Бұқар жырау өзінен кейінгі ұрпаққа
Абылайдың қасында болғандықтан ғана
қымбат емес, Ұлы Даланың ғажайып
перзенттерінің ұлттық санасын
қалыптастыруға үлес қосып, бір өзі Дала
академиясының ісін атқарған сайын даланың
данасы есебінде қымбат.
6 слайд
Бұқар жырау Атақты Үмбетей жыраудың Бұқардың асында зиратының басында: Өткіздің тоғыз ханды толғауменен, Шештің талай түйінді болжауменен. Іс болса қиын-қыстау сан сайыстың Қылыш пен қызыл тілді қорғауменен, - деуі осыдан. Бұқар жырау өзінен кейінгі ұрпаққа Абылайдың қасында болғандықтан ғана қымбат емес, Ұлы Даланың ғажайып перзенттерінің ұлттық санасын қалыптастыруға үлес қосып, бір өзі Дала академиясының ісін атқарған сайын даланың данасы есебінде қымбат.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке
отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп,
Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның
қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай
жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін
батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы
Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы
Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай
атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында
жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап
Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан
Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса
керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
8 слайд
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
#9 слайд
«Абылай жас кезінде жетім қалып, нағашысы Қайып ханның немере, шөбере
туыс ағалары Сәмеке ханның, Болат хан мен Әбілмәмбет сұлтанның ордасында
өскен. Хандар әулетінде ақсүйек дәстүрінде тәрбиеленген, білім алған, соғыс
өнеріне ерте машықтанған. Аңыз-әпсаналарда айтылатын «Сабалақ» лақабы оған
қайратты, ержүрек, амал-айлалы батырлығы үшін қарсыластары тарапынан
берілген. «Сабалах», яғни, моңғол тілінде сабаушы, жауынгер, батыр дегенді
білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.
Ал Абылай ханның жас
кезіндегі «Сабалақ»
аталуын профессор
З. Тайшыбай өз еңбегінде
ойын басқаша білдіреді:
9 слайд
«Абылай жас кезінде жетім қалып, нағашысы Қайып ханның немере, шөбере туыс ағалары Сәмеке ханның, Болат хан мен Әбілмәмбет сұлтанның ордасында өскен. Хандар әулетінде ақсүйек дәстүрінде тәрбиеленген, білім алған, соғыс өнеріне ерте машықтанған. Аңыз-әпсаналарда айтылатын «Сабалақ» лақабы оған қайратты, ержүрек, амал-айлалы батырлығы үшін қарсыластары тарапынан берілген. «Сабалах», яғни, моңғол тілінде сабаушы, жауынгер, батыр дегенді білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес. Ал Абылай ханның жас кезіндегі «Сабалақ» аталуын профессор З. Тайшыбай өз еңбегінде ойын басқаша білдіреді:
#10 слайд
Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз
әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне
қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда
ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен
жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр
үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі
осының дәлелі.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы
Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба
ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін,
анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы
біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас
баланың санасына ұялата білген. Оған қоса
бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік
тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды
10 слайд
Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды
#11 слайд
Үлкен әкесінің аруағын шақырып,
жауға Абылайлап ат қойған
Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң,
Орта жүздің сұлтаны деп танылып,
қазақ даласындағы ең беделді
әміршілердің біріне айналды. Бұдан
соңғы жерде Әбілмансұр есімі
ұмытылып, Абылай атанды.
Сол кезде «Сабалақтың» бойындағы
тектілік қасиеттері жұртты таңдандырып,
Төле бидің назарын да өзіне аударған екен.
Бұны «Абылай» дастанында:
«Сипаты бұл баланың елден бөлек,
Бала жоқ сол бір елде айтар тең деп.
Сабырлы, терең ойлы, сөзі батым,
Көрген жан таңырқайды мынау кім деп.
Төле би көптен бері назар салған,
Айтқаны атқошшының емес жалған.
Елге тұтқа бір адам болар дейді,
Дүниеде тірі жүрсе өлмей аман»
11 слайд
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды. Сол кезде «Сабалақтың» бойындағы тектілік қасиеттері жұртты таңдандырып, Төле бидің назарын да өзіне аударған екен. Бұны «Абылай» дастанында: «Сипаты бұл баланың елден бөлек, Бала жоқ сол бір елде айтар тең деп. Сабырлы, терең ойлы, сөзі батым, Көрген жан таңырқайды мынау кім деп. Төле би көптен бері назар салған, Айтқаны атқошшының емес жалған. Елге тұтқа бір адам болар дейді, Дүниеде тірі жүрсе өлмей аман»
#12 слайд
Бөгенбай батыр жас жігітті сынап көріп:
«Шырағым – ай көзің отты бала екенсің,
Мінезің қазақтағы хан екенсің.
Жазғы тұрым қалмаққа аттанамыз,
Соған да керек болар жан екенсің» – деп,
өзінің жасақтарының қатарына қосып алады.
Сонымен Сабалақ Төле би ауылынан шығып
Бөгенбай батырға ілесіп Сарыарқаға барады.
«Аңыз-әңгімелердің бәрінде де Абылайдың
түр-түсінен тегін де жай адам емес екендігі
айтылады.Бір аңызда: «...Мына Сабалақты
басқа жалшыдай көрмеңіз, – дейді Атығай
қарауылдағы Дәулет деген кісінің бәйбішесі.
– Алты күн аш жүрсе де, кір ыдыстан тамақ
ішпейді. Алдына келген дәмнің ақырына
дейін жолдастарымен бөліседі. Ыдысты
сарқымайды, сарқытын кісіге береді, жай
жерге отыра салмайды, астына киімін
төсейді. Дәретке барғанда ұрғашыдан бетер
ұялып, киімін жамылып қыр асады.
12 слайд
Бөгенбай батыр жас жігітті сынап көріп: «Шырағым – ай көзің отты бала екенсің, Мінезің қазақтағы хан екенсің. Жазғы тұрым қалмаққа аттанамыз, Соған да керек болар жан екенсің» – деп, өзінің жасақтарының қатарына қосып алады. Сонымен Сабалақ Төле би ауылынан шығып Бөгенбай батырға ілесіп Сарыарқаға барады. «Аңыз-әңгімелердің бәрінде де Абылайдың түр-түсінен тегін де жай адам емес екендігі айтылады.Бір аңызда: «...Мына Сабалақты басқа жалшыдай көрмеңіз, – дейді Атығай қарауылдағы Дәулет деген кісінің бәйбішесі. – Алты күн аш жүрсе де, кір ыдыстан тамақ ішпейді. Алдына келген дәмнің ақырына дейін жолдастарымен бөліседі. Ыдысты сарқымайды, сарқытын кісіге береді, жай жерге отыра салмайды, астына киімін төсейді. Дәретке барғанда ұрғашыдан бетер ұялып, киімін жамылып қыр асады.
#13 слайд
Хан сарайында қалыптасқан әдет,
дәстүр бойынша ханзада-ханшалар жеті
жұрттың тілін үйренген, жүріп-тұруды,
әдепті болуды, мәнерлі сөйлеуді
үйренген. Абылай кір ыдыстан тамақ
ішпесе, үлкендердің алдын кесіп өтпесе,
бірнеше тілде сөйлесе, бұл туа біткен
қасиет емес, алып үлгерген тәрбиенің
жемісі болса керек.
Үйсін Төле биге байланысты бір аңыз-әңгімеде
Абылайдың ұйықтап жатқан кезі былай дәріптеледі:
«Ұйықтағанда түсі жап-жарық болып тұрады,
шамшырағы бар сияқты. Екі қолын екі жаққа, екі аяғын
екі жаққа жіберіп, төрт тағандап, керген төстіктей болып
керіліп жатады екен. Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым
жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп
тұратын ұлымын» дегені ғой...
13 слайд
Хан сарайында қалыптасқан әдет, дәстүр бойынша ханзада-ханшалар жеті жұрттың тілін үйренген, жүріп-тұруды, әдепті болуды, мәнерлі сөйлеуді үйренген. Абылай кір ыдыстан тамақ ішпесе, үлкендердің алдын кесіп өтпесе, бірнеше тілде сөйлесе, бұл туа біткен қасиет емес, алып үлгерген тәрбиенің жемісі болса керек. Үйсін Төле биге байланысты бір аңыз-әңгімеде Абылайдың ұйықтап жатқан кезі былай дәріптеледі: «Ұйықтағанда түсі жап-жарық болып тұрады, шамшырағы бар сияқты. Екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, төрт тағандап, керген төстіктей болып керіліп жатады екен. Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлымын» дегені ғой...
#14 слайд
Аңырақай шайқасына
қатыспады дегеннің өзінде де,
Абылайдың 1730-1733 жылдары
болған бір ірі шайқасқа
қатысқаны дау тудырмайды.
Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес
келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ
арасында үлкен майдан болғаны қытай
деректерінде атап көрсетілген.
Абылайдың әскери қайраткерлігі,
қолбасылық қабілеті 1730-1740
жылдардағы шайқастарда ерекше
көрінді. Осындай жан алысып жан
беріскен соғыстардың бірін Бұқар
жырау «Қалданменен ұрысып, жеті
күндей сүрісіп...» деп суреттейді.
14 слайд
Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-1733 жылдары болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді.
#15 слайд
Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек,
Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың
белгілі батырлары тізе қоса қатысады.
15 слайд
Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.
#16 слайд
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.
қалмақты қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды
қырды. Басқарған батырлар: Арғын-Атығай – Күлеке батыр – 2000
сарбазбен; Керей – Мерген батыр – 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ
батыр (найман) – 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан – 2000 сарбазбен;
Найман-Қаракерей Қабанбай батыр – 2000 сарбазбен, қалған
қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне
құлдыққа таратты.
16 слайд
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн. қалмақты қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды. Басқарған батырлар: Арғын-Атығай – Күлеке батыр – 2000 сарбазбен; Керей – Мерген батыр – 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (найман) – 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан – 2000 сарбазбен; Найман-Қаракерей Қабанбай батыр – 2000 сарбазбен, қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты.
#17 слайд
Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның
немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына
көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас
ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан
дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының
аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда
Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы
А.И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның
орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай
екеуі бірдей хандық билік жүргізген», - деп жазды. Ш.
Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
17 слайд
Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген», - деп жазды. Ш. Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
#18 слайд
ХVІІІ ғасырдың 50-ші жылдары ол
Орта жүздің билеушісі мәртебесімен
атала бастады. 1758 жылғы Ресей
сыртқы істер алқасының жарлығында
«Орта жүздің бас әміршісі Абылай
сұлтан ...» делінсе, сол жылы өзі
жазған хат: «Орта жүздің билеушісі
Абылай сұлтан ...» деген жолдармен
басталыпты.
Қалай болғанда да, қазақтың тағдыры
қылыш үстінде қылпылдаған 20-шы
жылдар аяғынан өмірінің соңына дейін
ұлттық саяси элита тобына кіргені, хан
мәртебесін ресми алмай тұрып-ақ ханға
тиесілі миссияны ішінара атқарғаны
тарихи ақиқат. Саяси басшы ретінде қазақ
қоғамының өміріне осыншама ұзақ уақыт
пәрменді ықпал еткен Абылайдай тұлға
ұлттық тарихымызда кездесе бермейді.
18 слайд
ХVІІІ ғасырдың 50-ші жылдары ол Орта жүздің билеушісі мәртебесімен атала бастады. 1758 жылғы Ресей сыртқы істер алқасының жарлығында «Орта жүздің бас әміршісі Абылай сұлтан ...» делінсе, сол жылы өзі жазған хат: «Орта жүздің билеушісі Абылай сұлтан ...» деген жолдармен басталыпты. Қалай болғанда да, қазақтың тағдыры қылыш үстінде қылпылдаған 20-шы жылдар аяғынан өмірінің соңына дейін ұлттық саяси элита тобына кіргені, хан мәртебесін ресми алмай тұрып-ақ ханға тиесілі миссияны ішінара атқарғаны тарихи ақиқат. Саяси басшы ретінде қазақ қоғамының өміріне осыншама ұзақ уақыт пәрменді ықпал еткен Абылайдай тұлға ұлттық тарихымызда кездесе бермейді.
#19 слайд
Тарихтан белгілі, Әбілхайыр хан біраз
старшындарымен «Ресейдің қоластына
кіремін» деп 1731 жылы Ресейге адамдарын
жіберіп, 1732 жылы адал екендігіне ант
береді. Ол оның сатылғандығы емес. Сол
заманда 7 (жеті) жауынан қорғанудың әдісі
болды. Оның бұл саясатын Орта Орданың
ханы Сәмеке, одан кейін Әбілмәмбет, Абылай
хандар да қолдады. Ант беру рәсімін олар
«одақтасу» деп түсінді. Ресейліктер
шекараны аттап бері өткен жоқ, ішкі жұмысқа
араласқан жоқ. Кейбір тарихшылар атап
жүргендей, «бодан» болған емес. Бастауыш
сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен
функционалдық сауаттылығын арттыру
19 слайд
Тарихтан белгілі, Әбілхайыр хан біраз старшындарымен «Ресейдің қоластына кіремін» деп 1731 жылы Ресейге адамдарын жіберіп, 1732 жылы адал екендігіне ант береді. Ол оның сатылғандығы емес. Сол заманда 7 (жеті) жауынан қорғанудың әдісі болды. Оның бұл саясатын Орта Орданың ханы Сәмеке, одан кейін Әбілмәмбет, Абылай хандар да қолдады. Ант беру рәсімін олар «одақтасу» деп түсінді. Ресейліктер шекараны аттап бері өткен жоқ, ішкі жұмысқа араласқан жоқ. Кейбір тарихшылар атап жүргендей, «бодан» болған емес. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру
#20 слайд
«1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс
болғаннан кейін, қазақтың үш жүзінің
беделді өкілдері «марқұм ханның өз
кіндігінен тараған ұлдарының мұрагерлік
құқы бола тұрса да, өзге сұлтандардың
ішінде ең таңдаулысы ретінде» (Шоқан),
Түркістан қаласында Абылайды «үш
алаштың» ханы етіп, бірауыздан сайлаған.
20 слайд
«1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін, қазақтың үш жүзінің беделді өкілдері «марқұм ханның өз кіндігінен тараған ұлдарының мұрагерлік құқы бола тұрса да, өзге сұлтандардың ішінде ең таңдаулысы ретінде» (Шоқан), Түркістан қаласында Абылайды «үш алаштың» ханы етіп, бірауыздан сайлаған.
#21 слайд
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында
орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген
саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта
Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің
басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен
келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды.
21 слайд
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды.
#22 слайд
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани
қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол
- «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды»,
«Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржыңқақпай»,
«Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды жарық», т.б.
күйлердің авторы.
22 слайд
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол - «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржыңқақпай», «Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды жарық», т.б. күйлердің авторы.
#23 слайд
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында
қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің
ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Шоқан
Уәлихановтың жазба деректері бойынша Абылайдың артында 12 әйелінен 30
ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет
қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның
есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
23 слайд
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Шоқан Уәлихановтың жазба деректері бойынша Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
#24 слайд
Халықтың айтуы бойынша,
жоңғарлардың қолына түсу себебі екі
түрлі түсіндіріледі. Біріншісі – «Қалдан
Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына
шабуыл жасап, батырларымен қапылыста
қолға түсірді», – десе, екіншісінде:
«Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап
жүргенде тұтқындалды», – дейді.
Мен, танысқан хаттарға сүйеніп отырып,
Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына
үш түрлі себеп болған дер едім. Ең бастысы –
Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы,
дипломаттығы. Оны халқының
сыйлайтындығы Қалдан Серенді
ойландырды. Екінші себеп – шын мәнінде,
оған арашашы болған беделді би-
старшындар. Үшіншісі – Мюллердің де
әкелген хаты әсер етті»
24 слайд
Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебі екі түрлі түсіндіріледі. Біріншісі – «Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді», – десе, екіншісінде: «Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды», – дейді. Мен, танысқан хаттарға сүйеніп отырып, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болған дер едім. Ең бастысы – Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп – шын мәнінде, оған арашашы болған беделді би- старшындар. Үшіншісі – Мюллердің де әкелген хаты әсер етті»
#25 слайд
Абылай 1762-1763 жылдары Іле өзені
бойында диқаншылық жасауға әрекет етті,
Есіл өзені бойында Абылайдың айтуымен
егіншілік бастау алғаны жөнінде хабарлар
бар. 1763 жылы шекарадағы орыс
әкімшілігіне хат жазып егіншілікті білетін
мамандар сұрап, Петропавл қаласына таяу
жерде егін екпекші болды.
Абылай қазақ даласында бекініс-
қалашықтар салғызды. Белгілі орыс
тарихшысы
А. Левшин Абылай «построил сыну султану
Адилю по просьбе повиновавшихся ему
киргиз-казаков Большой орды при речке
Талаше дом, обнес оный валом, основал
около него селение из каракалпаков,
привыкший к хлебопашеству»
25 слайд
Абылай 1762-1763 жылдары Іле өзені бойында диқаншылық жасауға әрекет етті, Есіл өзені бойында Абылайдың айтуымен егіншілік бастау алғаны жөнінде хабарлар бар. 1763 жылы шекарадағы орыс әкімшілігіне хат жазып егіншілікті білетін мамандар сұрап, Петропавл қаласына таяу жерде егін екпекші болды. Абылай қазақ даласында бекініс- қалашықтар салғызды. Белгілі орыс тарихшысы А. Левшин Абылай «построил сыну султану Адилю по просьбе повиновавшихся ему киргиз-казаков Большой орды при речке Талаше дом, обнес оный валом, основал около него селение из каракалпаков, привыкший к хлебопашеству»
#26 слайд
Абылай ханның ХҮІІІ ғасырдағы кең-байтақ
қазақ жұртын біріктіру жолындағы тарихи
роліне түйінді баға алғаш рет мемлекет
құрылымының деңгейінде Н.Назарбаевтың
«Тарих толқынында» атты кітабында берілген.
Қазақ жұртына Абылай ханның сіңірген
қызметі туралы аталмыш еңбекте былай
делінген: «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін
бірлігі Абылай ханның бір басында
бейнеленеді. Батырлармен тізе қосып,
қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен,
сөйтіп, халықтың ...
26 слайд
Абылай ханның ХҮІІІ ғасырдағы кең-байтақ қазақ жұртын біріктіру жолындағы тарихи роліне түйінді баға алғаш рет мемлекет құрылымының деңгейінде Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында берілген. Қазақ жұртына Абылай ханның сіңірген қызметі туралы аталмыш еңбекте былай делінген: «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп, халықтың ...
шағым қалдыра аласыз













