Материалдар / Аc қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Астың қорытылуы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аc қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Астың қорытылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен студенттерге тигізетін көмегі зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2020
952
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
№ 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі Дайындаған:Химия/биология пәнінің оқытушысы Болатбекова К.С.

1 слайд
№ 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі Дайындаған:Химия/биология пәнінің оқытушысы Болатбекова К.С. 10.04.20 ж.Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Астың қорытылуы. Пәні: «Анатомия, физиология және балалар гигиенасы Курсы: ІІ Тобы: Ш-23

Мақсаты  Білімділік: Ас қорытылу, ас қорыту жүйесі, ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы білімдерін қ

2 слайд
Мақсаты  Білімділік: Ас қорытылу, ас қорыту жүйесі, ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы білімдерін қалыптастыру;  Дамытушылық: Білімалушыларда талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту;   Тәрбиелік: Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа, санитарлық –гигиеналық әдетке және салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:  1.Ас қорыту жүйесін не құрайтыны туралы білетіндерін еске түсіреді.  2. Адам ағзасындағы ас қорыту мүше

3 слайд
Күтілетін нәтижелер:  1.Ас қорыту жүйесін не құрайтыны туралы білетіндерін еске түсіреді.  2. Адам ағзасындағы ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметін түсінеді.  3. Ас қорыту мүшелері мен бездерге қысқаша талдау жасайды.  4. Ас қорыту мүшелерінің үйлесімділігі. И.П. Павловтың фистула қою әдісі мен  ас қорыту жолын зерттеудің қазіргі әдістерін салыстырады.  5. Ас қорыту мүшелерінің бір-бірімен байланысы туралы жинақтап ой қорытады.

І -кезең «Мен саған сенемін» тренинг

4 слайд
І -кезең «Мен саған сенемін» тренинг

Топ қағидасы

5 слайд
Топ қағидасы

Критерийалды бағалау • Баға критерийлері • 23-26 балл «5» • 16- 22 балл «4» • 9 – 15 балл «3» • 1 – 8 балл «2»

6 слайд
Критерийалды бағалау • Баға критерийлері • 23-26 балл «5» • 16- 22 балл «4» • 9 – 15 балл «3» • 1 – 8 балл «2»

ІІ - кезең «Миға шабуыл». Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру Глоссарий сұрақтары • Ауыз қуысы ---- • Бауыр

7 слайд
ІІ - кезең «Миға шабуыл». Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру Глоссарий сұрақтары • Ауыз қуысы ---- • Бауыр --- • Тоқ ішек --- • Дәрумендер – • Гиповитаминоз – • Гипервитаминоз – • Авитаминоз –

ІІІ – кезең «Мағынаны тану». Жаңа білімді меңгерту Ас қорыту жүйесі, қызметтері Ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездері қос

8 слайд
ІІІ – кезең «Мағынаны тану». Жаңа білімді меңгерту Ас қорыту жүйесі, қызметтері Ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездері қосылып, ас қорыту жүйесін құрайды. Ас қорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ас қорыту мүшелерінде тағам шайналып, ұсақталады, оны механикалық өңдеу д.а. Ас қорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. Ас қорыту мүшелеріне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек пен тоқ ішек жатады

ІІІ – кезең «Мағынаны тану». Жаңа білімді меңгерту Ас қорыту бездеріне: үш жұп сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі жатад

9 слайд
ІІІ – кезең «Мағынаны тану». Жаңа білімді меңгерту Ас қорыту бездеріне: үш жұп сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі жатады. Ас қорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас. Ас қорыту мүшелерінің қабырғасы: үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан тұратын, сірі қабат. Ортаңғысы – бұлшық ет қабаты, ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұрады. Ас қорыту жүйесінің қызметтері: 1.Механикалық (тамақты ұсақтау, жылжыту, өңделмеген өнімді шығару). 2. Секреторлық немесе химиялық (ферменттерді қарын, ішек сөлін, сілекей, өт сөлін жасау). 3. Сіңіру (нәруыз, май, көмірсу, дәрумен, минералды заттар мен суды сіңіру).

Ас қорыту мүшесі - Ауыз қуысы . Ауыз қуысы дегеніміз – жақпен, ұртпен , қатты таңдаймен, тіспен қоршалған қуыс. Ауыз қуысын

10 слайд
Ас қорыту мүшесі - Ауыз қуысы . Ауыз қуысы дегеніміз – жақпен, ұртпен , қатты таңдаймен, тіспен қоршалған қуыс. Ауыз қуысына 3 жұп без ашылады: тіл асты, жақ асты, шықшыт бездері.

Ас қорыту мүшесі - Ауыз қуысы» Ересек адамда 32 тіс, мектеп жасына дейінгі балада 20 сүт тіс болады. Тіс тістеу, бөлу, шайн

11 слайд
Ас қорыту мүшесі - Ауыз қуысы» Ересек адамда 32 тіс, мектеп жасына дейінгі балада 20 сүт тіс болады. Тіс тістеу, бөлу, шайнау, тарту қызметін атқарады. Тіс аурулары : кариес, пульпит. Астыңғы азу – 2түбірлі, үстіңгі азу- 3 түбірлі. Тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің сыртын жылтыр, қатты, шыны тәрізді кіреуке (эмаль), оның ішінде қатты дентин қабаты және ең ішінде борпылдақ пульпа ондаған тамырлар мен жүйкелер орналасқан.

Ас қорыту мүшесі -Жұтқыншақ Жұтқыншақ. Түтік пішінді қуыс, бұлшық етті мүше, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Он

12 слайд
Ас қорыту мүшесі -Жұтқыншақ Жұтқыншақ. Түтік пішінді қуыс, бұлшық етті мүше, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Оның ұзындығы ересектерде – 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі- әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұту актісін орындайды, бұл шартсыз рефлекс.

Ас қорыту мүшесі - Өңеш Өңеш. Ас жұтқыншақтан өңешке өтеді. Ересектерге қарағанда балаларда ұзын болады. 6 жастағы балада 16

13 слайд
Ас қорыту мүшесі - Өңеш Өңеш. Ас жұтқыншақтан өңешке өтеді. Ересектерге қарағанда балаларда ұзын болады. 6 жастағы балада 16 см, 10 жаста 18 см, ересектерде 20-30 см-ге жетеді. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді.

Ас қорыту мүшесі – Асқазан (Қарын) Құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің сол жағында, көк еттің астында орналасқан ас қорыту жолы

14 слайд
Ас қорыту мүшесі – Асқазан (Қарын) Құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің сол жағында, көк еттің астында орналасқан ас қорыту жолының кеңейген мүшесі. Асқазан і ші – қуыс қалың бұлшық етті мүше. Асқазан жоғарғы жағынан өңешпен,төменгі жағынанаш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Асқазан қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Олар үш бағытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина тәрізді, ал сыртқысы ұзынынан орналасқан .

Ас қорыту мүшесі – Аш ішек Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше. Аш ішек ұлтабар (12 елі ішек

15 слайд
Ас қорыту мүшесі – Аш ішек Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше. Аш ішек ұлтабар (12 елі ішек) мен ащы ішектен тұрады. Ересек адамның аш ішегінің ұзындығы 5 – 8 м, яғни бойының ұзындығынан 4,5 есе ұзын болады. Балалардың ішегінің ұзындығы бойының ұзындығынан 6 есе артық болады.

Ас қорыту мүшесі - Ұлтабар Ұлтабар – аш ішектің жуандаған бөлімі. Онда ас қорыту процесінің негізгі кезеңдері өтеді. Ұлта

16 слайд
Ас қорыту мүшесі - Ұлтабар Ұлтабар – аш ішектің жуандаған бөлімі. Онда ас қорыту процесінің негізгі кезеңдері өтеді. Ұлтабарға ұйқы безі мен бауырдағы өттің өзегі ашылады. Соның әсерінен тамақтың майлы бөлімі қорытыла бастайды. Майды глицерин мен май қышқылына дейін липаза ферменті ыдыратады.

Ас қорыту мүшесі - Бауыр Бауырдың ас қорытудағы рөлі. Бауыр құрсақ қуысында орналасқан, ең ірі без, салмағы- 1,5 кг. Нәрест

17 слайд
Ас қорыту мүшесі - Бауыр Бауырдың ас қорытудағы рөлі. Бауыр құрсақ қуысында орналасқан, ең ірі без, салмағы- 1,5 кг. Нәресте бауырының массасы не бары 150 г, ал бастауыш мектеп жасындағы балаларда 700-800 г болады. Бауырдың қызметтері: ас қорыту процесіне қатысады, қорғаныштық және зарарсыздандыру қызметін атқарады, қан арқылы ас қорыту мүшелерінен келген глюкозаның артық мөлшерін жануар текті крахмал – гликогенге айналдырады, қанның ұюына қатысатын гепарин жасап шығарады, майды ыдырататын өт жасайды.

Ас қорыту мүшесі – Ащы ішек Ащы ішек. Ішектердің бойымен өтетін жиырылу толқынының арқасында ішектегі заттар ұлтабардан ащ

18 слайд
Ас қорыту мүшесі – Ащы ішек Ащы ішек. Ішектердің бойымен өтетін жиырылу толқынының арқасында ішектегі заттар ұлтабардан ащы ішекке өтеді. Мұнда ішек сөлінің әсерінен органикалық заттардың қорытылу процесі аяқталады. Мұнда барлық ас бөлімдерін ыдырататын ферменттер болады. Ащы ішектің сіңіру беті 4,5 м-ге жетеді. Ащы ішекті астарлап жатқан кілегейлі қабықша көптеген қатпарлар түзеді. Бұл қатпарлар өте ұсақ өсінділер – ішек бүрлері оның сіңіру бетін 8 есе арттырады. 7-10 жастағы баладағы қатпарлар мен бүрлер мөлшері ересектерге қарағанда аз болады.

Ас қорыту мүшесі – Тоқ ішек Тоқ ішек. Ұзындығы - 1,5- 2м, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің бөлімдері: бүйен, соқыр

19 слайд
Ас қорыту мүшесі – Тоқ ішек Тоқ ішек. Ұзындығы - 1,5- 2м, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің бөлімдері: бүйен, соқыр ішек, өрме тоқ ішек, сигма тәрізді тоқ ішек, тік ішекпен аяқталады. Аш ішекпен тоқ ішек шажырқайдың жәрдемімен тұла бойдың артқы қабырғасына бекінеді. Тоқ ішекте қатпарлар да, бүрлер де болмайды. Онда кілегейді мол жасап шығаратын жасушалар болады.

20 слайд

Ас қорыту процестерінің реттелуі

21 слайд
Ас қорыту процестерінің реттелуі

IV- кезең «Ой қозғау». Жаңа сабақты бекіту • 1. Сызықтық диктант • 1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан • 2. А

22 слайд
IV- кезең «Ой қозғау». Жаңа сабақты бекіту • 1. Сызықтық диктант • 1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан • 2. Аш ішектің ұзындығы 5 - 6 м • 3. Асқазанның сыйымдылығы – 3л • 4. Ішектер 2-ге бөлінеді: Аш ішек және тоқ ішек • 5. Бауырдың негізгі қызметі өт бөліп шығару • 6. Ең ірі без - бауыр • 7. Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды • 8. Қарында ас 3 - 10 сағат аралығында қорытылады • Жауабы: 1 -, 2+, 3+, 4+, 5+, 6+, 7 -, 8+.

IV- кезең «Ой қозғау». Сәйкестігін тап 1. Ас қорыту мүшесі басталады. а) бөбешік 2. 25 см іші қуыс бұлшық етті мүше. ә) бауы

23 слайд
IV- кезең «Ой қозғау». Сәйкестігін тап 1. Ас қорыту мүшесі басталады. а) бөбешік 2. 25 см іші қуыс бұлшық етті мүше. ә) бауыр 3. .... 5-6 метр болады. б) ауыз 4. Ең үлкен ас қорыту безі. в) өңеш 5. Аш ішектегі ұсақ өсінділер. г) ащы ішек 6. Ауыздағы кішкене тілшік . ғ) бүрлер 7. Сөйлеу функциясын атқаратын д) тіл 8. Әрі тыныс алу,әрі ас қорыту мүшесі е) қарын 9. Өңештен кейінгі асқорыту жолы ж) жұтқыншақ 10. 8-15 см құрт пішінді тұйық өскін з) ұлтабар 11. Он екі елі шек и) соқыр ішек Жауабы: 1б; 2в; 3г; 4ә; 5ғ; 6а; 7д; 8ж; 9е; 10и; 11з.

V- кезең. «Қорытындылау»

24 слайд
V- кезең. «Қорытындылау»

V І - кезең. Үйге тапсырма . Қалкенова Б. Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена:

25 слайд
  V І - кезең. Үйге тапсырма . Қалкенова Б. Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена: Оқу құралы / Астана: Фолиант, 2015. – 344б. 1.ХІІ тарау оқу . 107-112 б. 2.180-беттегі кестені толтыру. 3. Есеп №1. Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 1 897 143 халқы бар Алматы қаласының тұрғындары на бір жылда қанша нан шығындалады? Әдістердің аты Әдістерге сипаттама Зондпен тексеру Рентгендеу Эндоскопиялау Ультрадыбыстық локация Сканерлік томография Радиоэлектронды әдіс Ас қорыту жолын зерттеудің қазіргі әдістері

V ІІ - кезең. Бағалау • Баға критерийлері • 23-26 балл «5» • 16- 22 балл «4» • 9 – 15 балл «3» • 1 – 8 балл «2»

26 слайд
V ІІ - кезең. Бағалау • Баға критерийлері • 23-26 балл «5» • 16- 22 балл «4» • 9 – 15 балл «3» • 1 – 8 балл «2»

27 слайд