1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әдеби сын туралы қысқаша мәлімет

#1 слайд
Сын – әдебиеттану
ғылымының бір саласы
1 слайд
Сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы
#2 слайд
Әдебиет сыны - әдеби сын,
көркем әдеби сын —әдебиеттану
ғылымының бір саласы.
2 слайд
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын —әдебиеттану ғылымының бір саласы.
#3 слайд
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем
шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы
әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы
мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-
публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с.
— аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі —
көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір
әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану
ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын
қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе,
қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби
мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында.
3 слайд
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби- публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында.
#4 слайд
Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен
жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын
өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас
жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының
көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын
анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан
зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін
қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға
сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер
қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем
шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын
айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
4 слайд
Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
#5 слайд
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің
тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби
туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-
көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін
мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан,
жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін,
ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның
шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса,
екінші жағынан, оқырманды оқығандарының
байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға
баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен
оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар
еді. Бірақ бұл аз.
5 слайд
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық- көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз.
#6 слайд
Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының
жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан
пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы
әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның
ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік
талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін
ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға
қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып
табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы
бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру
сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі
ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің
анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ
һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс
үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының
үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын
жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы
арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны).
6 слайд
Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны).
#7 слайд
Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған
негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз
бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы
жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту
мүмкін емес. Бұл бірліктін Әдебиеттанудың жанама тараулары
да сырт қалмайды; олардың да мазмұны, пішіні, атқарар қызметі
осыған негізделеді. Текстология — әдеби туындылардың мәтінін
зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын
арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың
түпнұсқасын талдап, оның авторқолымен жасалған ақтық
редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара
салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады;
мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде
қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді;
түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан
кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп
отырады.
7 слайд
Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес. Бұл бірліктін Әдебиеттанудың жанама тараулары да сырт қалмайды; олардың да мазмұны, пішіні, атқарар қызметі осыған негізделеді. Текстология — әдеби туындылардың мәтінін зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың түпнұсқасын талдап, оның авторқолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады; мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді; түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады.
#8 слайд
Әдеби тарихнама — әдебиет теориясының, тарихының,
сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер
мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі,
көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің
теориясына, тарихына не сынына қатысты қандай арнаулы
мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңдігі, мәні мен
маңызы сол мәселенің тарихнамалық материалының мөлшері
мен мазмұнына қарай белгіленеді. Библиография — көркем
әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты
көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер
жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен
Әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын,
оған қажет нақты материалдардың — мәтіндер мен
мәністеулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін
библиография көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп
тауып пайдалануға болады.
8 слайд
Әдеби тарихнама — әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңдігі, мәні мен маңызы сол мәселенің тарихнамалық материалының мөлшері мен мазмұнына қарай белгіленеді. Библиография — көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен Әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың — мәтіндер мен мәністеулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиография көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып пайдалануға болады.
#9 слайд
80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі
бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді;
алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді
атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану
ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-
жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды.
Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала,
сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист.
немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық
түрлері дами бастады.
9 слайд
80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан- жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
#10 слайд
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!
10 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген