400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айтыс. Сүйінбай Аронұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
АЙТЫС. АЙТЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

#1 слайд
АЙТЫС. АЙТЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

1 слайд

АЙТЫС. АЙТЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайыс

#2 слайд
Айтыс  — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. АЙТЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ Ақындар айтысы Жар – жар Жұмбақ айтыс Өлі мен тірінің айтысыЖануарлар мен адамның айтысыБәдік айтыс

2 слайд

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, дам

#3 слайд
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

3 слайд

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақ

#4 слайд
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезе кбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сү гір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

4 слайд

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ Сүйінбай Аронұлы ( 1815 -1898ж., Алматы облысы , Жамбыл ауданы , Қарақастек ауылы) – айтыс ақыны. Ш

#5 слайд
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ Сүйінбай Аронұлы ( 1815 -1898ж.,  Алматы облысы ,  Жамбыл ауданы ,  Қарақастек  ауылы) – айтыс ақыны. Шапырашты  тайпасының  Екей  руынан шыққан. Жасынан жыраулығымен елге танылған.  Жамбыл   a қын “ Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай ” деп оны ұстаз тұтқан. A рғы атасы  Күсеп Жиенқұлұлы  (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “ Өтеген  батыр” жырын шығарып, “ Мың бір түн ”, “ Шаһнама ”, “ Көроғлы ”, “ Тотының тоқсан тарауы ” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835] жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

5 слайд

Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан үзінді Айтыс құрылымына, композициясына талдау жасасақ, айтыс сәлемдесуден басталады. Бұдан ә

#6 слайд
Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан үзінді Айтыс құрылымына, композициясына талдау жасасақ, айтыс сәлемдесуден басталады. Бұдан әрі оқиғаның байланысуы, дамуы, шиеленісуі ақындардың мейлінше сақтанып, бір-бірінің әр сөзін аңдып, оның өзі түгіл өткені мен өлкесінің, руы мен ұлтының «осалдықтарын», кемшіліктерін естіп алып немесе «пәле» іздеп, күні бұрын зерттеп біліп алып, қалт жібермей отыруына байланысты өрбиді. Мәселен, Сүйінбай қырғыз еліндегі асқа келгенде: Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік, Мүбәрак жүздеріңді жаңа көрдік. Атақты ас-жиынды құттықтауға, Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік, – деп, амандасып, сөз бастап, сол кездегі қырғыз елінің тізгініне ие болып отырған Жантай, Орман, Қара Бәйтіктің аттарын атап жөнімен, әдеппен мадақ араластыра өлеңмен сәлемдеседі.

6 слайд

Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, қырғыздың ақыны Қатаған қарсыласына сес көрсетіп, бірден бетін қайтару үшін асқақ сөйлейді: Сүй

#7 слайд
Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, қырғыздың ақыны Қатаған қарсыласына сес көрсетіп, бірден бетін қайтару үшін асқақ сөйлейді: Сүйінбай, тоқтат сөзіңді, Ояйын ба көзіңді! Ақынмын деп ойлайсың, Мен тұрғанда өзіңді… Сүйінбай, сені жеңемін Құдайға да сыйынбай! Осылайша тоқталмай толғап кеткен Қатаған өз елінің арқасүйер бай-манаптарын асқар тауындай көріп, мақтанышпен айтып сипаттайды. Ол қырғыз халқын «көппіз, баймыз» деп жырлайды. Ал Сүйінбай болса, «Көппін деп айттың, Қатаған, сөзіңнен осы ұстайын» деп Қатағанның аузынан аңдаусызда шыққан жаңсақ сөзін өзіне қарсы қару етіп жұмсайды, осылайша оны жеңуге қадам жасайды. Қазақ ұлыстары мен руларын сипаттарымен бірге түгел санамалаған Сүйінбай ақын қалың елін арқалана жырға қосады, қазақтың үш жүзін түгел атап, батырларын мадақтап дәлелді сөйлейді, соның арқасында жеңіске жетеді.

7 слайд

1 Оқиғаның басталуы Орманханның ауылындағы жиын 2 Оқиғаның байланысуы Сүйінбай ақынның суырылып шығуы 3 Оқиғаның дамуы Қырғыз ақ

#8 слайд
1 Оқиғаның басталуы Орманханның ауылындағы жиын 2 Оқиғаның байланысуы Сүйінбай ақынның суырылып шығуы 3 Оқиғаның дамуы Қырғыз ақыны Қатағанның Сүйінбайға тиісуі 4 Оқиғаның шиеленісуі Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны: Қырғыз, Қазақ елдесіп, Тыныштықта тұрғанда, Тіліңді тартып сөйлегін. Қатаған ақын оңбайды, Тіл тигізген халыққа. Әруаққа тас атты. 5 Оқиғаның шарықтау шегі Сүйінбайдың қырғыз халқына қарата айтқан өлең жолдары: Манаптары қырғыздың, Қатағанды ақын деп, Алып келдің ұялмай, Қырғыз, Қазақ қосылып, Енді топқа кіргізбе, Ақын деп мақтап мұныңды?! 6 Оқиғаның шешімі Қара Бәйтіктің шешімі – Сүйінбайдың жеңісі«Сүйінбай мен Қатағанның айтысының» сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

8 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі