Материалдар / Андронов мәдениеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Андронов мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Андронов мәдениеті туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2020
577
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Андронов мәдениеті

1 слайд
Андронов мәдениеті

Андронов мәдениеті Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен

2 слайд
Андронов мәдениеті Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.

Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің баст

3 слайд
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір А

4 слайд
Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді

Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болд

5 слайд
Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.

Этимологиясы Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты

6 слайд
Этимологиясы Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты осылай аталған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. XVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. XVI–XII ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. XII–VIII ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Ескерткіштері және оның зерттеушілері Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. XVIII-XVI ғғ,

7 слайд
Ескерткіштері және оның зерттеушілері Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. XVIII-XVI ғғ, орта қола б.з.д. XV-XII ғғ., кейінгі қола б.з.д. XII-VIII ғғ. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.з.д. 17-9 ғасырлар). Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезеңдерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30- жылдарда-ақ Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII ғасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.

Қазақстанның Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M

8 слайд
Қазақстанның Андронов мәдениетін кезеңдерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.

Шаруашылығы Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген

9 слайд
Шаруашылығы Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды рөл атқарған. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: 1). биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.

Андронов адам ескерткіші

10 слайд
Андронов адам ескерткіші

Өнері Өліктер қабірде бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қар

11 слайд
Өнері Өліктер қабірде бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды. Сонымен қатар олардың өнері де жақсы дамыған, қыш-құмыраларды жасап қана қоймай олардың бетіне геометриялық фигураларды салған, құмыра сыртына әр түрлі бұйымдар жабыстырып әшекейлеген. Аң аулаудың құпияларын түсіне отыра, қару-жарақтың әрі ыңғайлы, әрі қолайлы түрлерін жасаған (қалайы пышақ, найза ұштары, жебенің бастары бәрі қалайыдан болған).

Тастағы суреттер Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекш

12 слайд
Тастағы суреттер Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние- танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды

13 слайд

14 слайд