Материалдар / Аңыз, әңгімелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аңыз, әңгімелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
554
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Жаратылыс табиғаты Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғ

1 слайд
Жаратылыс табиғаты Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: “ Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын? ” дейді.

А қшаның әсері – Түсінбеймін: кедейге барсаң – ақжарқын, қолдан келгенше көмектесуге асығады. Байға барсаң – көкіректеніп, се

2 слайд
А қшаның әсері – Түсінбеймін: кедейге барсаң – ақжарқын, қолдан келгенше көмектесуге асығады. Байға барсаң – көкіректеніп, сені тыңдамақ түгіл, байқамайды да. Шынында да ақшаның әсері осыншалықты күшті ме не? – Терезеге қарап не көріп тұрғаныңды айтшы? – Бір әйелді баласымен, базар жаққа кетіп бара жатқан арбашы … – Жақсы. Енді айнаға қара – не көріп тұрсың? – Айнадан не көруші едім? Өзімді ғана. – Негізінде терезе де әйнектен, айна да әйнектен жасалынған. Алайда,  аздап күміс себілген әйнектен – өзіңнен өзгені көре алмайсың.

Ақ ит пен қара ит Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай кө

3 слайд
Ақ ит пен қара ит Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді. Немересінің қойған сұрағына ерік-сіз жымиған қарт әуелі оның арқасын сипап біраз отырды, сөйтті де: — Олар мен үшін екі белгі, балам, — деді асықпай жұмбақтаған күйі. Бала әлі де түсіне қоймағандықтан: — Ненің белгісі, ата? — деп қайта сұрады. — Жақсылық пен жамандықтың белгісі, — деді қарт немересіне ендеше ол жайды бір тәптіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен. — Тура мына сен көріп отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бойында жақсылық пен жамандық та ылғи бір-бірімен айқас үстінде жүре-ді. Бұларға қараған сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды үнемі өзіммен бірге ұстаймын… Бала айқаста әйтеуір біреу жеңетін болар деген ойын жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты: — Ата, сонда күресте бұлардың қайсысы жеңеді? Қарт жүзі қайта күлімсіреп: — Е-е, балам-ай, қайсысына көбірек болыссам, сөзсіз сол жеңеді…, — депті. “Тағлым тамшылары” кітабынан алынды

Мейірімді кірпі Орманда бір кірпі тұратын еді. Бүкіл жануарлар кірпімен дос болғылары келмейтін. Қасына жақындап кетсек жарақат

4 слайд
Мейірімді кірпі Орманда бір кірпі тұратын еді. Бүкіл жануарлар кірпімен дос болғылары келмейтін. Қасына жақындап кетсек жарақаттанып қаламыз деп қорқатын. Сол себептен онымен ойнауды жөн көрмейтін. Мұңайған кірпі күндерін жалғыздықпен өткізетін. Күз келді. Ормандағы жан-жануар қысқа дайындықты бастады. Суық күндерден аман шығу үшін азық жинауға кірісті. Солардың бірі – сұр қоян еді. Орман жақта бір егістікте сәбіздер өсетін. Сұр қоянның сол егістіктен сәбіз жинағанына бірнеше күн болды. Күніне екі рет сәбіз жинауға шығып жүрген қоян ініне бір күнде төрт сәбізден әкелетін. Аптаның әр сенбі күні кешке сұр қоян жинаған сәбіздерін санайтын. Жиналған сәбіздердің жалпы саны жиырма төрт болу керек еді. Санаса, он сегізі ғана бар екен. Қалған алтауы қайда екенін таппай уайымға кірді. Сұр қоян ұйқыға кетті. Келесі күні сәбіз жинап келген соң тағы да санаймын ғой деп ойлады. Таң ата сұр қоян сәбіз жинауға тағы шықты. Барлық санаған сәбіздерінің саны жиырма сегіз болды. Сұр қоян бұған таңғалып қалды. Сәбіздерінің бәрі орнында тұр екен. Бұл қалай болғаны?, -деп ойланды. Осылайша әр апта сайын қайталанып отырды. Күндердің бір күні сұр қоян туған күнін жасау үшін барлық жан-жануарды қонаққа шақырды. Басқа да ормандардан көптеген аң-құстар, жәндіктер жинала бастады. Сұр қоянның туған күніне тек кірпі шақырылмаған екен. Мұны естіген кірпі сұр қоянға тосынсый жасамақшы болды. Оған арнап жаңа үлгідегі кеудеше сатып алды. Осылайша кірпі сұр қоянның есігін қақты. Оны көрген сұр қоян: – Сені кім шақырды? Елге тиер пайдаң жоқ, сен бізбен қалай дос болмақшысың? – деп есікті жауып алды.. Көзіне жас толған кірпі еңсесі түсіп үйіне қайтты. Оның бар арманы дос табу еді. Кірпіге енді бұл арманы орындалмастай болып көрінді. Күндер өтті, апталар өтті. Сұр қоянның сәбіздері одан ары жоғала берді. Бір қызығы жоғалған сәбіздер қайтадан өз орнына келіп отырды. Сұр қоян демалу үшін достарымен серуенге шықты. Алдарынан сәбіз көтеріп жүгіріп келе жатқан кірпіні кездестірді. Сонда сұр қоян: – А-а, бәлем, сен екенсің ғой, менің сәбіздерімді ұрлап жүрген? Қалайша білмегенмін? – деп кірпіден сәбіздерін тартып алды. Мұны естіген кірпі не дерін білмеді. Осылайша жылап қалған кірпі тікенегінің қоянның достарының біріне тиіп кеткенін байқамай қалды. Не деген сұмдық, осыдан кейін сенімен қалай дос боламыз? – деп айқай салды қояндар. Кірпі көз жасымен үйіне қарай жүгіре жөнелді. Сұр қоян достарын ініне шақырды. Інге жақындап қалған кезде олар алаяқ түлкіні көрді. Оның қолында сұр қоянның жинап жүрген сәбіздері бар екен. Алаяқ түлкі қаша жөнелді. Сол кезде ғана сұр қоян кірпінің керісінше көмектесіп жүргенін түсінді. Ол істеген қылығы үшін қатты қынжылды. Осылайша кірпінің үйіне кешірім сұрап келді. Кірпіге болған жайттың бәрін түсіндірді. Онымен достасу үшін қол алысты. Осы күннен бастап кірпіге «мейірімді кірпі» деген есім берілді. Кірпі «орман сақшысы» деген атақ алды. Жаңадан достар тапты. Кірпінің қуанышында шек болмады.

Реніш туралы өсиет әңгіме Шәкірті ұстазынан: - Сіз сондай ақылдысыз. Үнемі көңіл күйіңіз көтеріңкі болады. Ешкімге ашуланбайсыз

5 слайд
Реніш туралы өсиет әңгіме Шәкірті ұстазынан: - Сіз сондай ақылдысыз. Үнемі көңіл күйіңіз көтеріңкі болады. Ешкімге ашуланбайсыз. Маған дәл өзіңіз секілді сабырлы болуға көмектесіңізші, - деп өтініш білдіреді. Шәкіртінің өтінішін ұстазы қабылдап, түссіз пакет пен картоп алдырады. - Егер сен біреуге ренжіп, ренішіңді іште сақтайтын болсаң, қолыңа бір картоп ал. Ренжісіп қалған адамыңның есімін сол картопқа ойып жазып, пакеттің ішіне сал. - Бар болғаны осы ма? - деп шәкірті таңырқап қалады. - Жоқ, - деп жауап береді ұстазы. - Сен үнемі өзіңмен бірге осы пакетті алып жүруің керек болады. Біреуге ренжіген сайын әр кез бір картоптан қосып отыр. Шәкірті ұстазының айтқанын бұлжытпай орындайды. Арада біраз уақыт өтеді. Шәкірттің пакеті картопқа толып, айтарлықтай ауырлайды. Оны өзімен бірге алып жүруі қиынға соғады. Әрі картоп бұзылып, жағымсыз иіс шығара бастайды. Сол кезде шәкірті ұстазына келіп: - Өзіммен бірге мұны алып жүру мүмкін емес. Біріншіден, пакет тым ауыр. Екіншіден, картоп бұзылып, жағымсыз иіс шығарды. Мұның орнына басқа тәсіл ұсыныңызшы, - дейді. - Сенімен дәл осындай жағдай болып жатыр. Сен мұны бар болғаны байқай алмай тұрсың. Біздің жасаған істеріміз әдетке, ал әдетіміз қатыгез мінезге айналады. Мен саған осы үрдісті сырттай бақылауға мүмкіндік бердім. Біреуге ренжімес немесе ренжітпес бұрын әр кез мұның қаншалықты қажеті бар екенін ойла, - деді ұстазы. Расымен де біреуге ұзақ уақыт бойы ренжігеніміз қаншалықты дұрыс?

Көбелектен алған сабақ Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болы

6 слайд
Көбелектен алған сабақ   Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты. Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді. Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты. Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді. Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады. Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді. Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік. Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді. Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс проблемалар берді. Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп ми мен қуат берді. Мен өмірден ұшу мүмкіндігін сұрап едім, ал өмір маған жеңсін деп кедергілер берді. Мен өмірден махаббат сұрап едім, ал өмір маған олардың проблемаларын шешуге жәрдем берсін деп адамдар берді. Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді. Мен сұрағандарымның ішінен ештеңе де ала алмадым... Бірақ мен өзіме керектілердің бәрін алдым. Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде.

Тағы бір тас алсам миллионыншы тасым болады. Бірақ несіне босқа әуре болайын. Шаршап кеттім. Алмас іздеуден бас тартамын” Бір д

7 слайд
Тағы бір тас алсам миллионыншы тасым болады. Бірақ несіне босқа әуре болайын. Шаршап кеттім. Алмас іздеуден бас тартамын” Бір досы қалжыңдап: “Енді бір тас теріп миллионыңды толтырсаңшы ” дейді. Солано қалжыңға қалжыңмен жауап беріп: “Солай-ақ болсын” дейді, “осы сапарымнан бас тартар алдында соңғы тас тере салайын”. Шаршаған көздерін жауып, қасындағы тас үйіндісінен алмас-ау деп жорамалдап жұмыртқа үлкендігінде бір тас таңдап: “Міне соңғы тасымды да алдым,” дейді, “миллион тас терген болдым. Соңғы тасым осы болар!” Соңғы тасы ауыр, кәдімгі тастан едәуір ауыр болады. Солано қолыңдағы тасты қайтадан өлшеп: “Бұл алмас қой” деп қуанады, “бұл расында да үлкен алмас!” Кейін болса, Нью-Йорктағы бір зергер Рафаэль Солано тапқан тас үшін жүз мыңдаған доллар төлеп сатып алады. Кейін болса,  “The Liberator” (Азаткер) аты берілген бұл алмас дүниенің ең таза әрі ірі алмасы болғаны аңықталады. М иллионыншы талпыныс 1942 жыл болатын. Үш адам Венесуалада бірнеше ай бойы алмас іздеп жүріпті. Көп жол өтіп, көп тау аралап, алмас па деп талай жәй тас жинапты. Бірақ құр тастан басқа ешнәрсе жинай алмапты! Үшеуінен біреуі, Рафаэль Солано, бір көлшіктің жағасына жеткенде достарына: “Мен шаршадым ” дейді. “ары қарай жүрудің мағынасы жоқ. Мына тасқа қараңыздаршы, мен тапқан 999999 тасым шығар. Бірақ бір де бір алмас жоқ солардың арасында.

Жолдағы кедергілер . Ерте, ерте ертеде.. бір хан болыпты, хандығына баратын жолдың үстіне үлкен бір тас қойды да, өзі де хан

8 слайд
Жолдағы кедергілер . Ерте, ерте ертеде.. бір хан болыпты, хандығына баратын жолдың үстіне үлкен бір тас қойды да, өзі де хандығының терезесінен не боларын қарауға отырды. Таң атқаннан сол елдің ең бай саудагерлері, ең мықты караваншылары, хандықта жұмыс істейтін қызметшілері бір бірдеп хандыққа келе бастады. Жолда жатқан тас олардың өтіп-жүруіне кедергі жасаса да, айналып жүре берді. Кейбірі ханға тастың қандай ыңғайсыздық тұғызып тұрғанын да айтты: елден соншалықты салық жинаса да, жолдарды жөндей алмағаны қандай жаман! Бір кезде бір кедей адам келіпті. Хандыққа жеміс-көкөністерді әкеліпті. Сыртыңдағы сүмкелерді жерге қойып, тасты терлеп-тепшеп сантиметр-сантиметр жолдың шетіне қозғай бастады. Бір сағат ішінде әрен қозғай алды. Сүмкелерін сыртына алып, енді әрі қарай жүре берейін дегенде бұрын тас тұрған жерде бір сандықты көреді. Ашып қараса, сандық алтынға толы екен. Ең төбеде болса ханның хаты: “Бұл алтындар тасты жолдың шетіне алып тастаған кісіге менен бір сый”. “ Жолымыздағы кедергілер өміріміздің одан әрі жақсаруына бір мүмкіндік”

Түлкі мен отыншы Түлкі мен отыншы Аңшылардың қуғынынан қашып келе жатқан түлкі отыншыны көріп, құтқаруын сұрапты. Отыншы оны өз

9 слайд
Түлкі мен отыншы Түлкі мен отыншы Аңшылардың қуғынынан қашып келе жатқан түлкі отыншыны көріп, құтқаруын сұрапты. Отыншы оны өзінің үйіне тығып, жасырып қалады. Қуа келген аңшылар да көрінеді. Олар отыншыдан түлкіні сұрайды. Отыншы көрмегенін айтады. Бірақ қолымен түлкіні жасырған үйді нұсқап көрсетеді. Сонда да аңшылар оның белгісін түсіне алмай, сөзіне сенеді де шауып жүре береді. Олар ұзағаннан кейін түлкі де шығып, бір ауыз сөз айтпастан кетіп қалады. Отыншы түлкіні құтқарса да жылы лебіз білдірмегеніне балағаттап жатады. Сонда түлкі тұрып: - Мен саған рахмет айтар едім, егер сөзің мен қолыңның қимылы бірдей болса,- деген екен.

Қабырға хикаясы Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі тер

10 слайд
Қабырға хикаясы Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы ...