апрапрпарпарапрпа
апрапрпарпарапрпа

#1 слайд
Тақырыбы: «Тарих сабағында ашық
сұрақтардың оқу нәтижесіне әсері»
Мақсаты: Ашық сұрақтардың
оқушылардың танымдық белсенділігі мен
оқу жетістігіне ықпалы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Ы Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» КММ
Ахметжан
Мархабат
Мұхаметжанқызы
тарих пәні
мұғалімі
1 слайд
Тақырыбы: «Тарих сабағында ашық сұрақтардың оқу нәтижесіне әсері» Мақсаты: Ашық сұрақтардың оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқу жетістігіне ықпалы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы «Ы Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі» КММ Ахметжан Мархабат Мұхаметжанқызы тарих пәні мұғалімі
#2 слайд
Ашық сұрақтар — "иә" немесе "жоқ" деп жауап беруге
болмайтын, толық сипаттаманы, талдауды және жеке пікірді
талап ететін сұрақтар.
Негізгі белгілері:
•"Неліктен?", "Қалай?", "Егер ... болса, не болар еді?" деген
сөздерден басталады.
•Бір ғана дұрыс жауабы болмайды.
•Оқушыны зерттеуге жетелейді.
Ашық сұрақ дегеніміз не?
2 слайд
Ашық сұрақтар — "иә" немесе "жоқ" деп жауап беруге болмайтын, толық сипаттаманы, талдауды және жеке пікірді талап ететін сұрақтар. Негізгі белгілері: •"Неліктен?", "Қалай?", "Егер ... болса, не болар еді?" деген сөздерден басталады. •Бір ғана дұрыс жауабы болмайды. •Оқушыны зерттеуге жетелейді. Ашық сұрақ дегеніміз не?
#3 слайд
Ашық тапсырмалар Жабық тапсырмалар
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі когнитивті
дағдыларды, дәлелдер келтіру қабілетін, жеке
көзқарасын баяндай алу қабілетін және сыни ойлау
қабілетін тексеруге арналған тапсырмалар түрі. Ашық
тапсырмалардың жауабы көлемін қарай ерекшеленуі,
бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық
аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін
өзгеруі мүмкін.
Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең
тараған тапсырмалар түрі. Мұндай тапсырманы
құрастыру оңай жəне олар оқушылардың түсінуіне де
жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мағынасы
сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі
құрылымы əр алуан болуы мүмкін. Бұл бір
дидактикалық материал негізінде сандық жəне
сапалық сипаттамалары əртүрлі келетін бірнеше
тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
3 слайд
Ашық тапсырмалар Жабық тапсырмалар Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі когнитивті дағдыларды, дәлелдер келтіру қабілетін, жеке көзқарасын баяндай алу қабілетін және сыни ойлау қабілетін тексеруге арналған тапсырмалар түрі. Ашық тапсырмалардың жауабы көлемін қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін өзгеруі мүмкін. Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең тараған тапсырмалар түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай жəне олар оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мағынасы сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы əр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық жəне сапалық сипаттамалары əртүрлі келетін бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
#4 слайд
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда
оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым
сызбаны немесе формуланы қолдана отырып,
сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда
бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді,
түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді
қолдана отырып орындауы қажет.
4 слайд
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет.
#5 слайд
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі ЭССЕ болып
табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана емес, сонымен қатар
берілген сұрақты немесе мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген
тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлелдеу, мәселені
шешу жолдарын ұсыну және т.б. тексеріледі.
оқушылар не туралы жазытынын білуі үшін эссе сұрағы немесе тақырыбы нақты, түсінікті және
анық болуы керек;
оқушылар қанша сөз, сөйлем, бет, параграф жазу керектігін нақты аңықтаңыз;
тапсырмада қосымша сұрақтардан аулақ болыңыз;
эссе жазудың жоғары деңгейінің немесе төмен деңгейінің дәлелі болуы үшін оқушылар нені
көрсету керектігін нақты анықтаңыз;
эссені қалай бағалайтыныңыз туралы ойланыңыз;
эссе жазудың валидтілігі оқушылардың эссе жаза алатына байланысты. Оқушылардан не
күтетініңізді, эссе қандай құрылым бойынша және қалай жазу керектігін түсіндіру үшін уақыт
бөліңіз.
Эссе форматындағы тапсырманы әзірлеу бойынша
ұсыныстар:
5 слайд
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі ЭССЕ болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана емес, сонымен қатар берілген сұрақты немесе мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлелдеу, мәселені шешу жолдарын ұсыну және т.б. тексеріледі. оқушылар не туралы жазытынын білуі үшін эссе сұрағы немесе тақырыбы нақты, түсінікті және анық болуы керек; оқушылар қанша сөз, сөйлем, бет, параграф жазу керектігін нақты аңықтаңыз; тапсырмада қосымша сұрақтардан аулақ болыңыз; эссе жазудың жоғары деңгейінің немесе төмен деңгейінің дәлелі болуы үшін оқушылар нені көрсету керектігін нақты анықтаңыз; эссені қалай бағалайтыныңыз туралы ойланыңыз; эссе жазудың валидтілігі оқушылардың эссе жаза алатына байланысты. Оқушылардан не күтетініңізді, эссе қандай құрылым бойынша және қалай жазу керектігін түсіндіру үшін уақыт бөліңіз. Эссе форматындағы тапсырманы әзірлеу бойынша ұсыныстар:
#6 слайд
Ашық тапсырмалардың
артықшылықтары
Ашық тапсырмалардың кемшіліктері
Тақырып мазмұнының басым бөлігін қамтуға
мүмкіндігі.
Шығармашылық танытып, жүйелі және
стандарттан тыс ойлау және түрлі тәсілдер
арқылы білімін, дағдысын, қабілетін көрсете
алу мүмкіндігі.
«Өнім» (нәтиже) шығару мүмкіндігі.
Жауабын дәлелдей алу және аргумент келтіре
алу мүмкіндігі.
Жеке дара болмысын көрсете алу мүмкіндігі.
Дескрипторлар / балл қою кестесін құру
қиындық тудырады.
Балл қоюдың субъективтілік қаупі бар.
Жұмысты тексеру және бағалау көп уақытты
талап етеді.
Ашық тапсырмалар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс:
Негізділік:
1.Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге орналастырыңыз.
2.Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға жауабын жазатын орын
қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында бос тіктөртбұрыш немесе жазуға арналған бірнеше жол
қалдыру.
3. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілетін балл санын
көрсетіңіз.
6 слайд
Ашық тапсырмалардың артықшылықтары Ашық тапсырмалардың кемшіліктері Тақырып мазмұнының басым бөлігін қамтуға мүмкіндігі. Шығармашылық танытып, жүйелі және стандарттан тыс ойлау және түрлі тәсілдер арқылы білімін, дағдысын, қабілетін көрсете алу мүмкіндігі. «Өнім» (нәтиже) шығару мүмкіндігі. Жауабын дәлелдей алу және аргумент келтіре алу мүмкіндігі. Жеке дара болмысын көрсете алу мүмкіндігі. Дескрипторлар / балл қою кестесін құру қиындық тудырады. Балл қоюдың субъективтілік қаупі бар. Жұмысты тексеру және бағалау көп уақытты талап етеді. Ашық тапсырмалар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс: Негізділік: 1.Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге орналастырыңыз. 2.Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға жауабын жазатын орын қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында бос тіктөртбұрыш немесе жазуға арналған бірнеше жол қалдыру. 3. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілетін балл санын көрсетіңіз.
#7 слайд
Валидтілік:
Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі
тиіс.
Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу
мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.
Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқу
болмауы керек.
Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, баяндаудың қарапайым түрін
қолданыңыз.
Сұрақтардың саны меңгерген білім мен дағдыларды көрсетуге сәйкес келетіндей анықталуы
керек.
Өткен материалды қайта жаңғыртуға арналған сұрақтардан аулақ болыңыз. Ақпаратты
жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен? неге?», «не үшін?», «қалай?»
сұрақтарын қолданыңыз.
Оқушылардың шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз
7 слайд
Валидтілік: Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі тиіс. Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды. Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқу болмауы керек. Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, баяндаудың қарапайым түрін қолданыңыз. Сұрақтардың саны меңгерген білім мен дағдыларды көрсетуге сәйкес келетіндей анықталуы керек. Өткен материалды қайта жаңғыртуға арналған сұрақтардан аулақ болыңыз. Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен? неге?», «не үшін?», «қалай?» сұрақтарын қолданыңыз. Оқушылардың шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз
#8 слайд
Объективтілік:
Құрылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз барлық
оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға
арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокоөліктердің
қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.
Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап беруге арналған болуы керек.
Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін
дайындаңыз. Бұл сұрақтарда орын алған олқылықтырды көруге мүмкіндік
береді.
Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық
тексеру сызбасын қолданыңыз.
Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар, тренер, әріптес кемінде екі рет тексеруі
керек.
8 слайд
Объективтілік: Құрылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокоөліктердің қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек. Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап беруге арналған болуы керек. Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін дайындаңыз. Бұл сұрақтарда орын алған олқылықтырды көруге мүмкіндік береді. Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық тексеру сызбасын қолданыңыз. Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар, тренер, әріптес кемінде екі рет тексеруі керек.
#9 слайд
Сенімділік:
Сұрақтар негізгі концептке сәйкес болуы керек. Бағалау
тапсырмаларындағы қателерді тауып, түзету және толықтыру
үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен үлгілерді анықтау үшін бағалау
туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап, деректер базасын
құрыңыз.
Дайын бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін
бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сүйену керек.
9 слайд
Сенімділік: Сұрақтар негізгі концептке сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен үлгілерді анықтау үшін бағалау туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап, деректер базасын құрыңыз. Дайын бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.
#10 слайд
Блум таксономиясы және сұрақтар иерархиясы
•Төменгі деңгей: Білу, Түсіну (Жабық сұрақтар).
•Жоғары деңгей: Талдау, Жинақтау, Бағалау (Ашық
сұрақтар).
•Түйін: Ашық сұрақтар оқушыны "жоғары деңгейлі
дағдыларға" жетелейді.
10 слайд
Блум таксономиясы және сұрақтар иерархиясы •Төменгі деңгей: Білу, Түсіну (Жабық сұрақтар). •Жоғары деңгей: Талдау, Жинақтау, Бағалау (Ашық сұрақтар). •Түйін: Ашық сұрақтар оқушыны "жоғары деңгейлі дағдыларға" жетелейді.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Тапсырмалар
•«Батыс Рим империясының ыдырауының
ішкі және сыртқы себептеріне мысалдар
келтіріңіз. Кестеге қысқа жауабын
жазыңыз».
•Бұл тапсырманың дескрипторлары:
• -Батыс Рим империясының ыдырауының
бірінші ішкі себебін келтіреді,
• -Батыс Рим империясының ыдырауының 2
ішкі себебін келтіреді,
•- Батыс Рим империясының ыдырауының
1 сыртқы себебін келтіреді,
•- Батыс Рим империясының ыдырауының
2 сыртқы себебін келтіреді.
Келесі тапсырмада сіз эссе түрінде
берілген жауабы толық ашық
тапсырмасынан мысал көріп отырсыз:
«Әлемдік аренада Қазақ мемлекетінің
пайда болуының маңызы туралы менің
ойым» тақырыбында эссе жазыңыз.
Тапсырма дескрипторлары:
– Қазақ мемлекетінің пайда болуының
бірінші, екінші, үшінші, төртінші және
бесінші тарихи маңызыды оқиғаларды
жазады ;
– сәйкесінше келтірген әр тарихи
маңызына байланысты бір баллдан;
жалпы қорытынды үшін бір балл.
12 слайд
Тапсырмалар •«Батыс Рим империясының ыдырауының ішкі және сыртқы себептеріне мысалдар келтіріңіз. Кестеге қысқа жауабын жазыңыз». •Бұл тапсырманың дескрипторлары: • -Батыс Рим империясының ыдырауының бірінші ішкі себебін келтіреді, • -Батыс Рим империясының ыдырауының 2 ішкі себебін келтіреді, •- Батыс Рим империясының ыдырауының 1 сыртқы себебін келтіреді, •- Батыс Рим империясының ыдырауының 2 сыртқы себебін келтіреді. Келесі тапсырмада сіз эссе түрінде берілген жауабы толық ашық тапсырмасынан мысал көріп отырсыз: «Әлемдік аренада Қазақ мемлекетінің пайда болуының маңызы туралы менің ойым» тақырыбында эссе жазыңыз. Тапсырма дескрипторлары: – Қазақ мемлекетінің пайда болуының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші тарихи маңызыды оқиғаларды жазады ; – сәйкесінше келтірген әр тарихи маңызына байланысты бір баллдан; жалпы қорытынды үшін бір балл.
#13 слайд
Деңгей Сұрақ түрі (Мысал)
Талдау
"Хандық биліктің әлсіреуіне қандай
факторлар әсер етті?"
Жинақтау
"Егер Абылай хан дипломатиялық
жолды таңдамаса, қазақ жерінің
жағдайы қандай болар еді?"
Бағалау
"Тәуке ханның "Жеті жарғысын" сол
кезеңдегі ең әділ заң деп айта аламыз
ба? Неге?"
Блум таксономиясымен байланыс
Ашық сұрақтар оқушыны төменгі деңгейден (білу, түсіну) жоғары деңгейге (талдау, жинақтау,
бағалау) шығарады.
13 слайд
Деңгей Сұрақ түрі (Мысал) Талдау "Хандық биліктің әлсіреуіне қандай факторлар әсер етті?" Жинақтау "Егер Абылай хан дипломатиялық жолды таңдамаса, қазақ жерінің жағдайы қандай болар еді?" Бағалау "Тәуке ханның "Жеті жарғысын" сол кезеңдегі ең әділ заң деп айта аламыз ба? Неге?" Блум таксономиясымен байланыс Ашық сұрақтар оқушыны төменгі деңгейден (білу, түсіну) жоғары деңгейге (талдау, жинақтау, бағалау) шығарады.
#14 слайд
Оқу нәтижесіне тигізетін 5 негізгі әсері
1.Сыни ойлау (Critical Thinking): Оқушы фактілерді жаттап қана
қоймай, олардың себеп-салдарлық байланысын түсінеді.
2.Тарихи эмпатия: Өткен заман адамдарының орнына өзін қойып
көру арқылы оқиғаны тереңірек сезінеді.
3.Сөйлеу мәдениеті: Өз ойын дәлелді түрде жеткізуге, аргумент
келтіруге үйренеді.
4.Қызығушылықтың артуы: Сабақ лекциядан пікірталасқа
айналады.
5.Өзіндік көзқарас: Оқушы тарихқа сырттай бақылаушы емес,
зерттеуші ретінде қарайды.
14 слайд
Оқу нәтижесіне тигізетін 5 негізгі әсері 1.Сыни ойлау (Critical Thinking): Оқушы фактілерді жаттап қана қоймай, олардың себеп-салдарлық байланысын түсінеді. 2.Тарихи эмпатия: Өткен заман адамдарының орнына өзін қойып көру арқылы оқиғаны тереңірек сезінеді. 3.Сөйлеу мәдениеті: Өз ойын дәлелді түрде жеткізуге, аргумент келтіруге үйренеді. 4.Қызығушылықтың артуы: Сабақ лекциядан пікірталасқа айналады. 5.Өзіндік көзқарас: Оқушы тарихқа сырттай бақылаушы емес, зерттеуші ретінде қарайды.
#15 слайд
Ашық сұрақтарды қолданудың негізгі әдіс-тәсілдері:
«Миға шабуыл» тәсілі: Сабақтың басында тақырып бойынша оқушылардың
алдын ала білімін анықтау және қызығушылығын ояту үшін
•ХVIII ғасырдың ортасындағы саяси жағдайды талдаңыз. Әбілхайырдың Ресей бодандығын
қабылдауының себептері:
•а)
•b)
•Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының салдары:
•а)
• b)
Осы тарихи оқиғаға қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай?
15 слайд
Ашық сұрақтарды қолданудың негізгі әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл» тәсілі: Сабақтың басында тақырып бойынша оқушылардың алдын ала білімін анықтау және қызығушылығын ояту үшін •ХVIII ғасырдың ортасындағы саяси жағдайды талдаңыз. Әбілхайырдың Ресей бодандығын қабылдауының себептері: •а) •b) •Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының салдары: •а) • b) Осы тарихи оқиғаға қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай?
#16 слайд
Тәжірибелік мысалдар (Кейс-стади)
Дәстүрлі (жабық) сұрақ: "Қазақ хандығы қашан
құрылды?" (Жауабы: 1465 ж. – бұл тек жаттанды
ақпарат).
Ашық сұрақ: "Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр
хандығынан бөлінуіне негізгі себеп не болды
деп ойлайсыз? Бұл шешімнің қазақ халқының
болашағы үшін маңызы қандай?"
16 слайд
Тәжірибелік мысалдар (Кейс-стади) Дәстүрлі (жабық) сұрақ: "Қазақ хандығы қашан құрылды?" (Жауабы: 1465 ж. – бұл тек жаттанды ақпарат). Ашық сұрақ: "Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуіне негізгі себеп не болды деп ойлайсыз? Бұл шешімнің қазақ халқының болашағы үшін маңызы қандай?"
#17 слайд
Мұғалімге арналған кеңестер
•Күту уақыты: Сұрақ қойған соң оқушыға ойлануға
кемінде 5-10 секунд беріңіз.
•"Қате жауап жоқ": Оқушының кез келген қисынды
ойын қолдап, оны ары қарай дамытуға жағдай
жасаңыз.
•Қарсы сұрақ: "Бұл ойыңызды қалай дәлелдейсіз?",
"Тағы қандай нұсқалар болуы мүмкін?"
17 слайд
Мұғалімге арналған кеңестер •Күту уақыты: Сұрақ қойған соң оқушыға ойлануға кемінде 5-10 секунд беріңіз. •"Қате жауап жоқ": Оқушының кез келген қисынды ойын қолдап, оны ары қарай дамытуға жағдай жасаңыз. •Қарсы сұрақ: "Бұл ойыңызды қалай дәлелдейсіз?", "Тағы қандай нұсқалар болуы мүмкін?"
#18 слайд
Білім алушыларды өздігінен білім алуға тартудың алғашқы
қадамы – олардың қызығушылығын ояту. Егер оқушы белгілі бір
пәнге қызығушылық танытса, ол өздігінен жаңа ақпарат іздеуге
және білімін жетілдіруге тырысады.
Мұны жүзеге асыру үшін:
Сабақтарды өмірлік маңызды тақырыптармен байланыстыру;
. Танымдық белсенділігін арттыру мен ашық сұрақтар бар
тапсырмаларды енгізу;
Оқушылардың жетістіктерін мадақтау және олардың еңбегін
бағалау.
18 слайд
Білім алушыларды өздігінен білім алуға тартудың алғашқы қадамы – олардың қызығушылығын ояту. Егер оқушы белгілі бір пәнге қызығушылық танытса, ол өздігінен жаңа ақпарат іздеуге және білімін жетілдіруге тырысады. Мұны жүзеге асыру үшін: Сабақтарды өмірлік маңызды тақырыптармен байланыстыру; . Танымдық белсенділігін арттыру мен ашық сұрақтар бар тапсырмаларды енгізу; Оқушылардың жетістіктерін мадақтау және олардың еңбегін бағалау.
#19 слайд
«Жақсы мұғалім — мектептің
бағы, шәкірттің бақыты.»
Бауыржан Момышұлы
19 слайд
«Жақсы мұғалім — мектептің бағы, шәкірттің бақыты.» Бауыржан Момышұлы
#20 слайд
Қорытынды
•Ашық сұрақтар — бұл "Ойлау
лабораториясы". Тарих сабағында ашық
сұрақтарды қолдану арқылы біз тек тарихты
білетін адамды емес, тарихтан сабақ ала
алатын, талдай алатын тұлғаны тәрбиелейміз.
20 слайд
Қорытынды •Ашық сұрақтар — бұл "Ойлау лабораториясы". Тарих сабағында ашық сұрақтарды қолдану арқылы біз тек тарихты білетін адамды емес, тарихтан сабақ ала алатын, талдай алатын тұлғаны тәрбиелейміз.
шағым қалдыра аласыз













