Ақыл-ой кемістігі ұғымы және оның классификациясы
Ақыл-ой кемістігі ұғымы және оның классификациясы

#1 слайд
Ақыл-ойы
кемістік ұғымы
және оның
классификация
сы
1 слайд
Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның классификация сы
#2 слайд
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа
ие бас ми қыртысының органикалық
зақымдалуымен шартталған таным іс-
әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы.
Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы
нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін
(3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас
миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық
жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде
қалыптасқан психикалық қызметтердің
жойылуына және ерте қалыптасқан
дағдылардың жоғалуына әкеледі.
2 слайд
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс- әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі.
#3 слайд
Ақыл-ой кемістігінің
классификациялары
Ақыл-ой кемістігі
клиникалық
белгілеріне
байланысты оның үш
дәрежесін
ажыратады:
дебил (миақы, мешеулік, әлсіз,
қауқарсыздық) ,
имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре
алмайды) және идиотия
(мәңгүрт,нақұрыс).
3 слайд
Ақыл-ой кемістігінің классификациялары Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық) , имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс).
#4 слайд
Дебилдік дәреже
Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) –
(латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз)
олигофренияның жеңіл дәрежесі.
Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті
(IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің
психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың
дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің
интеллектуалды дамуының зақымдалу
деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және
ауыр түрлері анықталған.
Мешеулік ерте балалық шақтан біліне
бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды,
отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды.
Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа
болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік
жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп
нәрсеге үйренеді және психикалық
жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің
жеңіл түрінде
балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар
жалпы мектепте де оқи алады, бірақ
мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады,
әсіресе математика амалдарын игере
алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана
шұғылдана алады.
4 слайд
Дебилдік дәреже Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.
#5 слайд
Имбецил
Имбецил (милау) (латын
тілінен “imbecillus” – әлсіз,
елеусіз) – бұл психикалық
дамудың орташа
зақымдануы. Ересек
имбецилдің психикалық
дамуы салыстырып
қарағанда 3-7-жастағы
қалыпты дамыған баланың
деңгейіне сәйкес.
Интеллектуалды
коэффициенті (IQ) 20-50,
ауыр имбецилдік кезінде
20-35, ал жеңіл кезінде 35-
50.
Имбецилдердің барлық
психикалық процестері
баяу, селқос. Имбецилдер
жұмысқа жарамсыз, тек
өздеріне қарапайым
қызмет етеді, білім алуға
қабілетсіз, бірақ жай
сөздерді түсінеді, ал
өздерінің сөздік қорлары
аз, сөйлеу әрекеті нашар
дамыған.
Имбецилдердің сөздік
қоры небары 200-300
қарапайым сөздерден
құралған. Логикалық
ойлау, тұжырымдау
және абстракты
түсінік – оларға тән
емес. Ойлауы өте
төмен деңгейде,
нақтылық жоқ және
тиянақсыз.
5 слайд
Имбецил Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35- 50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз.
#6 слайд
. Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) –
(латын тілінен „idiotea” –
тұрпайылық) – олигофренияның
ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр
және жеңілдеу түрлері болады.
Интеллектуалды коэффициенті
(IQ) 20-дан төмен. Идиотия
дәрежесіндегі ересектердің
психикалық дамуы 3 жасқа
жетпеген баланың деңгейінде
қалады, олар қорғансыз,
көрсетілген көмекті
қабылдай алмайды және үнемі
бақылау мен күтімді қажет
етеді.
Идиотия-дәрежесіндегі кемақыл
балалар үздіксіз қамқорлықпен
арнайы бақылауды қажет етеді.
Олар еркін өмір сүруге
бейімделмеген. Жағдайдың аз-
кем өзгеруі имбецилді
тығырыққа тіреп, олар таныс
емес жағдайда сасқалақтап,
мүшкіл және өте жәрдемсіз
болып қалады. Идиотия
дәрежесіндегі кемақылдар
қоршаған ортаға, айналасына
көңіл аудармайды, олар
ыстықты суықтан, жейтінді
жемейтіннен ажырата алмайды.
Идиотия
6 слайд
. Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия-дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз- кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Идиотия
#7 слайд
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға
бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды,
өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны
пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды,
сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады.
Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха-
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа
қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала
береді.
7 слайд
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха- наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді.
#8 слайд
Назарларыңызға рахмет!
8 слайд
Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













