Материалдар / Армысың - Әз Наурыз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Армысың - Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныптарға қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
248
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Армысың, әз Наурыз! Мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқының ежелд

1 слайд
Армысың, әз Наурыз! Мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. ә) дамытушылық: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей, ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. б) тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа. Ұйымдастыру кезеңі : Мұғалім: Наурыз - жыл басы. Мұсыл

2 слайд
Көрнекілігі: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа. Ұйымдастыру кезеңі : Мұғалім: Наурыз - жыл басы. Мұсылман халықтары наурыз айының 22-де жаңа жылды тойлаған. Ұлттық мерекелер мен тойлардың тәрбиелік мәні зор. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп халық тойға дайындық кезінде балаларды еңбекке баулиды, салттарды қалай өткізу жолдарын үйретеді. Наурыз парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз халқымыздың түсінігі бойынша 21 наурыз Қыдыр ата қыдырадыдеп аталады. Сол себепті, осы түн- Қыдыр түні деп аталады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 3- те тұспа – тұс келеді. Сондықтан қазақ халқы 22- наурызды түсте тойлаған Ұлыс күні наурыз көже пісіріледі. «Бұлақ көрсең көзін аш»деп, қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал да қалсын, тал да қалсын» деп қариялар бұлақ басына барып тал егеді.

1-жүргізуші. Бағыма көктемменен еніп едің Іздедім шуағыңнан көңіл емін. Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай Шаттанды шашуыңнан тө

3 слайд
1-жүргізуші. Бағыма көктемменен еніп едің Іздедім шуағыңнан көңіл емін. Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай Шаттанды шашуыңнан төңірегім Көркейтсін баспасын да даланы мұң Тербетсін табиғатты дана жырың Қош келдің төрімізге төрлет бүгін! 2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! № 168 орта мектебінің 10 – сынып оқушыларының дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!.

1-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ, Қалыс қауым болмасын некен саяқ. Ән шырқап, би билейтін қауым болып, Тұрмайық, уақыт

4 слайд
1-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ, Қалыс қауым болмасын некен саяқ. Ән шырқап, би билейтін қауым болып, Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп. 2-жүргізуші: Уа жараңдар, жараңдар! Көңілің баро алаңдар Ата менен анаң бар Үлкен кіші ағаң бар Наурыз тойы басталды Бәрің бері қараңдар!

1-жүргізуші: Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай

5 слайд
1-жүргізуші: Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге борлыңыздар. Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не? Ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді. Немере: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын. Жастар келеді:( Қасымжан, Бауыржан, Нұрдәулет, Аягөз ) Аталарына көріседі. Нұрдәулет: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік. Ата: Ия балам өркенің өссін! Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14-нен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді. Қасымжан: Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.

Ән : « Шақырады көктем » орындайтын: С. Қасымжан, Ж. Бауыржан. Асылжан: Ассалаумағалейкүм атай! Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағ

6 слайд
Ән : « Шақырады көктем » орындайтын: С. Қасымжан, Ж. Бауыржан. Асылжан: Ассалаумағалейкүм атай! Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз. Ата: Ия балам рахмет! Келіні: Дәм алыңыз. Ата: Тілегің орындалсын. Аман жүр. Ата: Әңгімелеріңді айта отырыңдар. Жүрген жерлерің аман ба? Аягөз: Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымнан қалыспай бір әнімді орындап берейін. Ән: Наурыз-думан. Орындайтын: Тоқташ Аягөз Ата: Әй, келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналды ғой. Айғаным құдағайды шақырып, немереміздің тұсауын кестіріп алайық. Келіні: Ата менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй қайным сен құдағиға барып кел, мен қыздармен тұсаукесерге дайындық жүргізейін.

1-жүргізуші: Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталад

7 слайд
1-жүргізуші: Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталады. 2-жүргізуші: Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды. Иманбай ақсақалдың ауылы да тек жақсы жаңалықтарға толы екен. Бәріміз бірге тұсау кесер тойын тамашалайық. 1-жүргізуші: Құт береке, Наурыз айым келді деп, Жер түледі, жасыл желек желбіреп, Айналайын ата мекен кең далам. Толықсиды нұрға балқып, елжіреп. Мейіржан: Аспанымда ақша бұлттар аунайды, Наурыз тойы көңілімді баурайды. Тебіренген табиғат та мәз мейрам, Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремнің тұсау

8 слайд
Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремнің тұсауын кестірейін деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын. (Келіні Мөлдір құдағайға баланы апарады.) Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп тұсауын кесуді ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда. ( Тұсау кесер дәстүрі ) Қаз- қаз балам, қаз балам орындайтын: Мөлдір құдағай. Ән: Шілдехана. Орындайтын: Тоқташ Аягөз. Ата: Құдағай, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын. Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.

1-жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.. 1-о

9 слайд
1-жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.. 1-оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ұлыс тойы басталды! Наурыз туын көтеріп, Жар салайық әлемге! 2-оқушы: Көрмегендер көріңдер, Естімегендер естіңдер! Дабылын оның қағайық, Шақырамыз бәріңді, Ұлыстың ұлы күніне! 3-оқушы: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке. 4-оқушы: Басы барлық ырыстың Басы барлық ұлы істің, Құтты болсын, Наурыз той- Ұлы күні ұлыстың! 5-оқушы: Ұлы күнде халайық, Қалай қарап қалайық, Сәйгүліктей ағайық. Жасын болып жанайық. Ортамызға шақырып Бабамыздың Қыдырдай Ақ батасын алайық.

6-оқушы: Жаңғырар дәстүр салтымның, Көзделсін бұлақ жалғасы Қастерлі менің халқымның,

10 слайд
6-оқушы: Жаңғырар дәстүр салтымның, Көзделсін бұлақ жалғасы Қастерлі менің халқымның, Мереке Наурыз – жыл басы! 7-оқушы : Арпа, бидай, тары бар, Қатық, малта тағы бар. Ішілетін, жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар. 8- оқушы: Наурызда күлімдеп, Қүн нұры төгілді. Өзгеше бүгін леп, Желпінтер көңілді. 9-оқушы: Өніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз, Сәскеде – жаз Түнде – қыс, Секілді екен наурыз! 10-оқушы: Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз, Сүті көп те, көмірі аз, Секілді екен наурыз. 11-оқушы: Жайдарымыз бәріміз, Дастарханда дәміміз. Көжесі көп, қыры көп, Қандай жақсы наурыз! Жаңа жылдай халықтық, Мерекеміз бар біздің, Кім ұқтырар қанық қып, Мән- мазмұнын Наурыздың?

12-оқушы: Жаңа күн ол – жыл басы, Жиырма екісі наурыздың, Наурыз айда – төл басы,

11 слайд
12-оқушы: Жаңа күн ол – жыл басы, Жиырма екісі наурыздың, Наурыз айда – төл басы, Бүршік атар бау біздің. 13-оқушы : Қыдыр ата Ау, аман ба, жарандар, Алтын таңға қараңдар, Ерте жайнап атты таң Естіліп тұр шаттық ән. 14-оқушы: Сәлем, ата-аналар! Айналайын, балалар! Қыдыр ата аман ба? Құтты болсын мерекең, Наурыз айы туыпты Әне, наурыз келеді Әсемденіп жер енді! 15-оқушы: Сәлем, анам – алтын күн! Сәлем, қарты халқымның! Уақытыма риза боп, Бақытыма шалқыдым! Уа, Қыдыр атамыз, Айтылсын бізге батаңыз.

13-оқушы: Қыдыр ата Ал, тыңдаңдар батамды : Ардақтаңдар атаны

12 слайд
13-оқушы: Қыдыр ата Ал, тыңдаңдар батамды : Ардақтаңдар атаны Көйлектерің көк болсын, Қарындарың тоқ болсын, Қуаныш - шаттық көп болсын, Қайғы- уайым жоқ болсын! Күлімдесін көкте күн, Шуақ шашсын көктемің. Орындалсын ойларың, Тойға ұлассын, тойларың! 1-жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады. Ақерке: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған? 1-жүргізуші: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ: Дүние – үлкен көл Заман – соққан жел

2 - жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұл

13 слайд
2 - жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені. Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек. 1-жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған.

14 слайд
2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек. 1-жүргізуші: Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата сұрайық. Көже істеген келіңдер, Көпке жаққан елшіл бол!

Бата беру Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін

15 слайд
Бата беру Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін Пәле-жәле жерге енсін Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып кәрі-жас, Жаңа ағытқан қозыдай, Жұмырасып өріскен, Шалдар бата беріскен Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Менің берген бұл батам Алланың құлағына шалынсын! Әумин!

1-жүргізуші. Жарқырасын Атыраудай жеріміз! Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз Ел сүйсініп дәулетіне елімнің, Малға толып жатсын ба

16 слайд
1-жүргізуші. Жарқырасын Атыраудай жеріміз! Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз Ел сүйсініп дәулетіне елімнің, Малға толып жатсын барқыт беліміз! 2-жүргізуші: Тойла бүгін тауларым мен боз далам, Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам. Мереке боп келген бүгін Наурызым! Береке бол ешқашанда тозбаған! 1-жүргізуші: Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды. 2-жүргізуші: Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік!