Материалдар / Ашық сабақ Әлемдік құбылыс физика
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Әлемдік құбылыс физика

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Үлкен жарылыс.Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері 2.Әлемнің ұлғаюы 3.Әлемнің модельі 4.Әлемдегі тіршілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2020
383
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: Әлемнің құбылысы Мақсаты : 1.Үлкен жарылыс.Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері 2.Әлемнің ұлғаюы 3.Әлемнің модельі 4

1 слайд
Тақырыбы: Әлемнің құбылысы Мақсаты : 1.Үлкен жарылыс.Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері 2.Әлемнің ұлғаюы 3.Әлемнің модельі 4.Әлемдегі тіршілік Мұғалім:Абусейтова.М.Н

Әлем немесе Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жо

2 слайд
Әлем немесе Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын,  кеңістік  пен  уақыт  бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл  дүние . Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын  ғылым  –  астрономия . Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.

3 слайд

Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан

4 слайд
Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдык дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында. Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат  Күнді ,  Айды ,  планеталарды  және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген  аспан  шырақтары, барлық  қоршаған орта  тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген  философтар  да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар  ( XVIII ғасыр ) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.

Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабы

5 слайд
Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем. Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика деп аталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.

Шартәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы біздің әлемге 13—15 млрд жыл болғанын көрсетті.Аспан денелері мен

6 слайд
Шартәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы біздің әлемге 13—15 млрд жыл болғанын көрсетті.Аспан денелері мен олардың жүйелерінің  (мәселен галактикалар)  эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері  (жұлдыздың тұтануы, асқын жаңа жұлдыздардың жарылуы т.б.)  негізгі себепші болған.Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және бізді қоршаған  энергияны  тудырған "Үлкен жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда бо лды деп айту ақылға қонымсыз сияқты.

7 слайд

Жарылыстан кейінгі көптеген миллион жылдар бойы сол жарылыстың энергиясынан пайда болған жарықтан әлем жарқырап тұрды. Әлемні

8 слайд
Жарылыстан кейінгі көптеген миллион жылдар бойы сол жарылыстың энергиясынан пайда болған жарықтан әлем жарқырап тұрды.  Әлемнің  пайда болуының жарылыстың сипатын дәлелдейтін деректерді ғалымдар осы уақытта да тауып жатыр. Олар: • ғарышта  Әлемнің  пайда болу кезінен кездесетін қалдықты сәуле шығару аясы; • кеңіген  Әлемнің  қозғалысын көрсететін галактика  спектріндегі  қызыл ығысу; • ғарыш  кеңістігінде гелий мөлшерінің көп болуы;   (Үлкен жарылыс теориясы болжап айтқандай, сутегінің 12 атомына гелийдің бір атомы сәйкес келеді. Гелийдің мұндай мөлшерін жұлдыздардың  сутегін  "қайта жасау" нәтижесінде өндіру мүмкін емес.  Әлемнің  кеңеюі басталғаннан кейінгі оныншы секундта  гелий   синтезделе алды, ол кезде заттың температурасы жүздеген миллион градус болған) .

9 слайд

XX ғасырда ғылыми-техникалық революцияның салдары ретінде философия мен жаратылыстану ғылымдарының өте маңызды сұрақтарын

10 слайд
XX ғасырда ғылыми-техникалық революцияның салдары ретінде философия мен  жаратылыстану  ғылымдарының өте маңызды сұрақтарын кең түрде талқылау басталды. Олар: аламзаттың Әлемде алатын орны, тіршілік дүниесінің көптігі, тірі материяның пайда болуы және жерден баска да тіршілік иелерімен байланыс туралы мәселелер.

11 слайд

Үлкен жарылыстан кейін Әлем кеңейіп, салқындай бастады. Элементар бөлшектер протондар мен нейтрондарға бірігіл, ал ола

12 слайд
Үлкен жарылыстан кейін Әлем кеңейіп, салқындай бастады.  Элементар бөлшектер   протондар  мен  нейтрондарға  бірігіл, ал олар өз кезегінде электрондарды қармап алып атомдар п айдаболды.  Атомдар  әрі қарай бірігіп  химиялық элементтердің  кірпіштеріне айналды. Жүздеген миллион жыл бойы  гравитация  күштері материяны орасан зор қоймалжыңға жинап, ғарыштың  архитектурасын  даярлады.Жүздеген миллион жылдар өткеннен кейін сутегінің зор бұлттары қазір бақылап отырған галактикаға жинақталды.Ал осы галактиканың ішіндегі аз  гравитациялық өрістер  сутегілерді ыстық жұлдыздарға жинады. Олардың температуралары жұлдыздың қойнауында сутегіні әлде қайда ауыр элементке айналдыратын  термоядролық реакциялардың  басталуына жеткілікті болды.

13 слайд

Шамамен 10 млрд жыл өткеннен кейін біздің галактика пайда болды. Мұнда жұлдыздар пайда болып және сөніп жатты. Жұлдыздар өздер

14 слайд
Шамамен 10 млрд жыл өткеннен кейін біздің галактика пайда болды. Мұнда жұлдыздар пайда болып және сөніп жатты. Жұлдыздар өздерінің  ядролық отының  жағып біткенше жарқырап түрды. Алып жұлдыздар өздерінің өмір сүруінің соңғы сатысында жарылады. Осы жарылатын жұлдыздар немесе аса  жаңа жұлдыздар  өмірдің көзі болып табылатын элементтерді, атап айтқанда, біз дем алатын оттегіні, бұлтттық етке қажетті  көміртегіні , қанның құрамындағы темірді ғарыш кеңістігіне жіберді. Жарылыстан кейін газ бен тозаңнан тұратын бұлт пайда болғанда бұл элементтер гравитациялық күштің әрекетінен жиналды да, жаңа жұлдыз, яғни Күн пайда болды. Олардың жанында планеталар түзіле бастады. Бұл шамамен 4,5 млрд жыл бұрынғы оқиға.

15 слайд

Әлем гелий ( грекше гелиос – Күн) Гелиоцентрлік жүйе Галактика - (кейде - «Сүт Жолы») Галактикалардың жасы 12-15 миллиард

16 слайд
Әлем гелий ( грекше гелиос – Күн)  Гелиоцентрлік жүйе Галактика - (кейде - «Сүт Жолы»)  Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды.  Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады. Оның жасы – 12млрд. жыл Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.