Ашық сабақ "ЕЛІМІЗДЕ ТҰРУҒА ҚАУІПСІЗ АЙМАҚТАР БАР МА?" тақырыбында оқу әдістемелік материалды
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
И.Ф.Халипов атындағы № 1
мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар жалпы білім беретін
орта мектебі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Қуанышбайқызы Ләззат
Жартылыстану пәні
5 –Сынып
1 слайд
И.Ф.Халипов атындағы № 1 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің география пәнінің мұғалімі Қуанышбайқызы Ләззат Жартылыстану пәні 5 –Сынып
2 слайд
ЕЛІМІЗДЕ ТҰРУҒА ҚАУІПСІЗ АЙМАҚТАР БАР МА?САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ.
МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН:
БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
БАРЫН БІЛУ КЕРЕК.
2 слайд
ЕЛІМІЗДЕ ТҰРУҒА ҚАУІПСІЗ АЙМАҚТАР БАР МА?САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ. МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН: БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БАРЫН БІЛУ КЕРЕК.
3 слайд
САБАҚТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
•
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ БІЛЕДІ;
•
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАСТАНҒАН
АЙМАҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
АЛАДЫ;
•
БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕР БАРЫН БІЛЕДІ:
3 слайд
САБАҚТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: • ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ БІЛЕДІ; • ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАСТАНҒАН АЙМАҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР АЛАДЫ; • БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БАРЫН БІЛЕДІ:
4 слайд
МАҒЫНАНЫ ТАНУ:
ЭКОЛОГИЯЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІҢ?
БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ АЙТАР ЕДІҢ?
4 слайд
МАҒЫНАНЫ ТАНУ: ЭКОЛОГИЯЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІҢ? БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ АЙТАР ЕДІҢ?
5 слайд
ЭКОЛОГИЯ – тірі организмдер мен
қоршаған ортаның қарым-қатынасын
немесе тірі организмдердің ортадағы өмір
сүру шарттарының жағдайын,
организмдердің бір-бірімен өзара
байланысын зерттейтін ғылым.
ЭКОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ – тірі
организмдердің бір-бірімен қарым-
қатынасын оларды қоршаған ортасымен
байланыстырып зерттейтін ғылым.
5 слайд
ЭКОЛОГИЯ – тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. ЭКОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ – тірі организмдердің бір-бірімен қарым- қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым.
6 слайд
ЭКОЛОГИЯ ҚАНДАЙ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНА ЖАТАДЫ?
6 слайд
ЭКОЛОГИЯ ҚАНДАЙ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНА ЖАТАДЫ?
7 слайд
Экология тірі ағзалардың бір-
бірімен және қоршаған ортамен
қарым-қатынасын зерттейтін
биология ғылымының саласы .
Негізінде экологиялық
зерттеулер XIX ғасырда Чарльз
Дарвин еңбектерінде сипат
алғанымен, кейіннен экология өз
бетінше жеке ғылым саласына
айналды .
7 слайд
Экология тірі ағзалардың бір- бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы . Негізінде экологиялық зерттеулер XIX ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды .
8 слайд
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫН КІМ АШҚАН?
8 слайд
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫН КІМ АШҚАН?
9 слайд
«ЭКОЛОГИЯ»
(ГРЕК ТІЛІНЕН
А УДАРҒАНДА
OIKOS – ҮЙ, ТҰРАҚ,
МЕКЕН ; LOGOS —
ҒЫЛЫМ) ТЕРМИНІН
ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШ
1866 Ж. НЕМІС
ҒАЛЫМЫ ЭРНЕСТ
ГЕККЕЛЬ ЕНГІЗДІ.
9 слайд
«ЭКОЛОГИЯ» (ГРЕК ТІЛІНЕН А УДАРҒАНДА OIKOS – ҮЙ, ТҰРАҚ, МЕКЕН ; LOGOS — ҒЫЛЫМ) ТЕРМИНІН ҒЫЛЫМҒА АЛҒАШ 1866 Ж. НЕМІС ҒАЛЫМЫ ЭРНЕСТ ГЕККЕЛЬ ЕНГІЗДІ.
10 слайд
ЛАСТАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
10 слайд
ЛАСТАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
11 слайд
ЛАСТАНУ деп қоршаған
ортаға адам
организміне,
жануарларға,
өсімдіктер мен
табиғатқа зиянды әсер
ететін мөлшердегі
қатты, сұйық және газ
тәріздес заттардың,
микроорганизмдердің
түсуін айтады.
11 слайд
ЛАСТАНУ деп қоршаған ортаға адам организміне, жануарларға, өсімдіктер мен табиғатқа зиянды әсер ететін мөлшердегі қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың, микроорганизмдердің түсуін айтады.
12 слайд
Ғаламшарымыздағы табиғаттың өзгеруі
адамадардың әсерінен болып жатады. Адамдар
қоршаған ортаны табиға ресурсы ретінде
қолданып келеді. ХХ ғасырдың соңында ғана
шаруашылық әрекеттерінің әсерінен қоршаған
ортаның өзеруі ғалымдардың назарын аудара
бастады. Жер беті халқының өсуі, қалалардың
ұлғаюы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрлыс,
көліктің қарқынды дамуы экологияның
ластануына әсерін тигізеді. Еліміздің тың
жерлерін игеру, мал жою эрозияның дамуына –
су мен желдің әсерінен топырақтың құнарлы
қабатының бұзылуына әкеліп соқтырады. Кен
орындарын игеру, қала және зауыт, фабрикалар
салу Қазақстанда құнарлы жерлерді
ауылшаруашылығы үшін пайдалануға жарамсыз
етеді. Елімізде адамның табиғатқа кең таралған
әсері оның басты ластануына айналды.
Қазақстанда атмасфера, жерасты және беткі
сулары, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі
қатты ластанған аудандар бар.
12 слайд
Ғаламшарымыздағы табиғаттың өзгеруі адамадардың әсерінен болып жатады. Адамдар қоршаған ортаны табиға ресурсы ретінде қолданып келеді. ХХ ғасырдың соңында ғана шаруашылық әрекеттерінің әсерінен қоршаған ортаның өзеруі ғалымдардың назарын аудара бастады. Жер беті халқының өсуі, қалалардың ұлғаюы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрлыс, көліктің қарқынды дамуы экологияның ластануына әсерін тигізеді. Еліміздің тың жерлерін игеру, мал жою эрозияның дамуына – су мен желдің әсерінен топырақтың құнарлы қабатының бұзылуына әкеліп соқтырады. Кен орындарын игеру, қала және зауыт, фабрикалар салу Қазақстанда құнарлы жерлерді ауылшаруашылығы үшін пайдалануға жарамсыз етеді. Елімізде адамның табиғатқа кең таралған әсері оның басты ластануына айналды. Қазақстанда атмасфера, жерасты және беткі сулары, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі қатты ластанған аудандар бар.
13 слайд
13 слайд
14 слайд
14 слайд
15 слайд
Семей ядролық полигоны халық тығыз ауданда орналасқан.
Полигон жұмыс істеген жылдары (1949–1989 жж.) оған таяу
жатқан аудандар ядролық ыдырау өнімдерімен ластанды, ал
адамдар радиация әсеріне ұшырады. Қазір полигонның адам
денсаулығына тигізген зиянын өлшеу мүмкін емес.
Алғашқы 14 жылда полигонда ашық және жерасты уран,
сутек, плутонды жарылыстар жасалды. Сол аралықта
полигонға жақын тұратын халық жоғары радиация дозасын
алып, радиацияға байланысты күрделі аурулар туындады.
1991 жылғы 29 тамызда (Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Семей полигонын
жабу туралы» №409 Жарлығымен) Семей ядролық полигоны
жабылды.
15 слайд
Семей ядролық полигоны халық тығыз ауданда орналасқан. Полигон жұмыс істеген жылдары (1949–1989 жж.) оған таяу жатқан аудандар ядролық ыдырау өнімдерімен ластанды, ал адамдар радиация әсеріне ұшырады. Қазір полигонның адам денсаулығына тигізген зиянын өлшеу мүмкін емес. Алғашқы 14 жылда полигонда ашық және жерасты уран, сутек, плутонды жарылыстар жасалды. Сол аралықта полигонға жақын тұратын халық жоғары радиация дозасын алып, радиацияға байланысты күрделі аурулар туындады. 1991 жылғы 29 тамызда (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Семей полигонын жабу туралы» №409 Жарлығымен) Семей ядролық полигоны жабылды.
16 слайд
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
16 слайд
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
17 слайд
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ
ЗАРДАПТАРЫ
17 слайд
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
18 слайд
18 слайд
19 слайд
19 слайд
20 слайд
СУ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
20 слайд
СУ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
21 слайд
1978 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі 2 метрден астам
көтерілді. Соңғы кездері Каспий теңізі мұнай мен газ өндірудің басты
аймағы болып табылады. Судың көтерілуі әсерінен Каспий аймағы
экологиялық апат аймағына айналды.Судың көтерілуі жағажайдағы
жерлерді су басуына алып келді: ауылшаруашылық жерлері азайды;
Каспий жанында орналасқан кен орны су басу қаупінде тұр. Бұл мұнай
қабатын жағажайдан теңізге шайып жіберуі мүмкін. Онда теңіздегі
өсімдік және жануарлар әлеміне қырылу қаупін тудырады. Мұнай мен
газдың кен орнын игеру ондағы организмдердің тіршілік ортасы
өзгеруіне, бекіре балығының жойылуына жеткізуі мүмкін .
21 слайд
1978 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі 2 метрден астам көтерілді. Соңғы кездері Каспий теңізі мұнай мен газ өндірудің басты аймағы болып табылады. Судың көтерілуі әсерінен Каспий аймағы экологиялық апат аймағына айналды.Судың көтерілуі жағажайдағы жерлерді су басуына алып келді: ауылшаруашылық жерлері азайды; Каспий жанында орналасқан кен орны су басу қаупінде тұр. Бұл мұнай қабатын жағажайдан теңізге шайып жіберуі мүмкін. Онда теңіздегі өсімдік және жануарлар әлеміне қырылу қаупін тудырады. Мұнай мен газдың кен орнын игеру ондағы организмдердің тіршілік ортасы өзгеруіне, бекіре балығының жойылуына жеткізуі мүмкін .
22 слайд
22 слайд
23 слайд
23 слайд
24 слайд
БАЛҚАШ КӨЛІ
24 слайд
БАЛҚАШ КӨЛІ
25 слайд
Күрделі экологиялық мәселе Балқаш көлінде
де бар. Іле өзенінің құрғауы Балқаш көліне
әсерін тигізді. Суармалы шаруашылықтың
кеңеюі, Төменгі Іле бойындағы көмір кен
орнын игеру де көлге әсерін тигізді.
Ғылыми болжам бойынша , XXI ғасырда
көлдің батыс бөлігінің құрғауы оның шығыс
бөлігінің тұздануына алып келеді деп
болжанған. Бұл Балқаш маңы табиғаты
ландшафтының жаһандық өзгеруіне және
оның шөлге айналуына алып келуі мүмкін.
Көлдің деңгейі судың шектен тыс
минералдануын көрсетеді. Бір жағынан бұл
күріш массивтерінен құрамында тұздың
түрлі мөлшері бар судың құйылуымен
байланысты.
Бұл көлдегі өзгерістер Балқаш маңының
климатына әсер етті. Ғалымдардың болжауы
бойынша, Балқаш суының азаю мөлшері тек
Қазақстанның аумағын ғана емес, сонымен
қатар Батыс Сібірдің аумағын өзгеріске
ұшыратады. Балқаштың тағы бір мәселесі –
пайдаланылған суды көлге жіберетін
Балқаш мыс зауытының әсерінен су
құрамының өзгеруі.
25 слайд
Күрделі экологиялық мәселе Балқаш көлінде де бар. Іле өзенінің құрғауы Балқаш көліне әсерін тигізді. Суармалы шаруашылықтың кеңеюі, Төменгі Іле бойындағы көмір кен орнын игеру де көлге әсерін тигізді. Ғылыми болжам бойынша , XXI ғасырда көлдің батыс бөлігінің құрғауы оның шығыс бөлігінің тұздануына алып келеді деп болжанған. Бұл Балқаш маңы табиғаты ландшафтының жаһандық өзгеруіне және оның шөлге айналуына алып келуі мүмкін. Көлдің деңгейі судың шектен тыс минералдануын көрсетеді. Бір жағынан бұл күріш массивтерінен құрамында тұздың түрлі мөлшері бар судың құйылуымен байланысты. Бұл көлдегі өзгерістер Балқаш маңының климатына әсер етті. Ғалымдардың болжауы бойынша, Балқаш суының азаю мөлшері тек Қазақстанның аумағын ғана емес, сонымен қатар Батыс Сібірдің аумағын өзгеріске ұшыратады. Балқаштың тағы бір мәселесі – пайдаланылған суды көлге жіберетін Балқаш мыс зауытының әсерінен су құрамының өзгеруі.
26 слайд
АРАЛ ТЕҢІЗІ
26 слайд
АРАЛ ТЕҢІЗІ
27 слайд
АРАЛ ТЕҢІЗІ – құмды,құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан . Жер шары бойынша
үлкендігі жағынан төртінші орында тұрады және көлемі жағынан Ирландиямен бірдей
болады. ХХ ғасырдың 30- жылдары каналдар құрлысы басталды. Арал теңізіне құятын
Сырдария, Әмудария, өзендерінің суы Қазақстан мен Өзбекстанның жеріндегі
ауылшаруашылығы жайылымдарын суаруға пайдалана бастады. Теңіздің тайаздануы
қарқынды жүрді. 1989 жылы Арал теңізі екі бөлікке бөлінді. 2003 жылы теңіз ауданы 3/4 , ал
көлемі 90 % -ға төмендеді. Кеңес өкіметі Сібір өзендерінің салаларын тарту арқылы Арал
теңізін сақтау шараларын қарастырды. Бірақ өкімет тараған соң, Арал теңізін сақтап қалу
мүмкін емес екендігі анық болды. Сырдария және Әмудария суларын ауылшаруашылығына
пайдалануды тоқтатсада, оның көлемін толтыру үшін 200 жыл керек болатын еді. 2005 жылы
салынған бөгеттер Аралдың солтүстік бөлігін оңтүстігіне бөлді.
27 слайд
АРАЛ ТЕҢІЗІ – құмды,құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан . Жер шары бойынша үлкендігі жағынан төртінші орында тұрады және көлемі жағынан Ирландиямен бірдей болады. ХХ ғасырдың 30- жылдары каналдар құрлысы басталды. Арал теңізіне құятын Сырдария, Әмудария, өзендерінің суы Қазақстан мен Өзбекстанның жеріндегі ауылшаруашылығы жайылымдарын суаруға пайдалана бастады. Теңіздің тайаздануы қарқынды жүрді. 1989 жылы Арал теңізі екі бөлікке бөлінді. 2003 жылы теңіз ауданы 3/4 , ал көлемі 90 % -ға төмендеді. Кеңес өкіметі Сібір өзендерінің салаларын тарту арқылы Арал теңізін сақтау шараларын қарастырды. Бірақ өкімет тараған соң, Арал теңізін сақтап қалу мүмкін емес екендігі анық болды. Сырдария және Әмудария суларын ауылшаруашылығына пайдалануды тоқтатсада, оның көлемін толтыру үшін 200 жыл керек болатын еді. 2005 жылы салынған бөгеттер Аралдың солтүстік бөлігін оңтүстігіне бөлді.
28 слайд
Арал теңізінің оңтүстік бөлігі зерттеулер
бойынша 2020 жылы жоғалып кетеді деген
тұжырым бар. Арал теңізінің жойылуы барлық
аймақтарға әсер етеді. Суда тіршілік ететін
көптеген организмедер жойылады. Климат
континентті бола бастады. Жазы ыстық және
құрғақ, ал қыс суық. Құрғақ теңізден
көтеріліп,Жер бетіне қонған тұз бірнеше
онжылдықтан кейін маңындағы аймақ
халықтарының тыныс жолдарының қабынуына
әсерін тигізеді деген болжам бар.
28 слайд
Арал теңізінің оңтүстік бөлігі зерттеулер бойынша 2020 жылы жоғалып кетеді деген тұжырым бар. Арал теңізінің жойылуы барлық аймақтарға әсер етеді. Суда тіршілік ететін көптеген организмедер жойылады. Климат континентті бола бастады. Жазы ыстық және құрғақ, ал қыс суық. Құрғақ теңізден көтеріліп,Жер бетіне қонған тұз бірнеше онжылдықтан кейін маңындағы аймақ халықтарының тыныс жолдарының қабынуына әсерін тигізеді деген болжам бар.
29 слайд
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
29 слайд
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ
30 слайд
САБАҚТЫ БЕКІТУ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ,
ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Ойлан, тапсырманы орында.
1. Ғылымды дамыту үшін
қоршаған ортаны құрбандыққа
шалуға бола ма?
Дәлелді мысалдар келтір.
30 слайд
САБАҚТЫ БЕКІТУ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, ТАПСЫРМАЛАРЫ: Ойлан, тапсырманы орында. 1. Ғылымды дамыту үшін қоршаған ортаны құрбандыққа шалуға бола ма? Дәлелді мысалдар келтір.
31 слайд
Қазақстандағы
экологиялық мәселелерТОПТАСТЫР: Қазақстандағы қандай
экологиялық мәселелерді білесің?
31 слайд
Қазақстандағы экологиялық мәселелерТОПТАСТЫР: Қазақстандағы қандай экологиялық мәселелерді білесің?
32 слайд
ҚАНДАЙ? КЕСТЕСІН ТОЛТЫР.
Атауы Экологиялық
аймақ атану
себебі қандай? Табиғатқа,
адамзатқа
тигізген
зардабы
қандай? Қазіргі
жағдайы
қандай? Оларды қорғау
үшін сенің іс-
әрекетің қандай?
Каспий
теңізі
Арал
теңізі
Балқаш
көлі
32 слайд
ҚАНДАЙ? КЕСТЕСІН ТОЛТЫР. Атауы Экологиялық аймақ атану себебі қандай? Табиғатқа, адамзатқа тигізген зардабы қандай? Қазіргі жағдайы қандай? Оларды қорғау үшін сенің іс- әрекетің қандай? Каспий теңізі Арал теңізі Балқаш көлі
33 слайд
РЕФЛЕКСИЯ
33 слайд
РЕФЛЕКСИЯ
34 слайд
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
«Қазақстанның экологиялық
мәселелері» тақырыбында бірінші
жақтан эссе жазыңдар.
Эссенің тақырыбы: « Адамдар!
Көмектесіңдер! Мен құрып барамын!»
Оқулықтан 136-138 беттерді оқу.
34 слайд
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «Қазақстанның экологиялық мәселелері» тақырыбында бірінші жақтан эссе жазыңдар. Эссенің тақырыбы: « Адамдар! Көмектесіңдер! Мен құрып барамын!» Оқулықтан 136-138 беттерді оқу.
35 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
35 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!