1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Концепт термині 11-сынып

#1 слайд
КОНЦЕПТУАЛДЫ Қ
ТАЛДАУ
(Ф.ОҢҒАРСЫНОВА,
І.ЖАНСҮГІРОВ, М.МАҚАТАЕВ,
М.ЖҰМАБАЕВ,
С.ТОРАЙҒЫРОВ)
1 слайд
КОНЦЕПТУАЛДЫ Қ ТАЛДАУ (Ф.ОҢҒАРСЫНОВА, І.ЖАНСҮГІРОВ, М.МАҚАТАЕВ, М.ЖҰМАБАЕВ, С.ТОРАЙҒЫРОВ)
#2 слайд
Когнитивтік лингвистиканың негізгі
базалық категориясы- концепт
концепт ақиқат дүниенің құндылықтарын танытады;
концепт құрылымы санады ақиқат дүниенің мазмұнын
беруде стереотиптік танымда және стереотиптік емес
танымда таңбаланады;
концепт тіл арқылы көрініс табады;
белгілі бір ұлттың мәдени деңгейінде көрсетеді;
2 слайд
Когнитивтік лингвистиканың негізгі базалық категориясы- концепт концепт ақиқат дүниенің құндылықтарын танытады; концепт құрылымы санады ақиқат дүниенің мазмұнын беруде стереотиптік танымда және стереотиптік емес танымда таңбаланады; концепт тіл арқылы көрініс табады; белгілі бір ұлттың мәдени деңгейінде көрсетеді;
#3 слайд
тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды;
концепт-адам тәжірбиесіндегі идеалды түсініктің ең
кішкене бірлігі;
концепт-білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі
бірлігі;
концепт белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясасы.
3 слайд
тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды; концепт-адам тәжірбиесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; концепт-білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі; концепт белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясасы.
#4 слайд
Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты
мәселелерді ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты
қарастырады:
Ж.Манкеева
Қ.Жаманбаева
А.Ислам
Н.Аитов
а
Н.Уәлиев
Э.Оразалиева
4 слайд
Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады: Ж.Манкеева Қ.Жаманбаева А.Ислам Н.Аитов а Н.Уәлиев Э.Оразалиева
#5 слайд
сөздіктегі анықтамасы;
концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық
және діни жүйелердегі орны;
концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі;
концептің әмбебап белгілері;
концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе
қолдауына бір концептіге байланысты сюжеттің немесе
образдың пайда болуы
Ғалым А.Исламның айтуынша, концептілерді
талдау барысында төмендегідей бірізділік
ұсталынады:
5 слайд
сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдауына бір концептіге байланысты сюжеттің немесе образдың пайда болуы Ғалым А.Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады:
#6 слайд
Поэтикалық мәтінде ақиқат дүниені мынадай
концепт типтері арқылы ғана тиімді деп танимыз:
Скрипт-
күрделі
форма
Сценарий
- оқиғалы
форма
Ойсурет-
бейнелі
форма
Схема -
сызбалы
форма
Фрейм-
қарапайы
м форма
6 слайд
Поэтикалық мәтінде ақиқат дүниені мынадай концепт типтері арқылы ғана тиімді деп танимыз: Скрипт- күрделі форма Сценарий - оқиғалы форма Ойсурет- бейнелі форма Схема - сызбалы форма Фрейм- қарапайы м форма
#7 слайд
Схема-когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен
ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған
ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл
тәсіл-концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас
жақтарын ұқсас емес бөліктерден ажыратып,
сұрыптау операциясын атқарады.
7 слайд
Схема-когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл тәсіл-концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұқсас емес бөліктерден ажыратып, сұрыптау операциясын атқарады.
#8 слайд
Сценарий. Концепт қалыптастыруда оның қарапайым
танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм
тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар
жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын
бөлшектер-сценарийлер мен скрипттер. Сценарий белгілі
бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен
құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін
факторлар арқылы ажыратылады
8 слайд
Сценарий. Концепт қалыптастыруда оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер-сценарийлер мен скрипттер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады
#9 слайд
Скрипт-концептілік құрылымның бір типі. Скрипт
қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің
санадағы көрінісі-сценарий құрылымының
кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты
тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан
келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы басқа
адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы
жинақталған ақпараттардан құралады.
9 слайд
Скрипт-концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі-сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады.
#10 слайд
Ойсурет-концепт қалыстастыру операциясының ең
күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада
метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Ойсурет санада бейне,
символ, метафора, аллегория көмегімен танылады.
Концептінің ойсурет құрылымда танылған формасы
көркем мәтінде жиі көрініс табады. Ойсурет суреткердің
қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды.
Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні
ойсурет құрылымында танылған
10 слайд
Ойсурет-концепт қалыстастыру операциясының ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет құрылымда танылған формасы көркем мәтінде жиі көрініс табады. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында танылған
#11 слайд
І. Жансүгіров
поэзиясындағы
концептілік
құрылымдар
11 слайд
І. Жансүгіров поэзиясындағы концептілік құрылымдар
#12 слайд
І. Жансүгіров поэзиясының поэтикалық өрісін
қазақ тіл білімінің лингвомәдениетану,
когнитивтік лингвистика сияқты жаңа
бағыттармен ұштастырып, қарастыру ақынның
индивидуалды-авторлық бейнесін танытады.
Өйткені, ақынның логикалық танымындағы
концептілер ақиқатқа негізделеді.
«Когнитивтік парадигмада поэтикалық мәтін-
күрделі концептілік жүйеде реттелген дүние туралы
ақынның индивидуалды-авторлық бейнесін
танытатын тілдік фактор»
[Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері, 24 бет]
12 слайд
І. Жансүгіров поэзиясының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің лингвомәдениетану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттармен ұштастырып, қарастыру ақынның индивидуалды-авторлық бейнесін танытады. Өйткені, ақынның логикалық танымындағы концептілер ақиқатқа негізделеді. «Когнитивтік парадигмада поэтикалық мәтін- күрделі концептілік жүйеде реттелген дүние туралы ақынның индивидуалды-авторлық бейнесін танытатын тілдік фактор» [Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері, 24 бет]
#13 слайд
Қазақ халқының ғасырлар бойы санасында
қорытылып, шыңдалған, елегінен,
сұрыпталғаннан киелі ұғымдар мен бейнелі
образдар, қазақтың шаруашылық тұрмысының
байланысты сезік бейнелері
І. Жансүгіров поэзиясының қаны, ажары, көркі
дей аламыз
13 слайд
Қазақ халқының ғасырлар бойы санасында қорытылып, шыңдалған, елегінен, сұрыпталғаннан киелі ұғымдар мен бейнелі образдар, қазақтың шаруашылық тұрмысының байланысты сезік бейнелері І. Жансүгіров поэзиясының қаны, ажары, көркі дей аламыз
#14 слайд
«Көркем әдебиетте жалпыхалықтық тәрбие кездесетін
фактілердің барлығыда керегінше қолданылатындықтан
«көркем шығармада көріктеу құралдарының қай-
қайсысыныңда авторлық түрлері басым бола
алады.Бұл-жазушының дүниетанымына, содан кейін
алатын ой түйініне тікелей байланысты құбылыс»
[Сыздықова Р. Сөз құдіреті, 31 бет]
Ғалым атап көрсеткендей, қаламгер
туындысы замана көріністеріне әрі жеке
өзінің психологиялық танымына
негізделетін дүние болып табылады
14 слайд
«Көркем әдебиетте жалпыхалықтық тәрбие кездесетін фактілердің барлығыда керегінше қолданылатындықтан «көркем шығармада көріктеу құралдарының қай- қайсысыныңда авторлық түрлері басым бола алады.Бұл-жазушының дүниетанымына, содан кейін алатын ой түйініне тікелей байланысты құбылыс» [Сыздықова Р. Сөз құдіреті, 31 бет] Ғалым атап көрсеткендей, қаламгер туындысы замана көріністеріне әрі жеке өзінің психологиялық танымына негізделетін дүние болып табылады
#15 слайд
Ақынның метафизикалық (жалғыздық), ұлттық-
мәдени (атамекен), эмоционалдық (қайғы)
концептілерді өз өмір тәжірибесі арқылы көркем
бейне түрінде өңдеп, тереңінен игергені байқалды.
Бұл концептілер тобы ақын танымындағы тірек
мағыналардың көрініс сипаттайды.
«Көркем шығармалардағы «концепт»-көркем
туындылардың негізгі өзегін құрайтын тірек
мағыналар. Аталған тірек мағыналар тілдік тұлғаның
өзіндік көзқарасын, пікірін қалыптастырады.
Сонымен қатар, жазушы шығармасында тірек сөз
мәтінінің көркемдік-тілдік құрылымын
қалыптастыратын бірі ретінде қызмет атқарады»-
деген пікір айтады [Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің
когнитивтік аспектісі. (Б.Соқпақбаев шығармалары
бойынша), 32 бет].
15 слайд
Ақынның метафизикалық (жалғыздық), ұлттық- мәдени (атамекен), эмоционалдық (қайғы) концептілерді өз өмір тәжірибесі арқылы көркем бейне түрінде өңдеп, тереңінен игергені байқалды. Бұл концептілер тобы ақын танымындағы тірек мағыналардың көрініс сипаттайды. «Көркем шығармалардағы «концепт»-көркем туындылардың негізгі өзегін құрайтын тірек мағыналар. Аталған тірек мағыналар тілдік тұлғаның өзіндік көзқарасын, пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, жазушы шығармасында тірек сөз мәтінінің көркемдік-тілдік құрылымын қалыптастыратын бірі ретінде қызмет атқарады»- деген пікір айтады [Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі. (Б.Соқпақбаев шығармалары бойынша), 32 бет].
#16 слайд
І.Жансүгіров
поэзиясындағы
«Атамекен»
концептісі
16 слайд
І.Жансүгіров поэзиясындағы «Атамекен» концептісі
#17 слайд
Қазақ танымындағы «Атамекен» концептісінің
логикалық моделі «Отан», «Туған жер», «Ата қоныс»
сияқты күрделі логикалық ассоциациялардан
тұрады. Оны тіліміздегі «Ата қоныс — алтын мекен»,
«Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» т.б
паремиологиялық бірліктер құрамынан көруге
болады
17 слайд
Қазақ танымындағы «Атамекен» концептісінің логикалық моделі «Отан», «Туған жер», «Ата қоныс» сияқты күрделі логикалық ассоциациялардан тұрады. Оны тіліміздегі «Ата қоныс — алтын мекен», «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» т.б паремиологиялық бірліктер құрамынан көруге болады
#18 слайд
Біз «туған жер», «ел» концептісінің қазақ
танымында қандай ұғым беретінін қарастыра
отырып, халықтың басынан кешкен өмірін, ұлттық
ерекшелігін, дүниетанымын тани аламыз, адамзатты
табиғатты, Отанын сүюге тəрбиелейміз. «Туған жер»
концептісін зерделеу арқылы адамның ой мен
түсінігін тұжырымдап тілдің этнолингвистикалық
сипатын айқындай аламыз.
18 слайд
Біз «туған жер», «ел» концептісінің қазақ танымында қандай ұғым беретінін қарастыра отырып, халықтың басынан кешкен өмірін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын тани аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тəрбиелейміз. «Туған жер» концептісін зерделеу арқылы адамның ой мен түсінігін тұжырымдап тілдің этнолингвистикалық сипатын айқындай аламыз.
#19 слайд
Ілияс Жансүгіров
шығармаларында
«Атамекен»
концептісі «дала»,
«туған жер»
мағыналас
ұғымдарымен
сипатталып,
былайша көрініс
тапқан.
«Атамекен» ең
алдымен, туып-
өскен, өсіп-өнген
мекен.
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен – балаң.
Ен далам – анам, мен – балаң.
Туған, өскен есейген,
Еңбек тулы ел- балаң.
(«Дала» поэмасынан)
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім
(«Құлагер» позмасынан)
Әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-
өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері – киелі.
Ақын танымында дала мен ана ұғымдары –
егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт, т.б.
тілдік бірліктер «атамекен» концептісін
анықтаушы тілдік құралдар
19 слайд
Ілияс Жансүгіров шығармаларында «Атамекен» концептісі «дала», «туған жер» мағыналас ұғымдарымен сипатталып, былайша көрініс тапқан. «Атамекен» ең алдымен, туып- өскен, өсіп-өнген мекен. Тудым, өстім, есейдім, Ен далам – анам, мен – балаң. Ен далам – анам, мен – балаң. Туған, өскен есейген, Еңбек тулы ел- балаң. («Дала» поэмасынан) Мен өзім тауда туып, тасында өстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім; Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы қасында өстім («Құлагер» позмасынан) Әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп- өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері – киелі. Ақын танымында дала мен ана ұғымдары – егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт, т.б. тілдік бірліктер «атамекен» концептісін анықтаушы тілдік құралдар
#20 слайд
«Атамекен» - тыныштық, мəңгілік орын.
«Қарындас пен қара орын
Қалғаннан соң, дариға,
Қара көзден мөлтілдеп
Жас келеді» деген күн.
(«Дала» поэмасынан).
Академик Р.Сыздық бұл өлең жолдарындағы
«қара орын» сөзін М.Қашғари сөздігіне
сүйене отырып, «ағайын-туыстар мен ата-
бабаның сүйегі жатқан жер» деп түсіндіреді
20 слайд
«Атамекен» - тыныштық, мəңгілік орын. «Қарындас пен қара орын Қалғаннан соң, дариға, Қара көзден мөлтілдеп Жас келеді» деген күн. («Дала» поэмасынан). Академик Р.Сыздық бұл өлең жолдарындағы «қара орын» сөзін М.Қашғари сөздігіне сүйене отырып, «ағайын-туыстар мен ата- бабаның сүйегі жатқан жер» деп түсіндіреді
#21 слайд
Осынау сұмдық рас боп,
Туған жерден топырақ
Қалармысың бұйырмай,
Көк өрім, өңшең көген көз («Дала» поямасынан).
Ата-баба жерленген жер – қорым да туған жердің
қасиетті бір белгісі ретінде есептелінеді. Сондықтан
туған жердің «топырағы бұйыру» тыныштық
табумен ассосацияланады.
21 слайд
Осынау сұмдық рас боп, Туған жерден топырақ Қалармысың бұйырмай, Көк өрім, өңшең көген көз («Дала» поямасынан). Ата-баба жерленген жер – қорым да туған жердің қасиетті бір белгісі ретінде есептелінеді. Сондықтан туған жердің «топырағы бұйыру» тыныштық табумен ассосацияланады.
#22 слайд
Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік – дала. «Дала»
- «Атамекен» концептісін толықтырушы микроконцепт ретінде
қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті,
жазықтықты объективтендіреді. Ақын танымында дала кеңдік
эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени
өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды.
«Атамекен» – «рухани кеңістік»
Алатаудың ақ сүті
Асқар иген, құм сүйген,
Боз даланың қос құты
Сыр менен Шу екі ене («Дала» поямасынан).
Кер дала, күрең түнгі керуен қандай,
Қоңырау күлдір-күлдір жүрген ұандай
(«Күй» поэмасынан).
22 слайд
Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік – дала. «Дала» - «Атамекен» концептісін толықтырушы микроконцепт ретінде қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Ақын танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. «Атамекен» – «рухани кеңістік» Алатаудың ақ сүті Асқар иген, құм сүйген, Боз даланың қос құты Сыр менен Шу екі ене («Дала» поямасынан). Кер дала, күрең түнгі керуен қандай, Қоңырау күлдір-күлдір жүрген ұандай («Күй» поэмасынан).
#23 слайд
Сонымен бірге ақын түсінігінде «Атамекен» ұғымы
шекарамен шектелмейді. Ол ойсурет құрылымында
былайша танылады:
Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім.
Аспан асты, жер жүзі – кең сақара
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
(«Құлагер» поэмасынан).
23 слайд
Сонымен бірге ақын түсінігінде «Атамекен» ұғымы шекарамен шектелмейді. Ол ойсурет құрылымында былайша танылады: Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім. Аспан асты, жер жүзі – кең сақара Күн көріп атам қазақ келген мәлім. («Құлагер» поэмасынан).
#24 слайд
Дала – ұлттың, халықтың өмірімен ұштасқан
рухани кеңістік, құтты мекен. Ақын
қолданысында дала лексемасы кең дала, қу
дала, ен дала, боз дала, сар дала, кер дала,
жапан дала, кеңесті дала, құм дала сынды
бейнелі тіркестермен келіп, «атамекен»
концептісінің маңына шоғырланған тілдік
бірліктер ретінде танылады.
24 слайд
Дала – ұлттың, халықтың өмірімен ұштасқан рухани кеңістік, құтты мекен. Ақын қолданысында дала лексемасы кең дала, қу дала, ен дала, боз дала, сар дала, кер дала, жапан дала, кеңесті дала, құм дала сынды бейнелі тіркестермен келіп, «атамекен» концептісінің маңына шоғырланған тілдік бірліктер ретінде танылады.
#25 слайд
Ақынның «Жетісу суреттері» өлеңінің:
Аршалы, Амантекше, Қарасырық,
Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырық.
Сауыры Салқынбел мен Сайымбөлек
Суығы соғып тұрады аласұрып.
Қымызын сол жайлаудың ішкен кісі,
«Бәйгіге» қосад өзін таң асырып.
Шоқысын Бүркіттінің Үшбүйенге,
Қойыпты сәукеледей жарастырып... – деп келетін жолдарындағы
жер-су атаулары – ақынның өсіп-өнген, өмірінің қызықты сәттерін
өткізген ортасы ғана емес, ата-баба мекенін сипаттайтын тірек
атаулар. Мәтіндегі жайлау – тоқшылық, ымыра-бірлік
ұғымдарымен ассосацияланатын, онамастикалық кеңістіктегі
барлық нысандардың белгілі бір кезеңін сипаттайтын ортақ,
жалпылама атау
25 слайд
Ақынның «Жетісу суреттері» өлеңінің: Аршалы, Амантекше, Қарасырық, Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырық. Сауыры Салқынбел мен Сайымбөлек Суығы соғып тұрады аласұрып. Қымызын сол жайлаудың ішкен кісі, «Бәйгіге» қосад өзін таң асырып. Шоқысын Бүркіттінің Үшбүйенге, Қойыпты сәукеледей жарастырып... – деп келетін жолдарындағы жер-су атаулары – ақынның өсіп-өнген, өмірінің қызықты сәттерін өткізген ортасы ғана емес, ата-баба мекенін сипаттайтын тірек атаулар. Мәтіндегі жайлау – тоқшылық, ымыра-бірлік ұғымдарымен ассосацияланатын, онамастикалық кеңістіктегі барлық нысандардың белгілі бір кезеңін сипаттайтын ортақ, жалпылама атау
#26 слайд
Ақын танымында «жайлау» берекенің, бірліктің белгісі
ғана емес, адамның жан дүниесі, ішкі рухани әлемі
ретінде де танылады
Сол Алатау сүбесі –
Ағын судың көмейі,
Мұзды құздың төбесі
Бар еді әсем бір жайлау
Сол жайлаудың үстінде,
Қырғыз, қазақ қосты бас («Дала» поэмасынан).
Бір күнде болған жігіт жан жайлауы,
Қайда оның күлкі, ойын мен жайнаңдауы?
Құлазып күзді күнгі Көкшетаудай,
Қызықтың көшіп кеткен – сар жайлауы («Құлагер»
поэмасынан)
26 слайд
Ақын танымында «жайлау» берекенің, бірліктің белгісі ғана емес, адамның жан дүниесі, ішкі рухани әлемі ретінде де танылады Сол Алатау сүбесі – Ағын судың көмейі, Мұзды құздың төбесі Бар еді әсем бір жайлау Сол жайлаудың үстінде, Қырғыз, қазақ қосты бас («Дала» поэмасынан). Бір күнде болған жігіт жан жайлауы, Қайда оның күлкі, ойын мен жайнаңдауы? Құлазып күзді күнгі Көкшетаудай, Қызықтың көшіп кеткен – сар жайлауы («Құлагер» поэмасынан)
#27 слайд
Ақын поэзиясында жайлау мен ауыл халық
танымындағы ажырамас бірлік болып, синонимдік қатар
түзеді
Көк кілем қатипадай жасыл жайлау,
Қаз-қатар ауыл арты желі байлау,
Жайлаудың жаз мезгілін елестетіп,
Мақтаншақ мінезім бар жұртқа айқайлау («Жайлау» өлеңінен).
Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала,
Айдын көлді жағала,
Айнала қонған қалың ел («Ауылдың алды» өлеңінен).
Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Көлдердің кең, мөлдірі тап осында.
Айдыны ала шұбар, құс қиқулар,
Ауыл, мал, масаты көл жағасында («Құлагер» поэмасынан) – деген
өлең жолдары арқылы «жасыл жайлаудағы», «масаты көл
жағасына» қонған «қаз-қатар ауылдың» ойсурет фреймі
құрылымдалған.
27 слайд
Ақын поэзиясында жайлау мен ауыл халық танымындағы ажырамас бірлік болып, синонимдік қатар түзеді Көк кілем қатипадай жасыл жайлау, Қаз-қатар ауыл арты желі байлау, Жайлаудың жаз мезгілін елестетіп, Мақтаншақ мінезім бар жұртқа айқайлау («Жайлау» өлеңінен). Ауылдың алды айдын көл, Айдын көлде шағала, Айдын көлді жағала, Айнала қонған қалың ел («Ауылдың алды» өлеңінен). Бұлақтың тәттісі де, тазасы да, Көлдердің кең, мөлдірі тап осында. Айдыны ала шұбар, құс қиқулар, Ауыл, мал, масаты көл жағасында («Құлагер» поэмасынан) – деген өлең жолдары арқылы «жасыл жайлаудағы», «масаты көл жағасына» қонған «қаз-қатар ауылдың» ойсурет фреймі құрылымдалған.
#28 слайд
Ақынның «Жайлау» өлеңіндегі ауыл халқының
қатық ішу, алтыбақан тебу, іркіт пісу, жалшы
жұмсау, қымыз сапыру, құрт қайнату, бие сауу,
қозы жамырату, қауешегі қисаю, жылқы жию,
кесте тігу тәрізді фрейм-сценарийлер арқылы
этномәдени сипаттағы білімдер жүйесі жинақтала
берілген
28 слайд
Ақынның «Жайлау» өлеңіндегі ауыл халқының қатық ішу, алтыбақан тебу, іркіт пісу, жалшы жұмсау, қымыз сапыру, құрт қайнату, бие сауу, қозы жамырату, қауешегі қисаю, жылқы жию, кесте тігу тәрізді фрейм-сценарийлер арқылы этномәдени сипаттағы білімдер жүйесі жинақтала берілген
#29 слайд
Сонымен қатар, «Атамекен» концептісін
толықтырып, мазмұнын байытатын
«толықтырушы» концепті де бар. Ол – «Құтты
қоныс» микроконцептісі
«Қоныс» халқымыз үшін қасиетті ұғым болып табылады. Оны ұлт
тіліндегі «қоныс жайлы болсын», «қоныс құтты болсын»,
«қоныс құт әкелсін» тәрізді тілек түріндегі тіркестердің астарынан
байқауға болады.
Су қатып, сүңгі тұрған боқырауда,
Беттеді Кенесары Алатауға.
Қараойға Дулат жатқан жаппай қонды,
Жайлы деп осы араны мал қыстауға («Күйші» поэмасынан).
29 слайд
Сонымен қатар, «Атамекен» концептісін толықтырып, мазмұнын байытатын «толықтырушы» концепті де бар. Ол – «Құтты қоныс» микроконцептісі «Қоныс» халқымыз үшін қасиетті ұғым болып табылады. Оны ұлт тіліндегі «қоныс жайлы болсын», «қоныс құтты болсын», «қоныс құт әкелсін» тәрізді тілек түріндегі тіркестердің астарынан байқауға болады. Су қатып, сүңгі тұрған боқырауда, Беттеді Кенесары Алатауға. Қараойға Дулат жатқан жаппай қонды, Жайлы деп осы араны мал қыстауға («Күйші» поэмасынан).
#30 слайд
«Атамекен» концептісін толықтырушы «құтты қоныс»
микроконцептісі І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері»
өлеңінен-ақ аңғарылады:
Асқардан ақтарыла арқыраған,
Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын.
Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл,
Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,
Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел.
Тарбиған Тарбағатай жердің құты,
Барлық ел «қыдыр түнеп көшкен жұрты»
Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей,
Құр жатпас Қора мұзбен жүгенделмей,
Талақтай талаураған Баян-жүрек,
Тұнжырап тұқырып тұр «тірі өлгендей».
Қарағай қапталдағы, жыныс арша,
Қыдырлы малдың құтты келесіндей.
Текестің көкке өрлеген тік қиясы.
Сымпиып сол маңайдың төресіндей.
Мың жылқы мыжырая жантайысқан,
Өзгесі жүгініскен төрешідей («Жетісу суреттері» өлеңінен)
30 слайд
«Атамекен» концептісін толықтырушы «құтты қоныс» микроконцептісі І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңінен-ақ аңғарылады: Асқардан ақтарыла арқыраған, Жөкеңнің кім аңсамас балдай суын. Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл, Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл. Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап, Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел. Тарбиған Тарбағатай жердің құты, Барлық ел «қыдыр түнеп көшкен жұрты» Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей, Құр жатпас Қора мұзбен жүгенделмей, Талақтай талаураған Баян-жүрек, Тұнжырап тұқырып тұр «тірі өлгендей». Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей. Текестің көкке өрлеген тік қиясы. Сымпиып сол маңайдың төресіндей. Мың жылқы мыжырая жантайысқан, Өзгесі жүгініскен төрешідей («Жетісу суреттері» өлеңінен)
#31 слайд
Ақын елінің «құтты қонысы» шұрайлы екендігін
танытып тұр. Мұнда «атамекен» ұғымы «күрделі
қоныс», «жердің құты», «қыдыр түнеп көшкен
жұрт» тәрізді тіркестермен беріліп, символдық
мән иеленген.
Неше елді аттандырған құтты қоныс,
Әлі түрі әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі ...
31 слайд
Ақын елінің «құтты қонысы» шұрайлы екендігін танытып тұр. Мұнда «атамекен» ұғымы «күрделі қоныс», «жердің құты», «қыдыр түнеп көшкен жұрт» тәрізді тіркестермен беріліп, символдық мән иеленген. Неше елді аттандырған құтты қоныс, Әлі түрі әсемдігі таусылмай. Суретін сөз баяндап жеткізе алмас, Жерінің Жетісудың бәрі ...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген