Ашық сабақ "Материялық нүкте. Қозғалыс треакториясы" 7 сынып

#1 слайд
Материалық
нүкте
Қозғалыс
треакториясы
1 слайд
Материалық нүкте Қозғалыс треакториясы
#2 слайд
Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей
жағдайда қозғалыстағы денені нүкте денені қарастырады.
Мәселен, дененің өлшемдері жүрген жолымен
салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі
арақашықтықпен салыстырғанда тым аз болған кезде.
Мысалы, мұхиттағы кеменің өлшемдері оның сапарының
ұзақтығымен салыстырғанда өте аз, кеменің мұхиттағы
қозғалысын сипттаған кезде оны нүкте деп санайды.
2 слайд
Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозғалыстағы денені нүкте денені қарастырады. Мәселен, дененің өлшемдері жүрген жолымен салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі арақашықтықпен салыстырғанда тым аз болған кезде. Мысалы, мұхиттағы кеменің өлшемдері оның сапарының ұзақтығымен салыстырғанда өте аз, кеменің мұхиттағы қозғалысын сипттаған кезде оны нүкте деп санайды.
#3 слайд
Аспан денелерінің қозғалысын зерттегенде де, дәл
осылайша, Күнді айнала қозғалатын планеталарды нүкте деп
есептеуге болады. Өйткені, бұл планеталардың өлшемдері
Күнге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз. Мысалы,
Жер радиусы Жерден күнге дейінгі қашықтықтан шамамен
24000 есе кіші. Сондықтан бұл жағдайда бір ғана нүктенің,
яғни Жер центрінің қозғалысын қарастыру жеткілікті.
3 слайд
Аспан денелерінің қозғалысын зерттегенде де, дәл осылайша, Күнді айнала қозғалатын планеталарды нүкте деп есептеуге болады. Өйткені, бұл планеталардың өлшемдері Күнге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз. Мысалы, Жер радиусы Жерден күнге дейінгі қашықтықтан шамамен 24000 есе кіші. Сондықтан бұл жағдайда бір ғана нүктенің, яғни Жер центрінің қозғалысын қарастыру жеткілікті.
#4 слайд
Сонымен
материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған
жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық
нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып
табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді
шешудің ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін енгізілген.
4 слайд
Сонымен материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудің ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін енгізілген.
#5 слайд
Дененің немесе материялық нүктенің санақ
денесімен салыстырғанда қозғалысы кезінде
сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс
траекториясы деп аталады.
5 слайд
Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғанда қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
#6 слайд
А нүктесінен В
нүктесіне қарай
қозғалған жаяу адам
мен автомобиль
кескінделген. Олар
В нүктесіне әр түрлі
сызықтардың
бойымен қозғала
отырып жетеді.
6 слайд
А нүктесінен В нүктесіне қарай қозғалған жаяу адам мен автомобиль кескінделген. Олар В нүктесіне әр түрлі сызықтардың бойымен қозғала отырып жетеді.
#7 слайд
Айдың Жермен
салыстырғандағы
траекториясы дөңгелек
болып келеді, ал күнмен
салыстырғанда ол Жер
орбитасы бойымен созылған
серіппе іспеттес
Міне, мұның бәрі дененің
қозғалыс траекториясының
пішіні де салыстырмалы
болатындығының айғағы.
Траекторияның түріне
қарап түзусызықты немесе
қисықсызықты(мысалы,
шеңбер бойымен, парабола
бойымен және т.с.с.) деп
бөледі.
7 слайд
Айдың Жермен салыстырғандағы траекториясы дөңгелек болып келеді, ал күнмен салыстырғанда ол Жер орбитасы бойымен созылған серіппе іспеттес Міне, мұның бәрі дененің қозғалыс траекториясының пішіні де салыстырмалы болатындығының айғағы. Траекторияның түріне қарап түзусызықты немесе қисықсызықты(мысалы, шеңбер бойымен, парабола бойымен және т.с.с.) деп бөледі.
шағым қалдыра аласыз













